Рахметова Ақгүл Жәрдемқызы

І  санатты, I деңгей бойынша сертификатталған бастауыш сынып мұғалім

№ 46 ЖОББМ, Орал қаласы

Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін?

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатырса – бұл ұстаздар еңбегі. «Мұғалім – мектептің жүрегі» демекші, оқушыға білім нәрін себуші жүректің қызметі сапалы болса, жемісі де шырынды болмақ. Қазіргі заман талабына келсек, ұстаз алдында тұрған жүк ауыр десек те болады. Оның қызметін тұтастай адамтану ғылымы деп алсақ, бұл ғылым адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу шеберлігімен көрінеді.

Ұстаздың жан-жақтылығы, үнемі ізденіс пен шығармашылық жолындағы талабының болуы шәкірт жүрегіне бірден-бір жол салады. Ондай ұстаздан шығармашыл, құзіретті және жаңа үлгідегі  мұғалім күтіледі.Ал жаңаша мұғалім тәжірибенің өзгеруіне, яғни білімнің өзгерісіне талпыныстағы ұстаз. Осы үлгідегі өзгеріске бағытталған ұстаз келбеті менен де табылу керек екенін түсіндім.

Алайда өзгерісті енгізу үшін не істеу керекпін деген сауалға жауап табуда І бетпе-бетте оқыған теориялық білімдеріме сүйендім. Мектебімізде І,ІІ, ІІІ деңгейлі сертификатталған мұғалімдер жұмысымның бірізді жүзеге асуына ықпал етті. Алдымен әрине  мектеп директорымен жүздесіп, жалпы курс бойынша жүргізілуге  қажет жұмыстар туралы мағлұмат бердім. Содан кейін ғана ақпараттық семинар өткізуді жоспарладым. Себебі мақсатым мұғалімдердің көзқарасын өзгертіп, жаңалыққа  қызықтыра білу еді.

Әр нәрсе сөз арқылы емес, көрсету арқылы есте қалады. Сондықтан да мектебімдегі тәжірибемде қандай әдіс-тәсілдерді қолдану қажет екендігін жоспарладым.

«Мұғалімнің кәсіби дамуы-білімді жаңарту негізі» тақырыбында деңгейлікте оқып жатырған әріптесіммен бірге ақпараттық семинар ұйымдастырдым. Өзіме көмек ретінде фокус-топ құрып,мектептің дамыту үдерісін іске асыру  үшін жүргізілген зерттеулерден соң нақты не істейтінімді әріптестеріммен жоспарлап алып, оларды іске асыру  әрекетіне  көшу керектігін түсіндім. Алғашқы мектеп жоспарына  «Оқыту мен оқуда сыни тұрғысынан ойлау мен жазу дағдыларын дамыту арқылы сыныпта тиісті орта орнату және   білім  сапасын көтерудегі тиімділігін» мектеп тәжірибесіне енгізуді басымдылыққа алдым. Жоспарды топ мүшелерінің ортақ пікірлерімен келісіп, топтық жұмыстың не екенін дәлелдеп, одан күтілетін нәтижелерді анықтадым.

Мектептің дамыту жоспарын зерттеу арқылы жұмысымданеліктен, қалай және не істеу керектігін сараладым. Басымдылық негізінде бағыттарды анықтап, смарт мақсатына салдым. Себебі алынған жоспарлы жұмыстар шынайы, қолжетімді, уақытқа шектеулі, нақты түрде орындалу қажет екендігін  ұғындым.  

  Барлық жұмыс түрі ретімен орындалу үшін төмендегі бағыттарға сүйендім.

1.      Күнделікті сабақ үдерісіме топтық жұмыс жүргізуде жаңалық, өзгеріс енгізу. ҚМЖ және ОМЖ –ны нақты жоспарлау.

2.      Оқушыларды зерттеу мен мұғалімдермен тығыз байланыс орнатуда LessonStudy өткізу.

3.      Әріптестерімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруде коучинг ұйымдастыру.

4.      Жан-жақты толық ақпарттармен, іс-тәжірибеммен ой бөлісіп, жинақтауда желілік қоғамдастық  құру, жұмыстану.

