ӘОЖ 37.018.11-055.25

Г.М. Әбжан

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің  «Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану» кафедрасының оқытушысы, филология магистрі.

               ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІ

Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуыоның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасыбала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.  Бала тәрбиесі ешқандай ұлт таңдамайды, тәрбие барлық ұлтқа қызмет етеді. Алайда, әр елдің балаларының бала тәрбиелеу ісі  бір-біріне ұқсамайды. Оларға берілетін тәрбие әрқилы болса да, бала атаулыға бірдей нәрселер қажет. Олар: туған отбасы, ұядай жылы үй, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі. 

Әр  ұлттың   бала тәрбиесі  өзгелерден ерекшелендіріп тұратын бітім-болмысы болмақ. Осы бітім-болмыстың қалыптасуын, негізгі бастауын зерделеп, зерттеуді негізге алатын, өз алдына ғылыми көзқарас қалыптастырып отырған елдер бар. Яғни, ұлттардың бала тәрбиесінің  айырмашылығын зерттеудің жолдары қалыптасқан. Бір ғана бала тәрбиесінің өзі әлеуметтік тұлға мәдениетін қалыптастырмақ. Әсіресе, бұл мәселемен алпауыт елдердің айналысатыны жасырын емес. Мысалы, кезінде Америка (СРУ) орыс және жапон халқының мінез-құлқын, табиғатын зерттеп көрген. Зерттеушілердің қорытындыларына қарағанда, жапон халқының ерекшелігі - олар бала тәрбиесін өздерінше қалыптастырған. Баланы жапондар 7 жасқа дейін өз еркіне жібереді де, 7 жастан соң тәрбиені кілт өзгертіп, қатаң тәртіп жүйесіне ауыстырады. Тәрбиенің осылай қалыптасуы бала болмысының қалыптасуына белгілі бір мөлшерде әсері бар. Бұдан шығатын қорытынды - жапондардың соғыс кезінде тұтқынға түсіп қалған жағдайда үстем жаққа еш қарсылық көрсетпестен өз дегендеріне жетуге тырысады екен (1).  Өзге елдердің бала тәрбиесіне  назар салсақ:

1. Швецияның бала тәрбиесі : Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс, деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.  

2. Австрия. Баларды тәрбиелеу үшін жан-жақты жолдарды қарастырады. Әлемдегі ең қатал ата-аналар Австрия елінде десек те болады. Балаларына қанша қатал болса да, оларға ойыншықтарды көп қылып әпергенді ұнатады.

3. Белгия. Балаларын жастайынан қоғамның мүшесі болуға үйретеді. Олар небары 2,5 жасында мектеп қабырғасында жүреді. Сыныптағы барлық пәнді бір ғана ұстаз жүргізеді. Ал ұстаздары бір-бірімен тату болып, әрдайым көмектесе білуге тәрбиелейді.

4. Нидерланд. Бұл елдің басты заңы «Балалар барынша еркін өсуі тиіс» деген атау алған. Балаларға денсаулығына зияны тимейтін дүниелердің барлығына рұқсат береді. Таңертеңнен кешке дейін бір нәрселерді жасасын, сындырсын, құлатсын оларға ешкім ұрыспайды. Плимутск Университетінің ғалымдарының айтуынша, балаға қол көтеру рак пен жүрек ауруына және демікпеге алып келеді. Сарапшылардың пікірінше, физикалық жарақат алып, ашудың астында қалған бала көптеген ауруға душар болуы ғажап емес екен. Сонымен қатар физикалық зорлық-зомбылық көрген бала созылмалы ауруларға көп шалдығады

Сарапшылар денсаулығында түрлі ақауы бар ересек 250 адамнан сауалнама алған. Сауалнама барысында олардың бәрінен балалық шақтарын сұраған. Осы жасқа дейін қанша рет физикалық соққының астында қалғанын білген соң, созылмалы ауруларға неге шалдықанына көз жеткізген

Егер адам рак ауруына шалдықса, ол бала кезінде 70% айқайды көп естіп, соққыны көп жеген дейді ғалымдар. Ал жүрек ауруына мұның 30%, демікпеге 60% қатысы бар

Осы Университеттің профессоры Майкл Хиландтың айтуынша, бала кезінде осындай аурудың бастамасы пайда болғандықтан, оларды есейген тұсында емдеп жазу қиын. Көбіне мұндай аурулар созылмалы болғандықтан адамды емдеп алу ісінде ешкім уәде ете алмайды. Сол секілді мектеп те балаларға барынша еркіндік сыйлауы тиіс. Мектепке бара жатқанда тек түскі астарын ғана апарады. Ал қалған қажет заттар сол жерден беріледі.

