Заң
ғылымдарының магистрі Абенова Г.А.
Инновациялық Еуразия
университеті, Қазақстан
Азаматтық-құқықтық
қатынастарының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу
негіздері
Азаматтық-құқықтық
қатынастар ұғымынан бұл —
құқыққа қабілетті адамдар арасындағы
заң нормалары реттеген қатынас деген түсінік келіп
шығады. Демек, құқықтық қатынастар
тууы үшін құқықтық норма болуы тиіс, ал ол
осы түрдің құқықтық
қатынастарының және оның қатысушылары бола алатын
субъектілердің құқық қабілеттілігінің
пайда болуын көздейді. Алайда мұндай мән-жайлардың
болуы өзінен-өзі белгілі бір қатысушылар арасында белгілі бір
құқықтық қатынастарды туғыза
қоймайды. Бұл — оның пайда болуының қажетті
абстрактілік алғышарттары ғана.
Құқықтық
қатынастар пайда болуы үшін нақты адамдар арасында
нақты құқықтар мен міндеттер туғызатын
нақты мен-жайлар қажет болады.
Азаматтық-құқықтық
қатынастарды өзгерту немесе тоқтату үшін де осындай
мен-жайлар қажет болады.
Мұдай мән-жайларды
заңдық фактілер деп атайды. Өзіндік адрес иесі жоқ
құқықтық нормадан өзгеше, заңдық
факті қашан да дербес бағытты болады. Сондықтан оны
құқықтық қатынастардың нақты
алғышарты деп тануға болады.
Сонымен, заңдық факті дегеніміз —
заң құқықтық қатынастардың
пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын онымен байланыстыратын
мән-жай.
АК-ның 7-бабы зандық фактілерге арналған. Алайда бұл бапта аталған
зандық фактілердің тізбесі жеткілікті емес.
Құқықтық қатынастар субъектілерінің
еркіндігі азаматтық құқықтың негізгі
принциптерінің бірі болып табылатындықтан («заңда тікелей
тыйым салынбаған нәрсенің
бәріне рұқсат егілген»), олар өздері үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді түзе алады, яғни 7-бапта тікелей аталмаған,
сондай-ақ заңдарда
тыйым салынбаған өздерінің тікелей әрекеттерімен
азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады. Мысалы, қаржыландыруға
қатысу туралы келісім занда тікелей аталмаған, оған тыйым да
салынбаған. Сондықтан
бұл келісім азаматтық құқықтар мен міндеттер туғыза алады.
Құқықтық қатынастардың
тууына себепші болатын ықпал ету тетігіне қарай зандық
фактілер мынадай топтарға бөлінуі мүмкін: құқықтық
қатынастардың болашақ немесе осы сәттегі
қатысушыларының іс-әрекеттері; үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері;
оқиғалар.
Нақты жігерлі мінез-құлық актілерін іс-әрекеттер деп түсінеміз. Олар занды немесе заңсыз іс-әрекеттер болуы мүмкін. Заңды іс-әрекетгер өзара
құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған.
Бұлар — мәмілелер (АК-ның 147-бабы),
оның ішінде — шарттар. 147-бап занда тікелей көзделген
мәмілелер (шарттар)
туралы (мысалы, сатып алу-сату, мердігерлік, тасымал және т.б), сондай-ақ
заңда тікелей көзделмеген мәмілелер (шарттар) туралы баяндайды.
Құқықтық нәтижеге жетуге тікелей бағытталмағанымен, зандарда белгіленген ережелерге байланысты оны
туғызатын іс-әрекеттер
(мысалы, үй тұрғызу,
кітап жазу, өнертабыстық жасау)
орынды заңдық фактілер болуы мүмкін
Үшінші тұлғалардың
мақсатты іс-әрекеттері бойынша да
құқықтық қатынастар тууы мүмкін. Әдетте
бұл — әкімшілік акт (мысалы, меншік иесі-мемлекетгің
мүлікті бір мемлекеттік мекемеден екіншісіне беруі). Соттың
құқық белгілейтін шешімдері де осындай актілерге
жатады. Заңдық фактілердің бұл түрінің
ерекшелігі — олардың жігерлі іс-әрекеттері арқылы
азаматтық-құқықтық қатынастар туатын
үшінші тұлғалар олардың қатысушылары болып
саналмайды.
Азаматтық-құқықтық
қатынастарды туғызатын іс-әрекеттер заңсыз, яғни
заңда тікелей тыйым салынған іс-әрекеттер болып шығуы
да мүмкін. Мұнда, әдетте, іс-әрекеттер жасайтын
субъектілер үшін ұнамсыз болғанымен, осыған
қарамастан, оларға басқа тұлғалардың
келтірген залалын ретке келтіру міндетін жүктейтін
құқықтық қатынастар пайда болады. Мысалы,
бөтен мүлікті бұлдіру не оны заңсыз ұстап
қалу.
АК-ның 7-бабы оқиғаларды, яғни қатысушылардың еркінен тыс
пайда болатын мән-жайларды да зандық фактілерге
жатқызады. Мұнда, ең алдымен, табиғи фактілерді атау
керек (адам өлімі, жанып кеткен сақтандырылған мүліктің
құнын төлеу міндетін туғызатын найзағайдан
өрт шығуы, табиғат апаттары және т.с.с.). Басқа
адамдардың іс-әрекеттері құқықтық
қатынастарға қатысушылар үшін объективті
оқиға болуы мүмкін (мысалы, бөгде адамның
үйді қасақана өртеуі өрт қоюшының жәбірленуші
үй иесімен құқықтық қатынасы
үшін заңсыз әрекет және үй иесінің
сақтандыру компаниясымен құқықтық
қатынасы үшін — оқиға болып табылады).
