Филологические науки/

5.Методы и приемы контроля уровня владения иностранным языком.

                                       

Мұсағалиева А.Қ. – ағылшын тілі пәні оқытушысы

 

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, Батыс Қазақстан облысы

 

Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияның тиімділігі

 

Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технология құралдарын қолданудың  басты мақсаты - оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту.

Ақпараттық технологияның дамуына байланысты шетел тілін үйретудің жаңаша түрі - жаңа технологияларды қолдану. Ол шетел тілін үйренушінің коммуникативтік қабілетін дамытып, пәндік білімін тереңдетіп, заманауи ағымда дамуындағы негізгі рөлді атқарады. Бұл тәсіл оқытушының да кәсіби біліктілігін арттырады. Интерактивті тақта – топтағы оқушылардың барлығын оқытуға және оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін, көзге көрінетін құнды құрал. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Көптеген оқу орындарында интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін білмегендіктен, тек слайд көрнекіліктер көрсетумен ғана шектеліп жүрген мұғалімдер бар. Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары: бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы; Ағылшын тілін үйрету барысында интерактивті тақтаны тәжірибеде кеңінен қолдана отырып, төмендегідей қорытындыға келдім:

·        оқушының тіл үйренуге қызығушылығын арттырады;

·        қарым-қатынас дағдыларын дамытады;

·        оқу процесін жекешелендіреді және ерекшелендіреді;

·        оқушылардың ойлау қабілетін дамытады; 

·        оқып жатқан тілде мәліметтерді тыңдау арқылы  сол тілде сөйлеушілермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді;

·        тақта аркылы сабақта әртүрлі тиімді әдістерді қолдануға мүмкіндіктер ашылады.

Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады. Оқушылардың шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т.б. «Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады.  Атап айтқанда, студенттердің жасаған әрбір жұмысына берілетін бағаның,олардың жасаған қатесін қайталаулар негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс нәтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай, өз пікірін білдіріп отыратын оқытушының тікелей қатыспауы, студенттерге өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді.  Бұдан оқытушының  шетел тілі сабағындағы  орнын жоққа шығару деген түсінік туындамауы керек. Керісінше, оқытушы тіл үйренушілердің жеке тұлға  ретінде өз тапсырмаларын орындап, жұмыс қортындысын белгілейтін әлеуметтік-психологиялық жағдай туындата алатын, олардың жүмысына бағыт-бағдар беретін бірден-бір субъект.

Шетел  тілін оқыту технологиясының  тиімділігінің  көрсеткіштері мыналар:

Қорыта  айтқанда,   инновациялық  технологияларды сабақта  қолдану -  бұл оның нәтижелігіне  қолайлы  жағдайды  жасаудың бірден – бір  жолы, Оқытудың жаңа технологияларының мақсаты-оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алуында.
Ағылшын тілін меңгеруде ақпараттық құралдар пайдалану оқытушы мен оқушылардың ізденушілік және шығармашылық қабілеттерінің дамуына, оқушылардың тілдік біліктілігінің, тыңдау дағдыларының, сөйлеудің қалыптасуы мен дамуына, жазу әрекетін жетілдіруге, тұлғаның шыңдалуына зор әсерін тигізеді.

Әдебиеттер

1.     Ағылшын тілі мектепте. 2009 №5. 2010 №1. 3.

2.     Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты  республикалық  ғылыми  конференцияның материалдары. Мектептегі шет тілі, 2011ж. №3

     3. С. Т.Мұхамбетжанова, Ж. Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс  жасау.  Әдістемелік құрал.-Алматы,2008ж.

     4. М. Мақсұтқанова,  Интерактивті  тақта. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010ж.