Эрметова Дилорам Мираметовна, Шымкент, Қазақстан
«Тіл үйрену және
педагогикалық технологиялар»
Заманның
қарқындап дамуына байланысты білім беру жүйесі де
жаңалықтармен толығуда. Білім беру жүйесінде әдіс
пен тәсіл әр түрлі жолмен үйлесіп отырады. Білім
беретін оқу орындарында басқа тілді оқытудың негізгі
мақсаты - оның ауызша және жазбаша формаларының
нормасын толық меңгеру. Үйреніп жатқан тілдің
теориялық білім алу және оны практикада қолдану шеберлігін
қалыптастыру. Жаңа технологиялардың
дамып, дәрісті қызықты етіп, өткізетін
көрнекіліктердің жиілік саны көбейген шақта оның
ішіндегі көп қолданылатыны суретті, жазба түрлеріндегі
көрнекіліктер (сызбалар, кестелер, диаграммалар, кеспе
қағаздар, үлестірмелі карталар және т.б.). Бұл
көрнекіліктер абстрактілі-теориялық білімдерді
меңгеруге ықпал етеді. Тіл сабақтарында көрнекіліктерді
пайдалану дәрістің тиімділігін арттырады.
Көрнекіліктердің мәні, әсіресе, шет тілінен сабақ
бергенде арта түседі, оқушылар үшін басқа тілдегі
материалды меңгеру оңайға соқпайды, ондағы
сөз мағынасына түсініктеме жасау, жоспар құру,
тілдік көріністі жазбай тану, әр түрлі жағдайларды
салыстыру қиындық туғызады.
Егер оқу
материалы сызбалар мен кестелер арқылы ұсынылса, ол
қиыншылықтарды жеңу оңайға түседі. Оқытудың
әр түрлі сатысында көрнекілікті пайдалану дәрежесі мен
сипаты әр түрлі болады, оны тиімді қолдану жалпы
әдістемені меңгеру деңгейіне байланысты. Бұдан
көрнекілікті оқытудың сапасын көтеруге септігі тиетін
бірден-бір құралы деп қарау дұрыс болмас еді. Тілді
көрнекілік арқылы оқыту үшін оны кешенді түрде
пайдалану әдістемесін жасау барысында міндетті түрде жалпы
дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет.
Жалпы дидактикалық ұстанымдар оқушылардың зейіні мен
байқағыштығын тәрбиелейді, олардың шығармашылық
қабілетін дамытады, тілге деген қызығушылығын,
дәрістің сапасын арттырып, оқыту үрдісінің
тәрбиелік бағытын күшейтеді.
Шет тілі
сабақтарында оқушылардың білім-біліктілік, танымдық,
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын
элементтерін қолданудың маңызы зор. Сабақ
үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен
талаптары, ережесі толық түсінікті болуы да маңызды рөл
атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың,
пәнге деген қызығуы артады, өз ойы мен пікірін,
көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын
тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта
білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және
де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын
практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан
оқыту тәсілі болып табылады.
Тіл үйрету
сабақтарында графикалық көрнекілікті пайдалану
лингвистикалық теорияларды меңгеруге бағытталады,
сондықтан да болашақ оқытушыға оны тек қана
қолдану дағдыларын меңгертіп қана қалдырмай,
яғни олардың назарын аударатын грамматикалық материалдарды
тұжырымдауға белгілі бір тілдік құрылымдарды
нақтылай түседі. Қолданылатын графикалық
көрнекіліктер өзінің мазмұны жағынан әр
түрлі болуы мүмкін. Суретті көрнекіліктер иллюстрация, кеспе қағаздар
бұлар негізінде коммуникативтік шартты тапсырмаларды орындауда
пайдаланылады. Суретті, түрлі-түсті көрнекіліктер
оқушылардың зейінін, белсенділігін, танымдығы мен
шығармашылығын дамытады. Іскерлік ойындарды дайындау мен
ұйымдастыруда қатысушылардың өзін-өзі көрсететін
мүмкіншіліктері болуы тиіс. Іскерлік ойындар - бұл бақылау
жасауға болатын жүйе, өйткені ойынды жүргізу
тәртібін оқытушының өзі түзіп, өзі
дайындайды. Егер ойын жоспар бойынша өтіп жатқан жағдайда,
оқытушы ойын барысында араласпай, тек бақылаушы, бағалаушы
ғана рөлін атқарады.