5. Канада. Бұл елде де Нидерланд еліндегідей барлығын жасауға мүмкіндік береді. Олардың айтуынша, «жоқ» сөзі балалардың болашаққа деген нық қадамдарын тежейді. Тәртіп, талап деген ұғымдардың аса маңыздылығы жоқ. Үлкендер де кішкентайлар да тек бақытты болуға ұмтылады.

6. Куба. Бала тәрбиесімен аналар немесе әжелер айналысады. Олардың уақыттары болмаған жағдайда көмектесетін балабақшалар бар. Ал тәрбиешілерді шақырмауға тырысады. Қыз балаларды үй шаруасына икемді етіп тәрбиелесе, ұл балаларды мықты болуға үйретеді. Балалар ата-аналарымен сыр бөліскенді ұнатады.

7.Азия, Таиланд. Бұл ел «Өзіңнен асқан ұстаз жоқ» деген ұстанымды жақсы көреді. Ата-аналары балаларын қорғау үшін ешқандай әрекет жасамайды. Олар сүрініп, жылап жатса да үндемейді. Әрине ата-аналары ненің дұрыс-бұрыс екендігін айтып отырады, алайды соңғы шешімді кішкентайлар өздері қабылдайды.

8.Вьетнам. Бұл елдің балалары көшеде тәрбиеленеді деуге де болады. Соған қарамастан, балалары жақсы мен жаманды ажырата біледі.

9. Алжир. Алжирлік ата-аналар көп уақыт жұмыс істейтіндіктен, балаларын қарауға мемлекеттің өзі көмектеседі. Олар мектептегі мұғалімдер, тәрбиешілер және спорт мамандары.

10. Жапон елі ұрпақ тәрбиесінің сыры:  Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ. Балалар түскі астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі. Ал, мұғалімдер болса, балалардың үйден әкелген тамақтары денсаулыққа зиян емес пе, соны мұқият қадағалайды. Сол себепті, жапон аналар арнайы сабақтарға қатысады. Ол жерде баланың ағзасына қажетті дәрумендер тамақпен сіңу үшін, қандай ас әзірлеу керек және қалай даярлау керектігін түсіндіріп, үйретеді. Өркениетті елдің бұл үрдісі балалардың әртүрлі инфекциялық ауруларына жол бермейді. Әрбір екінші жапондық суретті жақсы салып, ән айтады. Бала тәрбиесіне келгенде, олар алдымен сурет салу мен ән айтуды, одан кейін барып сөйлеу мен жазуды үйретеді екен.

   Атабаба дәстүрін қандай заманда өмір сүрсе де, бұлжытпай сақтауға тырысатын ұлттың біріжапон. Ғылымы мен техникасы қарыштап дамып, кезкелгеннің миы жетпес ғажайып технологияларды өндіріске енгізіп, соның арқасында экономикасы өзге мемлекеттерден озық тұрған Жапонияның адам ресурстарына деген қатынасы таңданарлық. Баланың ержеткенге дейінгі рухани толысуы үшін жасалатын ғұрыптар Күншығыс храмдарында күні бүгінге дейін бұлжытпай орындалады деуге болады.

Ер бала беске, қыз бала жетіге толғанда ата-анасы оған арнайы кимоно кигізіп, храмға апарып, баланың амандық -саулығы үшін рәсімдер жасалады. Осы шараға арнайы ұлттық тағамдар пісіріледі. Бала ержетіп, жиырма бірге келгенде арнайы кимоно киіп, храмға барады. Үлкен өмірге қадам басу кезеңі осы уақытта басталады. Бұл ең алдымен Ата-баба дінін бала жүрегіне ұялатып, бойына сіңіру принципімен байланысты.

