Жаппарова
К.М., ф.ғ.к., доцент Кадина Ж.З.
Қазақ
тілі мен әдебиет мұғалімі №101 мектеп-лицейі
Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазақстан
МӘТІН АРҚЫЛЫ ТІЛ ДАМЫТУ
Жас мемлекетіміздің
болашағы- бүгінгі мектеп оқушылары. Жеткіншек буынға
бірегей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін,
нақты мүмкіндіктерін айқындап, соған негіздеп
оқыту- бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бүгінгі
мақсат- әрбір оқушыға түбегейлі білім мен
мәдениеттің негіздерін беру және олардың
жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке
тұлға қалыптастыру. Ол үшін қазіргі білім беру
саласындағы оқытудың озық технолгияларын
жан-жақты меңгеру қажет.
Жаңа
технологиялардың негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан
қорғау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі,
баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту,
баланың танымдық және шығармашылық икемділігін
дамыту, әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік
деңгейіне орай оқыту, барлық оқушылардың дамуы
үшін жүйелі жұмыс
істеу [1]. Сондықтан, жаңа технологияларды қолданғанда
оның әрбір кезеңдерін ұстаз өзі жақсы
түсініп, оқушыларға жеткізе білу қажет.
Орыс тілді
мектептегі қазақ тілі
сабағын жүргізудегі мәселенің бірі – тіл дамыту. Оқушылардың
қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін
сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Бұл
міндетті мәтін атқарады. Мәтін-сөйлеуге
жаттықтыру, сөйлеу
дағдысын қалыптастыру құралы, тіл
дамытудың басты ұғымы.
Ф. Оразбаева: « Мәтін-
адамдар арасындағы тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам
өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса солай
айтылған сөйлемдер тізбегін құрамайды. Керісінше
жиынтықталған пікірін, көзқарасын бір-бірімен ой
жағынан да, қалпы тарапынан да бірлескен сөйлемдер
жүйесімен яғни, мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Адам
тілдік қатынаста үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты
мәтіндерді сөйлесім әркетінің кез-келген
кезеңінде ойдан құрап, қолдана береді» [2].
Өзге
ұлт өкілдеріне қазақ тілін мәтін арқылы оқытып, үйрету- көптеген
ізденістерді керек етеді. Сондай оқытуға модульдік және
интерактивтік оқыту әрекеттерін
жатқызуға болады. Модульдік
әрекет оқушының өз бетімен іздену әрекеті,
себебі көздеген мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады.
Ал, біз болсақ – ұйымдастырушымыз, әрі бағыт берушіміз.
Оқушы әрекеті мына аспектілермен беріледі: оқы, түсін,
түсіндір, талда, салыстыр (аударма), жинақта, пайымда,
дәлелде.
Мұғалімнің
әрекеті: әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдану,
ұйымдастыра білу, тестілеу, бағыт беру, оқушының
пікірімен санасу.
Ал
интерактивті әрекетке:диалог,полилог, топтық,ойындық
әдіс-тәсілдер жиынтығы жатады.
Көбіне
мәтінмен жұмыс жүргізгенде қолданып жүрген
әрекеттердің бірі- топтық жұмыс. Сыныптағы
оқушыларды 5-6 адамнан топқа бөліп аламыз. Күнде
көріп жүргеніміздей оқушылардың деңгейі де
әртүрлі. Мұндай топтарға бөлу оқушылар
тарапында болатын білмегендігінен ұялу, түсінбей қалу
сияқты ақтаңдақтарды жояды.Сабаққа дейін
оқушыларды, біріншіден- психологиялық, білім деңгейлері
бойынша күшті, орташа, әлсіз деп бөліп алу керек. Екіншіден,
әр топқа (бір бағытта) жеке тапсырма беріледі.
Үшіншіден, баға топқа бірдей қойылады. Төртіншіден,
мұғалім тапсырманы әлсіз оқушыдан сұрау керек.
Егер оқушы мұғалімнің немесе басқа топтың
сұрақтарына жауап бере алса, онда нәтижеге жеткені, ол
сіздің әр оқушыға материалды игертіп, мақсатыңызға
жеткеніңіз. Топ оқушылары бір-бірінің жетістіктерін
қадағалап отырады. Әр оқушы өз тобына балл
жинауға тырысады. Тоқсан аяғында бақылау немесе жазба
жұмыстарын жүргізуге болады. Топ мүшелерінің біреуінен
сұрау арқылы және басқа топтардың
сұрақ қоюымен мұғалім оқушылардың
баллдарын есептейді.
Оқулықтағы
мәтін – оқыту барысында өткізілетін ең күрделі
жұмыс түрінің бірі болып табылыды. Мәтін – ойлау,
хабарлау, баяндау, қабылдау, пайымдау құбылыстарымен
байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынастың іске асуына
негіз бола алатын қатысымдық жүйелі тұлға.
