САДУАКАСОВА А.Б.
Ќараєанды, Ќазаќстан
ЖЫЛЌЫ МАЛЫНА ЌАТЫСТЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Єылыми жетекшісі: ф.є.д., проф. Мажитаева Ш.М.
Ќазіргі заманда тілді, тілдік бірліктерді адам
факторымен, адами ќўндылыќтармен бірлікте ќарастыруєа кґѕіл бґлінуде. Јсіресе ўлттыќ
ќўндылыќтарєа ќатысты мјдени деректерге кґп мјн беріліп, тілді тўлєалыќ жаєынан
єана емес, оны маєыналыќ, ўєымдыќ, ґрістік, концептілік тўрєыдан жиі зерттеліне
бастады. Осы баєытта зерттелуге тиісті ґзекті таќырыптардыѕ бірі – жылќы малына
ќатысты тілдік бірліктер, атап айтќанда
тілімізде атадан балаєа мўра ретінде жеткен тўраќты тіркестер –
фразеологизмдер.
Маќаламызда ќазаќ тіліндегі жылќы малына ќатысты
фразеологизмдерді кґркем мјтіндерден жинастырып, тілдік тўрєыдан талдауды
маќсат етіп отырмыз.
Фразеологизмдер – тіл иесі халыќтыѕ (этностыѕ) кїллі
дїние–єалам жайлы ўєым тїсініктердіѕ, ґзін ќоршаєан шындыќ болмысты тўтастай
ќабылдаудыѕ, мїшелей тануыныѕ ґзіндік ерекшеліктеріне байланысты тіл- тілде
ґзгеше ґрілетін єаламныѕ тілдік бейнесін, яєни дїниеніѕ тілдік суретін жасауєа
ќатысатын јсем де јсерлі сґз ґрнектері, тілдік метафоралыќ композициялар
[1;70].
Єаламныѕ тілдік бейнесі, дїниеніѕ тілдік суреті – белгілі
бір халыќтыѕ єасырлар бойы жинаќтаєан ўлттыќ – мјдени тјжірибелерініѕ, јлем жайлы білімініѕ сол халыќ сґйлеген тілде
кґрініс табуы, бейнеленуі, шегенделіп бекітілуі. Міне, осы тўрєыдан алєанда,
фразеологизмдер халыќтыѕ тўрмыс– тіршілігініѕ сан алуан ќырын, дїниетанымын,
эстетикалыќ талєамын, эпикалыќ сана-сезімін, наным-сенімін, салт-дјстїр,
јдет-єўрпын т.б толыќтай танытатын тўраќты тілдік оралымдар болып табылады
[1;70].
Фразеологизмдердіѕ пайда болуына халыќтыѕ јлеуметтік
тўрмыс– тіршілік ґміріндегі јр тїрлі жаєдай себеп болєан. Оларды бірнеше салаєа
бґліп кґрсетуге болады. Соныѕ біріне кґшпелі заманда халыќтыѕ тіршілік кґзі –
тґрт тїлік мал атауларыныѕ ќатысымен, мал шаруашылыєына байланысты
фразеологизмдер жатады. Соныѕ ішінде жылќы малына ќатысты туєан
фразеологизмдер кґптеп кездеседі. Жылќы
малына ќатысты фразеологизмдерде кґбінде тек жылќыныѕ жаќсы ќасиеттері негіз
болєан. Себебі ќазаќ халќы баєзы заманнан жылќы малын аса зор ќўрметтеген.
Жылќы малы халыќ ґмірінде маѕызды орын алєан. Мінсе кґлігі,жауєа шабар тўлпары,
ќасынан ќалмас серігі, сойса еті, сауса ќымызыныѕ ґзі алыстан шаршап келген
жолаушылардыѕ шґлін ќандырарлыќ сусын болєан. Ќазаќ халќыныѕ тўрмыс-
тіршілігінде зор маѕызєа ие, бїгінде болмыс пен танымын танытатын жылќы малына ќатысты тілдік
бірліктер сґздік ќордан ќомаќты орын алєан. Жылќы малына ќатысты
фразеологизмдерді Ж.Д. Байтелиева сыны мен бабына, тїр–тїсіне, шаруашылыєына,
табиєи жаратылысына, ауруына, јбзелдеріне, жасы мен жынысына байланысты бґліп
ќарастырєан. Ќазаќ халќы баєзы заманнан бастап жылќы малын арќа тўтып, баптап
ерекше кґѕіл бґлген, аттыѕ жаратылысын, бабын, тегін тез тїсініп бір кґргеннен
сын айтып отырєан.