Осы
таңдағы жаһандану үрдісі, оған қоса білім
мен ғылымның, техниканың қарыштап алға
қарай дамуы білім беру үрдісін ізгілендірудің өзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі мектептер
жан-жақты білім алу үшін заманға сай қажетті жаңа
технологиялармен толықтай жабдықталған. Дамыған
таңдағы білім беру жүйесінде барлық оқу
орындарында оқытушылар тарапынан мүмкіндігінше сабақта
жаңа технологиялар элементтері қолданылуда. Алайда, аталмыш
жаңалықтың барлығын да бір дәрісте қамтып, үлгеру
мүмкін емес. Сол себепті де әрбір пәнді оқыту кезінде
қай жаңа технология сол пәнге сәйкес келетінін талдап,
іріктеп алу қажет. Іріктеп алу арқылы, оқушының білім
деңгейіне қарап, оның білімін шыңдауға
әбден болады. Бұл жерде оқушының ынтасы мен
қабілетіне баса нзар аударылуы шарт. Білімнің сапалы болуы тікелей
оқытушыға, ұйымдастыру қабілетіне де байланысты.
Оқытушы – оқыту мен тәрбилеуге жаңалықты
енгізуші тұлға, яғни белсенді әрекет иесі. Шет тілі
сабағы әрі тартымды, қызықты, сапалы болуы пән
оқытушылардың біліміне, шеберлігіне толық байланысты.
Оқу-тәрбиенің басты
қаруы – сабақ. Сабақ сол себепті де тартымды,
қызық болуы керек. Тіл үйретуде оқушылар сол
меңгерілетін тілді ғана біліп қоймайды, сол
тілдің бар құндылығын да қоса меңгереді.
Тіл үйретуде
тіл біліп жатқан оқушылардың ой-өрісі мен
дүниетанымын кеңейту – сол елдің, халқытың
салт-дәстүрімен тікелей байланысты. Мұғалім
сабақты күнтізбеге сай жоспарлап алуы шарт. Мұғалім
сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, дамыту белгілеріне
баса назар аудару қажет. Оқытудың осындай шарттары баса
ескерілуі керек. Ал ол бөлімді төмендегідей бөлуге болады.
1.Оқыту,
яғни білім беру мақсаты. Ғылыми, теориялық
тұрғысынан ол қандай деңгейде болуы тиіс?
2.Үйрену,
үйренгенін тіл үйренуші іс-тәжірибеде қолдана отырып,
ережеге байланысты берілген тапсырманы еркін тапсырмай орындауы.
3.Тәрбиелеу, оқышыны,
яғни тіл үйренушіні түрлі әдіс-тәсілдер
арқылы оқушыларды көптеген үлгі істерге, шеберлікке,
еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеп, баулу.
4.Дамыту, яғни
тіл үйренушінің логикалық тұрғыдағы
ойлауын, шығармашылық тұрғыдан қамтамасыз ету,
яғни ой-өрісін шыңдап өмірге көзқарасын
қалыптастыру.
5.Ғылымға
қызықтыру. Оқушыға берілетін тапсырмаларда
дәлелдейтін, түсіндіретін, өзіне-өзі сыни
тұрғыдан қарап, ойландыратын, шешім шығаратын,
өзі нақты тұжырымға келетін жұмыстарды
жұмыстарды қамту.
Мысалы, түрлі
ойындар арқылы технологиясы, түрлі проблемалармен оқыту, тіл
үйренушінің деңгейіне қарап, деңгейлеп
оқыту әдісі, модуль негізінде оқыту. Бұл жүйелер
оқытудың жаңа негіздерін жүзеге асырады.
