СТУДЕНТТЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ

 

п.ғ.к., доцент Айкынбаева Г.К.,

Жусипбекова Л.Е,

Астана қаласы, Евразиялық университет ,

Дандыбаева А.С.

Қарағанды қаласы, «Болашақ» университеті

 

Қазіргі уақыт талабы - білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі – болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Мұғалімнің жүріс-тұрысы, ақыл-ой өрісі, іс-әрекеті, тәрбиесі мен шеберлігі оқушы психологиясына қатты әсер етеді. Жеке қасиеттері арқылы әсер етумен қатар мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейім-қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады.

Психология ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті де баланың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға мектеп мақсатты түрде ықпал ете алады.

Олар өте сезімтал, нәзік, мұғалімнің жылы жүзін, күлімсіреген көз жанарын, көңіл-күйінің жайдары, жайсаң болуын тілейді. Осы қалыпты ұстаған мұғалімнің оқушысы ешқандай психологиялық ауытқушылыққа ұрынбайды. Психологиялық денсаулықтың дұрыс дамуы көңіл-күйге байланысты деуге де болады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда адамдарға сеніммен қарау балаға қажетті аса маңызды қасиет. Осы кезде балада үлкендердің талап-тілегінен шығуға деген тырысушылық, үлкендердің көзіне түсуге деген талпыныс байқалады. Бала үлкендерге ұнауға талпыныс білдіре отырып, мінез-құлық ережелерін орындауға ұмтылады. Осы ұмтылыс барысында оның бойында ар-ұят сияқты адамгершілік сезім пайда болады.

Физиологиялық жағынан дамытуда сабақ үстінде бірнеше жаттығулар жасауға болады. Жаттығулар баланың денсаулығына ғана емес, көңіл-күйіне де әсер етеді. Түр-тұлғасына қатысты қиыншылықтар туындайды:

Қазіргі таңда адамдардың өздеріне деген сенімсіздік төмендеп барады. Әсіресе жастардың арасында өзіндік бағалау өте көп кездеседі. Неге ұзынмын/қысқамын? секілді сұрақтар туындайды, өзін ұнатпау байқалады.

Безеуде құтылу үшін барлық шараға дайын келеді,спортпен айналысып, күшті көрінгісі келеді, салмағын уайымдайды, денесіндегі қатынас сәйкессіздігі туралы көп ойланып, үрейленеді, өзін қоғамдағы дене бітімі мінсіз тұлғалармен салыстырып, қапаланады. Кей сәттерде тіпті әке-шешесінің дене бітімін қомсынып, олар үшін ұялуы немесе қайғыруы мүмкін.Сонымен қатар,

Жыныстық даму жағынан да проблема болуы ықтимал:

Негізгі жыныстық даму (жыныстық органдардың дамуы)

Қосымша жыныстық даму (денедегі өзгерістер: дауыстың өзгеруі, безеу шығуы, мұрт,сақалдың шығуы, кеуденің өсуі т.б.)

Егер, дұрыс мағлұмат бермеген болсаңыз, бала өз бойындағы өзгерістерден ұялып, жалғыз қалуға немесе достарымен көбірек уақыт өткізуге құштарлық танытуы мүмкін.

Осындай жағдайларда балаларға қолдау көрсетіңіз, түсіністік танытыңыз, көбірек көңіл бөліңіз, сенетіндігіңізді білдіріңіз.

Ұялшақ балаларды мынадан анықтауға болады. Өзін-өзі бағалау тестісін алғанда олар өздерін төмен көрсетеді. Содан байқап, мұғалімдер жұмыс жасаулары керек.

Өзін-өзі бағалау – өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дұниесіне, басқа адамдардың ортасында өз орны т.б. бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам санасының құрамдас бөлігі.

Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Оқушыны сенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Адамның өзін-өзі төмен бағалауы мінез-құлықта күмәнданушылық, қызғану, іштарлық, көңілсіздік, ешкімге жоламау сияқты сипаттар арқылы көріністер табады. Ал өзін тым асыра бағалау адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, ашуланшақтық, мақтаншақтық сияқты мінез-құлықтарға апарып соғады. Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы орташа деңгейде болғаны анағұрлым жақсы.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты - өркениетті елдер қатарында иық тірестіру. Бұл жолда болашақтың тұтқасын ұстайтын жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаны тәрбиелеу маңызды орын алатыны айқын.

Мектептегі пәндерді оқытумен қатар қазіргі таңда психологиялық жағынан тұлғаға білім беру негізгі фактордың бірі болып табылады. Біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда психолог маманы өте маңызды орынға ие. Қоғам болғандықтан ол бірнеше компоненттерден құралады: ұжым, топ, ұйым және т.б. Аталған компоненттердің мүшесімен және мүшесіне мәдени, шығармашылық-рухани дүниесі, коммуникативтілігі, әлеуметтік міндетін, этикалық және эстетикалық талғамдардың болуын қазіргі заманға сай қалыптасуына ықпалын тигізеді.