Ер баланың да, қыз баланың да ойнайтын ойыншығына дейін ұлттық нақышта жасалған. Ойын арқылы жапон баласы ер бабасының ерлігін түйсініп, дана әжесінің шеберлігін ұғынады. Мысалы, «Карута тори»  деген ойынды кішкене баладан бастап, ересек адамдар да ойнайды. Әр ойын әншейін уақыт өткізу үшін емес, елінің кешегісін санасына сіңіруге арналған. «Карута ториді» ойнау үшін байырғы әдебиеттен жүз жыр білу керек. Бұл жүз ақынның өлеңін жатқа айту деген сөз. Феноменді ми қабілеті осылай дамиды. Жапондар бала тәрбиелеуде «ұл», «қыз» деп бөлмейді. Екеуін де қазақ халқы сияқты еркелетіп өсіреді. Күншығыс елі мен қазақ халқының ұлттық тәрбиесіндегі бір ұқсастық — ер баланы ел қорғаны, қыз баланы келешек отбасы ұйытқысы болуға баулу (2).

Бала тәрбиесіндегі ескеретін жағдаяттары:

1.                Сен ұл (қыз) бала болып өмірге келсең, қандай жақсы болар еді?! Бұл сөздерді айтып, балалардың жыныстық айырмашылығына қарай мәміле жасау баланы жастайынан жасытып жібереді.

2.                Ойынды қойып, кітап оқы, сабағыңды қара. Ойын ойнау баланың табиғи қасиеті. Бала ойнау барысында көптеген заттарды танып, тәжірибеге ие болады. Мұндай сөздер баланың белсенділігіне ықпал жасайды. Сондықтан, ата-аналар өздерінің көзқарастарын балаға зорлап таңуға болмайды немесе ол сөздерді басқаша жолмен жеткізу керек.

3.                Әлі кішкентайсың, бұл жұмыс қолыңнан келмейді. Балалардың ақаусыз өсіп-жетілуін қорғау керек, бірақ, оны артықша жасау кері әсер жасайды. Кейде баланың жас шамасына қарай мәлім жұмыстарды өздерінің істеуіне дем беріп, ынталандырып отыру қажет.

4.                Сәтсіздікке ұшырауға болмайды. Кішкентай бала түгілі, үлкен адамдардың өзі әр уақытта сәтсіздік пен жеңіліске ұшырап отырады. Сондықтан, балаға артықша талап қойып, оның істеген әрбір жұмысынан табысты нәтиже күту қате болады. Ол баланың өсуіне кері әсерін жасайды.

5.                Ол істі қайталауыңа болмайды. Бала әрқашан балалығын істейді. Қате жасағанын немесе сәтсіз істеген жұмысын балаларының екінші қайтара жасауына жол бермеу қате көзқарас. Бұл балалардың тәжірибе жинап, сынақ жасап, өздерінің тәуелсіз ойлау қабілеттерін жетілдіруіне кедергі жасайды.

6.                «Үлкендердің шаруасына араласпай, ойыныңды ойна» деп дүрсе қоя беру. Балалар мен үлкен адамдар арасында шекара қалыптастырып, көңіліне қая түсіру баланың есейе келе әрқандай кезде қол қусырып қарап тұратын икемсіздігін келтіріп шығаруы мүмкін.

7.                Ол баламен ойнауыңа болмайды. Өз баласын басқалармен үнемі салыстыра сөйлеу оның ішкі әлемінде қорашсыну идеясын пайда қылуы мүмкін. Бұл баланың ержеткенде қоғамдық қарым-қатынас орнатуына зор ықпал жасайды.

8.                Айтқанымды екі етпей орындайсың. Өз көзқарастары мен бұйрықтарын балаға зорлап таңу бала бойына өзгенің сөзінен аса алмайтын жасық мінез қалыптастыруы мүмкін. Ол кейін дербес ойлана алмайтын болып қалады.

9.                Жылап, қиғылық салма. Бала ата-ананың қорғауы мен аялауын қажет етеді. Бала жылаған кезде анасы мен әкесінің ұрсуы уақыт өте келе психологиялық ақау түсіруі мүмкін.

