магистр Шамшеденова С.С.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ –БІЗДІҢ
БОЛАШАҒЫМЫЗ
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы облыс мектептері мен білім
ошақтары тарапынан колдау тапты[1]. Ол негізінен XXI ғасырда
өмір сүретін жас ұрпақ арасында салауаттылық
өмір орнықтыруға арналған. Еліміздің
қазіргі экологиялық жағдайларын сауықтыруды
ілгерілетуге экологиялық білім міндеттерін шешу қажет.
Барлығымыздың санамызда, жүрек түкпірінде
туған жер, туған ел деген нәзік сезім кіндік
қаның тамған, алғаш тәй-тәй басқан
топырағына ерекше ықылас тудырады.
Отанға,
туған жерге деген махаббат оны сақтауға,
қорғауға және көркейтуге деген талпыныстан
артық игілікті де күшті сезім жоқ. Өйткені тамыры тереңнен
тартылып сусындайтын, ғасырлар койнауынан бастау алатын мәртебелі
сезім. Ата-баба дәстүрінде ежелден желісі үзілмей келе
жатқан рухани, мәдени, адамгершілік дүниеміздегі қымбат
қазыналарымыздың бірі-табиғатқа, өзін
қоршаған ортаға деген саналы да салауатты
көзқарас.
Ал
қазіргі таңда қандай жағдай? Бүгінгі жиі
айтылатын сөз: «Планетамызға қауіп төнуде,
экологиялық апат салдарынан адамзаттың жойылып кету қатері
күшеюде». Осы сияқты корқынышты сөздер
үсті-үстіне үдей түсуде.
Бүгінгі биология мен экология проблемасы -
қоғамның проблемасы[2]. Биологияны бір экзотикалық
пән сияқты әдемі гүлдер, қызықты жануарлар
т.с.с. таныстыру ретінде оқыту өткен уақыт үлесінде, ал
қазіргі биология - экологиялық проблемелер, гендік инженерия,
биологиялык этика проблемалары.
Оқушыларға, студенттерге, жалпы жастарға бүгінгі
таңда экологиялық білім беруді талап етеді. Айналадағы
ортаның ластану себептері төмендегідей: а) жер жүзінде
қоныстанушы халықтар санының өсуі; ә)
көптеген минералды қазба байлықтар (ресурс)
көздерінің тозып кетуі; б) өндіріс орындарының шикізат
көздерін жоспарсыз пайдалануы (газдардың ауаны ластауы); в)
табиғаттық физикалық, химиялық, биологиялық
өзгеріске ұшырауы; г) адамдардың айналадағы ортаға жанашырлықпен
қарамауы; ғ)тұщы сулардың өте азайып
кетуі; д) жемісті жерлердің жойылып кетуі.
Оқушыларға экологиялық білім берудің
жүйелері төмендегідей болады:
1. Олар:
а) табиғат,
айналадағы орта туралы
(гидросфера, литосфера,
атмосфера, биосфера, ғарыш); ә) адамға және биологиялық
ортаға әсер ететін факторлар.
2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
және оны қорғау.
3. Физика - техникалык факторлар,
жарық, ылғалдылық,
кысым, жел, ағыс, дыбыс, тербеліс, сәулелер.
4. Энергетика - механикалық факторлар -
жылу, электр, атом, күн сәулесі, жел, теңіз толқындары.
5.
Фотосинтез үрдісі.
6.
Айналадағы ортаның ластануына қарсы күрес.
Бұл мәселелер өз дәрежесіне қарай орта
мектепте табиғаттану, физика, география, химия, биология
пәндеріңде оқытылады.
Экологиялық проблемаларды шешу жалпы биологиялық негізден
басталатын экологиялық мәдениеттің алғы шарты -
экологиялык сауаттылықсыз мүмкін емес. Осы салауаттылықты
қамтамасыз ету үшін барлық мектеп пәндерін
экологияландыру және мектептегі дүниетану одан биология
пәндерін оқытуды ерекше қолға алу керек. Тек солай,
өйткені көптеген қасірет әртүрлі
деңгейіндегі басшылармен шенеуніктердің сонымен қоса
қарапайым халықтың экологиялық сауатсыздығынан
болып отыр.
