Филология ғылымдарының кандидаты Акатаева Ш.Б.

Педагогика ғылымдарының магистрі  Жолаева Г.Б.

Педагогика ғылымдарының магистрі   Баербекова А.Е.

Қарағанды қ.,Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті 

 

Ойындарды пайдалану арқылы

 студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін дамыту әдістері.

 

     Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие процесінің тиімділігін пайдалануды көздейді. Дегенімен, оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бағытында  барлық мүмкіндіктермен жаңаша әдістер толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі – ойын.

     Ойын студенттерге ең тиімді әрі қолайлы іс-әрекеттің түрі, қоршаған ортадан алған әсерлерін ойын барысында өңдейді, қарым-қатынас жасайды. Ойының мазмұны студенттің тікелей байқағанын, болмаса оқытушының қызметін қайта жаңғыртумен байланысты. Ойын барысында студенттердің ойлауы және қиялы, оның эмоционалдылығы, белсенділігі, қарым-қатынас қажеттілігінің ерекшеліктері көрініс табады.

     Ойын студенттерге келешекте оқу әрекеті мен еңбекте қажет ақыл-ойын дамытады, оның тұлғаының қалыптасуына ықпал етеді, қасиеттері қалыптасады. Өз кезегінде ойын ойнушыдан ақылдылықты, төзімділікті, дербестілікті, белсенділікті, эмоционалдылықты талап етеді.

     Ойының түпкі мақсаты – оның сапалы болуы. Яғни сабақтың формалары мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оны ідістемелік танымдық, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Біртұтас үздіксіз білім берудің өзіндік ерекшелігі бар алғашқы сатысы. Сондықтан топтарда ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен түседі. Сондықтан оқытушы, сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, студенттердің сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.

     Ойынның теориясы мен практикасы мәселелерімен белгілі психологтар Л.С.Выгодский, А.Н.Льеонтев, Д.Б.Эльконин, П.П.Блонский, т.б. ойынның бала дамуы мен оның тұлғасының қалыптасуында алатын орны туралы өз еңбектерінде атап көрсеткен.

     Сонымен қатар М.Т.Таникеев, Т.Тотенаев, Ж.Төлегенов, Е Сағындықов,Қ.Б.Жарықбаев, Х.К.Байрамқұлов, А.Айтбаева, К.Т.Жаңабаев және т.б. отандық ғалымдар қазақтың ұлттық ойындарының оқу-тәрбиелік мәнін ашып айқындап отыр.

    Ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану – болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген қазақстандық ғалым Н.Құлжанова педогогикалық үрдісті жетілдірудегі ойынның алар орнын жоғары бағалаған.

       Барлық зерттеулерде оқыту мен ойын арасындағы өзара байланыс, ойын үдерісінің құрылымы, дидактикалық мақсаттағы ойындарды басқарудың формалары мен әдістері анықталады. Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай, баланың    өмірінде ойын ерекше орын алады.

     Ойын – баланы рухани адамгершіліке тәрбиелеудің негізгі болғандықтан әрбір тәрбиеші-ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек. Сабақта ойын элементтерін қолдану немесе сабақты толықтай ойын түрінде өткізу ұстаздан аса біліктілік пен шеберлікті, шығармашылық ізденістіқажет етеді. Сондықтан, олардан оқу мазмұндағы ойындарға үлкен жауапкершілікпен қарау талап етіледі. Себебі, әрбір жасқа ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.

        Ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Сондықтан ойын студенттерді тәрбиелеудің тиімді жолы, тәрбие құралы екендігін дәлелдейді. Халқымыз ойынға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез – құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағаланған.

       Ойын түрлері. Рөлдік ойын. Еркін ойнау рөлдің функциясын атқарады. Мысалы: «Мамандық әлемі» тақырыбы кезінде «Кім болғың келеді?» ситуациялық ойыны.

2. Тілдік ойындар. Сөз жасыру, әріп жасыру т.б.

3. Баяндама жасату.

4.Газет-журнал материалдары. Проблемалық сөйлеуге жағдаяттық тапсырма беріледі. Саясат, әлеуметтік тақырыпқа фотография, сурет, каррикатура ұсыну – қоғамдағы мәселелерге қатысты үйренушінің тақырыпқа қызығушылығын оятады, сыни ойлау қабілетін арттырады.

5. Қойылым (драма). Алдын – ала шағын қойылымдық сценарий жазылып, ойналады.

6. Пікірталас. Өз шешімін жақтауға үйрету.

7.Сұхбат құру. Үйренуші басқа үйренушіден ақпарат алуы керек.

8.Сөз сайысы. Белгілі бір тақырыпқа сөз сайысын ұйымдастыру.

9. Шығарма.

10. Әңгіме құру.

Тілді үйренудегі оқыту техникасының түрлері өте көп. Берілген бақылау техникаларын сабақта қолдану, тілді игеру үрдісінде ерекше мотивация тудырады.

