Джапарова Айдын

№ 25 Ақтөбе тірек мектебі (РО), Жуалы ауданы, Қазақстан

 

ОҚУШЫЛАРҒА МИЛЛИОНДАР МЕН МИЛЛИАРДТАР КЛАСЫН ҮЙРЕТУ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ

 

Қазіргі заман ағымына, өмір талабына сай егеменді еліміздің болашағы, тірегі-бүгінгі ұрпақ. Бұл тұрғыда мектептің негізгі міндеттері баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыра отырып шығармашылықтарын дамыту. Оқушыларға жаңа ұғымды, алгоритмді түсіндіргенде, жаңа әріптермен таныстырғанда, оларды  дұрыс байланыстырып жазуды үйреткенде күрделі ұғымдарды қарапайым мысалдарды  қолданып түсіндіруге болады. Оқушылардың бірқатары жаңа тақырыпты тез түсінгенмен, кейбір оқушылардың қабылдау қабілеті төмен  болады. Олар  жаңа тақырыпты  баяу қабылдайды немесе  есте сақтауы қысқа мерзімді  болуына байланысты,  оқу материалын түсінгенімен тез ұмытады. Бұл сабақтарда  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдана отырып, оқушы бойына жаңа ұғымды қалыптастыруға негіз болады. В.А. Сухомлинскийпікірінше, ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес. Ойын  дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы бала рухани сезімін өзін қоршаған дүниемен ұштастырады.

Жаңа ұғымды, алгоритмді, әріптерді, арифметикалық амалдарды кейіптеуге, сәйкестендіруге, іс-әрекет немесе құбылыс ретінде көруге болады. Оларға байланысты қоршаған айналадан, өмірден ұқсас жайт тауып салыстырса, баланың санасында, ойында психологиялық әсер  қалып, жаңа ұғымды,алгоритмді тез түсініп, есінде ұзақ сақталуына түрткі болады. Оқушыларға математика пәнінде «Миллиондар мен миллиардтар класы» тақырыбын  өткенде «Төрт түлік мал» кестесін қолдану тиімді. Бұл кестені «Разрядтар және кластар» кестесімен сәйкестендіріп, жаңа тақырыптытүсіндіру. Кестені қолдану мақсаты:оқушыларды  миллиардтар класымен  және  оның  разрядтарымен  таныстыру;  өтілген кластар мен  разрядтарды қайталау, әрбір класта үш разряд барын ұғындыру, соның нәтижесінде көп таңбалы сандарды  дұрыс оқуға және есту бойынша дұрыс  жазуға  дағдыландыру. Ол төмендегі міндеттер арқылы жүзеге асырылды, олар:

- Оқушыларды  миллиондар мен миллиардтар класымен және олардың разрядтарын қарапайым мысалдармен таныстыру арқылы білімін кеңейту;

- «Төрт түлік мал»  кестесін қолдана отырып, оқушылардың есте сақтау  қабілетін дамыту;

-Оқу процесінде тәртіпті сақтауға, бір-бірінің пікірін тыңдауға  тәрбиелеу.

Оқушыларға берілетін1-тапсырма. Заттарды санау кезінде қолданылатын сандар НАТУРАЛ  сандар деп аталады. Егер ол сандарды    бірінен кейін бірін орналастыратын болса, онда 1 санынан  басталатын НАТУРАЛ   САНДАР ҚАТАРЫ  шығады. Бұл сандар қатары  шексіз. Натурал сандар 10 цифрдың көмегімен  жазылады: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. Бұл  сандар араб цифрлары деп аталады және әлемнің барлық  елдерінде қолданылады.

10 бірл.=1 онд.

10 онд.=1 жүзд.

10 жүзд.=1 мыңд.

10 мыңд.=1онд. мың

10 онд. мыңд.=1 жүзд. мың

10 жүзд. мың =1 мыңд. мың 1000000 млн. (миллион)

10 млн.=1онд. млн.

10 онд  млн.=1 жүзд. млн.

10 жүзд. млн.=1 мыңд. млн.