Жылќы малына байланысты фразеологизмдердіѕ «сыны мен
бабына ќатыстылыєы». Ќоѕын ойып алєан, жаєын сыдырып ќалєан-
арыќ, жїдеу, ќўр сїлдері ќалєан деген маєынада. Біраќ ќоѕын ойып
алєан, жаєын сыдырып ќалєан тай болмаса, ешбірін жыєып алып, емін-еркін жей
алєан жоќ [2;21]. Салпы ерін - ерні салбыраѕќы келеді, сала сїйек,
салбыр тірсек, ќаншыр мойын тіркестері жануардыѕ дене бітіміне байланысты айтылєан. – Салпы ерін, сала сїйек, салбыр тірсек. Ќатыбас, ќаншыр мойын,
ит ґндірмек. Бітімі ойќы-шойќы, орда-шорќ, Пішкендей жануарды олаќќ ґлшеп
[3;27]. –Сїйегі - сиыр сїйек, ќиќы-жиќы, Сал бґксе, жазыќ бауыр, ўзын тўрќы,
-Осы ма даѕќы шыќќан Ќўлагер? – деп, Ас тегіс Асан атын ќылды кїлкі [3;28].
Осында айтылєан сиыр сїйек, сал бґксе, жазыќ бауыр жылќыныѕ тїр-тўрпатын, бітімін суреттеп тўр.
Ерте заманнан бастап ќазаќ халќы жылќыныѕ неше алуан
јдемі, сўлу мїсінділерін баптаєан. Хас сўлу, ґзгеше бітімді жїйріктерді бірден
байќайтын болєан. Сом аяќ, быртыќ баќай, болат тўяќ. Тасындай шўбар ала
Кґкшетаудыѕ [3;28]. Тјует бас, ќамыс ќўлаќ, ќуарєан жаќ, Ќўлан жал, бўлан
мойын, ќой жўтќыншаќ, Ќоян жон, жазыќ жая, жауырынды, Ќўс топшы, ќос шынтаєы ќалќынќылау [3;29]. Сіѕірлі, жер соєарлы,
аяєы тік, Тїлкі тґс, тазы тізе, ит жіліншік, Шашаќты, шаќпаќ етті, аласа ўршыќ,
Ќўндыздыќ ќалай біткен ќўйрыќќа дїп [3;29]. Шїйделі, шоќтыєы ґрген, шідерлігі,
Серке сан, желмаядай тілерсегі, Тау желін тартса жўтќан талыс танау, тынысты
кеѕде жатыр кеѕірдегі [3;29]. Ќаќпан бел, ќалбаєайлы, їѕгір саєаќ, Шапса жел,
мінсе жайсаѕ, тўрса селсоќ. [3;29]. Тјует бас - басыныѕ шаєын етсіз
болып келуіне байланысты, ќамыс ќўлаќ - ќўлаєы ќамыс сияќты тік,
ќуарєан жаќ, Ќўлан жал, бўлан мойын - бўланныѕ мойнындай жўмыр, ќой
жўтќыншаќ - жўтќыншаєы ќойдыѕ жўтќыншаєына ўќсайды, Ќоян жон - жоныныѕ
жўмырланып ќоян жонданып тўруы, жазыќ жая, жер соєарлы, тїлкі тґс, тазы
тізе, ит жіліншік, шаќпаќ етті, аласа ўршыќ, шоќтыєы ґрген, серке сан, талыс
танау, ќаќпан бел, їѕгір саєаќ тіркестерініѕ бјрі жылќы малыныѕ сыны мен
бабына байланысты айтылєан.
