Экология/
2.Экологические и метеорологические
проблемы больших
городов и промышленных зон.
Қуанова Лариса – ғылыми жетекші
Аманова Нүрила – 6-сынып оқушысы
Б. Аманшин атындағы орта мектеп,
БҚО, Қаратөбе ауданы
Экология – ел тағдыры
Табиғат –
адаммен біте қайнасып жататын күрделі құбылыс. Алайда
қазіргі таңда бірде адам қолымен, бірде оның тосын
күші салдарынан орын алып жатқан табиғи апаттар тіршілікке
қауіп төндіріп жатыр. Еліміздің табиғаты
экологиялық қолайсыздықтарға байланысты үлкен
қиыншылықтарға тап болуда. Табиғатсыз тіршілік болуы
мүмкін емес, ол осынысымен қастерлі. Табиғат анамыз. Ал ананы
қалай қастерлесек, табиғатқа да сондай
қамқорлық қажет. Қоршаған ортаны
қорғау адамзаттың борышы. Әрбір адам кіндік кесіп,
қаны тамған туған жерін қастерлегені абзал. Яғни
жер дегеніміз табиғаттың бір мүшесі, тіршіліктің
азығы немесе анасы. Еліміздің табиғаты экологиялық
апатқа ұшырауда. Табиғатты қорғай білуді
оқушыларға отбасынан бастап, мектеп қабырғасында
мәнді түрде жалғастырған ләзім. Яғни бала
жүрегіне табиғатты аялауды жастай ұялату қажет. Міне
осы бағытта жергілікті жердің экологиясын зерттеп білу және
нәтижелі жұмыс жүргізу мамандардың борышы деп есептеу
қажет. Экологиялық апатты аймақтардың әсерінен
ауылдық жердің табиғаты қатты өзгеріске
ұшырауда. Табиғаттың тепе – теңдігінің
өзгеруін әр оқушы, әр адам білуі тиіс.
Өз өлкемізге бет
бұрсақ ядролық сынақтарда ұшырылған
ракеталардың зардабын жыл өткен сайын оңтүстік
жағымыздан бері қарай (ендік бағытында) өсімдік
жамылғыларының, топырақтың және судың өзгерістерге
ұшырауынан байқауға болады. Сонымен қатар аң,
құстардың да түрлерінің сиреп кетуіне ықпал
етуде. Бұған мысал ретінде оңтүстік өңіріміздің
жылдан – жылға қуаңшылыққа ұшырауы,
шабындықтардың болмауы, топырақтың сортаңдануы,
судың тұздануы, аққу, қаздардың келмеуі,
түлкі, қояндардың, қарсақтардың,
саршұнақтардың сиреуі мысал бола алады. Сондай – ақ
гүлді өсімдіктердің азаюы (қызғалдақ).
Жайық өзенінің бойындағы ағаштардың
жапырақтарының тілім – тілім болып өспей қалуы т.б. Бір
сөзбен айтқанда экологиялық өзгеріс табиғат
апатының айғағы. Құрғақшылық
та, қуаңшылық та солардың әсерінен.
1992 жылдары ОТАН –
Қаратөбе қозғалысы ұйымдастырылды. Мақсаты
экологиялық бұзылыстардың әсерінен
табиғаттағы өзгерістерді зерттеу. Яғни топырақ,
өсімдік, су және адам ағзаларына әсерінің
қандай екенін байқау. бұл жөнінде ауданымыздың
тілшісі, Қаратөбе өңірінің (Еңбек ту)
редакторы Қайыржан Хасанов газет бетіне толық мәлімет берген
еді.
Ядролық
сынақ және полигонды аймақтар тіршілік атаулыны
тұншықтырудың кепілі. 1989 жылы «Невада – Семей»
қозғалысын мемлекет қайраткері ақын, жазушы Олжас
Сүлейменов ұйымдастырған еді. Осы
қозғалысқа әлем әйел аналары да үн
қосты. Көшеге шеруге шықты. Мақсаттары,
қойған талаптары дүниеге келтіретін сәбилерін
ядролық сынақтың құрбандары етеміз бе? – деген
ұрандармен. Қазақстан Республикасы жерінде Семей
өңірінде ядролық қаруды сынау 1949 жылдың 29
тамызында өткізілген еді. Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алған бойда, яғни 1991 жылғы 29 тамызда
президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
ядролық сынақты жабу жөнінде ұсынысы бойынша Семей
өңірінде жабылды. Сөйтіп 40 жылдың үстіндегі
ядролық жарылыстарға нүкте қойылды.