Шетел
тәжірибелері көрсеткендей, ұсақ пәндер
көбейіп кеткендіктен табиғатты қорғау тәрбиесіне
көңіл бөлудің төмендеуінен орта мектептердегі
дағдарыс орын алған. Ал қазір біздерде осы жағдай
белең алуда, бұл экологиялық мәдениетті көтеру
кезеңінен осыншама кезек көтермей тұрғанына
қарамастан биологияның сағаттарынан қысқартылуынан
байқалады.
Экологиялық
тәрбие
қоғам мен табиғат ара
қатынасындағы
қарама қайшылықтың асқынуы
экологиялық
проблемалардың
әлеуметтік
экономикалық, жаратылыстану-ғылымилық,
техникалық, медициналық, құқықтық
және адамгершілік салаларын қамтитын комплекстік экологияның
дамуына себебін тигізді.
Экологиялық білімнің кешенді сипаты білім жүйесіндегі
оның орнына және мақсатын айқындайды, мектептегі
оқыту мен тәрбиелеудің барлық салалары мен
қырларын қозғайды. Экологиялық білім берумен
тәрбиенің мазмұны барлық пән арқылы
жүзеге асырылады және табиғаттың
біртұтастығы мен дамуы, табиғат пен коғам
тарихының өзара байланысы; еңбек үрдісі кезінде
табиғаттың өзгеруі; адам денсаулығына әсері;
табиғат жеке тұлғаның өнегелік - әсемдік
дамуының қозғаушысы; «табиғат-қоғам-адам»
жүйесінде әсер етуді ұтымды ету сияқты ғылыми ой
- пікірлер жүйесінде негізделеді. Экологиялық білім беру мен
тәрбиелеу міндеттерін шешуді мына сияқты түпкі негіздерге
сүйену қажет: табиғи ортаны оқып үйрену мен оны
жақсарту мақсатындағы оқыту үрдісі кезінде таным
мен практикалық әрекеттердің бірлігін қамтамасыз ету;
табиғат, адам және коғамның өзара
әрекеттесуі жөніндегі ғылыми білімдердің кіріктірілуі
қажет; жергілікті және ауқымды проблемаларды ашуда олардың
өзара байланыстылығын ескеру, тәрбиенің кешенді
міндеттерін шешуде және ақыл - ой мен дене дамуында
экологиялық жағының қосымша, толықтыру
тұрғыда екендігіне.
Өркениеттік дамудың келеңсіз жақтары, оның
жаңа ғасырдағы ауқымды проблемалары, адамның
дамуы мен тіршілік етуіне қатысты экологиялық дағдарыс, адам
санының өсуі мен байланысты салауаттылықтан алшақтау
техницизмнің, пайдакүнемдік ойлардың, табиғатты
өзгертудің нәтижелері екендігі сабақтарда
көрсетілуі тиіс. Осыдан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді
одақ бұзылғандығы айтылса ол балаларға әсер
ететіні сөзсіз.
Планетамыздағы температураның көтерілуі,
қышқылдық жаңбырлар, атмосфераның ластануы,
мұнай төгілулері, қоғамдық қалдықтар,
ядролық қарудың таралуы, орман тоғайлардың
жойылуы, каржы дағдарысы тіпті әлемдегі соғыс шиелісушілігі
толығына немесе жартылай бір проблемамен байланысты: қайта
қалпына келмейтін энергияны (мұнай, көмір, газ) тиімді
пайдаланбау салдарынан[3]. Ғалымдар бір ауыздан осы жүз
жылдықтың ортасына таман Жердің орта температурасы 1,5-5,5° С
көтеріледі деген пікірге келіп отырғандығы оқушыларды
ойландыруы тиіс.