Жоспарды іске асыру мақсатында өзіме тәлім алушы мұғалім мен коуч мұғалім  таңдап алдым. Оларға жеті модульді талдап, әр модульді жеке қарастырып, жете түсіну үшін тапсырма беріп отырдым. Олармен тақырыптарды уақытылы талдауда бірқатар кедергілер болды. Дегенмен, бірлескен топтық жұмыс жүйелі жүргізілді. Тәлім алушы мұғалімге үлгі ретінде тізбектелген жаңа топтық үлгідегі сабақтарды қазақ әдебиетінен бердім. Тәлім алушының сабағына қатысу арқылы проблема анықтап, сол проблема көлемінде коучинг өткіздім.

 

 

 

 

 

 Бірінші коуч сессиямның тақырыбы «Диалогтік оқыту–оқытудағы жаңа тәсіл» .Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, диалогтік оқытудың  білім берудегі тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру және түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру мақсатын көздедім.

Міндеттері:

1.        Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады;

2.        Оқу үдерісіне тиімді тәсілдерді енгізеді.

Күтілетін нәтиже:

- тәжірибеде қолдану арқылы оқу,оқыту үдерісінде оқушылардың бірлескен әрекеті, белсенді қарым-қатынас қалыптастыра алады; 

- пікір алмасу, талқылау, зерттеу барысында  оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға мұғалім түрткі болып отырады .

Сабақта туындаған негізгі идея:

     Диалог-оқушылардың  оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
Коучингті «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар, ал өзім істесем үйреніп аламын» деген ұлы ойшыл Конфуцийдің сөзімен ашып, тренинг жүргіздім. Әрбір үш топқа Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгіменің үш түріне қарай тапсырмалар берілді. Соңында зерттеушілік әңгіменің ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жетуде табыстылық басымдылығы айқындалды. Не үйретті, қалай үйретті, неге үйретті сызбасын топ мүшелері толтырып, кері байланыс жүргізілді. «Бәрі өз қолыңда» видео ролигімен қорытындыланды.

       Негізгі проблема ретінде сабақтастық мәселесіне де жөн деп санадым. Себебі бастауыш буын мен орта буын арасындағы сабақтастықтың мардымсыздығы әріптестеріммен сұхбаттасу барысында анықталды. Сол себепті екінші коучингім сабақтастыққа бағытталды.

«Сабақтастық – мектеп жүйесін жетілдіру негізі» тақырыбында өткізілген коучингімнің мақсаты оқыту түрлерінің біртұтастығын  ұйымдастыруда негіз бола алатын  үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын қолдана білу ерекшеліктерін дамыту болып табылды.     

Күтілетін нәтиже:

Оқудағы сабақтастық - оқу-тәрбиелеу үрдісінің кезеңдері мен сатыларының келістіруі мен байланысы, оқу материалының орналасуының жүйелілігі мен бір ізділігі. Мұғалімдер жыл сайынғы өзекті болып табылатын сабақтастық мәселесін шешудегі оңтайлы әдіс-тәсілдерді табу үшін постерде парасатты және достық кірпіші мен тапқырлық шатырын қолдану арқылы өз мектебінің өзгеріске бағытталған моделін шығарып, сабақтастықты нығайтудың жолдарын өздері іздеп тапты. Кері байланыста әрбір мұғалім өз ойын эссе арқылы берді.

Коуч-мұғалім өз тарапынан проблеманы анықтауда біріге отырып, «Оқыту  мен оқудағы көшбасшылық» және «Сабақ барысында дарынды, талантты оқушылармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында коучингтер өткізді.

Алға қойған мақсаттары:

1.      Оқыту мен оқу үдерістеріндегі маңызды проблемалар мен құндылықтарды зерделеу арқылы инновацияға негізделген диалогтік үдерісті қалыптастыра отырып, көшбасшылыққа  жетелеу.

2.      Талантты және дарынды балалармен жұмыс түрлерін мұғалімдердің іс-тәжірибесінде тиімді  жүргізуді үйрету.

