Танирбергенова А.Ш.  п.ғ.к. доцент

Искакова А.А. «Тұран-Астана»

университетінің магистранты

Астана қаласы, Қазақстан Республикасы

Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы

   Әр мемлекеттің басты мәселелерінің бірі өсіп келе жатқан ұрпаққа дұрыс тәрбие беру болып табылады. Сондықтан бұл жастағы дамуды зерттеу қарым-қатынас ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндіктер береді.Осы жас кезеңінде оның дамуын зерттеу өзін-өзі басқару үрдісінің маңызды құрылымы ретінде қарым-қатынас ерекшеліктерін түсінуге жол ашады.

    Н.Н.Толстых, Л.И.Божович, Н.И.Крылов еңбектері де осы кезең ерекшелігін зерттеуге арналды. Әр кезеңдегі зерттеулерден шығатын қорытынды: жас-өспірімдік кезеңнің тұрақты шекарасының болмауы, оның дамуы тарихи және әлеуметтік дамуға байланыстылығын тағыда бір дәлелдеді.  1904 жылы Ст.Холдың «Подростничество»дегенекі томдық монографиясы жарық көрді. Оны жасөспірімдік кезеңді зерттеуші психологияның атасы деп есептейді. Себебі,ол алғаш рет осы кезеңнің негізгі ерекшелігі мен құбылыстың дамуын, осы жасқа байланысты пайда болатын проблемаларды дұрыс шешіп, оны ашып көрсеткен. 1924 жылы Э.Шпрангердің [1] «Психология юношеского возраста» еңбегі де жасөспірімдік кезеңге арналған еңбектердің бірі болды. Э.Шпрангер жасөспірімдік

кезеңнің мәдени-психологиялық тұжырымдамасын жасады. Э.Шпрангердің айтуынша,бұл кезеңде бала бойына мәдениетті сіңіреді. Осы кезеңді сипаттай отырып, Э. Шпрангер дамудың үш типін атайды. Бірінші тип : жасөспірімдік сыни, жасөспірімдік кезең екінші рет туылғандай бұрқ ете қалады да, қорытындысында жаңа «Мен» деген түсінік пайда болады.  Екінші тип: жасөспірім болашақ өмірге қалыпты,бірте-бірте қоғам түсініктерін меңгереді де, ересек адамдар өміріне қалыптаса бастайды. Үшінші тип: жасөспірім өзінің ішкі қобалжуы мен дағдарысты ерік күш-жігері арқасында өзінің бойында тәрбиелейді де, белсенділік пен саналылық танытады да, қоғам талабын дұрыс орындайды.Э.Шпрангердің айтуынша, бұл кезеңнің жаңа құрылымы – «Менінің» ашылуы,рефлексияның пайда болуы мен өзінің индивидуалдылығын анықтауы. Э.Шпрангер осы жастағы алғашқы махаббат сезімінің ерекшелігіне де назар аударды.Жасөспірімдік кезең 10-11 мен 14-15 жас аралықтарын қамтиды. Алайда, ол психологиялық қарым-қатынас ретінде артқа сырылады. Д.Б.Эльконин [2]бойынша, негізгі іс-әрекет құрбы-құрдастармен қарым-қатынастар болып табылады. Жасөспірімдік кезеңде қарым-қатынас өз бетімен өмір сүретін аймақтар тобына апарылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі – қоғамда өзінің орынын табу, «мәнділікке ие болу» -құрбы-құрдастар ортасында өзін табу. Құрбы-құрдастармен қарым-қатынастар мотивінің динамикасы алуан түрлі: құрбы-құрдастармен бірге болу, бірлесе әрекет ету 10-11 жаста;  ұжымда өзінің ерекшелікке, автономдылыққа ұмтылыс 14-15 жаста байқалады. Жасөспірімдер көбінесе ересектердің пікірін мақтан тұтады,ондай қасиеттердің өзінде болғанын қалайды және бұл қасиет оның басқа адамдармен өзара қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жеткіншек жасындағы  оқушылардың қарым-қатынас проблемасының әр түрлі аспектілерін Л.С.Выготский. Б.Г.Ананьев, Е.И.Головаха,А.Б.Добрович,А.А.Бодалев,  И.С.Кон, Л.А.Петровская, Қ.А Айдарбеков, Т.М.Шалғынбаев тағы да басқа ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап,оны түзету жолдарын ұсынғандар Э.Берн, Дж.Монрено, Д.Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер мен факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін бір жүйеге келтірген. Сонымен қатар «Трансактілік талдау», «Социометриялық талдау», «Ұйымдастырушылық және қабілетті  анықтау» сияқты көптеген әдістемелер жасалған. Мектептегі психологиялық қызметте балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу және оны өңдеу көкейкесті проблема болып табылады. Өйткені бала өзін-өзі анықтаудың күрделі проблемаларын жалғыз өзі шешпейді, ата-анасының, құрбы-құрдастарының, мұғалімдерінің қолдауымен шешеді. Дегенмен,бала жеткіншек жас шағынан бастап өзінің есеюінсезіне бастауымен байланысты үлкендердің қамқорлығын теріс бағалау феномені орын ала бастайды. Олар ата-аналарынан және басқа үлкендерден қарым-қатынасты теңдік негізінде жүргізуді талап етеді. Жеткіншектік кезеңде «ұрпақтар дау-дамайын» туғызатын кездер де болады. Әкелер мен балалар арасындағы  түсінбеушілік олардың өзара қарым-қатынасының қалыптаспағанын және бала өміріндегі әлеуметтік өзгерістерді үлкендердің ескермегенінен туып отырады. Қалыптасып келе жатқан адамның өз ұмтылыс талаптарына себепсіз тежеу қою, авторитарлық жүйеде қарым-қатынас құру отбасында жанжалдар туғызады. Есейген балалардың өз өмірінде орын алған мәселелердің басым көпшілігін үлкен адамдарға тәуелсіз шешу қажеттілігі орын алатындығы психологияда дәлелденген.  М.И.Лисина [3] т.б. ғалымдардың  зерттеулерінде бұл мәселені автономия қажеттілігі және оның түрлері деп белгілейді.Жеткіншектерде көрініс беретін автономия сезімінің келесі түрлері анықталған: мінез құлық автономиясы (жеткіншектердің жеке өзіне қатысты мәселелерді өзі дербес шешкісі келетіні және оған құқының болуы); эмоционалдық автономия (тек педагогтар мен ата-анасының дегенімен ғана емес,өз проблемаларының біршамасын тәуелсіз өзі шешуге құқықтылығы және оны қажетсінуі);  моральдық және құндылық автономиясы(өз көзқарастарының болуына құқығы мен  қажеттілігі және осындай көзқарастарының шын мәнінде болуы).  Эмоционалдық автономияның баланың болашағына тигізетін үлкен терісәсері бар. Жеткіншектерге ата-аналарының бала өмірінде болып жатқан өзгерістерді байқамаған немесе байқағысы келмеген болып көрінеді. Сондықтан олар кей кездері қырсық мінез көрсетіп, болмашы нәрсеге ашуланып, ешкімге сырын айтпай, ұзақ уақыт түйіліп қалуы немесе басқа қырсық мінез көрсетулері мүмкін. И.С.Конның [4]айтуы бойынша, осындай жағдайлар мұғалімдер мен оқушылар арасында  немесе оқушылардың құрбы-құрдастары арасында орын алуы мүмкін. Тәртіп тұрғысынан жеткіншектік кез қиын жас кезеңіне жатады. Бұл кезде баллаға әкеден гөрі шеше жақынырақ болып, әкемен қатынасы күрделінеліп кетулері жиі кездесетінін көптеген зерттеулер көрсетеді.

