Нұрбаева Жаңагүл Рысбекқызы
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті,Қазақстан.
тарихТЫҢ тілге әсері
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдер
екі тұрғыдан қарастырылып, генеологиялық және
типологиялық болып топтастырылады. Генеологиялық
тұрғыдағы топтастыру шығу тегі бір тілдерді
қамтитын болса, типологиялық топтастыру тілдердің шығу
тегіне тәуелсіз, құрылысы мен типінің
морфологиялық тұрғыдан ұқсастығына қарай
жүргізіледі.
Дүние жүзіндегі барлық тілдер
туыстығы мен шығу тегі, даму жағдайларының
ортақтығына қарай ірі-ірі 60 шақты ұяға топтастырылады .
Қазақ тілі. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі. Әдеби тіл нормасы ағылшын
тілі сияқты бірнеше стандарттарға жіктелмейді, жалпыға
ортақ бір нұсқада қалыптасқан. Зерттеулер тілде 4
диалектің бар екенін көрсетеді, олар: оңтүстік, батыс,
орталық‑солтүстік, шығыс диалектілері.
«Тілдердің айырым Анықтағышында» қазақ
тілінің өзге бірде-бір тілде кездеспейтін айрықша белгісі –
Ұ әрпі (таңбасы) деп көрсетілген .
Ағылшын тілі БҰҰ және НАТО конференцияларының ресми жұмыс тілі деп
танылған халықаралық
(ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб) 6 тілдің
бірі. Егер кездейсоқ халықаралық конференциялардың
бірінде ілеспе аударма қызметі істен шығып қалатын
жағдай болса, 6 тілдің ішінде ағылшын тілімен ғана
түсінісе алудың мүмкіндігі қалады. Оның
бүгінгі келбеті осыны мойындатады.
1970ж. Мәскеуде ағылшын тілінде
шыққан «Тілдердің айырым Анықтағышы» (Languages Identification Guide) деп аталатын
Бүкіләлем баспа жұмыстарын жүргізетін ұзынсаны
200-ден астам тілдерді қамтитын кітапта ағылшын тілінің
өзге тілдерде кездеспейтін айырым белгісі – әрдайым бас
әріппен жазылатын І (мен) өздік есімдігі деп
көрсетіледі .
Ислам дінінін енуіне байланысты IX—X
ғасырлардан бастап түркі халықтары арасына тараған араб
жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне
сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол
қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды.
Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым
бойынша араб тілі канондық тіл деп есептеледі, сондықтан оны өзгертуге
арабтарға тәуелді болған халықтардың
хұқы болмады. Сол себептен консонаттық принципті араб жазуы
түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ
соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі
халықтарының, солардың ішінде қазақ
халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.
Түркі халықтары графикасының XX
ғасырдың бас кезінен бергі өзгерістерін үш
кезеңге бөлуге болады:
1.
Араб
графикасын түркі халықтары тілдерінің дыбыстық
жүйесіне сәйкестендіріп қолдану кезеңі:
2.
Араб
графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу
кезеңі.
3.
Латыннан
крилл жазуына көшу кезеңі.
Қазақтың бүгінгі
кириллшесінен латын қарпіне ауысу мәселесі ең талқы-таласы көп тақырыптардың бірі.
Ә.Т.Қайдар «Латынның
болашағы зор» деп аталатын мақаласында «мәселе
төртінші рет тағы бір жаңа жазу қабылдау емес,
өзімізге етене таныс үш жазудың болашағы зор, тіл
табиғатына толық сәйкес, қолдануға оңтайлы,
қазақ тілінің әмбебап ұлттық жазуы бола
алатын біреуін таңдап алу, мәңгі-бақи
тұрақтандыру» дей келе, латынға көшудің ең
тиімді жол екенін жан-жақты сараптай
түсіндіреді.Ал, реформа болатын болса, тек әріп аттарын
өзгертумен шектелмей, онымен бірге бірқатар түбегейлі
өзгерістер келетін көрінеді. Мәселен, латын қарпін
қабылдаумен бірге әріп саны түбегейлі өзгерсе,
бұл сөзсіз жазуға түбегейлі реформа алып келер еді.
Латын жазуына көшу мәселесімен айналысып жүргендер
қатары бүгінгі күні жүзге тартады. Олардың ішінде тек
қана ағылшын әріптерімен шектелу қажет деген
көзқарастағыларды да кездестіруге болады. Бірақ
ағылшынның бар-жоғы 6 дауыстыны таңбалайтын
әріптері қазақтың 9 дауыстысын таңбалауға
жетпей қалған жерде олар дауысты орнына дауыссыз дыбысты
таңбалайтын әріптерді пайдалануды ұсынады. Мұндай жағдайдың
қабылдауға ауыр екені даусыз.
SSS (Simplified Spelling Society) мүшесі Masha Bell «Ағылшын тілінде
жазу неге тым қиындап кеткен?» деген сұраққа былайша
жауап береді:
«1066ж. Норман
шапқыншылығымен француз тілі Англияның ресми тілі болып
танылды. Келесі үш ғасыр бойына монастырларда кей діндарлар
ағылшынша жазуды жалғастыра береді. Ал беделділер мен байлар
ағылшынша сөйлеуді қояды, бұл тіл негізінен тек
төменгі класс қолданысында ғана қалады.