20
ғасырдың 1960 –шы жылдарынан кейін әлемдік проблема
экологиялық ғылыми – зерттеу жұмыстары зерттеле бастады.
Бұл жұмыстың зерттелуі атмосферадағы ауа
қабаттарының төменгі бөлігі тропосфераның
залалдануы негізге алынды. Яғни ауа қабаттарының
экологиялық өзгеріске ұшырауынан тропосфераның
жоғарғы қабатының жұқаруы немесе сол ауа
қабатында азон бөлігінің шұрқ – шұрқ
болып тесілуі, қара тесіктердің пайда болуы байқалған.
Осы тесіктер арқылы таза ауаның (оттегінің) жоғары ауа
қабатына (стротосфералық) өтіп кетуі ғалымдардың
ғылыми жұмыстарын жетілдіруді қажет етіп отыр. Осы салада
шетел ғалымдары қара тесіктерді түрлі химиялық
жабындылар мен жамап жабуды да ұсынып отыр. Сөйтіп таза ауаны
сақтап қалу шараларын қарастыруда. Бүгінгі
күндері жер бетінде ядролық жарылыстардың әсерінен
түрлі сынақтардың әсерінен, жер астынан пайдалы
қазбалардың жер бетіне шығарылуы: мұнай, газ,
күкірт т.б. міне бұлардың барлығы ауаға улы,
зиянды радиациялар бөледі. Таза ауаны күйдіреді, ластайды.
Солардың әсерінен топырақ, су, өсімдік, жануарлар
және адамдар зардап шегеді. Бір сөзбен айтқанда өлі
табиғат та, тірі табиғат та зиян шегуде. «Табиғат –
математикалық және геометриялық әдіспен өте
дәл жасалынған. Егерде осы табиғаттың бір жерін
сәл қозғасаң, дүниенің тас – талқаны
шығады» - деп ғұлама ғалым Әл – Фараби бекер
айтпаған–ау. Бұл жерде табиғат байлықтарын пайдалануда
зиянды қалдықтарды залалсыздандыру бағытында дұрыс
ғылыми жұмыстар жасалынбай келеді. Өйткені сынақ
бағытында бірнеше ауыр салмақтағы ракеталар
ұшырылғанда ауаға улы газдар тарайтыны, ол жерге
қонғанда жер бетіндегі табиғатқа, тіршілік
атаулыға үлкен зияны бар екені дәлелденуде. Мысалы
Қазақстан Республикасының Батыс аймағы – Атырау,
орталық және шығыс аймағы – Қарағанды,
Семей облыстары осындай экологиялық зардапқа ұшырауда. Ракета
жерге түскен уақытта ауаға бөлінетін улы газдан
ең бірінші жылқы малдары, екінші қой малдары түрлі
ауруға ұшырап өледі екен.
Ал 3 жасқа
дейінгі сәбилер ауруға шалдығып шетінейді екен. Мұндай
мысалдарды өзіміздің Жаңақала, Бөкейорда
аудандарында кездестіруге болады.
Атамның
экологиялық тәрбие беру жолдары
Үшана
өңіріндегі бидайық шөптер жойылып (көлдіктерде)
орнына қоғалар өсіп кетті. Бұл сортаң
топырақтардың жер бетін жауып бара жатқанының белгісі.
Экологиялық бұзылыстың әсерінен жауын – шашынның
мөлшерлі қалпынан өте төмендігінен қамыс
өсетін, аң, құс, балықтардың мекендері
болған бірнеше көлдер құрғап татырға
айналуда. Шұқыркөл, Жарылғаскөл,
Батпақкөл сияқты табиғат байлықтары
жұтаңданды. Бұның барлығы сайып келгенде
табиғат зонасының өзгеруіне немесе шөл зонасына
алмасуына әкеп соқтыруы мүмкін деген сөз.
Қорыта
келгенде ел тағдырын, болашақты ойлайтын болсақ табиғат
тазалығын сақтау үшін жұмыстанайық! Дәлірек
айтсақ Үшана ауылының, ауданымыздың жер, су,
экологиясы, Қазақстан көлеміндегі экологиялық
жағдай қазіргі таңда басты мәселе болып отыр. Алайда
бұл табиғи құбылыс мұғалімдер мен оқушының
назарынан тыс қалған жоқ. Бұл ғылыми жұмыс
оқушының өзіндік ізденісінің нәтижесінде
дүниеге келген еңбек. Оқытушының сілтеген бағыт-бағдарын
айқын сезініп, адал еңбектенуге тырысты.
Әдебиеттер:
1. Баспасөз материалдары
2.
Жеке
үй кітапханасынан алынған деректер