1000000 000млрд.(миллиард)

 

А) Кестені қарастыру. Разрядтар мен кластардың  кеңейтілген  кестесін  мұқият  қарап  шығыңдар .  «Разрядтар және кластар»  кестесін  «Төрт түлік мал» кестесімен салыстырып көрейік. Осы екі кестенін қандай  ұқсастығы бар?    «Разрядтар және кластар» кестесінде 4 класс бар, олар- миллиардтар, миллиондар, мыңдықтар және бірліктер кластары, «Төрт түлік мал» кестесінде  оларға сәйкес төрт түлік малдар бар, олар- түйелер , жылқылар, сиырлар, қойлар. Әр класта 3 разряд болса, тура солай  әр түлікте  жасына қарай 3  мал бар.Разрядтардың атауларын салыстырып , кестедегі сандарды оқып көріңдер. Жаңа кластардың қалай аталатынына  назар аудару. Көп таңбалы санды оқу  үшін оны  .......... бөлу қажет  (кластар).Ол үшін  (қай бағытта) .......(оңнан  солға қарай).......(3  цифрды) бөлуқажет. Ал санды  ...  ...  ...  ...  (жоғарғы)  разрядтан  бастап оқимыз. Оқушылар көп таңбалы сандарды оқу мен жазу алгоритмын  құрастырады. Көп таңбалы сандарды оқу мен жазу тәртібі:

- Көп таңбалы сандарды оқу  үшін оны  кластарға бөлеміз.       

- Ол үшін оңнан солға қарай3 цифрды бөлу қажет.

- Санды  жоғарғы разрядтан  бастап  оқимыз.

Разрядтар және кластар:

Миллиардтар

класы

Миллиондар          класы

Мыңдықтар            класы

Бірліктер

класы

төртінші класс

үшінші класс

екінші клас

бірінші класс

жүзд.

онд.

бірл.

жүзд.

онд.

бірл.

жүзд.

онд.

бірл.

жүзд.

онд.

бірл.

12-ші

11-ші

10-шы

9-шы

8-ші

7-ші

6-шы

5-ші

4-ші

3-ші

2-ші

1-ші

 

 

1

0

0

0

0

0

0

0

0

0

 

1

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

1

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

0

0

 

Төрт түлік мал:

Тұйелер

Жылқылар

Сиырлар

Қойлар

төртінші мал

үшінші мал

екінші мал

бірінші  мал

түйе

тайлақ

бота

  бие

тай

құлын

сиыр

тана

бұзау

қой

тоқты

қозы

12-ші

11-ші

10-шы

9-шы

8-ші

7-ші

6-шы

5-ші

4-ші

3-ші

2-ші

1-ші

 

Осы жұмыстан кейін келесі кластардың қалай аталатынын тсіндіру қажет.  

 Олар: - бесінші -класс триллиондар класы

-       алтыншы -класс квадрилиондар классы

 - жетінші -класс квинтиллиондар классы

- сегізінші-класс секстиллиондар классы

- тоғызыншы -класс септилиондар классы

Дәптермен жұмыс. Сандарды оқып және өсу реті бойынша жазу. Барлық жұп сандардың астын сызу қажет. 647  097  352,  647  380  210,  350  987,  536  009,  26  890  909, 75  546  111.  1000   110.

Бірінші берілген көп таңбалы сандарды бір бағанға жазайық.

647 097 352            6

647 380 210            7

       350  987           1

536  009            2

26  890  909 4

 75  546  111           5

    1 000  110          3

Енді көп таңбалы  сандарды   оқимыз және  өсу ретімен қасына  белгілеп, астына өсу ретімен жазамыз.

2- тапсырма. Ежелгі римдіктер бүгінгі кінге дейін сақталған нумерацияны пайдаланған. Римдік  (әріптік) санау жүесі біздің заманымызға дейінгі 500 жыл бұрын этрусктерде пайда болған. Бұл жүйе көптеген жүз жылдықтар бойы қолданылып келді. Ол тек орта ғасырда бізге таныс араб санау жүйесімен алмастырылды. Қазіргі уақытта рим цифры сағаттағы цифрларды, кітаптағы тарауларды және басқа да белгілеулер үшін қолданылып жүр. Римдік санау жүйесі қарапайым және латын әліпбиінің 7 әрпін қолдануға негізделген:

I - 1  V – 5     X – 10    L – 50    C – 100    D – 500    M – 1000

Алдымен мыңдықтар және жүздіктер, содан кейін ондықтар мен бірліктер жазылады. Белгілі бір ережелері де бар. Егер үлкен цифр кіші цифрдың алдында тұрса, онда ол қосылады (қосу принципіне сәйкес), егер кіші цифр үлкен цифдың алдында тұрса, онда кіші цифр үлкен цифрдан азайтылады (азайту принципі бойынша). Мысалы:

2

4

6

9

11

14

20

26

56

II

IV

VI

IV

XI

XIV

XX

XXVI

LVI

 

Мына сандарды рим цифрымен жаз: 12,  13,  15,  16,  21,  22,  23,  51,  52.

