Педагогические науки/
5. Современные методы преподавания
Хожина Р.Ж. –оқытушы
Орал газ, мұнай және салалық
технологиялар колледжі, БҚО
Теория
және тәжірибе жұмысындағы инновациялар
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық жерлерге
шығу» - делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін колледж
ұжымдарының, әр оқытушының күнделікті
ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта
құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа
тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту
қажеттігі туындайды. Сондықтан да әрбір оқытушы
өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, түрлі
тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа
әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана
білуі керек [1].
Қазіргі кезде
қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді.
Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының
барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін
ғана емес, колледж ұжымынан
үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап
етеді.Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің,
соның ішінде арнайы беретін колледж жұмысының дамуының
ең басты факторы болып отыр[4].
Оқу жұмысын
жетілдірудің маңызды дерексөздеріне – жаңа ақпараттық
технологияларды, компьютерлер базасында оқытуды пайдалану жатады. Осы
мақсатта дайындалған педагогикалық бағдарламалық
өнімдер педагогтар мен психолог-кеңесшілерге
оқушылардың дара ерекшеліктерін болжауға және
дамуындағы артта қалушылықтың алдын алу мен
жеңуге және ерекше дарынды балалардың жетістіктерін тездете
түсуге көмектеседі. Бұл бағдарламалар оқушылар
үшін оқытудың жаңа, қосымша белгілік ортасын
құруға, олардың дара түйсіну, қабылдау
ерекшеліктерімен сәйкес келуіне мүмкіндік беруге
арналған.Компьютерлік оқытудың міндеттері
оқушылардың қоршаған дүниені модельдеу іскерлігін
дамытуға, эксперименттік жағдайда теориялық, тәжірибелік
жұмыспен ұштастыру кезіндегі күрделі шеберліктері,
өздерінің білімдерін синтездеуге, өзінің күшіне
деген сенімін ақтау, формальды – логикалықжұмыстарды
жетілдіру мен жаңашыл ойлауды, құрастырушылық
және жобалау қабілеттерін қалыптастырудан тұрады.Білім
беру жүйесіндегі колледж зертханалардың педагогикалық
қызметкерлері қайта даярлаудың үздіксіз курсына
тартылады, оның басты мазмұнына оқытушылардың
кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал етуші оқытушылардың
өзін-өзі білімін көтеру бойынша мақсатты
бағытталған жүйелі жұмысты ұйымдастыру
әдістемесі мен тәсілі жатады [4].
Құрылыстық
индустриясының әлемдік дамуы, оның тиімділігі –
Қазақстан Республикасының индустриялдық –
инновациялық саясатының негізі.
Құрылысқа
және оның әлеумет сұранысын
қанағаттандыратын қасиетіне қойылатын талаптар
және үздіксіз өндірістік күштерді дамыту: автомобиль
жолдарын жетілдіру және жаңарту.
Құрылыс индустриясының алдына қойған
жобалау сатысында қолданылатын, автомобиль жолдары элементтерінің
жаңа конструктивті шешімді құрылысқа құру
және ендіру, оңтайлы көлемді – жоспарлық шешімді
орындауда маңызды роль атқарады [2].
Біздің арнайы
пән сабақтарында көбірек
қолданылатын әдісім – жобалық технологиялық
оқыту. Бұл әдіс мамандық рамкасынан шығатын
өздігінен оқуға жағымды өндірісте қажет
кәсіби қасиеттер мен дағдыларға бейімдейді.
Жобалық технологияның негізгі мақсаты жобалық
тапсырманы оқу процесі кезінде орындағанда қажет білім мен
дағдының қалыптасуы болып табылады. Бұл технология
өздігінен оқумен қатар мамандық аясынан басқада
өндірісте қажет кәсіптік қасиеттер мен дағдыларды
зерттеуге септігін тигізеді.
Автомобиль жолдарын
салу пәндерін оқу процесінде топ оқушылары жеке
тапсырмалармен өздігінен жұмыс жасап, аяқтаған
соң ашық қорғауға өздерінің
курстық жобаларын ұсынады. Курстық жобаларды қорғау
нәтижесін талқылауға комиссиялармен оқушылар
қатысып, қолданылған және қолданылмаған
мүмкіндіктер туралы пікірлерін айтып, бағалайды. Оқушылар
жәй ғана берілген ақпараттарды игеріп қана
қоймайды, сонымен қатар, өздіктерінен өзіндік
қасиет, өзіне және біліміне деген сенімділік дамытатын
техникалық шешімдер қабылдауға тура келеді. Таңдауда
тәуелсіз сезімі қызметті ойдағыдай, өнімді және
аса нәтижелі етеді. Жобалау процесінде оқушыларда жалпы және
арнайы дағдылар дамиды [3].
Колледж
мұғалімдері мамандандырылады. Жеке алып қарағанда, сол
оқушылармен жұмыс істейтіндердің барлығын қамтып,
топтарға біріктірілуі мүмкін. Олардың міндеті – жұмыс
мазмұны мен тәрбие әдістерін және оқытуды
үйлестіру, пәнаралық байланыстарды дамыту, педагогтар мен
оқушыларға бірегей талаптарды жүзеге асыру болып тбылады.
Міне, осылардың барлығы оқытудың мақсатты
бағытталуына ықпал етеді, балалардың жеке пәнді
оқуы кезінде білімнің жырымдалуының алдын
алады.Бірқатар педагогикалық колледждер мен жоғары оқу
орындарында білім беру жүйесі үшін мамандарды даярлайтын эксперименттік
топтарды ашу жоспарлануда. Студенттер арнайы дайындалған оқу
жоспары бойынша уақытша ғылыми – техникалық
ұжымның колледж – зертханаларында тәжірибеден өтеді.Қазіргі
кезде білім беру тұжырымдамасына сәйкес жүргізіліп
отырған эксперименттік зерттеулер, қазіргі таңдағы
әрекеттегі оқу бағдарламаларының жағдайында жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану артықшылықтары
бойынша бағытталады. Бұл маңызды кезең бүгінгі колледждің
болашақтың колледжіне біртіндеп өту кезеңі болып
табылады.
Қолданылған әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» //
Қазақстан, 1999 ж.
2.
Захарова И.Г.
Информационные технологии в образовании. М.: Аcadema, 2005-189 стр.
3.
Базилевич С.В.,
Брылова Т.Б., Глухих В.Р., Левкин Г.Г. Использование
инновационных и интерактивных методов обучения при проведении лекционных и
семинарских занятий // Наука Красноярья. — 2012. — № 4. — С. 103—113 стр.
4.
Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж. және т.б.
Педагогика. Оқулық – Астана: Фолиант, 2007 -656 бет.