       Студенттерді ұлттық болмыста қалыптастыру үшін:

-дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

-көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрлерінде беру арқылы студенттердің ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

-дидактикалық ойындар арқылы студенттерге шендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру;

-студенттерді дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу керек.

       Тәрбие беру барысында қателіктерді болдырмай жетістікті нәтиже алуда ұлттық тәрбиенің түрлі әдіс – тәсілдерін қолдану қажет. Ол үшін ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиенің бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жаңаша қарастырған жөн.

     Қоғмдық талап күшейе түскен сайын студенттерді тәрбиелеу мен оқыту ісін сапалы жаңа дәрежеге қол жеткізу үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана білудің маңызы зор.

     Дидактикалық ойындар оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін жарқын түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Л.С.Выгодский ойынның мынадай педогогикалық мәнін ашып жазды. Ойын үстінде түрлі рөлдерде ойнау балаға жаңа, тың жағдайда өзін-өзі қалай        ұстауға үйретеді, өзінің бұрынғы бар білім қорына сүйенуге, қалыптасқан жағдайдан жолтауыпшығуға баулиды.

Ойынға қойылатын талаптар:

1.       Ойынға берілген уақыт студенттерді жалықтырмайтындай болуы керек.

2.       Тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұның ашуы қатаң ескеріледі.

3.       Ойынға қажетті материалдар алдын ала дайындалу керек.

4.       Ойын түрін таңдап алу: ойын мақал-мәтел, жұмбақ түрінде болуы мүмкін.

5.       Ойынның жоспарын жасау.

Ойынның ойналу түрлері:

-        топ болып ойнату;

-        екеуара, үшеу болып ойнау.

Кез келген ойынның көңілден шығуы оның ұйымдастырылуына байланысты.

      Қазіргі кезде оқытудың ойын формасын зерттеудің мәні мен міндеті оның түрлерін: имитациялық, символдық және оқу-зерттеу деп бөле отырып, осы оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр. Егер адамдарға қандай да  бір ойндарды ойнау тапсырылса, онда олар көбіне «білмеймін», «ойнай алмаймын»-дейді. Бұл жағдай тіпті ең қарапайым ойындарды ойнаудың өзі оқудан, білімнен басталатынын көрсетеді.

      Оқытудың ойын формасын (ООФ) қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілілігі. Оқытушының балалар ойындарындағы рөлі өте маңызды. Ол көбіне ойнды ұйымдастырушы, ойының мазмұны жөніндегі, ақыл-кеңесшісі, студенттердің даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі,  сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы да бола алады. Оқытушы студенттердің ойын үстінде әр алуан сезімдер мен эмоциялық күйге бөленетінін (қуану, ренжу, мақтан ету, риза болу, қызғану, өкіну) және бұл сезімдердің ойындағы ұтысқа немесе ұтылысқа, көмек көрсетуге не көмек алуға байланысты болатынын есте ұстауы қажет. Әдетте,  ойын үстінде команда мүшелері арасындағы қарым-қатынастар қалыпқа келеді: жеке табыстар кейінгі тұсқа ысырылады, талас – тартыс ұмтылады, бәрі де ортақ мүдде туралы ойлай бастайды. Дегенмен, ойын барысында қарым – қатынастың жағымсыз жағы да туындауы мүмкін. Студенттердің бәсекелес топты «дұшпан» ретінде тануы оларды келенсіз әрекеттерге итермелейді. Мысалы, қарсыластары ұтқан жағдайда ыза, қызғанышпайда болып, кез-келген, тіпті әділетсіз әдістер арқылы өз тобын жеңіске жеткізудің жолдарын іздестіреді.

      Оқытушының міндеті – ойын барысында студенттер арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, студенттердің достығын қолдау. Әр түрлі жоғары оқуларының оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен ұйымдастырылуын ұзақ зерттеу ойындарын әдетте білім және тәрбие мақсаттары үшін жеткіліксіз пайдаланып келе жатқанын, сонымен қатар, ойын элементтерін оқу үрдісіне қолдану технологиясын әлі де жетілдіре түсудің қажеттігін көрсетеді.

      Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан, әсіресе университетте оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек, - дейді К.Д.Ушинский. Бүгінгі қоғам талабына сай білімді, саналы, тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеу білім беру жүйесінің басты мақсаты болып табылады. Ойын арқылы адамбаласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекекшеліктерін қалыптастырады. Студент ойын үстінде өз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді.

     

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Қазақстан кәсіпкері» журналы № 2, №5 2007 жыл

2. «Мектептегі дене шынықтыру» №5 2008 жыл

3. Е. Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы «Рауан»

1991 жыл

4. С. Бегалин «Заман белестері»

5. «Спорт және дене шынықтыру» №6,8 2007 жыл