10.           Сені дүниеге әкелгеніме өкінемін. Кейбір әкелер мен шешелер балаларына осы сөзді айту арқылы оған тәрбие бермекші болады. Бірақ, бұл сөздер баланың тіршілік ету құнын қойып, жанын жасытып, ауыр соққыға ұшыратады. Сондықтан, баланың жанына кірбің түсірер мұндай сөздерді айтпаған.

11. Үндістан балалары. Үндістер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан, ержеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады.

12.Германияның балалары. Германия мектептерінде міндетті түрде экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылады. Бұл - ежелден қалыптасқан жүйе. Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы, оның құрамы жөнінде сабақ өтті ме, онда ертең балалар шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат жасайды. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп, біледі.

13. Ауғанстан балалары. Баланың дүниеге келгені, әсіресе ұл баланың өмір есігін ашқаны ауғандықтар үшін - үлкен қуаныш. Ауқатты тұратын отбасылар ұлан-асыр той жасайды. Ауылдарда той үстінде «ат байлар» ұлдың құрметіне барабан қағылып, аспанға қарумен оқ атылады.

14.Қытайдың балалары. Дао уағызшыларының бала туралы өсиеті әрбір қытай бүлдіршініне аңыз болып айтылады. «Балаға тәтті жеуді ұсынғанда, ол барлығын алудан ақылдылықпен бас тартады. Неге деген сұраққа: «Мен әлі кішкентаймын, сондықтан маған аз ғана бөлігі жетеді», деп түсіндіреді. Баланың осы қылығын барлық қытай перзентіне үлгі етеді, баламыз қанағатшыл, мейірімді, адамгершілігі жоғары болып өссін, дегені.

15. Франция балалары. Француздардың ежелгі дәстүрі бойынша бала дүниеге келмей тұрып, оның тәрбиесімен айналысуды қолға алу керек. Көбінесе, сәби өмірге келген соң,ол ата – анасымен ауылда болады.. Балақай екі-үш жасқа дейін өзінің ата-бабасы қоныс тепкен ауылда болып, сол жердің суын ішіп, ауасын жұтып өседі.

16. Итальяндықтар үшін жанұя/отбасы дәстүрі бірінші кезекте.

17. Ирландия. Бұл ел балаларына ерекше қамқорлықпен қарайды. Балалары бір нәрсені бүлдіріп, сындырып қойған болса да, ұрыспастан қорқып қалмағандығын, жарақаттанбағандығын тексереді. Ирландиялық әйелдердің кеш босанатындығына қарамастан, әр отбасында 4 немесе 5 баладан бар. Бұл мемлекетте балаларды асырап алуға дайын отбасылар табылатындықтан арнайы балалар үйі жоқ.

18. Орыс халқының бала тәрбиесі.  Ал, орыс халқын зерттеу барысындағы нәтиже олардың қысымға көндіге бермейтінін анықтаған. Оның себебін зерттеушілер сәбиді құндақтауға көп көңіл бөлетінінен дейді. Орыстар географиялық жағдайларына байланысты баланы сәби кезінде көп қымтап, қол-аяғын қатты таңып тастайды екен. Бұдан шығатын қорытынды - бала сәби кезінде құндақтаулы қол-аяғын босату үшін бұлқынады. Бұл бұлқыныс бала санасында әлденеге бағынбаушылыққа деген түйсіктің дәнін қалдырады. Ол бала кейін есейген шағында әлдебір үстемдікке тап болған жағдайда жаңағы түйсік дәні тез бой көтереді. Зерттеушілер орыс халқы тарихындағы төңкерістердің жиі орын алуын олардың бойындағы осы бір болмыспен де ұштастырады.
19. Бразилия балалары. Бразилияда баланы ұл немесе қыз бала, деп бөле-жармай, бірге тәрбиелегенді жөн санайды. Сол себепті, бес жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар бірге асыр салып ойнайды. Ал, бес жастан кейін ғана олар қыз бала мен қыз баланың, ұл бала мен ұл баланың достасуына мүмкіндік жасайды.

20. Румын балалары. «Үлкендерге құрмет көрсету керек», «ата-ананы жақсы көріп, сыйлай білу керек», сонымен бірге «әрқашан әділ болу» керек. Мұндай өнегелі сөздерді румындықтар балаларына үнемі үйретіп отырады. Ата-әжелері немерелеріне ата-бабаларының тарихын баяндап, румын халқына тән салт-дәстүрлердің берік сақталуына, бағалануына және мұның бәрі тәрбие арқылы іске асуына күшін салады.

