Филология ғылымдарының магистрі,аға оқытушы
Келмаганбетова Ш.С.,
2 курс ГМУ-22к тобының студенті Тұрсын Айдос
Қарағанды
қ., Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті
МЕМЛЕКЕТТІК
ТІЛ –ҰЛТ МӘРТЕБЕСІ
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі –
ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына
жасаған сыйы да – тіл. Ол – қасиетті де қастерлі.Тл
қарым – қатынас құралы. Оның бойында
өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар.
Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті
әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Әр
елдің рухани құндылығы. Тілдің тағдыры –
баршамыздың қолымызда.
Бәрінен де, еліміздегі тіл саясатының
көпұлтты мемлекетіміздің тұрақты дамуына
ізгілікті қызмет етіп отырғандығы қуантады. Сонымен
бірге әр ұлт өкілдерінің қазақ тілін білуге
талпынуы қуантатын жағдай.
Ең бастысы, қазір
қазақстандықтар тарапынан мемлекеттік тілді қолдау
және дамыту бағытында барынша мүдделік танытып отыр.
Бүгінгі күні тілді дамыту жан жақты қарастырылуда. Жеке
адам ретінде тіл тағдырына деген жанашырлығымыз бен
қамқорлығымыз артуда. Қазіргі таңда
көптеген отбасылар балаларын қазақ тілінде оқытатын
мектептерге ана тілін жетік меңгеру үшін беріп, оқытып
жатқандары қуантарлық жағдай. Әрбір отбасында
тілге деген жанашырлық жоғары болса, «тамшыдан тама берсе дария
болар» дегендей, тіліміздің жағдайы әлдеқайда биік
деңгейге көтерілері анық.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл
тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі
кеңейді. Тіл адамдардың қарым-қатынас
құралы болғандықтан, ол сөйлеу
әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен
ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас
құралы. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін
алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шынтуайтуында елге деген
көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз.
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде
мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді
Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз», – деп атап көрсеткен.
Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын
жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлт
үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ» деп Мағжан
Жұмабаев айтқандай тіл
– халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің
мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да,
құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз
болсақ, Отанымыз – Қазақстан! Сонымен қатар, тіл
меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше. «Ана тілін білмеген, анасын
да сыйламас» демекші, өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын
жанның шығуы неғайбыл. Қазақ тілі – тек
қазақ халқының тілі ғана емес, мемлекеттік тіл –
ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп
қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп
есептейтін азаматтардың тілі. Елбасымыз айтқандай,
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде».
Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей
құрметтейік!
«Әлем
әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен
төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі –
сондай тіл»- деп
Елбасымыз тайға таңба басқандай анық та айқын
көрсетіп берген болатын.
Бұрынғы даналардан қалған:
«Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша
байсың» деген сөз бар. Әрине, құптарға
боларлық ой, бірақ, өзге тілді білемін деп жүргенде
өз тілімізден көз жазып қалмайық!
Сондай-ақ, тіл – адамдар арасындағы
қарым-қатынастың аса маңызды құралы
ғана емес, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық
ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың,
сақтаудың құралы. Жас ұрпақты
тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл
арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік тілді оқыта отырып,
жастардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз,
ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар
толық беріледі.
Иә, қазақ халқының тілі
өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл – адамның
барлық саналы өмірінің құралы:
өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді
азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл, оның ішінде
біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің,
қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның
мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің
борышымыз. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл
мәдениетінің шыңына қол созатын адамның
әрекеті. Ана тілін жақсы білу – әркімнің
азаматтық борышы, қоғамда атқаратын
қызметінің тірегі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып,
егемендік алуы тілі мен психологиясына оның өз мәнінде
дамуына мүмкіндік берді. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді
қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете
енгізу мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы
кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның
өркен жайып дамуына ықпал ететін басты-басты қадамдар
жасалуда.
Тіл туралы заңның
қабылданғаны, оның баптарының жүзеге асырылу
бағдарламаларының жасақталғаны, мемлекет
басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап,
қолдау танытып отырғаны көпке мәлім. Аталған
әрекеттердің бастауы мектептерде қазақ тілін оқып
үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз.
