Экономические науки/ Менеджмент

 

Абдулла Әйгерім Зейнуллақызы

Фин-12-1оқу тобының   студенті

Қоржынбаева Зарина  Жарқынбекқызы

«Экономика және менеджмент» кафедрасының экономика

магистрі, оқытушы (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан)

ЖАҢА   ИМИДЖДІҢ   ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Имидж дегеніміз (ағылш. т-де кескін, келбет, ұқсас, ойдағы бейне, символ үлгі) бұл тұлғаның ішкі және сыртқы бейнесі.

Имидж қалыптастыру адамның рухани-моральді және субъективті-жеке мазмұны мен діл (менталды) қасиеттері арқылы оның сыртқы келбетін сәйкестендіруге бағытталған. Ділдің маңызды құрылымының бірі - ұлттық қасиеттер, өмір салты, этнопсихологиялық ерекшеліктер - имидж қалыптастыруындағы басты бағыттарының бірі.

 Қазіргі таңда «имидж» сөзі құлағымызға жиі шалынады. Нарықтық қатынастардың элементі ретінде ол барлық салаларға енуде. Саясат саласына да өз ықпалын тигізуде. Қазіргі кезде ешбір сайлау, ешбір сыртқы немесе ішкі саясат имиджсіз жүргізілмейді.

Имидж, ең біріншіден, біз үшін жағымды әсер болып табылады. Яғни, күтілетін реакцияларды қалыптастыру және екі жақты мүдделі болып отырған іс-әрекеттер түрлерін жасау». Осыдан, имидж міндетті түрде белгілі бір аудиторияға бағытталуы қажет деген шешімге келеміз. Яғни, ол белгілі бағыт алған және жағымды әсер қалыптастыруға көзделген іс-әрекеттер немесе символдар жиынтығы.

Имиджді қалыптастыру негізіне сүйенсек қалыптасқан келбетті бұзбай, бұрыннан қалыптасып келген келбетті жетілдіре отырып жасау тиімді деп саналады. Бұл катынаста аудитория қабылдаған келбетке объектті неғұрлым сәйкестендіру болып келеді.

Әдетте, имидж екі жақты қарастырылады: ішкі және сыртқы келбет. Бірінші жағдайда адамның ішкі жан дүниесі көрініс тапса, ал екінші жағдайда сыртқы бейне қолданылады. Яғни, имидж бұл сыртқы «мен» және оның қоғамдағы «мен» келбеті.

Имидждің түр­леріне тоқталсам:

 1) Қоршаған орта имид­­жі (адамның жұмыс кеңсесі, көлігі),

 2) Қоғамдық имидж (өзі қолданатын зат­тар, мысалы, хаттар, визит карталары, әдет­те сыйлайтын сыйлықтары, гүлдері);

3) Вербалды имидж (сөйлеу, жазу мә­де­ниеті);

 4) Кинетикалық имидж (өзіне ғана тән іс-қимылдары),

5) Габитарлы имидж (киімі, тұтынатын заттары, шашының сән үлгісі т.б);

6) Ментальды имидж (дү­ние­танымдық көзқарастары, этикалық әдептері, әлеуметтік жағдайы);

 7) Сыртқы имидж (адам туралы басқалардың ба­ғасы, дос-жарандардың, таныс, таныс емес жандардың деректері, бұқаралық ақ­парат құралдарының өзі туралы тарат­қан ақпараттары) (мимикалық имидж, дауыс күші мен тембрі,костюм,қимыл, мәнер).

Мамандардың ай­туын­ша, имидж  жоғарыда айтылғандар бір- бірімен үйлесімділігін қажет етеді.

Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, адамның имиджі мен карьерасы бір-бірімен тікелей сабақтас жүреді дейді. Сонда адамның сырт келбеті әсем көрінгенімен, жұмысында әлсіз болса, онда ол адамды идеал деуге келмейді.

Имиджді қалыптастыру барысында тұлға ең алдымен, өзін-өзі танып білуі қажет. Ғалымдардың зерттеулеріне  қарастырайық:

 Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы.

     Тұлғаның өзін-өзі тануыды анықтау мақсатында оның төрт негізгі аумағы мен параметрлерін (өлшемі) қарастырған.

1. Тұлғаның мотивациялық аумағы: мінез-құлықтың және іс-әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер.

2. Белсенділік аумағы: өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі таныту.

3. Тұлғаның құндылықтық-мағыналық аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары.

4. Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы – этникалық жаңсақ нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік.

Сонымен қатар,өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра отырып, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:

1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.

2. Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы.

3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайларды ескеру арқылы және әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.

Имидж қалыптастыру адамның рухани-моральді және субъективті-жеке мазмұны мен діл (менталды) қасиеттері арқылы оның сыртқы келбетін сәйкестендіруге бағытталған. Ділдің маңызды құрылымының бірі - ұлттық қасиеттер, өмір салты, этнопсихологиялық ерекшеліктер - имидж қалыптастыруындағы басты бағыттарының бірі болып есептеледі.