Бұл тапсырманы оқушылар топпен орындайды.

І топ        12, 16, 23.  ІІ топ 13, 21, 51.ІІІ топ15, 22, 52.

Сергіту сәті төмендегі қимылмен жасалады (2 мин):

Достығы жарасқан, (Оң  қолды оң жаққа созады)

Сыйлы біз баламыз. (Оң қолды түсірмей, сол қолын сол жаққа созады)

Келісіп бәрімен,(Бір бірін көрсетеді)

Татулық табамыз.(Өзін көрсетеді)

Бәріміз бір болсақ,(Барлығы  қол ұстасады )

Бәрін де жеңеміз.(Барлығы ырғалады)

Күндей боп күлімдеп,(Қолдарын  жоғары көтереді)

Таудай боп өсеміз.(Қолдарын жоғары ұстаған күйінде біріктіреді)

4- тапсырма. Әр оқушыға  қима  қағазбен   3 мысалдан  беріледі, тапсырманы оқушылар өзбетінше орындайды. Ол жазбаша есептеп, дұрыстығын тексеру.

876 * 670                     17 700 : 25               96 742 + 875 329

543 * 109                     1 488 :124                3 875 + 1 862 344

1987 * 540                   165 240 : 360           5 780 006 – 98 647

1065 * 360    145 073 : 607           4 560 560 – 99 090

5- тапсырма. Тапсырма тақтада орындалады.Амалдардың орындалу ретін анықтап, өрнектердің мәнін тап.2 268 : 42 + 7 140 : 34.         57 * 36 – 31* 64 : 2

7- тапсырма. Теңдеулер құрастыр және олардың түбірін тап.

а) Үш қосылғыштың қосындысы  97 089-ға тең. Бірінші қосылғыш 5 674, ал екінші қосылғыш – 73 478.Үшінші қосылғыш нешеге тең. 5674+73478+а=97089

ә) Азайғыш  5000, ал азайтқыш белгісіз сан мен 876-ның қосындысына тең. Айырма 1 090-ға тең болса онда белгісіз сан нешеге тең?  5000-(х+876)=1090

б) Үш санның көбейтіндісі 3 780-ге тең. Бірінші көбейткіш – 12, екінші көбейткіш – 35. Үшінші көбейткіш нешеге тең?  12*35*в=3780

VI  Қорытындылау. «Миға шабуыл» әдісі арылы сабақты  қорытындылаймыз. Сұрақтарға жауап  беру

1. Қандай сандарды натурал сандар деп аталады ?(Заттарды санау кезінде қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады)

2.Натурал сандар қатары қалай шығады ?(Егер сандарды бірінен кейін бірін орналастыратын болса, онда 1 санынан басталатын  натурал сандар қатары  шығады.)

3. Қандай разрядтар мен кластарды білесіңдер? (1-класс  бірліктер класы, 2-класс  мыңдар класы, 3-класс  миллиондар класы, 4-класс  миллиардтар класы. Әр класта 3 разряд бар бірліктер, ондықтар және жүздіктер.)

4. Көп таңбалы сандарды дұрыс оқу үшін қайтеміз ?(Көп таңбалы сандарды дұрыс оқу үшін, оны ойша кластарға  бөліп алу керек, ол үшін оң жақтан бастап үш цифрдан бөліп алады.)

5. Санды қай разрядтан бастап оқимыз?

6. Миллиардтан кейнгі кластар қалай аталады?(бесінші  класс- триллиондар  класы, алтыншы класс- квадриллиондар  класы, жетінші класс- квинтиллиондар класы,сегізінші класс-секстиллиондар класы,  тоғызыншы класс- септилиондар класы. )

7. Римдік санау жүйесі неге негізделген?(Римдік санау жүйесі қарапайым және латын әліпбиінің 7 әрпін қолдануға негізделген.).

Сабақтарды қоршаған ортамен байланыстырып, тиімді ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болып, дүниетанымы кеңейіп, есте сақтау қабілеті артты.  Сөйтіп оқушы ой- өрісін ойын арқылы дамыта білді. Ойындар арқылы оқушыларсабаққа белсенді, қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін ұштайды. 

Пайдалынған әдебиеттер:

1. Ақбаева Ә.Б. Математика. 4-сынып . –А.: Алматы кітап. 2011.

2. Сатарова Қ., Смаилова З. Қызықты математика. - 4-сынып.А.: Тоғанай  2012.