Т.ғ.к. Орынбасар Р.О., Көшкінбаев А.К.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиетті, Қазақстан

 

Мұнайды дайындау қондырғыларында қолданылатын жабдықтар. Блокты автоматтандырылған деэмульсаторлар

 

Көлденеңді (горизонтальді) демульсаторлар. Келесі түрдегі блокті қондырғылар шығарылады: УДО-2М, УДО-3,УДО-1500/6, СП-1000, СП-2000, «Тайфун» 1-400, ДГ-2500, ДГ-6300, БН-М және т.б. Осы аппараттардың ішінде ең көп таралғаны-УДО-3 түріндегі деэмульсаторлар.

УДО-3 деэмульсаторы (8.5-сурет) қыздыру блогі (І), тұндыру блогі (ІІ) және бақылау-өлшеу блогынан тұрады. Қыздыру және тұндыру блоктары тік бөгеттермен бөлінген, диаметрі 3, 4 м көлденең цилиндрлі тұрықта орналасқан.

Құрамында деэмульгаторы бар мұнай эмульсиясы жылуалмастырғыш-тарда алдын-ала қыздырылған соң жоғарыдан құбырша (2) арқылы қыздыру бөлігіне келіп түседі, қыздыру бөлігі цилиндрлі бөгетпен (3) екі қуысқа-ішкі және сыртқы бөлінген. Ішкі қуыс бөлігінде U түріндегі қыздыру құбырлары (4) орналасқан.

сканирование0043

Сурет 1 - УДО-3 көлденең айырғыш деэмульсаторы

1- аппараттың тұрқы (корпусы); 2 - қыздырылған эмульсияны енгізу құбыршасы; 3 – төменгі жағы тесілген цилиндрлі бөгет; 4- U түріндегі қыздыру құбырлары;  5, 5а - айырғыштар; 6 - тік бөгет;     7 - сұйық ұстағыш (барботер); 8 - "өзіңе дейін" қысымды реттегіш;  9-деңгей теңестіргіш линиясы; 10 - таза мұнайды жинағыш;  10а - таза мұнайды шығаратын тік орналасқан құбырша; 11- тарату коллекторы;  12 - таза мұнай коллекторы; 13 – таза мұнайды шығаратын клапан.

Мұнай эмульсиясы бөгеттің төменгі тесіктері арқылы І бөліке келіп түседі, мұнда ол қыздыру құбырларында газдың жануы әсерінен 60С-ге дейін қыздырылады. Қыздырылған эмульсия бөгеттен асып төгіліп, тарату коллекторы 11 арқылы тұндыру бөлігіне ІІ келіп түседі, одан ол аппараттың барлық қимасы бойынша желобтар көмегімен су қабатынан өтіп, таза мұнай жинағышқа 10 келіп түседі, одан әрі арнайы тік орналасқан құбыршалар (отводтар) 10а және таза мұнай коллекторы 12 бойымен клапан 13 арқылы аппараттан шығарылады.

Мұнай эмульсиясы бөгеттің төменгі тесікткері арқылы І бөліке келіп түседі, мұнда ол қыздыру құбырларында газдың жануы әсерінен 60С-ге дейін қыздырылады. Қыздырылған эмульсия бөгеттен асып түгіліп, тарау коллекторы 11 арқылы тұндыру бөлігіне ІІ келіп түседі, одан ол аппараттың барлық қимасы бойынша желобтар көмегімен су қабатынан өтіп, таза мұнай жиналғышқа 10 келіп түседі, одан әрі арнайы тік орналасқан құбыршалар (отводтар) 10а және таза мұнай коллекторы 12 бойымен клапан 13 арқылы аппараттан шығарылады.

Аппараттың қыздыру бөлігінде мұнайдан бөлінген газ алдымен айырғышқа 5, одан кейін сұйық ұстағыш (барботер) 7 арқылы ІІ бөлікке келіп түседі. Екінші бөліктен газ 5а айырғышқа жиналады, одан «өзіне дейін» қысымды реттегіш 8 арқылы газ желісіне бағытталады. Су аппараттан деэмульсатордың төменгі жағында орналасқан құбырша арқылы шығарылады.

 Блокты автоматтандырылған қыздырғыштар

Қыздыру блоктары мұнайды дайындау қондырғысының тереңірек сусыздандандыру және тұзсыздандыру аппараттарының алдында мұнай эмульсияларын қыздыруға арналған.

Қыздыру блоктарының келесідей модификациялары шығарылады: НН түріндегі көлемдік қыздырғыштар, БН түріндегі «құбыр ішіндегі құбыр» қыздыру блоктары, ПТБ түріндегі блокты тұрбалы пештер.