Имиджді қалыптастыруда объекттің ішкі қасиеттеріне назар аударуымыз кажет және осы қасиеттерді неғұрлым жағымды әсер қалыптастыруына бағыттаймыз. Яғни, имидж әлеуметтік-саяси жағынан белгілі мақсат үшін жасалады. Осы мақсат көптеген жағдайда сұранысты көтеру болып табылады. Имиджді қандайда бір салада қолдануға ұмтылсақ та, ол нарық қатынасында тауарға жасалатын имидж болса да, я саяси жағынан мемлекеттің имиджін қалыптастыру мақсатында болса да объекттің сыртқы бейнесін танытатын және сенім білдіруге тұрарлық етіп жасайды.

Имидж екі түрге бөлінуі мүмкін: белгілі бір келбетке ұмтылған идеалды имидж және шын мәніндегі шынайы (реалды) имидж. Басты міндеттердің бірі - осы екі категорияны неғұрлым жақындату.

Имидж қалыптастыруында ең біріншіден идеалды имидж жасалады, бұл жағдайда күтілетін имидж деп айтуға болады. Жоғарыда айтылған ұттық қасиеттер, өмір салты, этнопсихологиялық ерекшеліктеріне назар аудара отырып, идеалды имидж жасалады да, кейін реалды имиджді осыған негұрлым жақын келбетін қалыптастыруға жұмыстар жүргізіледі.

Л.Н.Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi, тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау.

Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi бағалау» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.

Өзiн-өзi бағалаудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:

- өзiн-өзi бағалау – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.

- өзiн-өзi бағалау - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.

- өзiн-өзi бағалау - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.

З.Фрейд шәкiртi австриялық психиатр А.Адлер өзін-өзі танудың мән-мағынасын адамның өзінің алдына қойған шынайы мақсатын танудан көреді.

 Өмірлік стильді қалыптастырудың бастауы адамның өзі туралы елестетулер болғандықтан, өзіндік сананың индивидуалды нүсқалығын қысқаша қарастырып отыру керек. Индивидтің мінез-құлқының  тенденциасын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕН» концепциясы деп атайды, яғни адамның өзі жайлы  жалпы ұстанымдар жүйесі.

Гуманистік психологияда өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік даму жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі американдық ғалым К. Роджерс адам құрамын реалды «Мен» және идеалды «Мен» деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны қосымша етіп алады.

Реалды «Мен» - өзі туралы ой, сезімі, талпынысы тағы солсияқты елестету жүйесі.

Идеалды «Мен»- адам болашақта қандай болғысы келетiнi, терең ойлауы мен өзiнiң тәжiрибесi.

Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы, көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты).

Реалды «мен» және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты, әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды.

        Өзiндiк сана – «Мен» образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс-әрекетi (Мен-концепциясы). «Мен» образы, «Мен» субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет. Өзiндiк сана құрылымының төмендегi кестеден көруге болады

1. Эмоционалды құндылық қатынасы

2. Өзiн-өзi тану

3. Өзiн-өзi реттеу

4. Өзiн-өзi бақылау

5. Өзiн-өзi бағалау

«Мен» субьект ретiнде әртүрлi белсендi iс-ірекеттердiң әсерiнен өзiн-өзi тану қызметiн атқарады, оның өзi эмоционалды құндылық қатынасымен тығыз бiрге жүредi.

Өзiн-өзi тану процесi

 

Анықтау

 
 

 

 

Қабылдау

 

Бекіту

 

Талдау

 
 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 
 

 

 

 


1. Өзiн-өзi танудың түсiну және түсiне алмау деңгейi. Адам қарапайым өмiр сүредi, оқиды, еңбектенедi, қарым-қатынасқа түседi, өз-өзiмен сөйлеседi. Өмiр барысында көптеген дәйектер жиналып (өзге адамдар жайлы, өзі жайлы), бір мезетте санада бекітіліп, түсініп немесе түсіне алмауы, яғни өзіне деген қатынасына бақылау жасай алмауы қабілетінің төмендегі байқалады.

2. Мақсаттылық. Жеке адам өз алдына қандайда бір мақсат қояды және бағыттылығын, қабілеттілігін, тұлға қасиеттерін қолдана отырып, сол мақсатқа жетуге тырысады. Осы жағдайда әрекет арқылы өзін-өзі бағалауы, талдауы, өзін-өзі тануы жүзеге асады. Тұлға неғұрлым іс-әрекетте өзін-өзі тануын жүзеге асырған сайын, соғұрлым терең өзі жайлы біле түседі. Бұл жерде керi модел де кездеседi, егер эмоционалды күй жоғары деңгейде болса, өзiн-өзi тануы объективтi болмайды, әртүрлi комплекстер пайда болады.