Оқушылардың танымдық құзыретін
қалыптастыруды түрлі ойындар арқылы беруге болады. Негізі
ойын, тіл үйренушінің алған білімі мен жаттаған
сөздік қорын берік меңгерту құралы болып
табылады. Өткізілген әр сабақты түрлі ойындар
арқылы өткізіп, қызықты етіп отыруға болады.
Солай өткізе отырып, тіл үйренушілердің пәнге деген
қызығушылығын арттыруға арттыруға болады. Ойынды
оқушыларға тіл үйретуде шаршаған сәтте емес,
серпілту үшін жүргізу дұрыс болапады. Шетел тілі
сабағында ойын түрлерін қолдану тиімділігін төмендегіше
топтауға болады. Сабақты жандандырып, ойын элементтері арқылы
өткізу - оқушылардың ынталану сезімін тудырады, олардың
шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады,
өздеріне деген берік сенім бойларына ұялайды. Жаңа
ақпараттық техноллогиялар – оқушы мен мұғалім
арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыруға,
оқу үдерісін
өздігінен меңгеруге зор мүмкіндік береді.
Психолог мамандар
әрбір жастағы балада, оқушыда
шығармашылыққа баулуға өзек болатындай ерекше
қабілет пен бейімділіктің бар екендігіне баса назар аударады.
Білімнің алғашқы сатысы, бастауышта оқушының
шағармашылық дамуын дұрыс бағыттап, ұштау
қажет. Аталған қасиеттерсіз жоғары сыныпқа
келгенде оқушынының мүмкіндігі шектеліп қалу
ықтимал.
Шығармашылықты
тежейтін үш нәрсеге назар аудару шарт, менің қолымнан
ешнәрсе келмейді деген қорқыныш сезімі, екіншісі
өзіне-өзі көңілі толмаушылық сезімі (не жазса да
өзі ұнатпайды), үшіншісі - енжарлық пен
жалқаулық. Шетел тілі сабағында әдістерді тиімді
пайдалану арқылы оқушылардың
білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең
ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың
жаңа технологиялары арқылы жүзеге асады. Әдіскер
ғалым Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі
технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың
мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен
әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді.
Сонымен
педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып
көрсетуге болады:
Бұл жүйелер
оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін
жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде
ортақ қарым-қатынас құралына айналады.
Оқушылардың танымдық құзыретін
қалыптастыруды түрлі ойындар арқылы беруге де болады. Ойын -
оқушы білімін берік меңгерту құралы.
Әр
сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны
қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің білімге
ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыруға
болады. Ойынды оқушыларға сабақта шаршаған кездерде
сергіту мақсатында емес, оларға берілген ұғым,
түсініктерді берік меңгеру мақсатында да жүргізіледі.
Тіл сабағында ойын түрлерін қолдану тиімділігін
төмендегіше топтауға болады:
-
жаңа тақырыпты ойын арқылы
меңгертуде жақсы нәтижеге жетуге
болады;
-
сабақты жанданып, оқушылардың ынталану
сезімін тудырады;
-
оқушылардың шығармашылық,
ізденушілік қабілеттерін арттырады;
-
өз-өзіне деген берік сенімділік пайда болады;
-
логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Сабақ
үрдісінде ойын түрлерін қолдану барысында
оқушылардың бағдарламалық материалды жүйелі
меңгеруіне ат салыса отырып, оқушылардың логикалық, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыта
түсудің бірнеше ережелері бар.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.Бұзаубақова
К. «Жаңа ПЕД-технологияны меңгеру - міндет» //
Қазақстан мектебі. - № 9-10. - 2005.
2.Таубаева Ш.Т. Оқытудың
қазіргі технологиялары. Бастауыш мектеп. 1999. № 4.
3.Иманқұлова С.
«Жаңаша оқыту әдістемесі», Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология
сериясы. №1, 2006.
4.Жанпейісова М.М. Модульдік
оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.
Алматы, 2002. - 180 б.
5.http://www.akorda.kz/
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
6.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы // Егемен
Қазақстан, 26.12.2003.
7.Қараев Ж.А. Жетілдірген педагогикалық жүйені
жобалаудың дидактикалық шарттары // Ізденіс. - Алматы, 2004. № 2.