№23 Алатау орта мектебі,
Жуалы ауданы, Қазақстан
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Ойын –
оқу-тәрбие үдерісінде әрі оқытудың
қосымша формасы, әрі
тәрбиелеу әдісі ретінде қолданылатын
дидактикалық категория. Ойын арқылы оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығын арттыру мен
жаңа материалды толық қабылдауға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар мұғалім мен оқушының
өзара үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастырады.
Ойынды сабақ
барысында қолданудың негізгі мақсаты – білім беру мен
оқытуды қарапайым ойынмен ұштастыру. Оқушының
ойынға белсенділігі оның оқушылар ұжымындағы
орнын айқындайды. Ол ойын арқылы
әрі білім алады, әрі достық
қарым-қатынасты үйренеді. Ойын барысында мұғалім
мен оқушы арасында өзара үйлесімді қарым-қатынас болады.
Сабақта ойын
технологиясын қолдану берілетін жаңа ақпаратты қосымша
материалдармен қамтамасыз ету болып табылады. Оқыту
үдерісінде ойын технологиясы дұрыс қолданылса
сабаққа оқушылар толық белсенді қатысып, бір
бірімен тез араласады. Сабақты меңгеруде пікір алмасу жүзеге
асады. Өз бетінше ой түйп, сабаққа қорытынды
жасай алады. Оқушыны жалықтырмайды, жаңаны үйренуге
деген қызығушылық пен құлшыныс пайда болады. Педагогикалық технология ұғымы
түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық
процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді
топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда
нақты мақсатының қойылуымен және оның
оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған
педагогикалық нәтижесіне сай анықталады.
Сабақта тиімді қолданылған ойын технологиясы —
мұғалімнің түсіндіріп отырған жаңа
материалын оқушылардың зор ынтасымен тыңдап, жемісті, сапалы
меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені,
оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы
келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып
орындайтын болады. Сонымен ойын балалардың оқуға,
еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы
басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі,
шығармашылығы дамиды.
Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз
қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз
ету.
Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды
оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын
әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы
құрылады. Ойын техгологиясы арқылы мұғалім
оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында
әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Ол ойын жағдаяттарын туғыза отырып,
әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар
қойып, түрлі қосымша затты көрсетіп, түсіндіріп
ойын сюжетін құрастырады.
Қазіргі
Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік
білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара
күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды
іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Инновациялық оқу оқудың
түсіндірмелі-иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке
ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу
әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді.
Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша
жобалауды қажет етеді. Ойын
технологиясы мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және
оның шешуін іздестіруге құрылады. Сондықтан, қазақ тілі сабақтарында
дидактикалық ойындарды жаңа сабақты түсіндіру
процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап
көрсетуге болады. Олар: дидактикалық, рөлдік, ұлттық,
сюжеттік, танымдық және т.б.
Сабақта қолданылған ойынның нәтижесінде
оқушылардың біліктілігі, танымдық белсенділігі, іскерлігі,
дағдысы, дүниетанымы дамиды. Ал негізгі оқушы білімінің
сапасын арттыру болып табылады. Ол үшін сабақта сыныптағы
оқушының барлығын қызықтыратындай ойын
түрлерін қатыстыру қажет. Тіпті нашар оқитын
оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды
жақсы қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды.
Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын
ойындардың бірі — дидактикалық ойындар. Оны тақырыпты
түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу
сабақтарында да пайдалануға болады.
Ойын арқылы біріншіден, оқушылар нақты қызмет
тәжірибесін меңгереді, екіншіден, оқушылар тек
бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын
мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді, үшіншіден,
оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге
мүмкіндік береді, төртіншіден, ойын барысында шешім
қабылдауға үйренеді.
Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған
білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге
балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі,
кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей
білуге үйренеді.Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері
мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды
бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа
сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау
сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің
материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына
неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық
маңызы да арта түседі.
Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін,
тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа
ынтасы мен қызығушылығын арттырады.Ойынмен
ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді,
жеңіл келеді.Ойынды іріктеп алуға нақтылы
сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын
ескеруге ерекше назар аударған жөн.
Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын
және тақырыбын түсіну үшін өздік технология
ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе
оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың
технологиясы ретінде қолданылады.Ол
қазақ тілі
сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып
оқушыларының тілге деген қызығушылығын
қалыптастыруда тиімді.
Мектепте қазақ тілін оқып үйрету барысында
ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың
тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл
үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін
арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік
материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім
әрекетіне жетелеу.Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды,
тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта
мұғалімоқушылармен өзара серіктестікке,
ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген
қызығушылықтары артады.
Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың
маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер
арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады.Олар :
1.
Қазақтілінеғанатәндыбыстардыдұрысайтуға,
жазуғажаттықтыруға;
2.
Оқушылардытілдікқарым-қатынасқатүсудағдыларындамытуға;
3.
Жағдаяттартуғызып,
іс-әрекеттерарқылысөйлетіпүйренуге.
Қазақ тілі сабағындаойналатындидактикалықойындардыңпайдасыөтезор.
Олойындардытақырыпбойыншаөзгертіптұруғаыңғайлыболады.
Ойын – бала
әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын –
өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге
еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын
үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі,
адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.
Сабақ
үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері,
тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын
элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді.
Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын
түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы
олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін
қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім
сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық
ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ
тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.
Оқу үдерісінде ойын технологиясын
қолданудың жағымды жақтарына мыналарды жатқызуға болады:
-
ойындар жалпы оқыту түріне қарағанда, өз
тәжірибесімен үйретуге мүмкіндік береді ;
-
ойындарда оқушы өзінің эмоцияны басқаруға
үйретеді, күрделі туындаған жағдайды шешуге
қабілетін, шешімдер
шығаруға, үжым болып топқа ұйымдасуына
үйренеді;
-
ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті
әрі қарай арттырады, ойынға қатысушылар
оқытушының рөлін ойнап бірін–бірі белгілі бір деңгейде
оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өзінің
қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп
нәрсеге үйренеді.
Сонымен,
оқушылардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды,
тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын
арқылы оқушылардың сөздік қоры дамып, ауызша
сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса
түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік
қасиеттер бойына сіңіреді. Міне, сондықтан да
оқу-тәрбие үдерісінде
ойын технологиясын қолдану арқылы оқушының білім
сапасын арттыру ісіне ерекше көңіл бөлемін және
бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әбішева
А. Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері.
/Бастауыш мектеп/. №3, 2003.
2. Бәкірова А. Байланыстырып
сөйлеуге арналған көрнекіліктер пайдалану жолдары. //
Бастауыш мектеп №10, 1997 ж.
3. Қоныбекова С. Ойын мақсатын талдау
және оның мәні. //Бастауыш мектеп №2 2002
4. Кутеев Е. В. Игра как средство формирования элементов воспитания. –М.:.Просвещение,
1990.