Зандық фактілердің ерекше
түрі — мерзімдер оқиғаларға
жуықтайды (мерзімдер туралы АК-ның 6-7-тарауларын
қараңыз.
Кейбір жағдайларда
құқықтық нәтижеге жету үшін
бірлі-жарым заңдық фактінің пайда болуы да жеткілікті.
Мәселен, бөгде мүлікті бүлдіру кінәлыға
залалдың орнын толтыру міндетін туғызады. Басқаша
жағдайларда, фактілердің белгілі бір жиынтығы
болғаңда ғана құқықтық нәтижеге
қол жетеді. Мысалы, сатып алу-сату шартын жасасып, іс жүзінде затты
беретін — бір мезгілде немесе бірінен соң бірі жасалатын екі әрекеттің
нәтижесінде сатып алушыда сатып алатын затқа меншік
құқығы пайда болады. Кейде үш, төрт, бес
және одан да көп зандық фактілердің жиынтығы
бойынша ақырғы зандық салдар туады. Қарастырылатын мұндай
жиынтықты әдетте іс
жүзіңдегі немесе заңдық құрам деп
атайды.
Заңдық
күй деп аталатын жағдайды зандық
фактілердің ерекше санатына жатқызуға болады. Бір реттік актілерді
жасамаудан емес, заң құқықтық маңыз
беретін тұлғаның немесе заттың белгілі бір
құқықтық немесе іс жүзіндегі
қасиеттері болуынан байқалатын мән-жайларды заңдық
күй деп түсіну керек. Мысалы, қайтыс болған адаммен
жақын туыстық байланыс — мұрагерлік
құқықтық қатынастың пайда болу
негіздерінің бірі.
Зандық күйдің заңдық
факті ретінде маңызды ерекшелігі бар: ол
құқықтық қатынастарды өз бетінше
туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды, бұл
мақсат тек басқа фактілердің қосымша пайда болуынан
жүзеге асады. Демек, зандық күй едәуір күрделі
фактілік құрамның элементі бола алады.
Құқықтық қатынастарға
қатысушылардың еркіне тәуелді болумен қатар, заңдық фактілер кейбір
өзгеше белгілері бойынша белгілі бір топтарға бөлінуі
мүмкін. Зандық фактілердің құқықтық
қатынастардың дамуына ықпал етуіне қарай оларды құқықты
туғызатын, құқықты тоқтататын
және құқықты
өзгертетін фактілерге бөлуге болады. Мұның алғашқысы бұрын
мұндай заңдық байланысы (шарт, зиян
келтіру) болмаған адамдар арасында құқықтық
қатынастардың тууына әкеп тірейді. Екіншісі (мерзімінің өтуі,
шарттың бұзылуы) — зандық қатынастардың
тоқтатылуына әкеп соғады. Үшіншісі —
қалыптасқан кұқықтық қатынастардың
мазмұнын өзгертуге себепші болады.
Заңдық фактілер өздерінен
кейін туатын құқықтық салдарға
түрліше ықпал етеді. Көптеген жағдайларда мүмкін
болатын құқықтық салдардың мазмұнын
заң айқындап береді. Мысалы, зиян келтіру оны келтірушінің
заңмен белгіленген залалдың орнын толтыру міндетін туғызады.
Зиян келтіру фактісі заңның нақты заңдық
қатынастағы ұйғарымдарын тек жүзеге асырады.
Мұндай заңдық фактілерді құқықты бағыттаушы фактілер деп
атайды. Бұлардан өзгеше, құқықты
қалыптастырушы заңдық фактілер
құқықтық қатынастардың тууына себепші
болып қана қоймастан, сонымен қатар занда белгіленген
шекарада олардың мазмұнын айқындауға да
жәрдемдеседі. Мысалы, мүлікті сату жөніндегі
құқықтық қатынастардың мазмұны
заң нормаларына ғана емес, сондай-ақ сатушы мен сатып алушы
арасындағы шарттың талаптарына да байланысты. Құқықты
қалыптастырушы зандық фактілер бұл қасиеттері
жөнінен құқықтық нормаларға
ұқсайды, бірақ одан мәнді айырмашылығы —
құқықтық қатынастардың мазмұнын
жалпылай емес, жеке-дара анықтайды.
Зандық фактілердің
барлығынан мәміле мен әкімшілік актілерді ғана құқықты
қалыптастырушы фактілерге жатқызуға болады. Әлбетте,
олар құқықтық қатынастардың
мазмұнын белгілі бір шектерде ғана, ол императивтік
ұйғарымдарға немесе заңның тыйым салуына
қайшы келмейтін шектерде ғана анықтай алады.
Азаматтық
құқықтың кейбір объектілерін және
мәмілелердің кейбір түрлерін міңдетті тіркеу секілді зандық фактілер
түрінің ерекше маңызы бар (АК-ның 118 және
155-баптары). Тіркеу өздігінен азаматтық
құқықтар мен міндеттерді туғызбайды,
өзгертпейді және тоқтатпайды, бірақ бұл
олардың пайда болуын - өзгеруін, тоқтатылуын аяқтайды.
Құқықтың өзі тіркеуге жетпей
тұрып-ақ қорғауға мұқтаж болады,
бірақ ол тіркелмейінше, мұңдай құқықты
иеліктен айыру мүмкін емес. Осыған дейін қажет болатын
заңдық фактілердің барлығы жиналғанда, тіпті
құқығын беруші адам оны тіркеуге қарсылық
білдіретін жағдайдың өзінде де
құқықты тіркеу оны иеленушінің бір жақты
талап етуі бойынша жүргізілуі тиіс.