Ұлттық ойын  атауларының танымдық мәні

                                             

                                              Жұманова М.С.

 

 

Қазақтың халықтық ойын атаулары туралы алғашқы мәліметтерді  Ә.Диваев, И.И.Рычков, Э.Маккей, А.Янушкевич, С.Гросс, Б.Залесскийлер т.б. еңбектерінен табамыз. Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды.Демек, «зертеудің өз тарихынан бастау-ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан әрі алға басуына үлкен мүмкіндіктер туғызады».  Дәл осы жағдай қазақ ұлттық ойындарының даму тарихына  да қатынасты. Қазіргі кемеліне келген адамзат тарихи ғылымдардың дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі біз жеткен ұлттық ойындардың қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек, Қазақстан жерінде  қалыптасқан алғашқы қауымдық  құрлыстан басталады. Ұлттық  ойын атауларына  қатысты зерттеулерде  А.Ә.Диваев еңбектерінде балалар ойындары  түрлері алғаш рет  жіктеліп зерттелге.

         Қазақ халқы өзінің әдет-ғұрпы мен салт-санасына, дүниетанымына тұрмыс-тіршілігіне негізделген, соған сай келетін спорт, ойындар мен  олардың түрлеріне өте бай. Бірақ қазақ өнері мен мәдениетінде орын алатын халықтық спорт ойын түрлері жан-жақты қамтылып, зерттелген емес.  Жұрттың назарын аударып, қазіргі заман талабына сай көбірек сөз болған спорт түрлері: қазақша күрес, тоғызқұмалақ, дойбы және ат спорты , аңшылық кәсібіне байланысты бүркіт ұстау, құс салу- ит жүгірту, қыз қуу енді-енді ғана жанданып келеді, ал халықтық ойындарға келсек, олардың бірқатары қазір ұмыт болып, жоғалып барады. Біздіңше, халықтық ойындардың қай-қайысы болсын ұмытылмауға, жоғаламауға, керісінше, қазақтың спорттық ойын тарихында сақталуға тиіс. Олардың ішіндегі жаңа өмірге сай келетін өміршеңдерін қайта жаңғыртуға болады.

         Қазақ халқының ұлттық ойындары жайында белгілі Еуропа  саяхатшылары мен орыстың мұратанушы ғалымдарының жазбаларында да халық ойындары көрініс тауып отырған. Ал А.А.Горячкин, Ә.А.Диваев, А.Е.Алекторов, Е.А.Покровский сияқты ғалымдар қазақ балалар  ойындарына назар аударған. Осы ғалымдардың ішінде қазақ этнографиясын жан-жақты терең зерттеуде Ә.А.Диваевтың орны ерекше. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ғалымдардың назарынан тыс қалған  халықтың ұлт ойындарының бала тәрбиелеудегі маңызына Ә.А.Диваев ерекше мән беріп зерттеген.

А. Егеубаев, Ә.Диваевтың  этнографиялық еңбектеріне байланысты былай дейді: «Этнограф Әбубәкір Ахметжанұлы Диваев жинақтап зерттеген тарихи-мәдени мазмұн байлығы , тарихи құндылығы жағынан барынша кең тынысты. Олардың шартты түрде былай  атар едік: қазақ халқының  тарихына қатысты еңбектер, тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөздер, қазақ жұртының күнтізбесі, жыл қайыру шарттары. Жалпы этнография мен археологиялық қазынасына қатысты алуан қырлы мол туындыларды хатқа түсірген. Ғалымның халық мұрасының әр сөзіне деген ықыласы , ғылыми дәйектілігі көрініп –ақ тұрады». Бұдан соң оның халықтық ойын түрлеріне қатысты   зерттеулеріне тоқталған [1,250-253б].