3. Өзiн-өзi бағалаудың қанығуы әртүрлi өмiрлiк жолдарында кездеседi. Тұлға тек жағдайды, өзге адамдарды бiлiп қана қоймай, өз мүмкiндiгiн, қасиетiн, өзiнде бiлген жөн.

4. Өзiн-өзi бағалаудың аяқталмауы - бұнда ересек адамдардың өмiрi бай және шынайы тұлға. Өзiңдi толық тану мүмкiн емес, тiптi әлеуметтiк ортада орны зор, қабiлеттi деп санайтын адамның өзi де жоғары деңгейде өзiн-өзi тани алмайды.

Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды.

Жеке имидж деген ұғым сұлулық пен сәнді тұлға және сән бағытымен тығыз байланысты, ол өмірдің әр кезеңінде қоғам талғамына байланысты өзгеріп тұрады.

Сұлулық пен үндестік түсінігі  тарихи кезеңге байланысты өзгеріп тұрады, сондықтан жаңа имиджді қалыптастыруы өмірдін мақсатына негізделетін үздіксіз жұмыс.

Имиджді қалыптастыру алдында, біріншіден ол арқылы қандай мақсатқа жететіңізді анықтауыңыз керек. Имиджиңіз өмірдің ең басты мақсатына сайкес болып барлық жеке жағдайлардан өтеді. Глобальды имидждің негізгі мақсаты өзіміз туралы ойлағанымызды   басқаларының тура солай қабылдауы және ол арқылы   өмірдің осы кезеніңде қандай жеке мақсатқа жету қажет екенін анықтау.

Имиджді қалыптастыруда келесі алгоритміндерін  ұсынуға болады:

1. Имиджді мақсаттылық түрінде қалыптастырудың қажеттілігін меңгеріп алу.

2. Имиджді қалыптастырудың мақсаттарын дәлелдеу (маған ол не үшін қажет, негізгі мақсат қандай?).

3. Келтіретін әсерді анықтау (мен келтіргім келген әсер қандай?)

4. Имидждің  адресатын анықтау (кім үшін?).

5. Имидждің субъективті  және  объективті шекараларын анықтау.

6.  Сыртқы көрінісіңді өзің бағалау(мимика, дауыс күші мен тембрі,костюм,қимыл, мәнер)

7. Әр түрдегі жеке  имиджді қалыптастыру тәсілдерінің  банкін  құрастыру.

8. Алдынан ала бейне қалыптастыру.

9. Алдына ала имиджді өзің бағалап, өзгерістер енгізу.

10. Имиджді дәлелдеу, гардеробты қалыптастыру.

11. Қойылатын мақсатқа жетуіне мүмкіншілігіңді талдап, ол мүмкіншіліктің төмендеу себептерін анықтау.

13. Имиджді  енгізу.      

14. Мұнан  ары даму мен  өркендеу.  

  Қорыта келгенде, имидж қолданбалы өнердің құрамдас бөлігі адамның беделін, белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет. Басқаша айтқанда, адамның өзін-өзі жарнамалауы десек те болғандай. Имиджді қалып­тас­тыру немесе өзгерту тек киімнің сә­нін ауыстыру деген сөз емес. Имидж әлеу­меттік-саяси бағытта да адамның ба­ғасын арттыруға ықпал етеді. Имиджді қа­лып­тастыру үшін көптеген мамандар, пси­хологтар, PR менеджерлер, әлеуметтік қыз­мет­керлер, стилистер мен визажистер, про­дю­серлер еңбек етеді.

 Имидж – сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жарқырап ашылуы, өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы.

Қорытындылай келе, келесі ұсыныстарды енгізгім келеді:

1.                     Халқымыздың ою-өрнектерін қолдана отырып, сәнді әрі классикалық түрдегі киім үлгісін қалыптастыру.

 

 

2.    Имиджді қалыптастыру барысында жастарымыздың өз денсаулығына басты назар аударуды ұсынамын.

3.     Имиджді қалыптастыру барысында  маңыздысы имиджді сәнқойлықпен ауыстырып алмауды ұсынамын.

Бұл ретте, өзінің материалдық жағдайын ескеру, яғни, күн санап өзгеріп отыратын сән үлгілерін кию мақсат еместігін түсіну.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    Базарова Б. Имидж түсінігі, құрылымы және оның түрлері//ҚазҰУ Хабаршысы, Философия, мәдениеттану және саясаттану сериясы, 2010.- №2.- 67-71 б.

2.    Г.Почепцов. Имиджелогия. - 5-е изд. - Рефл-бук.Ваклер- 2006 -516 6.

3.    www.wikipedia.org

4.    www.image-media.ru

5.    www.imagerostov.ru

6.    www.persona.ru