Педагогические науки/
5.Современные методы преподавания
Умбетова Н.С. – экономикалық
пәндер оқытушысы
Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі,
БҚО
Ақпараттық-коммуникативтік
технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе
Біздің
қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі -
ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді,
бұл кезең, компьютерлік техника мен оған байланысты
барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар оқытушы
қызметінің барлық саласына кірігіп, оның табиғи
ортасына айналып отыр. Қазіргі кезде білім кеңістігін заманға
сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес.
Қазіргі кезде
біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне
көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең,
яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық
ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар
қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи
ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы
«оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары»,
«қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары»,
«компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. тіркестермен
тығыз байланысты.
Қазіргі білім
саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық
технологияларды меңгермейінше сауатты, жан - жақты білгір маман
болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны
меңгерту оқытушының зейін – зерделік, кәсіптік,
адамгершілік, рухани т. б, көптеген ұстаздық
қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін
жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытушы алғаш
жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді,
екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады,
төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді. Білімді
ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып
табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін
компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды
қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен
тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бұл
ғалымдар мен педагогтардың, психологтар мен
әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық -
коммуникативтік технологиялар саласы мамандарының күш - жігерін жан
- жақты жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді
Жалпы білім
берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби
дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін -
өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты
шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру болса, ақпараттандыру жолының басты
мақсаты – оқыту үрдісін ақпараттандыру,
-
электрондық оқулықтардың құрылымын
жасақтау,
-
педагогтардың ақпараттық құзіреттілік
біліктілігін арттыру,
-
техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру,
-
әлемдік білім беру кеңістігіне ену болып отыр.
Ұрпақ
үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде
оқушы үшін қоршаған әлемді танудың
табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық
сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді
үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін
өзекті мәселелерінің бірі.
Оқушы
қызметін активтендіру негізінде педагогикалық
технологияларының бірі - оқытудың компьютерлік технологиясын
өз тәжірибемде қолданып келемін. Оқытудың
компьютерлік технологиясын пайдалану мен үшін оқу процесін
жаңа оқу - әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге
және оқушылардың шығармашылық қабілетін
ашуға мүмкіндік береді.
АКТ - ның
көмегімен сабақты қалай өткізуге және не істеуге
болады деген сұраққа, өз іс тәжірибемде мынадай
бағыттарын ұсынар едім:
•
Илюстративті көрнекіліктер мен плакаттар дайындау,
•
Ақпараттық видеороликтерді құру және
көрсету,
•
Сабақты бекіту, білімді тексеру және түсіндіру,
•
Рефераттар, баяндамалар дайындау және презентациялар құру,
•
Кез - келген сабақтың түрін және семинар, ғылыми
конференциялар өткізу,
•
Сабаққа дайындалуға қажетті ақпараттарды интернет
беттерінен іздеу.
АКТ келешек
ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі
талантты, шығармашылығы мол,
еркін дамуына жол ашуына тигізер пайдасы аса мол.
Мен
өзімнің тәжірибемде: дәстүрлі
(оқулық, көрнекілік құралдар, электронды
оқулықтар); компьютерлік ( презентация, дисктер, мультимедиа
құралдар) оқытуды жиі пайдаланамын.
Өзім
сабақ беретін топтарда үнемі сабақты түсіндіруде
түрлендіріп отыруға тырысамын. Ақпараттық
видеороликтерді мультимедиялық бағдарламаның көмегімен
құрып көрсетуге болады. Білімді бақылау мен талдау
әдістерінің бірі – тест тапсырмаларын құрастырып
оқушылар әр тарауды пысықтағанда және білімді
бекітуде қолданамын.
Оқытушыдан
ақпараттық құзырлылықты,
ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды
қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне
лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту
бағыттарын талап етеді. Кез келген сабақтарда жаңа
ақпараттық технологияны пайдалану оқушының
қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім
сапасының артуына әсер етеді.
«Баланың
ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір
жаңалық болуы керек» деп Ж. Аймауытов айтқандай әр
сабақты жаңаша түрде өткізуіміз қажет. Бүгінгі
шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман
иесі. Оқытушы мен оқушылардың шығармашылық
ізденісіне мол мүмкіндік ашып, алған білімдерін өмірде
қолдана білуге тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Нургалиева Г.К, Тажигулова А, и др. Педагогические технологии
информатизации образования. Алматы: РЦИО.2002
2. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе
образования.М,2001.
3. Садыбекова Ж. Оқу-тәрбие үрдісінде
ақпаратты-коммуникациялық технологиялар қолдану
қажеттілігі. «Информатика негіздері»,2008-№4