Шор тілі
Оспанова
Б.Р.
филология
ғылымдарының кандидаты
Шор тілі — түркі тілдерінің алтай тобына
жатады. Ол тіл Алтай тауының солтүстік өңірін
мекендейтін аз санды халықтың ауызекі сөйлеу тілі болып
табылады. Ғалым Дыренкова Н.П. шор тілі марасс және кондам
диалектісіне бөлінеді [1; 19] деп көрсетеді. Ал Ғалым
Ә.Қайдаров пен М.Оразов өз
еңбектерінде «Шор тілінің құрамында екі диалект
бар. Оның біреуі з/с(z) немесе марасс диалектісі де, екіншісі й немесе
кондом диалектісі» деп көрсетеді [2; 331]. Шор халқы бүгінгі күні жойылудың азақ алдында
тұр. Сондықтан да болар олардың тарихыны, әдебиетіне
қатысты зерттеулер толыққанды жан-жақты
зерттелмеген.
Қазіргі
тұрғылықты мекені негізінен
Ресей Федерациясы Кемерово облысындағы Кондома мен Мрассу
өзендері маңы. Шорлар өздерін қобый, қарға, қый, аба, шор деген ру аттарымен немесе мекен-жайымен байланыстырып: таяш-чоны (таяш
болысы), лерас-кижи (лерас адамы), кондом чоны (кондом халқы), чыш киж
(сырт адамы) деп атаған.
Сонымен қатар
шорларды «кузнецк татары» дегенде атпен атаған. Ал, 17 – 18
ғасырлардағы Ресей деректерінде Шорлар кузнецкілік,
кондомалық және мрассулық татарлар деп көрсетілген. Шор халқының атауын 1861 жылы
В.Радлов анықтаған [3]. Ол ол жөнінде «Местное население, проживающее на
берегах и притоках реки Мрассу» атты
мақалада: «Этноним «шорцы» предложен В.В.Радловым в 1861 г. (по крупным сеокам ак-шор, кара-шор, сары-шор), и был
признан всеми современными шорцами в советское время.» Сам этноним «шорцы» предложен этнографом В.В. Радловым в 1861 году, и
это название было закреплено властями во всех официальных документах, а в
дальнейшем, уже в советское время, было признано всеми современными шорцами» [4] деген мәлімет
келтірген. Ал ғалым С.Бизақов өз еңбегінде мынандай
мәлімет береді: «Шорлар темір балқытты, қару-жарақ,
құрал-сайман жасады. Осы ұсталық өнерлеріне
қызығып, Көшім хандығы, Енисей қырғыздары,
монғол, жоңғар хандары шор өлкесін өз
қаруында ұстауға ұмтылып, бір-бірімен соғысып
келген» [5; 210]. Бұдан біз олардың ұсталық өнері
туралы мәлімет аламыз және бұл пікірлерден біз шор
халқының тарихы терңде жатқанын аңғарамыз.
Жалпы мәліметтерге
зер салсақ тек кеңес өкіметі тұсында ғана «шор»
термині жалпыхалықтық атауға ие болған. Кейінгі жылдары ассимиляцияның әсерінен
Шорлардың саны өспей отыр. Христиан дінінің православие тармағын
ұстанады. Этникалық құрамы түркі, кетостяк
тайпаларының араласуынан қалыптасқан.
Шорлардың тұрмыс-тіршілігі,
фольклоры, тілі, ұлттық өнері, мәдениеті
солтүстік алтайлықтар мен хакастардың кейбір этникалық
топтарына жақын. Ханты-мансилермен де Шорлардың тұрмыс-тіршілігінде
ұқсастықтар бар. Қайыңды қасиет
тұтып, құдайға табынған кезде қайың
маскасын киіп жүреді. Халық ауыз әдебиеті жанрына қай,
нық (ерлік поэма мен дастандар), пурунғу чоөк (еңбек
ертегілері мен аңыз-әңгімелер) жатады [6]. Бұлар шор халқының
ұлттық құндылығы болып табылады. Шорлардың
тұрмыс-тіршілігі, фольклоры, тілі, ұлттық өнері,
мәдениеті жалпы түркілік
таным мен түсінікке бағыталған.