Мәтінмен жұмыс жүргізгенде міндетті түрде
жүйелілік болуы керек. Яғни мәтінмен жүргізілетін
жұмыс түрлері оны оқу, оқығанын,
аударғанын жеңіл диалогқа
немесе жағдаятқа айналдыру, қарапайым мазмұнын айту.
Мәтін
арқылы тілдің фонетикасын, грамматикасын, лексикасын оқытуға
болады. Ол мәтінді талдау әрекетімен қатар
әңгімелесу арқылы сөйлеу әрекетіне,
сұрақ-жауап арқылы тілдесім әрекетіне, мазмұндама
жазғызу арқылы жазу әрекетін үйретеді.
Оқулықтағы
мәтінмен жұмыс істегенде, біз көбіне, деңгейлеп оқыту технологиясына
сүйенеміз. Себебі мәтінмен жұмыс – деңгейлік
тапсырмалар арқылы жүзеге асады. Деңгейлік тапсырмалар
оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, ізденуге
жетелейді, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушының білім
дәрежесін, ынтасын, ақыл-ой, еңбек дағдысын, өз
жұмысына деген жауапкершілігін ескеруіміз керек. Деңгейлік
тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса, баға біліміне
қарай қойылады. Бұл әдістің негізгі
ұстанымы – қарапайымнан
күрделіге жетіп игерту.
Мәтінмен жұмыс өткізгенде бір ескеретін жағдай,
басқа ұлт балалары үшін , мүмкін болған жерде,
сөйлемдегі сөз санын азайтып, жеңілдетіп, бірнеше жай сөйлемдерге
бөліп беруге болады [3].
Сабақта
мәтінді пайдалану тек тіл дамыту жұмыстары үшін ғана пайдалы емес, сонымен қатар ол оқушының
көру зейінін дамытады, оқу мәнерін жақсартады, сауатты
жазу дағдыларында қалыптастырады.
Тіл
дамыту жұмысының сапалы болуы таңдалған мәтінге
көп байланысты. Мәтіндегі мәліметтің жаңа,
қайталанбаған болуы оқушының
қызығушылығы мен ойлау қабілетін арттырып, сөздік
қорының баюына жол ашады. Сондықтан мәтін
таңдауға мазмұнынын қызғылықты, оқушы
түсінігіне сай болуын ойластырумен қатар, танымдық,
тәрбиелік мәнін естен шығармаған жөн.
Мәтінмен
жұмыс барысында оқушыларға қойылатын талаптар:сөздікпен
жұмыс жүргізу, мәтінмен танысу, мәнерлеп, дауыстап
оқу,сөздікті пайдалана отырып, мәтінді аудару, жоспар
құру, сұраққа жауап беру,тірек сызбалар сызу,сөздерді
пайдалана отырып, 4-5 жол тақпақ құрау, мәтіннің
мазмұнына мақал-мәтел жазу,түсінгенін қорыту, мәттіннің
мақсаты мен мазмұнын айту,
сөзжұмбақ құрастыру.
Мәтін
бойынша жұмыс істеу барысында оқушының тілі баюымен
қатар, грамматикалық формаларды түсініп меңгереді, синтаксистік конструкцияларды ажырататын
болады, мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдылары
қалыптасады, ол үшін тапсырмалар белгілі бір жүйеде
жүргізілуі қажет.
Мәтін
бойынша берілетін тапсырманы мәтінмен танысқанға дейін,
анализ-талдау барысында немесе мәтінмен танысқан соң беру
тиімді. [4].
Сонымен,
тапсырманы орындау уақытына қарай үш топқа бөліп
қарастырамыз:
· Қабылдау қиындықтарын жою
мақсатындағы мәтінмен танысқанға дейінгі
тапсырма;
· Мазмұнын түсіндіруге,
түсінуге көмектесетін мәтін ішілік тапсырма;
· Мәтінмен танысқаннан кейінгі
тапсырма;
а)
мәтін бойынша байланыстырып сөйлеуге дайындық ретінде
репродуктивтік сипаттағы;
ә)
байланыстырып сөйлеу дағдысын қалптастыру
мақсатындағы тапсырмалар;
Мысылы,
мәтінмен танысқаннан кейінгі тапсырма:
·
Мәтінді
оқыңыз. Мысалда қанша кейіпкер бар?
·
Мәтінді
ролге бөліп оқыңыздар.
· Мәтін мазмұнына сүйеніп
сұрақтарға жауап беріңіздер.
·
Грамматикалық
тапсырмалар.
Мысал
ретінде бір мәтінмен жұмысқа жоспар беріп көрейік.
Сынып:
6
Тақырыбы:
Жер- ана.
