Педагогические науки/

2.Проблемы подготовки специалистов

Имашева Б.К. – арнайы техникалық пәндер оқытушысы

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, Батыс Қазақстан облысы

Техникалық колледждердегі арнайы пәндерді оқытуда инновациялық технологиялардың ролі

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы құрылымы қазір көптеген өзгерістермен, жаңалықтармен толықтырылуда. Ал осы жаңа құрылымдағы сала өзіне қажетті жоғарғы және орта буын мамандарының жоғары кәсіби даярлығын талап ететіні сөзсіз. Бұл бір жағынан қазіргі нарықтық экономика талаптарын орындап отырған қоғамның орта буын мамандарын даярлауға қойған талабы да түбегейлі өзгерген кезде маңызды болуы міндетті жайт. Қазір еліміздің техникалық колледждерінде орта буын мамандарын даярлау – басым бағыттардың бірі болып отыр. Бұл өз кезегінде кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқу процесіне де жоғары талаптар қойып отырғаны белгілі.

«Қазақстан - 2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап жаңа үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын», деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жыл 14-желтоқсанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетті [1].

Сонда Қазақстанның техникалық колледжі түлегін қажет ететін агро-өнеркәсіп кешенінде де, автокөлік мекемелерінде де, ауыр және жеңіл өнеркәсіп салаларында, ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібі саласында да орта буын мамандарының білімді маман, білікті кадр ретінде өндірісте танылуы колледжде алған білімдерінің сапасына тікелей байланысты.

Сондықтан техникалық колледждердегі қалыптасқан білім жүйесін жоғары деңгейлі техникалық ойлау қабілетімен, кәсіби бағытталған саналалықпен, оқу процесіндегі ғылыми іс-әрекеттермен байланыстыру қажет.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында кәсіптік бағдар немесе кәсіби бағыттылық деген ұғымға білім алушылардың кәсіптік қызы-ғушылықтары мен жеке қабілеттеріне сәйкес білім беру саласында мамандық пен оқитын орнын таңдауына ақпараттық және консультациялық көмек беру деп түсініктеме берілген [2]. Сонда қазіргі колледж оқушысы болашақ мамандығын кәсіби бағдар арқылы таңдап алған соң, оның өндірістегі білікті кадр болып қалыптасуы колледж оқытушыларының міндетіндегі іс болып табылады. Ол үшін колледждердің оқу процесі жаңаша ұйымдастырылып, арнайы пәндерге арналған зертханалық жұмыстар оқытудың инновациялық технологиясымен байланыстырылуы тиіс. Бұл жөнінде жоғарыда атап өткен Елбасы Жолдауында «Отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және нақты құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз» деп нақты тапсырма ретінде атап көрсетілген [1]. Мұның орындалуына барынша атсалысу – оқу орны қызметкерлерінің барлығына бірдей міндет болып жүктеледі.

Жалпы біз сөз етіп отырған инновациялық технологиялар оқу процесіне педагогикалық оқыту технологиялары болып 1970 жылдары батыстың педа-гогикалық әдебиеттерінен келген. Бұл – әртүрлі типтегі білім беру ұйымда-рының оқу процесінде кадр даярлау, біліктілік көтеру, материалдық қамтама-сыз ету, басқару және т.б. сияқты оқытудың әртүрлі жүйесінде қолданылатын технологияны сипаттап береді [3]. Дегенмен, осы технологияларды қазіргі жаһандану дәуіріндегі жаңашыл құралдармен байланыстыра отырып, оқу процесіне жаңа инновациялық технология ретінде енгізу – әрбір оқытушының міндеті. Әсіресе теорияны практикамен бйланыстыруда негізгі ақпарат көзі болып табылатын арнайы пәндерді инновациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізу  білім сапалылығын арттырып қана қоймай, білім алушының танымдық көзқарасын да кеңейтеді.

Егер оқу процесінде инновациялық технологияларды оқытудың техникалық құралдарымен біріктірсе, онда оқытушы өз еңбегінің шарттарын ең жоғары шекке жеткізумен қатар, оқушының оқу жағдайын өнімді етеді. Ол үшін оқытушы өзінің ақпараттық құзыреттілігін үнемі дамытып отыруы тиіс. Қазіргі кезде оқу процесінде қолданылып жүрген көптеген инновация-лық технологиялардың түрлері білім берудің мемлекеттік стандартында анықталған және арнайы бекітілген оқыту мазмұнына ешқандайда нұсқан келтірмейді, керісінше оқу пәндерінің типтік бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді [4].

Жалпы, оқу процесінде инновациялық технологияларды қолданып сабақ түсіндірудің маңызы өте зор және осы біліммен өндіріске барған жас маман кейінгі заманауи мүмкіндіктермен жұмыс жасау шеберліген қалыптастыра алады. Сондықтан оқу процесінде инновация қолдану – біздің басты міндетіміз болып саналады.

Пайдаланылған әдебиеттер 

1) Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты //Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жыл 14-желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы.

2) Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 320-ІІІ ҚРЗ // ЕҚ,  № 160 15.08. 2007

3) Масырова Р.Р. Инновации в среднем общем образовании Казахстана: анализ и тенденции развития. Монография. – Алматы:КазГосЖенПИ, 2008. – 320 с.

4) Сарбасова Қ.А. Инновациялық педагогикалық технологиялар. Оқу құралы. – Алматы, 2006.

5) Загвязинский В.И. Инновационные процессы в образовании. –Тюмень, 1990. – 390 с.