Заң ғылымдарының магистрі Абенова Г.А.

Инновациялық Еуразия университеті, Қазақстан

Парақорлық қылмысының тарихы және Қазақстан заңнамасындағы алатын орны

 

 

Қылмыспен күресу және оның алдын алу жалпы мемлекеттен, жекелей құқық қорғау органдарынан ұтқыр талап күтедi. Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында қолданыстағы заңдар нормаларын қылмыс, сыбайлас жемқорлық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаyға тiкелей немесе жанама түрде жағдай тyғызушы aлғы шарттарды анықтау мақсатында нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына криминологиялық сараптама енгiзyдi icкe асыру жолымен жетiлдiру қажет деп көрсетiлrен. Coнымен қатар, қылмыстық ic жүргiзу заңдарын одан әрі жетілдірудегі негізгі мақсаты – қылмыстық іс жүргізудің адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бaғытгaлған түбегейлi принциптерiн одан әрі дәйектi iскe асыру болып табылады. Іc жүргiзу заңдарын жетілдірудің өзектi бaғыттарының бiрi – істі сотқа дейiн дайындау кезеңінде рәсiмдердi жеңiлдету болып табылады деп көрсетiлген. Әрине, бұл құбылыспен күресу үшiн бiр ғaнa заң шығару процесін реттеу жеткiлiксiз. Сондықтан, тергеу, анықтау органдары қылмыспен күресуге, ашyға, оның алдын aлyға бaғытгaлған ғылыми әдістемелік тұрғыда негiзделген криминалистiк нұсқауларды қажет етедi.

Парақорлықпен күресуде, оның құрамын анықтаудaғы ең біріншісі, қоғамға қаyiптi әрекетті жасаған орталық фигура, сезiктi немесе айыпталушыны анықтау болып табылады. Содан кейiн оның кiнәciн айқындау және қылмыстың оқиғамен байланысты басқа да мән-жайларды анықтау қажеттiгi туындайды.

«Парақорлық» деген пәленiң етек алып кеткенi рас. Басында «Осыған душар еткен, дәу де болса, нарық шығар» деп ойладық. «Бақсақ - бақа екен» демекшi, бұл дерт баяғыдан келе жатыр екен. Бiрақ қазақтар оның атын пара демейтiн. Асылы параны қазақтың қанына жұқтырған көршiлес орыс ағайын болса керек. Парақорлық құбылысымен тарих өте ертеден танысқан. Аристотельдің өзі айтқандай: «Билік басында ең маңыздылығы – лауазымды тұлғалардың пайдакүнемдік мақсатын істей алмау үшін заң мен басқада тәртіптер арқылы істерді дұрыс шешу қажеттілігі». Парақорлық туралы көне заманғы римдік 12 кестеде, Көне Русьта митрополит Кирилл «пара-сыйлықты» ішімділік пен сиқырлы істер жасау қылмыстар түрлерімен қоса айыптады. «Өлiм жазасына да «бас имеген» парақорлық» демекші мәселен, пара алғаны үшiн ең алғаш көпшiлiк алдында жаза қолдануды Иван Грозный жасапты. Ол iшiне ақша толтырылған қуырылған қазды алғаны үшiн дьяктың алдымен аяғын, сосын қолын кесiп, ең соңынан барып басын алған екен.

Ш. Монтескье анықтаған: «... көптеген ғасырлар тәжірибесі арқасында, әрбір билігі бар адам оны бұзуға бейімделген және ол бұл бағытпен соңғы шегіне жетпегенше дейін тоқтамайды». Парақорлық қылмысының көрінісі тоталитарлық мемлекеттермен қоса демократиялық режимі бар, сонымен қатар экономикасы мен саясаты онша дамымаған елдерде де кездеседі. Парақорлық көрінісі кездеспейтін бірде-бір ел жоқ екені баршаға мәлім.