«Педагог болу үшін оған әуел бастан бейімделіп туу керек» дейді ертедегі педагогтар. Бірақ ешкім іштен педагог болып тумайды, ол үшін қабілет, ниет қажет екені даусыз. Психологтарға тән қасиеттердің ішінен, оның өз еркіне ие болып, ұстамды келуі ерекше орын алады. Психолог мамандығының ерекшелігі сол, ол зейінін бірнеше объектілерге бөліп, көп нәрселерді есіне сақтап, сөзімен, ісімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысуындағы қасиеттерімен асқақ.

Психологтың қарым-қатынас жасау әрекетіндегі тағы бір жағдай – шығармашылық тұрғыда өзінің психологиялық күйін меңгере білуі, әр алуан психологиялық кедергілерді жеңуі, өзінің шығармашылық сезімін шабыттандыру, әрқашан шат көңілді, әрі оптимист бола білуі шарт.

Бала үшін психологтің орны ерекше. Басқа адамдар айтқан сөзден психологтің айтқан сөзінің әсері өте күшті болады. Бәрін үйренуге талпынған бала оны заң сияқты қабылдайды. Сондықтан психолог әр айтқан сөзіне жауапкершілікпен қарауға міндетті. Психолог болудың қиындығы да осында.

Қазіргі заманда топта әрекет ету қабілеттілігі кәсіби жағынан қажетті және жеке қасиеттердің бірі болып табылады. Психологиялық ойындар мен жаттығулар ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған. Біздің жұмысымызда нақты алға қойып отырған мақсатымыз әрбір оқушының жеке адамдық қасиеттерін жан-жақты жүйелі зерттей отырып, оның дамуына қолайлы жағдай туғызу.

Психолог – жеке бастың үлгісі. Өйткені, ол өз шәкірттерін білімге ғана баурап қоймай, оларға өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы, киінуі, сөйлеуі жағынан да ықпал етеді.

Психолог қиын да қызықты, жауапты жұмысты атқарып жүргендіктен, білімнің жан-жақты болуы артық етпейді. Ал психологиялық білім өз жұмысының жемісті болуына жетелейді.

Мектептегі білім баспалдағының қазыналы тұтқасы болу үшін, баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын дұрыс айқындау қажет.

Психолог психологиялық іс-әрекет түрлерін атқара отырып, адамға білім ғана емес, сондай-ақ ішкі адамгершілік тілі қажет екенін, ақыл-ой өрісі ғана емес, сонымен қатар мәдени қазыналарға құлшыныс, салт-дәстүрді сыйлау мен құрметтеуге ұмтылыс қажет екенін әр балаға түсіндірсе, осы бағытта жұмыс жасаса нұр үстіне нұр болар еді. Бір сөзбен айтқанда, психолог өзінің қызметін бүге-шүгесіне дейін жетік білуімен бірге, жаңашыл болуы қажет. Қазіргі уақыт жан-жақтылықты талап етіп отыр. Өзінің рухани әлемін күнделікті толықтырып отырмаған психолог шәкірттері алдында кібіртіктей береді.

Психологтың барлық міндеттерін, этикалық және эстетикалық талғамдарын сақтай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зияткерлігін арттырып, мен өз қызметімнің алға басуына күшімді саламын. Себебі, мен өз мамандығымды қызығушылықпен орындап, басқалары қызыға қарайтындай деңгейге жеткізгім келеді.

Жеке тұлғаны жан-жақты білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру ол педагог-психологтың міндеті. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес.

Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі – болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Мұғалімнің жүріс-тұрысы, ақыл-ой өрісі, іс-әрекеті, тәрбиесі мен шеберлігі оқушы психологиясына қатты әсер етеді. Жеке қасиеттері арқылы әсер етумен қатар мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейім-қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады.

Дүниедегі ең тамаша туынды- тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Баланы бастан демекші, мектепке алғаш келген балаға дұрыс тәрбие беру, ауытқушылықтан сақтап қалу мұғалімнің міндеті. Жақсы тәрбиемен есейген бала, ол қашанда біздің қуанышымыз.

 Психология ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті де баланың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға мектеп мақсатты түрде ықпал ете алады.

Олар өте сезімтал, нәзік, мұғалімнің жылы жүзін, күлімсіреген көз жанарын, көңіл-күйінің жайдары, жайсаң болуын тілейді. Осы қалыпты ұстаған мұғалімнің оқушысы ешқандай психологиялық ауытқушылыққа ұрынбайды. Психологиялық денсаулықтың дұрыс дамуы көңіл-күйге байланысты деуге де болады.

