ТІЛДІК
ҚАТЫСЫМНЫҢ ОҚУШЫЛАРДА ДАҒДЫ МЕН БІЛІКТІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛ ЕТУІ
Молдабек
Қ.-п.ғ.д.,профессор,Кенжебекова Р.И. -п.ғ.к.,доцент,
Жаулыбаев Ж.-п.ғ.к.
Қазақстан
инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы
университеті Шымкент қ.Қазақстан
Резюме
В
статье рассмотренны вопросы влияния речевой коммуникации к формированию повышения навыков и умения у
учащихся начальной казахской школы.
Орта буын
оқушыларының оқу материалдарын жоғары теориялық
деңгейде оқи алатынына ғалымдардың мектептерде
жаңа бағдарлама бойынша жүргізген зерттеулерінің
тәжірибесі мен нәтижелері дәлел болып отыр. Дегенмен зерттеу,
тексеру жұмыстары жаңа бағдарлама бойынша Орта буын
оқулықтарында берілген материалдарды жақсы игеру
жұмысының барлық жерде бірдей нәтижелі жүріп
жатпағандығын айқындауда. Көптеген мектептерде
теориялық білімі мен практикалық дағдысы, икемділік
шеберліктерінің арасында алшақтың байқалады.
Біздің ойымызша, мұндай жағдай оқулықтар мен
оқу құралдарындағы тапсырмалардың қажетті
мөлшерде еместігінен, тілінің күрделілігінен туындаған
және оларға өзіндік жұмыстарды орындау дағдысы
мен икемділігін үйрететін, танымдық қызығушылығын
және қабілетін дамытатын тапсырмалардың болмауы да
әсерін тигізген. Оқулықтардағы әр оқушыдан
өздігінен бақылау жасап, мысал
келтіре салатын, салыстырып жатқан құбылысын
ұқсастығы мен ерекшелігін топтастыратын түсініктер,
заңдар мәнін сипаттайтын мәнді белгілерді тауып
анықтайтын мысалдар аздық етеді. Сонымен бірге оқу
құралдарында білімді жетілдіруге, жаңа тақырыпты
өтіп жатқанда өтілген материалды қайталап
окушылардың дағдылары мен икемділіктерін арттыруға
арналған тапсырмалар аз. Сондықтан жаңа
бағдарламаға сәйкес оқыту әдісін жетілдіруге
көшу оқу процесіндегі сабақты оқушылардың
өзіндік жұмысын нәтижелі ұйымдастыруға
ықпал ететін жаңаша оқу құралдарын
қолданумен тығыз байланысты. Бұл үшін мынадай
жағдайлар:
а)
оқушыларды жаңа білімге дайындау кезеңінде оларға
тілдік фактілерді топтау процесінде өздігінен жұмыс істей
алудың;
ә)
тілдік қатысым барысында игерілген білім жиынтығынан
анықтамаларды келтіре алуға дайын болудың;
б)
жаңа материалды жоғары деңгейде түсініп
ұғыну үшін қажетті тілдік қатысым дағды мен
икемділіктің жоғарылап отыруына ықпал етудің;
в)
қатысым арқылы жаңа материалдармен таныстыру процесінде
әр
оқушының
танымдық қызметін белсенді ету үшін жаңа
теориялық мәселелерді қабылдап, ой елегінен өткізуге
көмек көрсетуді бақылау дағдысын үйретудің
маңызды белгілерін тауып алудың, өздігінен
іздену нәтижесінде жаңа түсінік, ережелерге
сай қорытынды жасай
білудің, өздерінің
практикалық қызметтерін жүргізіп отыруды
үйретудің қажеттелігі
ескерілуі керек. Себебі,
оқушыларда оқуға деген түрткінің болмауы
оқу жұмысына деген немқұрайлықтың туу себебі
болуы мүмкін, осыдан барып оларда тапсырмаларды атүсті орындай салу
дағдысы қалыптасады. Егер де осындай түрткі болса,
оқушылардың өтілетін материалдарды игеруге
құлшынысы оянып, есте
сақтау қабілеттері белсенді қызметте болады.
Әдіскер
ғалымдардың оқушылардың оқуға деген
енжарлығын тудырмау мақсатында олардың оқуға
қызығушылығын арттыруға түрткі болатын
түрлі әдістерді қолданып жүргені белгілі. Мысалы, көптеген
ғалымдар баланың оқуға деген
қызығушылығын арттыруда тапсырманың мақсаты
айқын болуы керек десе, А.Г.Байбуртян балалардың оқуға
қызығушылығын арттыру мақсатында: «Чтобы разнообразить
на уроках приемы и методы работы, мы рекомендуем использовать на уроках
диафильмы, грампластинки, магнито запись. Чтобы детям было
интересно, принято и легко учиться мы предлагаем в качестве ведущей
деятельности игру», - деп [1], түрлі
әдістерді қолдану қажеттігін айтады.
