Айдарбекова К.А., Асетова Ж.Б., Тлеуберлинова Э.Б.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру құралдары

 

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңының негізгі міндеттерінің бірі баланы интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, білім беру жүйесі шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеп, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативті-құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызыметінің артуына міндетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр [1].

Ең бастысы – сапалы білім және саналы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой белсенділігін дамыту.

Шығармашылық жұмыс – оқушының ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс-тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті.

Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен ғылыми шығармашылық ай, ғылыми апталық, жобалар мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескерту қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздылығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына незізделген жұмыс түрлерін пайдалану.

Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерінде көздейді. Шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауға әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісін таңдап алады. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой-пікірі қалыптасады [2].

Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар: оқушылардың танымдық ізденімпаздығы қалыптасады; сұрақтарды,мәселелерді терең талдауға үйренеді; шығармашылық ой-өрісі артады; кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу бірліктерін қалыптастырады; оқушы өз ойын еркін айтуға,сөз мәдениетіне үйренеді; оқытудың ғылымилығын артыру; ғылыми дүниетанымды қалыптастыру;

Шығармашылық сабақтарды өткізу, оқушының танымдық іс-әрекетін артырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады. Осындай жүргізілген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әртүрлі танымдқ және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандырады. Сонымен қатар мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан қабілеті  жоғары  балалардың шығуына ықпал етеді.

Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Ол үшін төмендегі мына шарттар орындалуы тиіс:

-      баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы: біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Немесе музыканттар отбасында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті өте ерте ашылады;

-      баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз;

-      шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы қажет. Шығармашылық қабілеттердің дамуы қаланатын, дамыған интел­лект, интеллектлік біліктілікті меңгеру негіз болып табылатынын  ұғыну қажет.

Оқушылардың  өздері орындауының  шығармашылық деңгейі, тек айтылған тапсырманың  мазмұнына тәуелді екенін тәжірибе керсетеді. Егер тапсырма нашар берілсе немесе оның  өзінің тәжірибесінің, немесе негізгі ғылымның  нақты  проблематикасынан түсініксіз алыс болса, онда сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік аз.

Әзірлеп жатқан тапсырмаларға қойылатын талаптар:

-  тапсырмалар оқу бағдарламасында көрсетілгендей нақты базалық  сұрақтарға оқудың  тақырыбына немесе объектісіне қатысты болуы  тиіс;

- тапсырмардың алдымен белгілі шешімі болмауы керек;

 - тапсырманың тұжырымдамасы оқушылар үшін де, мұғалім үшін де,  сондай қызықты немесе тосын болуы керек.

    Ашық  тапсырмаларды  әзірлеуде мұғалімге оқушылар алуға тиіс нәтиже  туралы өзінің  түсінігінен  алшақ болу қиын болады.  Оқушылардың өзіндік жауаптарын сезіну — ашық тапсырма сапсының маңызды субъективті белгісі. Мысалы, «Ғарыш дегеніміз не екенін қысқаша жаз» тапсырмасын жеті жасар бала қысқаша былай орындады: «Ғарыш — бұл шексіздік». Оны орындау кезінде баланың ойланған шығармашылық деңгейі тәрізді тапсырманың қиындығы маңызды емес.

Оқушыларды шығармашылыққа бағыттаудың осындай көптеген түрлері бар. Әрине, әр мұғалім өзінің шеберлігіне байланысты өз әдісін толықтырып отырады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1     Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2008. – 240 б.

2           Майлышева И.М., Балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың  педагогикалық  мүмкіндіктері //Білім. – 2009 ж.- № 2.- Б. 5-7