Адамзат парақорлық құбылысымен ең бірінші рет көне заманнан бастап қазіргі уақытқа дейін күресіп жатқаны баршаға мәлім. Мысалға алсақ, парақорлық туралы ескертулер көне Вавилон клинопистерінде кездеседі. Біздің заманымызға дейін үшінші мың жылдықтардың ортасына жататын шифрленген мәтін бойынша шумерлік Урукагин ханның алдында шенеуніктер мен соттардың заңсыз сый ақыны алудың алдын алу проблемасы қарастырылды. Осындай сұрақтармен Египет хандары күрес жүргізген. Археологоиялық зерттеулер арқасында көне құжаттар табылды, оның ішінде Христос туылғанға дейін 597-538 ж.ж. вавилондардың еврейлерді құлшылыққа алғанда Иерусалимде жаппай жемқорлық құбылыстары болып жатқаны туралы айтылған. Парақорлық мәтіні библияда да кездеседі. Көптеген авторлар ол туралы жаманшылық және зияншылықпен айтқан. Мысалы, библияның бір кітабында Сирахов әкенің өз баласын дұрыс жолға қою сөздері айтылған: «Біреудің айтқанына мән бермей өз айтылған сөзіңе ие бол... Алушылыққа сенің қолын ешқашанда бейім болмасын... Жамандық істеме, сонда ғана жамандық сені тиіспейді; өтіріктен алшақ бол, сонда ол сені жете алмайды...» Библиялық қоғамға сол уақыттың өзінде-ақ парақорлықтың фактілері өте таныс болғанын байқаймыз.

Антикалық дәуірде де парақорлықтың көрінісі және өркендеуі орын алды. Оның бұзушылық әсері Римдік империяның құлдырауына әкеп соқты. Кейінгі батыс – еуропалық кезеңінің тарихында жемқорлық қатынастары көптеп орын алып жатты. Оның қоғам істерінің өмірінде болғаны туралы тарихи құжаттарда ғана емес, сонымен қатар көптеген көркем әдебиеттерінде де көп кездеседі, мысалы Чосердің («Кентерберийлік оқиғалар»), Шекспирдің («Венециалдық саудагер», «Көз бе көз»), Дантенің («Тозақ» және «Тазалаушылық») еңбектерінде орын алды. Осылай Данте парақорларды тозақтың ең қараңғы және төменгі шеңберлеріне орналастырған. Тарихпен айтылған автордың парақорлықты жек көрушілігі саясаттың әсерінен болған, өйткені Данте Итальяндық республиканың күйреуіне және қас саясаткерлердің алға шығуы пара-сыйлықтың арқасында болған деп есептейді.

Көптеген батыс ойшылдары парақорлық құбылысына көп көңіл аударған. Оның қайнарларын Николло Макиавелли де зерттеген. Былай қарасақ оның бұл проблемаға сол уақытта көзқарасы қазіргі күнге дейін актуалды болып есептеледі. Үлгі ретінде ол парақорлықты құрт ауруымен салыстырған және бұл туралы былай деп айтқан: «ең басында оны ажырату қиын болғанымен, оны емдеу жеңіл болады, ал ол ұзақтанып кетсе, оны ажырату жеңіл болғанымен, оны емдеу қиынға соғады». Былай қарасақ жай айтылған сөз, бірақ қазіргі жемқорлықтың Қазақстанда және бүкіл әлемге таралуына нағыз баға береді. Ресейде пара-ақы (лихоимство) күрт таралғандықтан бірінші Петр 1713 жылдың 25 тамызында лихоимдерді заңдылыққа бағындыру үшін өлім жазасына кесу туралы Жарғы қабылдады. 

Бірінші Николай императорына жазылған 1827 жылдың тамызына жататын «Бұл қылмыстылықты жою үшін пара-ақы (лихоимство) туралы заң және алдын алу ережелер Жоғарғы бекітілген Комитеті қарастыру үшін құжатты» берген. Бұл құжатта жемқорлық қатынастарының таралуының себептері қарастырылып, жемқорлық сипатын жіктеп және бұл құбылыспен қарсы шығу шаралары көрсетіліп жазылған. Жекелей түрде алсақ, мұнда былай айтылған: «ашық жүректі адамдарың аздығы», «олардың алуға биімділігі», шенеуніктер жалақыларының төменділігі әсерінен «өзін дұрыс күте алмай, сонымен қатар өмірлік игіліктерді жүзеге асыра алмауына, өз балаларын дұрыс білімге бейімдей алмауына әкеп соғады және олар тек қызметтің кішкене берген көмегіне және қызын ұзатып жатқанда ғана кішкене сый ақыға ие болатындығы» туралы айтылған. Бұл билік басында отырған тұлғаға пара-ақыға жол беруіне әкеп соғады. Парақорлықтың объектісінің әртүрлілігі де өте қызықты. Олар әр түрлі болады: сыйлықтар, уәделер, өз қызметін көрсету, соттардың әрбір ұнаған затын білу үшін таныстарды іздеп соларды іске қосады, егер өзін сатып алуға үлгере алмаса онда оның туыстарын жақындарын сатып алуға бейім болады. I Николай да құпия полицияға өз қол астындағы 58 губернатордың қайсысы пара алатынын анықтауды тапсырыпты. Сонда 58 губернатордың 56-сы парақор болып шыққан. Алайда патшаны таң қалдырғаны алатын 56-сы емес, алмайтын 2-i екен. Оның бiрi киевтiк Фундуклей, ал екiншiсi – Радищев. Өйткенi алғашқысы өте бай адам, екiншiсi атақты «Петербургтан Москваға саяхаттың» авторы Радищевтiң баласы болатын. 