Басты шаруашылыєы – мал шаруашылыєы болып табылатын ќазаќ
халќы їнемі ґздерініѕ малєа тјуелділігін сезініп отырєан. Соныѕ ішінде жылќы
малыныѕ кґшпелілер тўрмысында алар орны ерекше болєандыќтан сґздік ќорымызда тґрт
тїліктіѕ ішінде жылќы шаруашылыєына ќатысты фразеологизмдер мол
кездеседі. Мысалы, жылќы кїзеуге байланысты тўќыл кїзеу, жылќы кїзеу,
ќўнажын байтал кїзеу, ќўнан кїзеу, ќысыр кїзеу, тай кїзеу т.б. тіркестер
кездеседі. Жылќы малыныѕ жас мґлшеріне ќарай дјстїрлі тјртіппен олардыѕ ќўйрыќ
жалын ќырќу, ќысќартуды жылќы кїзеу деп атайды [4;11]. Јлдеќашан тїлеген
таќыр жїн кїзелген жылќыныѕ жалындай ќайратты, ќатты [2;19]. Ат жарату -
атты бјйгеге дайындау, баптау. Мысалы, Ќасен ґзініѕ бір–екі жігітімен жјне басќа
аѕды сїйетін тґрт бес ќўрбысымен соѕєы уаќытќа шейін ат жаратып жїрген-ді
[2;27]. Ат шабу - ат жарыстыру, бјйгеге ќосу. Јр жаќтан ќошќаралы,
марќалары, Јр жерде ауыр ќотан, алќалады. Жиылды Саєынайдыѕ сорпасына, Асын
жеп, атын шауып тарќаєалы [3;23]. Сауын айту - ас, той хабарын таратты
[5;609]. – Еліѕе сауын айттыќ біздер
ўдай, Тоймадыќ келісіѕе сеніѕ мўндай. Жетелеп жалєыз атты жеке келсеѕ, Ешкімді
Ќарауылдан жолдас ќылмай [3;30]. Саба пісу - жаѕа сауєан жылќы малыныѕ
саумалын кїбігі, сабаєа ќўйып пісуді саба пісу деп атайды. Кґлеѕке їй,
кїрпілдетіп саба піскен, Ас ќандай јѕгімешіл ќымыз ішкен [3;32]. Ат ерттеу -
ер-тўрманын таєып атты мінуге дайындау. Шаѕ басып ќотарылєан жер мен кґкті,
Арќаныѕ елі тегіс ат ерттетті [3;37].
Ќазаќ тілінде
жылќыныѕ тегі мен табиєи ерекшеліктеріне ќатысты фразеологиялыќ
тіркестерде кґптеп кездеседі. Бедеу биелер - ќысыр ќалєан, ќўлындамаєан
биені бедеу бие деген. Жылќы малыныѕ табиєи ерекшелігіне байланысты мынандай
атаулар жиі кездеседі: жїйрік, асау, тўлпар, арєымаќ, дїлдїл, пыраќ, жорєа,
торы, аќалтеке т.б. Жарап жїрген бедеу
биелер мен жїйрік айєырлар тїн ортасында ўсталып, тоєын ќашырып
алып еді [2;30]. Тоєын ќашыру - берекесін алу, шырќын бўзу деген
маєынада. Ўзаќќа жїгіретін ґрен жїйрік, Секілді тыз етпеге ќаќпай кїйбік,
Кґсіліп ґресі ўзаќ поэмаєа, Жай тастап, кеѕ ќўлаштап желдей жїйткіп [3;11]. Ґрен
жїйрік- ґте асќан жїйрік [5;580]. Желдей жїйткіп - зымырап ўшты,
аєып кетті, ґте шыќты [5;258]. Желді аяќ - ґте жїйрік, ўшќыр
маєынасында. Кер пыраќ- кербез, сўлу, бойына јсемдік жарасќан ат деген
маєынада [5;319]. Бїгіліп бауырынан, жїйрік жарап, Жан-жаќтан келіп жатыр не
желді аяќ [3;24]. Ас тегіс алды-артына ќалды їймелеп, Кґруге Кґкшетаудыѕ кер
пыраєын [3;27]. Алдына ат салмады - жарыста
алдына мал тїсіріп кґрмеген жїйрік деген маєынада. Бўл кјпір жылќы ма екен,
немене екен? Осы аста алдымен–аќ келе ме екен? Алдына ат салмаєан Кґктўйєынєа,
Бір пјле Кґкшетаудан келген екен! [3;42]. Сал торы - кербез, сўлу торы
ат деген маєынада. [5;600]. Шылбырын сал торыныѕ ќызєа ўстатып, Шаќшаны ерге
ќаєып атќан ќандай! [3;34].