1350 жылдары өз болмысын қайта жаңғырта бастаған
уақытта ағылшын тілі де үлкен өзгеріске түсіп,
тілде жазу қайта қолданысқа келе бастайды. Жаңа
ағылшын тілінің ерте кезеңінің (Early Modern English)
жазушылары Джефри Чосер (Geoffrey Chaucer) мен Уиллиям Тиндеил (William
Tyndale) 1525ж. Библияны жаңа ағылшын тіліне аударғанда жазба
тілді мейлінше тұрақтандыруға күш салады. Бірақ
олардың қарекеті сәтті болма қоймайды. Себебі, француз
және латын тілдерінде жазып келген халықтың көпшілігі
үйреншікті болып қалған француз тілінің ережесінде
жазуын жалғастыра береді (double, couple, route, sure, centre).
1525ж. Уиллиям Тиндеил
құндылыққа қол салған қатігез
жан ретінде Рим
Папасы мен ағылшын бишоптары тарапынан үлкен
наразылыққа ұшырайды. Дегенмен, 1536ж. өлім жазасына кесілмей тұрып-ақ, оның
Библиясына құштарлар саны айтарлықтай өсіп
қалған болатын. Библия бірнеше рет қайта басылады, цензураны
күшейтпес үшін көбіне Тиндеил есімі жасырылады. Бірақ
қайташығарылымдардың таза жаңа басылым екендігін
көрсету мақсатында оның көптеген жазу үлгілері
өзгертіліп беріледі.
XVI-XVIIғғ.-да
ағылшын тіліне латын және грек жазулары енеді. Олар өз
тілдеріндегі жазылуы бойынша сақталуға «құқылы»
болатын, себебі латын және грек тілдері ағылшын тіліне қарағанда
артық саналды. Бұл да латын ережесіне сәйкес жазылатын,
ағылшын тілінің емлесі бойынша қысқа екпінді дауыстыдан
кейін қосарланып келуге тиісті болатын ережеге керағар келетін
жүздеген сөздерді алып келді (abolish, abominable, banish, body, capital, category, habit, hideous, lily,
perish, petal, statue, study, topic, tropical, value, vanish, vomit…)
Осындай ықпалдардың
әсері 1700ж. қарай БАТ қалпын жасап шығарды. 1755ж. шыққан Самуэл Джонсонның
сөздігі БАТ жүйесін бекітіп берді. Содан бері фонетикалық, не
болмаса ақылға сыйымды жолдармен жазудан гөрі сөздікке
сүйене жазу ғана дұрыс саналып келеді».
Ақпарат авторлары ««Жазу жүйесін
жаңалау оны үйренуді әлдеқайда жеңілдетеді» деген
тұжырымды Дания (Denmark) мен Швецияның (Sweden) өте
ұқсас тілдерін мысалға ала дәлелдейді. Екі көрші
ел балаларына өте ұқсас жүйеде білім береді. Балалар
білімді тек ойын арқылы ғана алады да, бала 7 жасқа
жетпейінше ресми түрде білім беру басталмайды. Шведтер жазуын өткен
ғасырда жаңалап алды, ал Даниялықтар өзгертпей
бұрынғы Шведтердің ескі жазуына ұқсас қалпын
сақтап қалды. Нәтижесінде жазу сауаттылығы
жөнінен Швед балалары Халықаралық стандарт бойынша рейтингі
жоғары көрсеткішке жетті де, Даниянікі төменгі деңгейде
қалды” дейді.
Қазіргі
қазақ тілін латын графикасына көшіру механизмдерін
қарастыруда тіл мамандарымен қатар өзге де сала
өкілдерінің араласуы бар екендігі сияқты ағылшын
тілінің орфографиясын жеңілдетуді ойластырып жүрген
компаниялар, қоғамдар, ұйымдармен қоса жекелеген
тұлғалар да баршылық. Олардың ортақ ойы
қандай да болмасын графикаға жасалған өзгеріс келер
ұрпақты бүгінгі оқу мен жазудағы
қиындықтан, «дислексиядан» құтқарар еді дейді.
Дегенмен, қандай да бір жобаның қабылдануы жөнінде
үміт өте аз, миллионнан бір деуге болады. Тіпті
ұсынылған қандай да бір жоба ең үздік деп
танылған күнде де, енді ағылшын жазба тіліне реформа жасау туралы ойлаудың өзі қиын. Оның
себебі, қандай да бір тілдің орфографиясына реформа жасалатын
болса, яғни ол дыбысталу мен айтылымның арасын жақындату
үшін жасалатын қадам болатыны даусыз. Ал ағылшын
тілінің қазіргі жағдайында бір нұсқада
жазылған сөздің айтылуының өзі жергілікті
диалектілерін айтпағанда әр түрлі стандарттарында
түрліше қалыптасқан.
1.Хасенов Ә. Тіл білімі.Оқу
құралы. 3-басылуы. – Алматы: Санат, 2003.– 416 бет.
2 The United
Kingdom. //100 Questions Answered. Britain. Creativity, innovation, quality.
Question 57–60, P. 57–60.
3 Gilyarevsky
R.S., Grivnin V.S. Languages Identification Guide // Translated from Russian by
Lev Navrozov. “Nauka” Publishing House. Central Department of Oriental
Literature. Moscow, 1970. – 53-112 бет.
4 Қазақ тілі //
энциклопедия «IDK-TIPO» ред. баспа орт. Алматы, 1998.
–509 бет.
5 Қайдар Ә.,
Айтбайұлы Ө. Латынның болашағы зор // Тіл майданы. ІІ.
(Сардарлар мен сарбаздар) Алматы, 2004. 260 бет.