Мақсаттары:
а)
білімділік: есімдік және оның түрлері;
ә)
тәрбиелік: оқушыларды туып-өскен жерін сүюге,
табиғатты аялай білуге тәрбиелеу;
б)
дамытушылық: сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту;
мәтіннің
мағыналық құрылымы (интеллектуалдық саты) бойынша
мәтінді талдап, мәтіннің ойын анықтап, соған
дәлелдеме келтіру арқылы ойлау қабілетін дамыту;
естіген-білгенді
көқейге тоқып, көп үйренуге, өзін-өзі
дамытуға ұмтылу;
Сабақтың
түрі: Жаңа сабақ
Күтілетін
нәтиже: оқушылардың жаңа сөздерді және
сөз тіркестерін пайдалана отырып, мәтінді әңгімелей
алуы.
Мәтін:
Жер-ана.
Сөздік:
қопару, қорлау, таңқалу, себебі, шашу, тегістеу,
қажетті, зейін.
Тапсырмалар:
мәтінді оқу, аудару, мағынасын түсініп,
қойылған сұрақтарға жауап беру.
Алғашқы
кезде мәтін бойынша берілетін сұрақтар:
Мәтіндегі
негізгі кейіпкерлер кімдер? Оқиға қай жерде, қай жыл мезгілінде?
Бала не істеп жатты? Кім оған кездесті? Ол не деді?Анасы қандай
жауап берді?
Мәтіннің
мағынысын ашу мақсатымен және ойларын түйіндеу
үшін:
· Бейбіт қандай
бала?
· Оның
қылығы сендерге ұнайды ма?
· Анасының берген
жауабына Бейбіт түсінді ме?
· Бейбіттің орнында
сендер болсаңдар, не істер едіңдер? деген
сұрақтарға жауап алып, мәтінді оқушылар
түсінген, түсінбегенін қадағалаймыз.
Бұдан
әрі төмендегідей бірнеше тапсырма жүргіземіз.
Тапсырма.1
Мәтіннен есімдікті теріп, оның қай түрінде
тұрғанын анықтап, жазыңдар.
Тапсырма.2.
Мәтіндегі күрделі бастауышты табыңдар.
Тапсырма.3.
Мәтіннен берілген сөз тіркестерінің аудармасын тауып,
оқып беріңдер.
Басқа
тапсырмалар:Мәтінді пайдалана отырып, сызба жасаңдар, диалог
құрастырып, өзара сөйлесіңдер, Жер, Отан, Ана
туралы өлең, мақалдарды еске түсіріп, айтыңдар.
Бұл берілген тапсырмалар мәтінмен жұмыс істеудің
жекелеген үлгілері ғана.
Жоғары
сыныптарда мәтін бойынша жұмыс өткізгенде келесі
түрлерін жүргізуге болады: мәтінге ат қою, мәтінді
мәнерлеп оқу,мәтіннің мазмұнын, негізгі ойын
анықтау,сөйлемдерге сұрақ қою, мәтіннің
жоспарын жасау, мәтінге өз ойын білдіру.
Сызба
бойынша мәтіннің қысқаша мазмұнын айтып беру.
Осындай
мәтінмен жұмыс жасағанда
жоғарғы сынып оқушыларының орфоэпиялық
дағдыларының қалыптасу ережесі, сөздік
қорының байлығы, ауызша сөйлеу тілінің интонациялық мәнерлілігі, тілді
меңгерту дәрежесі бірталай өседі, орыс тілі
аудиториядағы оқушылардың қазақша сөйлеу
және ойлау шеберлігі дами
түседі.
Ал
тіл үйретудің нәтижелі болуы көптеген
жағдайларға байланысты: оқушының қабілеті, мұғалімнің
шеберлігі, мұғалімнің тілді үйрету
тәжірибесі,оқыту тәсілдері, көрнекілікті дұрыс
қолдануы, оқушының тілді үйренуге деген ынтасы.
Қорыта
айтқанда, дұрыс таңдалған (қысқа
мазмұнды, оқиғасы қызғылықты,
грамматикалық материалға сай, оқушы қабылдануына
лайық ) мәтін, нақтылы, іріктелген тапсырмалар, оқушы
тілін дамытатыны сөзсіз, әрине, жұмыстың жүйелі
жүргізілуі негізгі шарттың бірі болмақ, оны тәжірибе
көрсетіп отыр.
А.
Байтұрсынұлы: “...мұғалім қандай болса, мектеп
hәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса,
ол мектептен көбірек білім алып щықпықшы. Солай болған
соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика, методикадан
хабардар жақсы оқыта білетін мұғалім”, - деп тегін
айтпаған. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана,
шәкірт жанына нұр құя алады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ж.А. Қараев «Деңгейлеп
оқыту технологиясы».
2. Ф.Оразбаева «Тілдік
қатынас: теориясы және әдістемесі» оқу
құралы// Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың
Білім академиясы. –Алматы. 2001.
3. “Қазақ
тілі мен әдебиеті орыс мектебінде”. –№2,3. 2003.
4. Айтбаева Б.М.
«Қазақ тілі». –Қарағанды: «Арко» ЖШС баспасы,
2014. –122 б.
5. “Дауыс пен көрініс” журналы. –№3(7), 2001.