     Ақыл айту, моральдық нұсқаулар мен құндылық бағдарлар  құруға үлкендердің араласуы саласында жеткіншектер өздерінің автономиялы болу құқығын барынша қорғайды. Кейде ерекше болсам деген талабын тиянақтай түсу үшін әдейі ұшқары көзқарастар айтады. Қанша бас бостандықты іздегенімен, балалар өз бетімен  күн көруге мүмкіншілігі жоқ болғандықтан іс жүзінде ата-анасының ықпалы бұл кезде басым болып қала береді. Балалардың осы кездегі барлық үлкендердің айтқан сөздерін електен өткізгендей сынап,мінеп отыруы,өзінің ересек болғанын дәлелдегісі келгенінен.Сән, талғам,көңіл көтеру секілді бірсыпыра жеңіл-желпі мәселелерде балалар мен үлкендер арасындағы айырмашылық әжептеуір болады. Осы жаста үлкендер сынағанда олардың киіну үлгілері, опа-далапты пайдалануы, жүріс-тұрысы туралы өткір сөздер айтылады. Дегенмен күрделі проблемалар бойынша ой-пікір құрғанда ата-аналардың сөздері, олардың ақылы достарының, құрбы-құрдастарының ықпалын жеңіп кетеді. Олар оқытушылардың білімін, киінуін,олардың басқалармен қарым-қатынасын үлкен сынға бөлеп отырады. Дегенмен олардың өздерінің алдында тұрған барлық проблемаларға терең саяси көзқарастары, дүниетанымының молдығы, кәсіби шеберлігі, оқушыларға дер кезінде қажетті көмек көрсетуге даярлығы мұғалімдердің беделді болуын қамтамасыз етеді. Өйткені бала өзін анықтау,қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгеріп алу,басқа балалар ортасында абыройлы болу,үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады. Басқаларға әсерлі болудың қыр-сырын әлі түсінбеген бала оны дөрекілікпен немесе ерекше қалжыңдықпен көрсеткісі келеді.