2010 жылғы Рессей
халық санағының мәліметтеріне сүйенсек 14
0000 адам деп көрсетілген
[7]. Шор халқының
қалыптасу тарихына тоқталсақ бұл жөнінде мына бір
пікрден шорлардың тарихы туралы құнды мәліметт
алуға болады: «М. X. Дулати құсшы тайпасы туралы
«олардың түп атасы хандардың біреуінің
құсшысы, яғни құс баптайтын адамы
болғандықтан солай аталды» деп жазған. Құсшы тайпасы
қырғыз елінің құрамында бар екені белгілі. Осы
тайпалардың да негізі түрік екенін, олардың атауларының
өзі-ақ айтып тұр. Келесі тайпа – Шорас. Шорас жоғарыда
айтылған Шапырашты-Ыстықтың Дөйіл баласының
тұқымы. Осы жерде айтылған калмақ арасына кеткен
Шорастардың ұрпағы қазіргі заманға дейін бар.
Қазіргі заманда олар таулы Алтайда тұрады. Орыстар оларды
«Таулық Шорлар – Горные Щорцы» деп атайды, ал олар оздерін осы
заманға дейін Шорас деп атайды. Шорастардың тағы біраз
бөлігі басқа моғолдармен бірге Бабырмен М. X. Дулатимен моғол деген атпен
Үндістанға қоныс теуіп, сол жақта қалып
қалды. Сол жақтағы моғолдар – осы қазір біз айтып
отырғап тайпалар. Олардың ұрпағының біразы
қазірғі заманға дейін Үндістан мен Пәкістанда
Моғол деген атпен өмір сүруде [8]. Яғни бұл шор
тайпасының тарихынының тамыры тереңнен басталатындығын
аңғартады. Ал шор этносының тілі VI-IX ғасырларды
түркі тайпаларының әртүрлі халықтық тілден
құралған.
Шор этнсының
қалыптасу тарихына тоқталсық VI-IX ғасырларда әр
түрлі тіл араласқан жергілікті
түркі тайпаларынан құралған. Ал, 1925 жылы
Таулы-шор автономиялы ауданы құрылады. Ал, 1931 жылы бұл
територияды 40 пайыз шорлар тұрса 1939 жылы бұл көрсеткіш он
төрт пайызға дейін қысқарады 1939 жылдан бастап Таулы
шор автономиялы ауданы таратылып жаңадан құрылған
Кемеров облысының құрамына қосылған. Шорлар
туралы жазбалар XVII ғ. Кузнец татарларының
куәліктері арқылы белгілі. Шор тілі туралы алғашқы
мәлімет В. Радлов, С. Малов, Н. Катанов еңбектерінде кездеседі.
Шорлар алғашқыда латын, Шор тілі – кенже жазулы тіл. Қазан төңкерісіне дейін
жазуы болмаған. Шор тілінде кириллица әліпбиіне
негізделген алғашқы әліппе 1927 ж. жарық көрген.
Жазуы да осы кезден басталады. 1938
жылдан бастап орыс графикасына негізделген жазуды қолданады. Әдеби
тілі
нақты қалыптаспаған.
Жазба әдебиетін
жандандыру мақсатында осы жылы тұңғыш рет шор тілінде
газет жарияланады. Әрине ол казіргі кезде шықпайды. Білім беру
саласы 1925 жылы 8 мектепте шор тілінде оқытса, 1935 жылы 32 жеткен
бүгінде. 1925-жылы Шор ұлттық әкімшілік ауданы
дүниеге кегеннен бастап шор тілінің жазуын дұрыс
жолға мақсатында кирил
әліпиін қолданады. Бірақ үш жыл өтпестен
Латынға ауыстырылды. Кейінірек, тағы да кириллицаға
ауысқан Шорлардың 1935 жылы өз ана тіліндегі 32 мектебі,
өз ұлтынан 64 мұғалімі болды.
Шорлар жасайтын
аймақтағы көмір, темір-метал және алтын кеніштерін
игеру үшін келген орыстар есебіне, шорлардың пайыздың ара
салмағы 1931-жылғы 39 пайыздан 1938-жылға келіп жергілікті
ұлт 13 пайызға дейін кеміді. Міне осы кезден бастап Шор тілінің,
мәдениетінің бағы тая бастады. Ал Сталиндік
қуғын-сүргін жылдары ол аймақ түрме,
абақты, лагерлерге айналды.