         Тәлім алушылардың өткізген коуч сессиялары қатысушылар көңілінен шығып,қызығушылығын тудырды. Фокус-тобымен  бірлесіп,  коучинг жоспарын құрды.Коучинг жоспарына жеті модульді,оқыту мен оқудағы бағалаудың түрлері,тізбектелген сабақ жоспары,ОМЖ,ҚМЖ  құру жолдарын үйретуді жоспарладым. Алдымен орта мерзімді тізбектелген сабақтар жоспарын құрып алып, жоспарға өтілетін сабақтар тақырыптары, оқып үйренудің негізгі мақсаттары, қолданылатын әдіс-тәсілдері, жеті модульдің элементтері енгізіліп, сергіту сәттерінің түрлері, ресурстар, атқарылатын іс-әрекеттер, қолданылатын бағалау түрлері, өтілетін уақыты енгізілді. Әр сабақ тақырыбына ҚМЖ жасалды, оған барлық атқарылатын іс-әрекеттер толығымен түсіндіріліп жазылды. Сабақ 45 минутқа жоспарланды. Тізбектелген сабақтарымда фокус – тобымен «Lesson study» зерттеу әдісін жетекшілік ететін   2 «Д» сыныбынажүргізу жоспарладым.

     «Lesson study» зерттеу әдісін қолданып, оқушыларды зерттеу үшін математика, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті  пәндеріне жоспар құрылып, зерттеу жүргізілетін А,В,С деңгейдегі оқушылар таңдап алынды. А деңгейдегі оқушы  өте жақсы оқиды,бірақ стандарттан тыс тапсырманы өз бетінше орындамайды, В деңгейдегі оқушы  жақсы оқиды ашық, С деңгейдегі оқушы  орташа оқиды тұйық,  қызығушылығы төмен.Алғашқы зерттеуден кейін талдау жасалды. Алайда таңдалып алынған А, В, С деңгейіндегі оқушыларда айтарлықтай өзгеріс байқалмады. Сол себепті оқушылардың қабілеті мен деңгейіне қарай тапсырма түрлерін түрлендіруді көздедім. Зерттеуден кейін парақтар толтырылды және сабақ соңында талдау жүргізілді. Дегенмен өзімнің тәжірибемде сәтсіз шыққан сәтім осы «Lesson study» зерттеу әдісін қолдану деп айтқым келеді. Себебі парақтар толық толтырылмай, өзімнің жұмыстануыма тура келді.«Lesson study» зерттеу әдісін қолдану арқылы А деңгейіндегі оқушының математикаға қабілеті, В деңгейіндегі оқушының қазақ әдебиетінен сөздік қорының молдығы мен өлең шығаратын қабілеті, С деңгейіндегі оқушының сурет салуға қабілеттері анықталды.

     Джеймс «Оқушы табысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі болып табылады» деп атап көрсеткендей, мұғалімдер білім алатын кәсіби мәдениетті жүйелі түрде дамытуға жұмыстануда.Оқыту мен оқудың үздік әдістерін меңгермей, сапалы білім беру мүмкін емес. Өйткені оқушы ғана емес, мұғалім де үнемі жетіліп отыру қажет .Табысқа қол жеткізуде ойлану қажет. Ал, біздер көп ойланудан гөрі жаттанды біліммен шектелеміз. Бұл бағыттан өзгеру үшін мұғалімдерден үздіксіз оқуын жалғастыруы талап етілуде.Мұғалімдермен жүргізілген коучинг, тәлімгерлік барысында әріптестерім  үздіксіз оқу әрекетінің бір үлгісін іске асыра алатындығына көз жеткізе алды.

 Тәжірибе кезіндегі тәлімгерлікте тәлім алушым сабақтың жоспарына SMART мақсат пен күрделі сұрақтар қоюды, оқушылардың өздігінен қол жеткізе алмайтын  оқуды «Жақын арадағы даму аймағында» қарастыруын меңгерді. Ең бастысы өзіне-өзі көмектесуіне бағыт алды. Біз бірге жоспарлаған тәлімгерліктің табыс критерийі-өзара сенімділік аясында тәлім алушының мүмкіндіктерін ашуға көмектесу еді, оған қол жеткіздік деп ойлаймын.

Өз мектебімізде шектелмей мектепті өзгерту, дамытуда желілік қоғамдастық жұмысы да орындалды . Қоғамдастық аясындағы  жұмыстар  коучинг, дөңгелек үстел, презентациялық таныстырылым, шеберлік сыныбы, брифинг, кәсіби әңгіме  түрінде 6 мектеп аарсында бірлесіп атқарылды.