Оқулықтың қызметі
балалардың оқуға деген қызығушылығын
арттыруда ғана емес, сонымен қатар оқушылардың
өзін-өзі тексеруіне, түрлі тапсырмаларды жеңіл орындауына
септігін тигізуімен бағаланады десек, кешенді оқу
құралдарының басты қызметі -
оқулықтағы материалдарды толықтай өтіп,
оның сенімді болуын қамтамасыз ету. Ал бұл балалардың
оқуға деген ықыласының артуына ықпал етеді.
Ю.К.Бабанский оқу
құралдарының оқыту процесіндегі орны мен қызметін
атай отырып: «Основным назначением учебных комплексов является всемерное
содействие повышению эффективности и качества деятельности учащихся
учебно-воспитательном процессе», [2] - деп, баланың білікті білім алуына оқу құралдарының
септігі көп екендігін айтады. Бұл пікірді М.Н.Борисова, А.И.Грекул,
Е.В.Котоктар да қолдайды. Олар: «Учебно-методический комплекс это
совокупность средств обучения, предназначенных для ученика и для учителя,
органически включаемых в процесс обучения, использующих не случайно и
изолированно друг от друга, а в определенной системе, взаймосвязанно и
взаимообусловлено» [3;69] деп, оқу құралдарының бір-бірімен байланыса
отырып, бүкіл оқыту процесін қамтитындығын атап
көрсетеді. Мұндай кешенді оқу құралдарының
әрбір компоненті бір-бірімен тығыз байланыста болуға
міндетті. Байланыссыз жасалынған оқу құралдары кешенді
оқу құралдарын құрай алмайды. Сондықтан
оқу процесінде оқушылардың білімі мен тәрбиелілігін
жетілдіруде кешенді оқыту құралдарының пайдалылығы,
оң мағлұмат берерлік компонентерінде. Сол себепті М.Н.Борисова, Н.И.Грекул, Е.В.Коток: «Следовательно, учебник в
совокупности с различными невзаимосвязенными средствами обучения, используемых
изолированно друг от друга, представляют лишь набор средств, а потому и не
является компонентами единого комплекса», -дейді [3;69].
Әдістемелік әдебиеттерде «кешенді
оқу құралдары»-«учебный комплекс» терминдерін «кешенді
оқу-әдістемелік
құралдар» «учебной
методический комплекс» деп те атап
жүр, бірақ «Мектеп оқулығының проблемаларында бұл терминдердің арасы ашып көрсетілген.
«Учебный комплекс представляет собой систему дидактических средств обучения по
конкретному предмету (при ведущей роли учебника) создаваемую в целях наиболее
полной реализации воспитательной и образовательной задачи, сформулированных
программой по этому предмету, применительно к личности учащихся. Учебному
комплексу создаваемому для учащихся, Учебному комплексу создаваему для учащихся, соответствует
учебно-методический
комплекс,
включающий в себя (помимо учебного комплекса) целенаправленный комплекс пособий
учителя данного предмета» [3].
Ғалымдар кешенді оқу
құралдарында оқулықтың басты қызметін атап
көрсете отырып, кешенді оқу құралдарының
компоненттерін әрбір әдіскер өзінің әдістемелік
ізденуіне байланысты түрлендіріп отыратындығын айтады. Мысалы, Ф.Ш. Оразбаева оқулықтың оқу процесінде басты ядролық
қызмет атқаратынын, дегенмен оның оқытудағы
жалғыз құрал еместігін, оқыту құралына
енетін барлық құралдардың бір-бірінен алшақ
жеке-дара тұрмай, белгілі бір байланыста болуы қажеттігін
дұрыс ескерткен.
.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Байбуртян Н.А. О принципах учебников русского языка как второго для
начального этапа обучения. // Научные традиции и новое направления в
преподавании русского языка и литературы: // Международный конгресс МАПРЯЛ: Сб. резиств. Круглый стол № 1.
Русский язык в современном мире. – Будапешт, 1986. – с 74 – 86.
2.
Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения. Общедидактический аспект. –
М.: Педагогика, 1977. – 252 стр.
3.
Борисова М.Н. Грекул А.И. Коток Е.В. Содержание и структура
учебно-методического комплекса по русскому языку (для начальных классов) В кн.:
Проблемы школьного учебника. – М.: Просвещение, 1975, вып. 6. 69-91 с.
4.
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005.
– 272 б.