Қазіргі кезде шор тілі аралас мектептерде пән ретінде ғана
оқытылады. Бүгінде
Таштагола және Таштагольский
райондарда «Шория» радиовещания
жұмыс істейді. Және орыс тілді басылымдарда тек қосымша бетінде
ғана шор тілінде мақалалар шығады.
Шор тілінде 16 дауысты, 25 дауыссыз дыбыс бар. Дауысты
дыбыстар жуан, жіңішке, қысқа және
созылыңқы болып бөлінеді. Грамматикалық ерекшелігі
көмектес септігіне қосымша
мағына үстемелейтін -ба, -бе, -па, -пе, -ма, -ме жалғауларын
қолдану арқылы жасалады (мысалы, малтаба – балтамен).
Етістіктің көсемше формасы -ала, -еле жұрнақтарымен түрленеді
(мысалы, турала – тұра салып).
Шор тілі хакас тіліне жақын мрассу
немесе з-диалектісіне және алтай тілінің солтүстік
диалектісіне ұқсас хондом немесе й-диалектісіне бөлінеді. Әдеби тілі мрасса диалектісіне негізделген.
Сөздік құрамы жағынан хакас пен алтай тілдеріне
жақын. Тілдік қорында моңғол тілі мен орыс тілінен енген сөздер көп
кездеседі. Лексикасы Жан-жақты
зертелмеген.Сөздік құрамы жағынан алтай мен хакас
тілдеріне ұқсас және орыс тілі мен моңғол
тілдерінен енген ірме сөздер көп.
Қауып астындағы тілдер
бойынша арнайы қордың мәліметтеріне қарағанда,
бүкіл әлемдегі алты мың тілдің көбінде,
сөйлеушілер саны уақыт өткен сайын азайып бара жатыр екен.
Алты мың тілдің тең жартысы яғни 3 мыңдай
тілдің әр қайсысында сөйлейтіндер он мың адам
төңірегінде. 27 пайызыныда сөйлейтіндер мыңнан да
аспайды. Сонымен ойымызды қортындылай келе аз халықты
бірсыпыра уақыттан бері түрлі қиыншылық қаумалап,
адымын аштырмай келеді. Өсімі
азайып кетті. Демографиялық тұрғыдан өсім өте
баяу. Бұрын «шор» сәбиі болып көзін ашатын
ұлыстың бүгінгі шыр етіп жарық дүниеге келген
балапаны «орыс» болып туылатын болды. Тілі орысша шығады. Осыдан
шығарып айтсақ, шор тілі қолданыстан қалып барады.
Санаулы ақын-жазушысы орыс тілінде жазады. Соңғы жылдары ауыл-ауыл болып отыратын шор азаматтары туған
түтінін өшіріп, туған жерін тастап, ірі қалаларға
көшіп жатыр. Туған топырақ, жер ана аңырап қалып
жатыр.
Бұның өзі демография мен тілге үлкен әсер етеді.
Ал екіншіден шор халқының
тәуелсіздігі жоқ, сондықтан да тілінің тіршілік
еркіндігі шектеулі. Ресей құрамындағы халықтардың
саяси хұқы автономиямен шектеліп, тілдеріне жергілікті ресми тіл
дәрежесі берілген. Бұл тілдер жергілікті автономиялық облыс, аудан
аумағында ғана. Бір өкініштісі, бұл топтағы
тілдердің болашағы жарқырап тұрған жоқ;
тіпті оның дамуына кедергілер, қыспақтар көбеюде. Ресми
жағынан тіл еркіндігіне қарамастан іс жүзінде
қоғамдық өмірде қолданылу аясы тарыла
түсуде. Осындай жағдайлардың салдарынан аз санды шор
түгілі, 7 миллиондай татар мен 3 миллионнан астам башқұрт
халықтары да ұлттық даму жағынан қысым
көріп отырғаны анық байқалуда.
Бүгінде Ресей Федерациясының
құрамындағы аз санды түркі халықтарының ана
тілінің жағдайы мәз емес. Жалпы, бүгінге дейін Ресей
Федерациясының құрамында болған ұлттардың
біразы фузиялық әрекеттің құрбаны болды. Ең
алдымен тілі, ділі, діні жоғалып, кейіннен ұлттың өзін
толығымен сіңіріп жіберді. Ендігі кезек шорларға келген
секілді.