Ќазаќ
халќы кґшпелі ґмірді бастан кешіргендіктен тіпті уаќыт, мезгіл, ќашыќтыќ
ґлшемдерін шамалап, белгілі бір заттарєа балап ќолданєан. Жылќы
шаруашылыєыныѕ кеѕ ґрістегені соншалыќ уаќыт пен ќашыќтыќты шаруашылыќќа
ќатыстырып болжай білген. Мысалы: бие сауым уаќыт, бие бауындай жер, тай
шаптырым жер, ат ќўлаєы кґрінбес, ат ізін салмау, оєан ќарама- ќарсы ат ізін
ќўрєатпау, ат жетпес, атан жетпес жер, ат тїяєы жетер жер, ат ќўрєатпау, ат
тўяєы тимеген, аттыѕ жалы, тїйеніѕ ќомында т.б. Бие сауымдай уаќыт - биеніѕ
екі сауымыныѕ арасы, бір саєат шамасындаєы мезгіл [5;152]. Бие бауындай жер
- ґте жаќын, шамамен бір арќан бойы жер [5;152]. Тай шаптырым жер
- тай-ќўнан ентікпей келетін ќашыќтыќ [5;655]. Мысалы: Алапќа алќа-ќотан
отырды жан, Жері жоќ ине шаншар адам тўрєан, Жаяулап тай шаптырым жерге келді,
Алыста аттар ќалды байластырєан [3;45]. Ат ќўлаєы кґрінбес - ґте
биік, ґте ўзын [5;75]. Біраќ бір ќасиетім – ќысќы ат ќўлаєы кґрінбейтін аќ
боранда, жазєы тўнжыраєан меѕіреу ќара тїнде адасу дегенді білмеуші едім
[2;66]. Ат ізін салмау - ќатынаспады, хабарласпады, хабарсыз
кетті [5;79]. Кґптен бері сендерге ат ізін салмай кеттім [2;42]. Ат ізін ќўрєатпау - жиі-жиі келіп
тўрады, кґп зарыќтырмай ќатынас жасайды. [5;79]. Ат жетпес, атан
жетпес жер - ўзаќ жол, алыс жер; атпен жететін жер [5;73]. Ат
ќўрєатпау - ылєи, їнемі, жиі келіп тўрды [5;75]. Ат тўяєы тимеген
- ешкім бармаєан, аяќ баспаєан [5;77]. Аттыѕ жалы, тїйеніѕ
ќомында - абыр-сабыр ќарбаласта, сїргіншілік жолаушылыќта, жїргіншілікте
[5;77].
Сонымен,
фразеологизмдердіѕ, соныѕ ішінде, жылќы малына ќатысты фразеологизмдердіѕ ќазаќ
тілініѕ сґздік ќорында алатын орны мен їлес салмаєы орасан зор екенін байќауєа
болады. Фразеологизмдер – ойды астарлап бейнелейтін, кґркем шыєарма тілін
жандандыратын, ґзіндік наќыш беретін, тілдіѕ ажарын кіргізетін ата- бабадан
мўра ретінде келе жатќан сґз ќазынасыныѕ дайын ќолданылатын їлкен бір саласы
болып табылады.
Жылќы малына ќатысты
фразеологизмдер халыќтыѕ тўрмыс- тіршілігінен,
шаруашылыєынан, ґмір жолынан, мјдениетінен, салт- дјстїрінен, наным- сенімінен
мол хабар береді. Тўрмыс-тіршілігі тґрт тїлікпен тыєыз байланыста болєан ќазаќ
халќы жылќы малыныѕ ќасиеті мен ерекшеліктерін жете меѕгерген. Жылќы малына ќатысты атаулар, сґз тіркестері
кїнделікті ґмірде сґз ќолданысына айналєан.
Јрбір уаќыт, мезгіл, ќашыќтыќ, сан атаулары жылќы малыныѕ ќасиеті мен
ерекшеліктеріне байланысты кїнделікті ґмірде ауызекі тілде ќолданылады.
Ќорыта айтќанда, жылќы малына ќатысты
фразеологизмдер халыќ тілінен, ел тарихынан, материалдыќ жјне рухани
мјдениетінен, дїниетанымынан аса мол дерек беретін ќайнар кґздердіѕ бірі болып
табылады.
1. Оразбаева Ф.Ш., Саєидолда Є.,.Ќасым
Б, т.б. Ќазіргі ќазаќ
тілі. –Алматы, 2005.
2. Јуезов М. Ќилы заман. –
Алматы: Раритет, 2004.
3. Жансїгіров І. Ќўлагер. – Алматы: Жазушы, 1994.
4. Байтелиева Ж.Д. Ќазаќ тіліндегі жылќы малына ќатысты фразеологиялыќ
тіркестердіѕ этномјдени ујждемесі. Канд.
дисс. автореф. –Алматы, 2007.
5. Кеѕесбаев І. Фразеологиялыќ
сґздік. – Алматы, 2007.