«Тренинг» термині – ағылшын сөзі, оқыту. Тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие. Тренинг адам бойында қалыптасқан мінез – құлық пен іс - әркеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады.

Педагог әрқашан  өзін  қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, әрі таланты мен тәжірибесі  тоғысқан, өзінің қоғамдағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген  сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Болашақ ұстаздың педагогикалық, психологиялық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысыты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлык негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:

-педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;

-педагогикалық кәсіби білгірлігі;

-педагогикалық іс-әрекетке бейімділіг;

-педагогикалық техникасы.

Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Болашақ психолог бірнеше негізгі қызметтерінді білу керек. Белгілі жұмыс істер алдында ЖОО-н қабырғасында  тәжірибе ретінде  трненигтер жүргізу, оның шешімін қортындылауды. Сонымен қатар, ата – аналармен педагогикалық – психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу, тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша тәрбиелік іс – шаралар ұымдастыру, жеке және топтық педагогикалық – психологиялық кеңестер беру сияқты үдерісте тренингтік технологияларды пайдалу. Әрине, тренинг жүргізер алдында түрлі бағыттағы бақылау қорытындыларының да болуы маңызды. Мысалы,:

- студенттің тәртібі мен үлгірімін сабақта және сабақтан тыс уақытта бақылау

- студент немесе оқушы қызметіне талдау жасау (әр пән бойынша білім деңгейіне, жұмыс дәптерлеріне, жазған шығармаларына т.б)

-студент немесе оқушы жеке байланыс жасау (сұхбаттасу, пікір алысу, тест алу, эссе жаздыру, сурет салдыру, хат жаздыру

-достарымен кездесу, пікірлесу, кездесуге шақыру

- ата – анасымен байланыс ( қызметі, отбасы тәрбиесі, өскен ортасы)

Бірақ бала бойында бүгін байқалмаған қасиет ертең көрінуі де мүмкін. Сондықтан бақылау нәтижелері маңызды болғандықтан күнделік жүргізуді де жүйелі жолға қою керек деп есептеймін.

Жалпы тренингтік технологиямен жұмыс жасау барысында бірқатар принциптерді басшылыққа алсақ, еңбегіміз нәтижелірек болмақ. Олар:  Белсенділік принципі, зерттеушілік принципі, мінез – құлықты нысаналау принципі, әріптестік қатынас принципі т.б.

Тренинг барысында тренингке қатысушылар арнайы талқыланған іс - әрекетке белсенді қатысуы қажет. Неғұрлым қатысушыларды белсенділігі жоғары болса, тренинг соғұрлым нәтижелі болмақ. Сондықтан тренинг алдында қатысушылардың психологиясына әсер етіп, тиімділігіне назар аудартып, қызығушылығын арттырып алу керек. Қажет болған жағдайда өмірден жанды  мысалдар келтіру де тренингтің нәтижелі болуына әсер етпей қалмайды. Бұл принцип адам естігенінің 10 пайызын, көргенінің 50 пайызын иегерді деген қағидаға сүйенеді.

Бұл ұстанымның маңыздылығы – тренинг барысында қатысушылар психологиялық ойларды зерттейді, талдайды және өз бойындағы жеке мүмкіндіктер және ерекшеліктермен салыстырады, қорытынды шығаруға мүмкінді болады. Осы принциптерді жүзеге асыру барысында қатысушылар арасында түрлі қарсы пікірлер болуы мүмкін. Тренинг соңында біржақты пікірлер талданып, ортақ пікір ортасы қалыптасуы керек.Тренинг жүргізуші топта екі жақты байланысты орната алса ғана тиімдірек болады. Себебі, екі жақты байланыс мінез – құлықты нысаналаудың негізгі құралы болмақ.

Бұнда ең бастысы, қатысушылардың әрекетке деген қызығушылығын тудыру. Егер тренингке қатысушылар өз мінез – құлықтарын жасырмай, аша түссе тиімдірек болады.

Бұл айтылған психологиялық ұстанымдар болашақ психолог студенттердің психологиялық тренинг жұмысының алғышарты іспеттес. Жалпы, оқу – тәрбие үдерісіндегі белсенді технологиялардың нәтижелі жұмыс жүргізуге тиімділігі мол. Ал, соның ішінде психолог үшін шығармашылықпен мазмұнды ұйымдастырылған тренингтердің тиімділігі ерекше.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.Эмирали Г. Нам нужен тренинг // Персонал. - 2008. - №2. - С.9-11.

2.Дисненко В. Р. Социально-психологический тренинг общения для подростков "Понять себя и других" // Вестник психосоциальной и коррекционно-реабилитац.работы. - 2008. - №1. - С.60-69.