Ал шолардың ұлттық
жағдайы сын көтермейді. Патшалы Ресей кезінде күшпен жаппай
шоқындырылып, христиан дінін қабылдаған халықтың
ана тілі тек ауылдағы аға буынның ғана тіліне
айналған. Мектептегі оқудың, барлық
іс-қағаздарының, ресми жиындардың орыс тілінде
жүруі салдарынан, яғни өмірлік қажеттілігі
жоқтықтан шуаштардың бүгінгі ұрпағы ана
тілінен айрылып қалған. Жағдай осылай жалғаса беретін
болса, енді бір,екі ұрпақтан соң шор тілінде сөйлейтін
адамды табудың өзі қиынға айналуы мүмкін.
Ұлан-ғайыр, табиғаты қатал
өңірде тұрып жатқан шорлар сан жағынаназайып,
тілінің қолданылу аясы тарылып бара
жатыр. «Жалпы, Ресей мемлекетінде тіл
жағдайы аса мәз емес.
Өмірде мәңгілік ешнәрсе жоқ,
бәрі де - өткінші. Сол сияқты ұлт та, тіл де
мәңгілік емес. Тіл де өмір заңдарына сәйкес пайда
болып, өсіп-өркендеп, әлсіреп, жоғалып немесе
басқа тілге айналып отырады. Кейбір зерттеушілердің
анықтауынша, тіл орта есеппен бір жарым мың жыл жасайды
екен. Бәсекелестікке негізделген
қоғамдық өмірдің даму заңы аса қатал,
оған ешкім қарсы шыға алмайды десек те, мынадай
жағдайларға назар аударған жөн секілді. Сол
сияқты сол адамдардан тұратын ұлттар мен сол
ұлттағы адамдар сөйлейтін тілдер де өмір сүруге
хұқылы. Жоғарыда біз
қарастырып өткен шор тілінің халі ең алдымен,
олардың өздерін заманға орай, ұлт ретінде сақтап,
қорғап, қоғамдық дамуға ілесе
алмағандықтарынан, шамалары келмегендіктерінен, ең бастысы
бәсекелестікке төтеп бере білмеген қабілетсіздіктерінен десек
те, көпшілігі түрлі саяси озбырлықтардың салдарынан
екендігі де анық. Десек те салмақтың ауыры сол
ұлттың өзіне түседі. Тілді сақтай білу негізінен
сол тілде сөйлейтіндердің санына емес, сапасына, яғни
ұлттық сана-сезімінің қаншалықты дәрежеде
екендігіне байланыстылығын өмір көрсетіп отыр.
1. Дыренкова Н.П., Грамматика шорского языка, М.–Л., 1941
— 308 с.;
2.
Қайдаров Ә., М.Оразов
Түркітануға кіріспе.Алматы Арыс 2004, 358 б.
3. Radloff. Aus
Sibirien, Bd. I. Leipzig, 1884, стр. 143. .
4.
Борина Л.С. ЭТНОНИМ «ШОРЦЫ»: К
ВОПРОСУ О КОНСТРУИРОВАНИИ ЭТНИЧЕСКИХ ГРАНИЦ Вестник
Томского Государственного Университета Выпуск № 304 / 2007.94-97
5.
Бизақоы С.
6.
Қазақ энциклопедиясы
9 том
7.
Окончательные
итоги Всероссийской переписи населения 2010 года. Архивировано из первоисточника 24
августа 2011.Всероссийская
перепись населения 2010 года. Официальные итоги с расширенными перечнями по
национальному составу населения и по регионам.
8.
Асқар Селеубаев Моғол. https://www.facebook.com/AskarSeleubay/posts/1473773812836316?stream_ref=10Языки мира. Тюркские языки,
М., 1997; Түбі бір түркілер, А., 2000.
9.
Ирина Шентсова «Ресейдегі шор тілін сақтап
қалу жолында кейбір шаралар жасалуда» [6] атты азаттық радиосына
берген сұбхатында ЕСКІ АЗАТТЫҚ (6/2003-7/2008).
http://www.azattyq.org/content/article/1146479.html