   Мінез-құлық мәдениетін меңгерудің қажеттілігін түсінгенімен,ол қандай болуы керек және оны қалай сақтау керек екенін әлітүсіне алмағандығынан балалар көп қателіктер жібереді. Сондықтан қарым-қатынас құруда сауатсыздықты жоюға бірінші  көмекші болатын адам – мектеп психологі. Балаларға ұжым өміріне қатысуы,басқалармен бірге болуы,құрбы-құрдастарының оны қабылдауы,топқа өзін қажет деп сезінуі,онда белгілі бір құрмет пен беделге жетуі осы жас кезеңінде ерекше қажет болады.

     Ұжымдағы статусының төмен болуы жеткіншектерді алаңдатады, оның топтағы психологиялық жағдайы нашар болып кетеді. Оқушылардың сабақта беретін жауаптарына байланысты стереотип педагогикалық процесте мынадай көріністерде болады: мұғалімдер жақсы оқитын оқушыларды жиі  тақтаға шақырады және белсенді түрде қолдап отырады. Ал жаман оқитын оқушыға мұғалім өзінің көзқарасымен,ымдарымен,кейде ешқандай көңіл аудармауымен ол оқушыдан ешқандай жақсылық күтпейтінін түсіндіреді. Оқушы туралы қалыптасқан екінші стереотиптің көрінісі жауап беріп жатқан оқушыға көмектесуінің сипатында орын алады. Мұғалім өзінің үміттерін растау үшін «жақсы» оқушыларға барынша көмек көрсетіп,оның білмей қалған жерлерін білдірмей айтып береді, түсінбегенін түсіндіріп тұрады және басқа да түрде көмектесіп тұрады. Бірақ ол жаман оқитын оқушыны алға тартып,сенім білдіруі сирек кездеседі.

    Қалыптасқан стереотиптің үшінші түрі оқушыларды үлгеруші және үлгермеуші деп сыныптастыруға алып келеді. Мұғалімдер үлгермеуші стереотипіндегі оқушыларға мынадай сөздерді қолдана отырып көп сынайды: «Тағы дайын емессің бе?», «Өмір бойы сен сыныпты артқа тартасың», «Шаршаттың ғой» және т.б. сөздермен сыныптастарының алдында абыройын төгеді.

   Қарым-қатынастың үш жағын зерттеу олардың өзара байланысты екенін көрсетеді.Осы көрсеткіштердің әрқайсысыадамдардың бір-біріне әсер етудің белгілі тәсілдерін анықтайды. Олар: бағыну, сендіру, өзін-өзі иландыру,еліктеу, құмарлану.

   Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында іскерлік қарым-қатынасты ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-бірімен тіл табысқыш, ұйымшыл, басқалардың пікірімен санасу және сыйлау қабілетін қалыптастырады. Психолог осы міндеттерді шешу үшін оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдарын анықтап, әр оқушының басқаларға және өзіне ыңғайлы,жайлы болуына жағдай жасау қажет. Қарым-қатынасы қалыптаспаған оқушылардың арасында бәсекелестік, өктемшілдік көрсету, бір-бірін жәбірлеу орын алған кезде балалардың мазасыздануы жоғарылап, өзгелерге қорқыныш сезіммен қарау орын алады. Мұндай жағдайда оқушылар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін түзету мәселесі өзектіленеді.

   Бұл мәселені талдауға белгілі ғалым В.К.Яров [5] үлкен мағына берген. Ғалым тұжырымы мінез-құлықты диспозициялық реттеу,яғни белгілі жерге орналастыру деп атайды. Осы концепцияға байланысты субьект мінез-құлығына психологиялық реттілік жасау жеке адамның диспозициялық ұстаным жүйесі негізінде анықталынады. Диспозициялық құрылу сатылы жағдайда қалыптасады. Сатының төменгі деңгейінде қарапайым бағыт-бағдар көрсетілсе, екінші деңгейде әлеуметтік бағдар берілуі тиіс. Үшінші деңгейде адам өмірі мақсатындағы құндылық  бағдар жүйесі құрылады және осы мақсаттарға қол жеткізу құралы жасалады.

  Қарым-қатынасты зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, қарым-қатынас  мәдениеті дегеніміз -  адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуға қабілеттілігі.Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасу деңгейін, оның сапасын өлшеп көрсету өте қиын. Өйткені тек қана іскерлік,қолданбалы,тәжірибелік мәселелердің тиімді шешілгені қарым-қатынастың барлық қатынасқан субьектілері оң жағдайда жүргенін көрсетуі мүмкін.Сондықтан іс-шаралар нәтижесі гуманистік, адамгершілікті сақтау негізінде, басқаларға психологиялық қысым көрсетпей жүргізуге байланысты болғанда ғана қарым-қатынас мәдениеті сақталғаны анық байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     Шпрангер Э. Психология юношество. –М.,1924

2.     Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды. – М.,2001.

3.     Лисина М.И.  Личность. –М.,1991.

4.     Кон И.С. Психология старшеклассника. –М.,1980

5.     Яров В.К. Развивающийся мозг.-М.,2001

 

 

 

 

Резюме:

 

В данной статье расматривается формирование культуры общение между подростками.

 

 

Summary:

 

This article discusses the creation of a culture of relationships between teenagers.