Нұрбаева
Жаңагүл Рысбекқызы
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекетік университеті,Қазақстан
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ ЖӘНЕ СӨЗДІК
ҚОРДЫ БАЙЫТУДЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ ЖОЛДАРЫ
Бүгінгідей
жаһандану заманында көп тіл білетін адамның
қоғамдағы алатын орны да ерекше. Өзге тілді үйрену,
оны жетік меңгеру – бұл ең алдымен халықаралық
қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны
баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық
үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын
тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» - деп
айтқан еді.
Қазіргі
заман ашықтық пен жан – жақтылықты талап етеді,
сондықтан өмірден өз жолын табуға, беделді
кәсіпті игеруге, өзіне және өзінің отбасына
жақсы көңіл – күй, жарқын болашақ сыйлауға
тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап
отыр.
Ағылшын
тілін білу қазіргі заман талабына айналып отыр. Еңбек
нарығында ағылшынша бір сөз қолданбайтын ұйымдардың
өзі жұмысқа аларда ағылшын тілінің деңгейін
сұрап жатады. Бүгінде ағылшын тілін білмеу үлкен
кемшілікке айналып барады. Алдыңғы қатарлы оқу
орындарына түсу үшін де ағылшын қажет. Сондықтан
ағылшын тілін меңгеру ол сіздің
болашағыңызға маңызы зор.
Қазақ
жастарының арасында бірнеше тіл меңгерген қыз-жігіттер
көп. Полиглоттардың арасында тоғыз шет тілін еркін
сөйлейтіндер де бар.
Шет тілдерін университеттің
тиісті кафедрасында не болмаса, өз бетінше мамандандырылған
курстарда оқып, үйренуге болады.
Ағылшын
тілін қалай үйренуге болады? – кез-келген тіл білуге
ынталанған адамның ойында тұратын сұрақ екені
белгілі. Әлемде талай қызықтар бар. Полиглоттар тарихында:
Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді
меңгерсе, Шотландиялық Дрик Хернинг 22 тілде еркін сөйлейді
екен. Ендеше бұл сіздің ағылшын тлін еркін меңгеруге
толықтай мүмкіндігіңіз бар дегенді білдіреді. Әлемде
үйренуге қиын тіл жоқ. Әр тілдің өз
заңдылығы бар. Ең алдымен тіл үйренемін деген
адамға мотивацияның болуы аса маңызды. Ол мотивация –
сіздің мақсатыңыз болмақ.
Ең
алдымен сөздік қорды дамыту керек. Ол үшін көп кітаптар
оқып сөздерін жзаттай беру керек. Ұлы Абай орыс тілін солай
үйреніпті... шет тілінде сөйлеу – сол тілде ойлау дегенді
білдіреді. Жастар (14-29 жас аралығы) арасында сауалнама жүргізу
барысында ағылшын тілін үйрену және сөздік қорды
байытудың біршама қызықты жолдары анықталды:
Жастар (14-29 жас
аралығы) арасында сауалнама нәтижесі:
Сіздің
ағылшын тіліне деген қызығушылығыңызға не
әсер етті?

1. Ағылшын тіліндегі әндер тыңдау
2. Шет елге саяхат
3. Ағылшын тіліндегі кинолар
4. Жарнамалар
5. Ойындар
6. Бағдарламалар
7. Үйретуші видеолар
8. Жанды сөйлесу
9. Ағылшын тіліндегі кітаптар
Грамматикалық
материалды, жаңа лекцияны енгізу, тілдік материалды бекіту барысында
тыңдаушыға арналған жаттығулар мн тапсырмалардың
тіл үйрену процесі барысында берері мол. Соның ішінде
коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру барысындағы әннің
алатын орны ерекше. Атақты педагог Ян Амос Каменский: «Музыканы
түсінбейтін адам сауатсыз деп айтуға болады» - деген сөзі
бар.Ежелгі Греция мектептерінде мәтіндерінд әнмен үйретсе,
Индияда арифметиканы әнмен оқытады. Шет тілді үйрену
барысында да әннің ықпалы мол. Олай болса тіл
үйренудегі әннің әсеріне тоқтала кетейік.
- Ән тілдік қарым
қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз
тіркестерінен құралып, сөз қорының кеңейіп
бекітілуіне ықпал етеді. Ән тыңдау кезінде таныс лексика
жаңа контекстте кездесіп, оны қолданудың қарқыны
өсіп, студенттің есінде тез сақталады. Әндерде жер су атаулары,
географиялық атаулар, тілдік реалиялар, поэтикалық сөздер жиі
кездесетін болғандықтан,студенттің тілдің
стилистикалық ерекшеліктерін түсініп, сезінуіне ықпал
жасалады.
- Әнмен жұмыс барысында
грамматикалық құрылымдардың қарқыны арта
түсетіндіктен, грамматиқалық құрылымдарды есте
сақтауы жеңілдей түседі. Әндер заман талабына сай
жазылып, сілтемелер беріліп, мазмұнын талқылауға
арналған тапсырмалармен толықтырылады.
- Шет тілінде ән айтып үйрену
барысында жаңа лексиканы қайталайды, дыбыстарды дұрыс атап
үйренеді, ырғақ ерекшеліктерін ұғынады,
дұрыс артикуляцияны қалыптастырады.
- Әнмен жұмыс барысында эстетикалық
тәрбие қалыптасып, шығармашылық қабілеттері
ашылады. Сонымен қоса сабақтағы прихиологиялық климат
ретке келіп, тілдік әрекет қарқындатылып, эмоционалдық
көніл күй көтеріліп, тілге қызығушылығы
арта түспек.
- Әнмен жұмыс
оқушының монологты, диалогты және ауыз екі сөйлеу
тілінің дамуына ықпал етеді.
Жалпы
өлеңдармен жұмыс жасаудың нәтижесі үлкен.
Өйткені ол оқу барысында сезімдік және
шығармашылықтың кеңеюіне, сөздік
қорының дамуына ықпал етеді.
Қорыта
келгенде бізге дейін айтып кеткен білімді де танымал адамдардың
айтқандарынан еш айырмашылығы жоқ: оқы, тыңда,
қайтала, жаз, сөйле, тағы да оқы, қайтала т.с.с.
Сөзімізді
белгілі аудармашы Като Ломбтың «Мен тілдерді қалай үйренемін»
атты ктабында жазылған оймен аяқтасақ: «Шет тілі қамал
сияқты, оны бір сәтте жан - жақтан шабуыл жасау арқылы
ғана аласың: газет оқы, радио тыңда, көркем фильм
көр, шет тілінде дәрістер тыңда, оқулықпен
жұмыс істе, хабар алмас, тіл білетін адамдармен кездес,
әңгімелес т.с.с.».
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
«Егеменді Қазақстан» газеті 13/03/2014
2.
The United Kingdom. //100 Questions
Answered. Britain. Creativity, innovation, quality. Question 57-60, P. 57-60.
3.
Gilyarevsky R.S., Grivnin V7S7
Languages Identification Guide //
Translated from Russian by Lev NavrozovNauka Publishing House. Central
Department of Oriental Literature. Moscow6 1970,- 53-112 бет.