Ал ендi Петрден кейiн парақорлық үшiн өлiм жазасын 200 жылдан кейiн барып В. Ленин қайта енгiздi. Бiраз парақорларды қан қақсатқанымен, жалпы алғандағы жағдайды жөндей алмады. Бұдан бес жыл өткесiн, яғни, 1927 жылы өлiм жазасы алынып тасталды. Кейiн Хрущевтың заманында 1962 жылы парақорлық үшiн өлiм жазасы қайта енгiзiлдi. Бiрақ бұл жай ғана көзбояушылық едi. Шын мәнiнде парақорлық, жемқорлықпен күресте өлiм жазасы ештеңенi де шеше алмайды. Керiсiнше, бұл шара қылмыстың құпиялана түсуiне ерекше ықпал етті. Бұдан шенеунiк не рухани дүниесi бай, өмiрдiң өткiншiлiгiн, ақшаның, халықтың көз жасынан жырылып алынған ақшаның опа бермейтiнiн түсiнетiн адам болғанда ғана, қанағатшыл болғанда ғана алмайды деген де қорытынды шығаруға болар едi. Алайда ондай адам қазiргi қоғамда салыстырмалы түрде адамнан гөрi перiштеге көбiрек ұқсас болар едi. Ал пенденiң перiште-ғұмыр кешуi өте азапты iс.

И.В. Сталин билік жүрігізіп жатқанның өзінде-ақ жемқорлық тапшылығы жойыла қойған жоқ, бірақ сталиндік социализм моделі жемқорлықтың аз болғандығын айтады. Бірақ саясат және экономикалық террордың негізінде болған тоталитаризм басқада елдерде (классикалық мысал ретінде гитлерлік Германия) жемқорлық құбылысы аз болғанын ұмытпауымыз керек. Социализм дәуірі аяғында парақорлықтың кең алқапқа жайылуы туралы сот процестердің құжаттамасы мен 1970-1980 ж.ж. болған ақпараты ғана емес, сонымен қатар 1990 жылды болған зерттеулер куәландырады. Мұның негізінде ең көп алатын олар шаруашылық субъектілердің материалдық-техникалық қамсыздандыруды және қаржы қызметін атқарушы құрылымдар, ішкі экономикалық қатынастар, тауар бөлу аясындағы қадағалау мен ұйымдастыру бөлімшелері және халыққа әлеуметтік көмек көрсету ұйымдары болған.

Пара деген пәленiң құдiреттiлiгi сонда, құдайға анық iстердiң өзi көзiңдi бақырайтып қойып, қалталының пайдасына шешiлiп жатады. Ал сорлайтын сол баяғы қара халық. Айтайық дегенiмiз, бiздiң елдегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес дұрыс жүрмей жатыр деген пiкiр емес. Тек оның нәтижесiздiгi ғана тiлге тиек бола алады. Себебi, жоғарыда атап өткенiмiздей, бұл мiндеттiң тарихы қалың, тамыры терең. Оны түп-тамырымен жою мүмкiн емес. Тек сәл саябырлатуға болады. Оның шаралары бiздiң елiмiзде жасалып та жатыр, бірақ нәтижелері шамалы. Сол үшін қазірден бастап-ақ барлық мүмкіншіліктерді қолданып бұл құбылыстың кішіреуіне және соңында мұны шыдамды әлеуметтік деңгейге жеткізу үшін бар күшін салу керекпіз.