Сланбекова А.Е., Каменова Ш.К, Жиенханова Р.Н.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

ІС ҚАҒАЗДАРЫ МЕН ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ ЖҮЙЕСІН АВТОМАТТАНДЫРУ

 

Қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда.

Іс жүргізудің автоматтандырылған жүйелерінде, бағыттандыру модульдерінде құжаттардың әр түрлі және түрлілігі үшін келісушілердің алдын-ала жасалған тізіміне сәйкес бұл процесс автоматты түрде жүзеге асырылады. Барлық қызметтік құжаттар белгіленген реквизиттерді пайдалана отырып стандарттық үлгілердегі қағазда рәсімделеді.

Құжаттардың жасалуына, олардың тіркелуіне, жіктелуіне, қозғалысына, есепке алуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығы іс- қағаздарын жүргізу деп аталады.

Техникалық орындаушылардан бастап барлық буындағы басшыларға дейінгі басқару аппаратының бүкіл қызметкерлерінің қызметі құжаттаумен байланысты. Біреулері құжаттарды жасайды, басқалары олардың рәсімделуін және берілуін қамтамасыз етеді, үшіншілері сол құжаттарды басшылыққа алып, олардың негізінде шешімдер қабылдайды.

Кәсіпорындардың күнделікті жұмысында өндірістік, шаруашылық, қаржылық және қоғамдық қызметтің сан қилы мәселелері бойынша құжаттар жасалады. Ол бұйрықтар, шешімдер, хаттар, актілер, келісім - шарттар, хаттамалар, өтініштер, жеделхаттар, анықтамалар және т.б. кәсіпорындарда жасалатын құжаттар әдетте хат - хабар деп аталады [1].

Іс қағаздары мен құжат айналымы жүйесін автоматтандыру  іс-қағаз жұмыстарының нәтижесінде қызметкерлерге жұмыс жасау үрдісін ұйымдастыруға және оны қадағалауға көмектеседі. Бұл мақсатты орындау үшін «Компьютерлік іс жүргізу» пәнін оқыту үшін іс қағаздар жүйесіндегі электрондық анықтама дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін электрондық анықтама, оларды пайдаланудың тиімділіктері, қазіргі кездегі іс қағаздар жүйесіндегі электрондық анықтама жасауға мүмкіндік беретін құралдар, электрондық анықтама жасауға қойылатын талаптар, HTML гипермәтіндік тілі мен JavaScript тілі туралы жалпы теориялық мағлұматтар жұмыста қарастырылды.

Іс қағаздар жүйесіндегі электронды анықтама мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.

Іс қағаздары жүйесін автоматтандыруды құрудағы мақсат оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.

Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, пайдаланушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын студенттің өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір студентпен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.

Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.

Web-беттерді құруға арналған HTML тілі бүгінде кең таралған. HTML, гипертекст тілі арқылы жұмыс істеу өте жеңіл әрі ыңғайлы, сондықтан болар көптеген жасаушылар осы тілді таңдайды. Электрондық анықтама оқытушыларға сабақ өткізу кезінде уақытты үнемдеу үшін маңызы өте зор.

Ұсынылып отырған жұмыстың бағдарламасы HTML тілінің ортасында жасалған. Жұмыстың бастапқы бетінде тақырып жайлы көрсетіледі. Іс жүргізу жұмысы екі тілде құрылған.

Әр батырма «Теория», «Формуляр» және «Сөздік» боп үшке бөлінеді. Әрбір бөлім бұйрық жарлық құжаттар, ақпарат – анықтамалық құжаттар және жеке құжаттар болып бөлінеді. Сол сияқты аталған барлық бөлімдерде ішінара бірнеше бөлімдерден тұрады.

1 - cурет Бастапқы бет

Білім беру саласындағы озық технологиялар білім алушылардың оқытушымен тікелей байланыста болмай-ақ, компьютерлік және басқа да құрылғылар көмегімен оқып-үйренуге, білімін тексеруге, тапсырмаларын орындауға, қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуіне, тіпті алған білімдерінің негізінде оқу орнын бітіргені туралы құжат (диплом) алуына да мүмкіндік жаратып отыр. Бұл бағыттағы басты назар аударылатын мәселелер – бағыттың өзі елімізде енді ғана қолға алына бастағандықтан, оқытушылар тарапынан әр пән бойынша қажетті оқу-әдістемелік құралдардың электрондық түрде дайындалуы; жүйенің үйлестірушілері үшін – қазіргі технологиялық, заңдық және нормативтік талаптарға жауап бере алатын қажеті бағдарламалық құралдардың дайындалуы; ал білім алушылар тарапынан – компьютерлік техникамен пайдаланушы деңгейінде жұмыс істей алуын меңгеру болып табылады.

Іс қағаздар жүйесіндегі электронды анықтама студенттер мен оқытушылар үшін қызықты, әрі түсінікті болу үшін әр түрлі көрнекілік суреттер, тапсырмалар және өз білім деңгейлерін тексеріп отыру үшін қорытынды тесттер енгізілді. Жұмысқа қойылған міндеттерді жүзеге асыра отырып, келесідей қорытынды жасауға болады:

– HTML – тілін қолданудың маңыздылығы жоғары.

– Оның негізгі ерекшелігі – қарапайымдылығы. Гипермәтіндік құжатты толықтай өңдеуге мүмкіндігі зор;

– Сондықтан, қандай да бір электронды оқулық жасауға осы тілді негіз етіп алуға болады [2].

Жұмысының мақсаты осы пәнді оқып меңгерушілерге және пән оқытушыларына көмек құралы ретінде қолданылады. Жұмысты сабақ барысында, сабақтан тыс уақытарда да қолдануға болады. Жалпы бұл анықтаманы қолдану арқылы қолданушы өз білім деңгейін арттыра отырып, өзін - өзі тексеру мүмкіндікке ие болады. Іс қағаздар жүйесіндегі электронды анықтама – ақпараттар жиыны. Сондықтан да білім деңгейін арттыру үшін, тиімді түрде жұмыс жасау үшін, ақпарат алмасу үшін және де уақыт өте ақпаратты жаңарту үшін осы электронды анықтаманы қолдану дұрыс деп ойлаймыз.

 

 

Әдебиеттер:

1.       Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. А., 2000.

2.       Комолова Н. HTML: Учебный курс. – СПб: Питер, 2006.– 272 с.