Біздің жасыл планетамызды әлем кеңістігінде ұшып
жүрген алып космостық корабльге теңеу жиі кездеседі. Ал
адамзат осы корабль экипажы деп айтылады. Әдемі, ақылды
теңеу. Олай болса Жер аватиялық құтқару
тетігінің жоқтығын түйсіндіру экологиялық сана
сезім қалыптастыру қажет. Осындай сабақтардағы пікірталас жас
жеткіншіктердің адам қоғам табиғат арақатынасы
жайлы пікірлерін анықтап, экологиялық көзқарас
қалыптастырады.
Қоршаған орта өзгерістерінің әр
адамға қатысты екенін, экологиялық тепе-теңдіктің
бұзылуының алдын алудың қандай шаралары қажеттігі
жайлы оқушыларға өз пікірлерін ортаға салу,
талқылау үшін экологиялық проблемалар жайында
ғалымдардың пікірлерінің, жорамалдарының алынуы орынды
болады.
Мысалы:
І. Эколог Лй Талбот: „Бізге жерді ата- бабаларымыз
мұра етіп қалдырған жоқ, біз оны өз
балаларымыздан қарызға алдық" - деп айтады. Сіздер
бұл пікірді қалай түсінесіңдер? Осыған келісесіздер
ме?
2.
Әлемдік экономика 2030 жылы көмір, мұнай және
табиғи газды жанармай ретінде пайдалануды доғарады ... деп Лестер
Р.Браун, Кристофер Флэ Вин және Сандр Постел өз баяндамаларында
атап өткен. Бұл тұжырымның жасалу себептері неге деп
ойлайсыңдар? Жауаптарыңды түсіндіріңдер?
3 ТМД-дағы ең үлкен қала
Мәскеудің тек өзінде тұрмыстық
қалдықтарын төгуге жыл сайын 40 га жер бөлінеді
екен, ал Қарағандыда жылына
шамамен 3 га жер бөлінеді. Келе-келе бұл көріністің
шегі неге соқтыруы мүмкін, қандай шара көрсетуге
болады?
Оқушылардың
экологиялық білім игеру барысында олардың құндылық
бағдарлылығы жүзеге асырылады, өсімдіктер мен
жануарлардың, табиғи ланшафтардың тек материалдык емес,
эстетикалық құндылығы айқындалып, олардың
адам сезіміне, оның жан дүниесіне әсері адамды қуаныш,
рахаттану сезімінің оянуына әсері көрсетіледі.
Өкінішке орай, жалпы мәдениет деңгейіндегі
ақтаңдақтар, адамдар ұрпағының бірнеше
сатыларының тіршілік әлемінің заңдылықтары мен
ерекшеліктерін ескермеуі-бүгінгі таңдағы шындық.
Адамзаттың өз қателігінен үйренгісі келмейтіні, бар
ақиқатқа ден қоймайтынына орман- тоғайларды
кескеннен соң өзендердің тартылуы, сауатсыз игеруден
тұзданған және жарамсыз болып қалған егістік
алқаптар, құрып бара жатқан Арал теңізі,
Балқаш проблемалары т.б. мысалдарды келтіруге болады.
Жалпы алғанда, адамның қоршаған ортаға сауатсыз
араласуы бүгінгі күнде табиғатқа да коғамға
да кері әсерін тигізуде, бұл әсердің салдары
өндіргіш күштердің жоғары деңгейде дамуынан
ауқымды сипат алуда және ғаламдық экологиялық
проблемалар тудыруда.
Экологиялық тазалық- еңбектеген баладан еңкейген
кәріге дейін (өсімдікпен жануарларға да) ауадай қажет.
Жастар да күнделікті қалтасына түскен аз-кем
ақшаға алданбай елінің болашағын ойлайтын саналы
көзқарас қалыптастыруға экологиялық
білімнің маңызы зор.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Таңатарова Қ.
Экологиялық білім – болашақ үшін.
// Химия, биология, география журналы, 18 қазан 2003 ж.
2. Сарсекенова А.
Экологиялық білім – биология сабағында.
// Химия, биология, география журналы, 20 ақпан 2004 ж.
3 .Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту әдістемесі.
// Қарағанды: 2006 ж.