НН түріндегі қыздырғыштар-көлденең сыйымдылықтар негізінде жасалған мұнай қыздырғыштары (НН-1,6; НН-2,5; НН-4,0; НН-6,3), олардың ішкі қуысы екі бөлікке бөлінген, онда газдық инжекторлы оттықпен және түтіндік мұржалармен жабдықталған екі-екіден қыздырғыш құбырлары бекітілген. Бұл қыздырғыштарға эмульсияны аппараттың төменгі бөлігінен жібереді, ол қыздыру құбырларын жанап өтіп, дренажды су қабатынан қалқып шығады. Мұнай, бөлінген су және газ аппараттың жоғарғы жағындағы жалпы коллектор арқылы шығарылады. Аппараттың шығуындағы ең жоғарғы (максималды) температура 90С-қа жетеді. Сулылығы 25% және қыздыру температурасы 40С болған кезде аппараттың өнімділігі 2000-8000 т/тәул.

НН түріндегі блокты қыздырғыштарды тұз шөгінділерін түзуге қабілеті аз, жеңіл, орташа және ауыр мұнайларды өңдеу үшін қуаты жылына 0,5-6 млн. тоннадай болатын мұнай дайындау кешендерінде қолдану ұсынылған.

БН түріндегі құбыршалы блокты қыздырғыштар (БН-5,4; БН-М) мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру процесі кезінде эмульсияны жедел түрде қыздыруға арналған. Сонымен қатар оларды тұтқырлығы жоғары парафинді мұнайларды құбырлар желісі бойынша бір қалыпты тасымалдау барысында қыздыру үшін қолданады.

БН-5,4 қыздыру блогі (8.6- сурет) өзара таратушы коллектор көмегімен тізбектей жалғанған төрт көлденең орналасқан «құбыр ішіндегі құбыр» қыздыру элементтерінің жиынтығы болып табылады. Қыздырғыштар көлденең балкаларға бекітілген. Мұнай-су эмульсиясы қыздыру құбырының бетімен жанасқан кезде қызады. Қыздыру құбыры газдың турбина түріндегі газ оттықтарында 5 (жану камерасында) жануы әсерінен қызады. Мұнай эмульсиясының қозғалыс жолын ұзарту және оның жанып жатқан газбен қабырға арқылы жанасу уақытын көбейту үшін құбыраралық кеңістіктегі мұнай эмульсиясының қозғалысы үлкен жылдамдықпен винттік сызық бойынша бағытталған. Барлық төрт қыздыру элементтерінің мұржалары биіктігі 20м-лік жалпы түтін шығару мұржасына 6 жалғанған. Қыздыру элементтері өзара былай байланысқан, яғни олардың әрқайсысын блоктың жұмысын тоқтатпай-ақ өшіруге болады, яғни мұнай эмульсиясын қыздырғыш элементтердің кез келгенінің маңынан өткізуге болады.

сканирование0044

Сурет 2 -  БН-5,4 блокты қыздырғышы

1 - қыздырғыш құбыры; 2 - қабырғалы қыздырғыш құбыры; 3 - тұрқы тұлғасы; 4 - линзалы компенсатор; 5 - оттық; 6 - түтін шығатын мұржа; I- мұнай эмульсиясы; II - отындық газ.

Кесте 1.

 БН-5,4 түріндегі қыздыру блогының техникалық сипаттамасы

Сулану 30% болған кезде сұйықтық бойынша    өнімділігі, т/тәул

      3000

Эмульсияны қыздыру температурасы, ºС

80

Жүйедегі қысым, МПа

            0,6

Отындық газының шығыны, м/сағ

800

Массасы, т

            8,8

ПТБ түріндегі блокты құбыршалы пештер (ПТБ-6,3; ПТБ-10) суланған мұнайды терең сусыздандыру және тұзсыздандыру аппараттарының алдында қыздыруға арналған. Өткізгіштік қабілеті жылына 3,6 және 9 млн. тонна болатын қондырғыларда тоттану әрекеттілігі жоғары, тұздарды жинауға бейім және механикалық қоспалары көп мұнай эмульсияларын қыздыруға арналған қондырғыларда пайдалануға болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Жиембаева Қ.І., Насибуллин Б.М. Мұнай кенорындарында ұңғы өнімдерін жинау және дайындау. – Алматы, 2005.

2. Джиембаева К.И., Лалазарян Н.В. Сбор и подготовка скважинной продукции  на нефтяных месторождениях. - Алматы, 2001.

3. Лутошкин Г.С.   Сбор и подготовка нефти, газа и воды.  - М.: Недра, 1984.

4. Бараз В.И.   Сбор газа на нефтяных промыслах. - М.: Недра, 1984.