       Қаламыздағы  № 36, № 41, № 44, № 44, Макаров ОЖББМ, Алғабас   жалпы орта білім беретін мектебінің  көшбасшы мұғалімдерінің қолдауымен желілік қоғамдастығы құрылды.Бірлесеп келісіп, қоғамдастықтың  бағдарламасын, мақсат, міндеттерін анықтадық.  Семинар барысында тәжірибе алмасу, ой-пікірлерді түйіндеу,зерделеу жұмыстары жасалды.Осы семинар жұмысына әкімшілік , мектеп ұжымы, деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған әріптестеріміз, коуч-тәлім алушыларымыз тартылды.

         Өзімнің  «Мектептегі тәжірибе» кезіндегі мектептің даму жоспарын жасауда басымдық берген «оқыту мен оқуда сыни тұрғысынан ойлау мен жазу дағдыларын дамыту арқылы сыныпта тиісті орта орнату және   білім  сапасын көтерудегі тиімділігі» бойынша жұмыс түрін тәжірибеге енгізудегі  мақсатым коучинг пен тәлімгерлікте де жалғасын тапты. Мен неге сыни тұрғыдан ойлау мен жазу дағдысын дамыту арқылы білім сапасын көтеру тиімділігн  таңдадым? Өйткені кіріс сауалнамасынан кейін мұғалімдерге, ата-аналарға аралық сауалнама жүргізілді. Мұғалімдерге жүргізілген аралық сауалнамаға 25 мұғалім қатысты.  Cауалнама нәтижесі  бойынша, мұғалімдердің 70 %-ы сабақ үдерісіне өзгеріс қажет десе, 50%- ы топтық жұмысты тиімді деп санап, қолданатындықтарын көрсеткен. Яғни мектепті дамыту жоспарындағы басымдық бойынша бағытталған жұмыстарымдағы іс-әрекеттерде соның ішінде коучинг сессиялары мен жеті модульді ықпалдастырған тізбектелген сабақтарда, тәлімгерлік үдерісінде бастапқы деңгейге қарағанда көзқарастарының өзгергендігі, мұғалімдердің сыни ойлауда өз әрекеттеріне міндетті түрде кері байланыс жүргізе білгендері алғашқы қадамның сәтті жасалғандығын көрсетеді. Оқушы тарапынан өз ойларын еркін, ашық айтуға, топпен жұмыс істеу, өзін-өзі бағалау  әрекеттері қуантатын жайт. Себебі сыни тұрғыдан ойлау мен жазу стратегияларын сабақтың барлық бөлігінде қолдануға болатыны жөнінде  пікірлер коучинг пен тәлімгерлік барысында анықталып, талқыланды. Алайда қазіргі кездегі қиындық тудырып отырған жағы технологияның стратегияларын сабақ үрдісінде тиімсіз қолданып жүргендігіне  әріптестерім келісті. Сонымен осы жағын өзгертіп, түзетуді жолға қойып, алғашқы қадамдарын жасады. Мектептегі тәжірибе кезіндегі барлық әрекетіміз топтық жұмыс барысында жүргізілді. Нәтижесінде бәрінің сәтті болуы да міндетті емес. Ең бастысы сол қателікті мойындап, дер кезінде түзете білу. Сол сияқты сәтті, сәтсіз тұстарымыз болғанын да топ арқылы анықтадық. Анықтау  арқылы әріптестерді қызықтыра білдік, басқаша жұмыс жасауға бағыттадық. Сондықтан да топтық жұмысты оқытудың жеті модулімен кіріктіре отырып, «оқыту мен оқуда сыни тұрғысынан ойлау мен жазу дағдыларын дамыту арқылы сыныпта тиісті орта орнатуды»мектептің  даму жоспарына енгізсек, оқыту мен оқуды жақсартуда білім сапасын көтеруге, нәтижеге  қол жетізуге болады. Теориялық білімімді тәжірибеде пайдалана отырып, болашақта да мектептің дамуы үшін тиімді тәсілдерді қолдану жолдарын қарастырып, оған мектептің барлық мүдделі топтарын тарту бағытында жұмыс жасауға болатынына көзім жетті. Майя Аджелоудың  «Барлық ұлы жетістіктер уақытты талап етеді.» деген сөзімен қорытындылағым келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. Бірінші  деңгей 2014 ж

2. Дәріс материалдары

3. «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журнал № 4 (6), 2013 ж