21. Лаос балалары. Лаостықтар балаларын өздері тікелей тәрбиелегеннен гөрі бауырлары, туыстары, басқа да жақындарының ықпалы арқылы әсер етіп, өсіргенді дұрыс көреді. Балалары ержетіп үйленер жасқа жеткенде де осы әдісті қолданады. Яғни, ата-анасы туыстары арқылы сөзін жеткізіп, балаларына үйленуге рұқсат береді.

22. АҚШ балалары. Жергілікті педагогика «әрбір бала өз бетінше өмір сүріп үйрене алу керек» деген ұстанымды қолданады. Сондықтан, американдық ата-аналар балаларының қалауына қарсы шыға алмайды. Олар мейрамханаға, коктейлге, тіпті түнгі клубқа барамын, десе де, ата-аналар ертіп апарады. АҚШ-да бала тәрбиесімен аналар айналысады. Баларлар тәрбиесінде барынша салмақты әрі тең дәрежелі қарым-қатынаста болуға тырысады. Әдеттегі отбасыларда жаман қылық жасаған үшін екі түрлі тәсілмен жазалайды. Біріншісі – ойыншықтарын алып қойып, теледидар көруден шектеу, екіншісі – орындыққа отырып өзінің қате жасаған іс-әрекеті жайында ойлану. Отбасында баланы ұру қатаң түрде заңмен қудаланады.

     Англиялық ғалым Нил Ф.Юнг «Ерте жастан теледидар қараған балалар дерексіз ұғымдарды, есеп-қисапты, сын пікірлерді нашар түсінеді» дейді. Мектеп жасында балалардың математика пәнінен қиналатындығының бір себебі осы. Техникамен тығыз байланысып кеткендіктен басқа балалармен бірге ойнағанда пайда болатын әсерлерді қабылдауға, ертегілер мен әңгімелерді тыңдап отырғанда пайда болатын эмоцияларды шығаруға жүйке жүйесі дайын емес. Ал экранда дамылсыз ауысып жатқан суреттерді бақылау көздің дұрыс көруін нашарлатады. Теледидардың әйнегі біркелкі болғандықтан, көрермен алыс пен жақынды да бір ара-қашықтықтан көреді. Бұл көз жанарының шынайы өмірде дұрыс көрмеуі деген сөз. Теледидардағы суреттердің бояуы онша қанық емес әрі жарық болмағандықтан 20 минуттан соң көздің шатырша қабығы тарылып, керісінше сезімталдығы артады. Осының әсерінен А витаминінің тапшылығы пайда болады.

23. Африка балалары (Масай тайпасы). Масайлықтардың өздерінше өмір сүру кестесі жасалып қойылған. Он бес жасында ұлдар «маран» атанады. Бұл - әскери шен. Яғни, ол - осы жасынан тайпаны қорғаушы ержүрек азамат. Отыз жасында отбасын құрады және бала-шағасын асырау үшін, өз алдына табын-табын мал бағады. Қырық бес жасында жастарды тәрбиелеумен айналысады, сонымен бірге тайпа халқы үшін жауапты шешімдер қабылдайды. Ал, алпыс жасында тайпаның «рухани көсемі» болады.

Қытайлық маман Жан Хуа өспірімдердегі күшті қызғаншақтық психологиясы кезінде ана-ана оған көбірек көңіл бөлуі, оның бойындағы артықшылықты дер кезінде байқап, мадақтау айтып шабыттандыруы керек деген пікірде. ата-ананың баланы мадақтауы орынды болуы, асыра сілтемеуі, мадақты нақты дүниеге қарата айтуы бек ләзім.

         Қорыта келгенде,

 Алаш ұлы Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. ... бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы», - деп айтып кеткен.

                                    Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.                  Сабырбай Қ. Әр халықтың өз ойлау жүйесі бар./ Ертіс өңірі. ВАQ. КZ. 1-б.

2.                  Жылқыбаева Ш. Жапондар әр баланы қалай тәрбиелейді? Sеnкazaкһ. сом.2-б