Сол себепті басты жауапкершілік тіл мамандарына жүктеліп отыр. Ата
заңының баптарында, сонымен қатар, «Тіл саясатының
тұжырымдамасы» мен «Тіл туралы Заңда» айтылған басты
мәселе, мемлекеттік тіл – қазақ тілін дамытуға
бағытталған.
Тілді өркендету – баршаның ісі. Тіл – тек
қарым-қатынас құралы ғана емес,
ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің
мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Елбасы жыл
сайынғы халыққа Жолдауындағы бағыттарының
бірі – мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуды басты назарда ұстап
келеді. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік
дәрежесін нығайту еліміздің саясатының негізгі
басымдығы болып қала береді. Мемлекеттік қолдау
мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің
қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға
толық негіз бола алады. Тіліміз – бірлігіміздің тірегі,
халқымыздың ұлттық байлығы. Ендеше, тек
қазақ қана емес, әрбір қазақстандық
ана тілімізді қастерлеп, күнделікті қолданыс
құралына айналдырса, нұр үстіне нұр болар еді.
Бұл өмірде аз күн қонақ
болармыз,
Мүмкін елу, мүмкін жүз жыл
салармыз.
Ана тілін ардақ тұтып,
қастерлеп,
Құрметтейік келгенінше шамамыз!
Мемлекеттік тіл
Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген
өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы,
Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады.
Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі
атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі —
қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл
және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз
Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.
Тіл адамдардың
қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол
сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт
пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас
құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады.
Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет
ретінде танылуда. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында: «Тілге деген көзқарас,
шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан,
оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай
қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл
мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп
атайтын боламыз»-деген болатын. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің
жырын жырлап, бұғанасын қатайтты.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық
мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын
баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін
көзінің қарашығындай қорғауға,
оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиіс. Ата
Заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік тіл – қазақ тілі», - деп тайға таңба
басқандай айқын жазылып, көрсетілген.
Тіл – сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болумен
қатар, өткендегі олжаларды бүгінгі күнге, ал
бүгінгі пайымдарымызды келешекке жеткізу үрдісінде де өте
маңызды дәнекерлік міндет атқарып келеді.
Қабырғалы ел ата-бабадан мұра болып қалған
және қазіргі уақытта жаңа синтезге, жаңа бейнеге,
жаңа кейіптерге айналып үлгерген біртұтас зерделі,
аңсар-мұратты, ғылыми жетістіктер мен байлықтарды игере
алатын құдіретті тіл арқылы ғана мәңгілік
тұрақтылығын сақтай алады. Себебі, халық
қай деңгейде тілдің бай қоры мен көркемділігін сақтап
сөйлейтін болса, соғұрлым өрелі ойлайды. Қай
деңгейде ойласа, сол аяда сөйлейді.
Әрбір жүрегі елім деп
соққан адамның өзінің халқына, тіліне деген
ерекше сезімі болатыны сөзсіз. Ұлттық санасы ояу ғана
адамның өз елінің шын жанашыры екені белгілі.
Халқымыздың халықтығының басты белгісі – тілі
болса, оның көркеюі үшін әлі де талай жұмыстар
жасалуы қажет. Осығын орай Әділет басқармасында
мемлекеттік тіл қазақ тіліміздің дамуына, өркендеуіне
ерекше назар аударылған. Қазақ тілінің мәртебесін
көтеру мақсатында қызметкерлер арасында семинар-
кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұру
керек. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына
әрбір азамат атсалысуға міндетті.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйініне келер болсақ, тілге деген құрмет –
халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі.
Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін
емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің
қадірін арттыра түсуіміз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев
Н.Ә «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына жолдауы Алматы 2012.
2.
Жанақова Н
«Қазақстандағы тіл тарихы», Алматы 2006, 55 бет
3.
Әбілқасымов Б «Қазақ тілі жөніндегі
революциядан бұрынғы зерттеулер» Алматы 1993, 18-20 бб
4.Шайкенова Б.Ш.
Тіл мәртебесі –ел мерейі.
Ақтөбе, 2013
5.Байтұрсынұлы А «Әдебиет танытқыш» Алматы:Атамұра, 2003, 208 б
6.Жанақова Н «Қазақстандағы тіл тарихы» Алматы 2006, 72 б
7.Момышұлы Б «Ұшқан ұя» Алматы: Жазушы, 1975 ж, 44 б