         Ә.А.Диваев 1906 ж, «Туркестанские ведомости» газетінде (№24) қазақ балаларының ойындары туралы көлемді зерттеуін жариялаған. А.Егеубаевтың пікірінше, бұл ойындарды Ә.Диваев Сырдария облысынан,  Әулиеата уезінен жазып алса керек. Қазақ балаларының ойындары туралы зерттеуінде  Ә.Диваев мынадай пікір айтады: Кішкене қыздар мен ұл балалар өздері жасаған қуыршақтар немесе  саз балшықтан жасалған жылқы, түйелер болмаса, қазақтар балаларға арналған ойыншық деген жоқтың қасы. Бұл ойыншықтардың көріктілігі төмен,  бірақ антропологиялық тұрғыдан бағалы. Қазақ балаларының ойыншықтарын еуропа балаларының ойыншықтарымен салыстыра отырып, Ә.Диваев «... Тогда вы рассматриваете коллекции европейских игрушек, то в вашем уме не возникает никокой  мысли, кроме разве мысли об их стоимости... Игрушки эти ничего вам не скажут о той сфере, для которой они предназначаются, они не ведут вас в мирок детских мыслей и желаний –понятно почему.  Эти игрушки выделываются фабричным  путем; в детскую среду они приносятся из в не ; и потому характеризуют скорее вкусы их производителей, чем вкусы и наклонности детей, для которых они  приобретаются путем покупки. Совсем не таковы игрушки у детей степняков»- деп түйеді. Қазақтың қара домалақ баласы ойыншықты өзі жасап алады. Оның саздан қйған түйелері мен жылқылары бір-біріне ұқсамайды. Әрқайсысы жеке дара. Өйткені ол қаршадай баланың өз  еңбегінің, қиялының жемісі деп пікірін жалғастырады. [2].Осы мақаласында  Ә.Диваев күні бүгінге дейін ойналатын «Соқыртеке» «Түйе,  түйе, түйелер», «Үйшік-үйшік», сондай-ақ басқа этнографиялық жазбаларда кездесе бермейтін «Орда» (ақсүйек) «Бөрік жасырмақ», «Тақия жасырмақ», «Домалақ ағаш», «Шелек» т.б. ойындарды сипаттап, ойнау шарттарын түсіндірген. Ә.Диваев ойынды екі топқа , екі кезеңге бөледі. Бірі- кәмелетке толмаған,балдырғандар ойнайтын ойын түрлері,екіншісі- есейген қыз- бозбала ойнайтын ойындар. Бұларды ол «балалар ойыны» және  «жас, бозбалалардың көңіл көтеруі» деп ажыратады.Кеңес дәуірінде халықтық ойындарды М. Тәнекеев, Б.Төтенаев, С.Касиманов, Ө.Жолшыбаев т.б зерттеді.

Қазақ халқы өзінің әдет-ғұрпы мен салт-санасына, дүниетанымына тұрмыс-тіршілігіне негізделген, соған сай келетін спорт, ойындар мен  олардың түрлеріне өте бай. Бірақ қазақ өнері мен мәдениетінде орын алатын халықтық спорт ойын түрлері жан-жақты қамтылып, зерттелген емес.  Жұрттың назарын аударып, қазіргі заман талабына сай көбірек сөз болған спорт түрлері : қазақша күрес, тоғызқұмалақ, дойбы және ат спорты , аңшылық кәсібіне байланысты бүркіт ұстау, құс салу- ит жүгірту, қыз қуу енді-енді ғана жанданып келеді, ал халықтық ойындарға келсек, олардың бірқатары қазір ұмыт болып, жоғалып барады. Біздіңше, халықтық ойындардың қай-қайысы болсын ұмытылмауға, жоғаламауға, керісінше, қазақтың спорттық ойын тарихында сақталуға тиіс. Олардың ішіндегі жаңа өмірге сай келетін өміршеңдерін қайта жаңғыртуға болады.

         Қазақ халқының ұлттық ойындары жайында белгілі Еуропа  саяхатшылары мен орыстың мұратанушы ғалымдарының жазбаларында да халық ойындары көрініс тауып отырған. Ал А.А.Горячкин, Ә.А.Диваев, А.Е.Алекторов, Е.А.Покровский сияқты ғалымдар қазақ балалар  ойындарына назар аударған.Осы ғалымдардың ішінде қазақ этнографиясын жан- жақты терең зерттеуде Ә.А.Диваевтың орны ерекше. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ғалымдардың назарынан тыс қалған  халықтың ұлт ойындарының бала тәрбиелеудегі маңызына Ә.А.Диваев ерекше мән беріп зерттеген.

         Ежелгі түркі әдебиетін зерттеген белгілі ғалым Асқар Егеубаев , Ә.Диваевтың  этнографиялық еңбектеріне байланысты былай дейді: «Этнограф Әбубәкір Ахметжанұлы Диваев жинақтап зерттеген тарихи-мәдени мазмұн байлығы , тарихи құндылығы жағынан барынша кең тынысты. Олардың шартты түрде былай  атар едік: қазақ халқының  тарихына қатысты еңбектер, тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөздер, қазақ жұртының күнтізбесі, жыл қайыру шарттары. Жалпы этнография мен археологиялық қазынасына қатысты алуан қырлы мол туындыларды хатқа түсірген. Ғалымның халық мұрасының әр сөзіне деген ықыласы , ғылыми дәйектілігі көрініп –ақ тұрады». Бұдан әрі  автор Ә.Диваев  зерттеулеріне тоқталған.[1,250-253б]

         Ә.А.Диваев 1906 ж, «Туркестанские ведомости» газетінде (№24) қазақ балаларының ойындары туралы көлемді зерттеуін жариялаған. А.Егеубаевтың пікірінше, бұл ойындарды Ә.Диваев Сырдария облысынан,  Әулиеата уезінен жазып алса керек. Қазақ балаларының ойындары туралы зерттеуінде  Ә.Диваев мынадай пікір айтады: Кішкене қыздар мен ұл балалар өздері жасаған қуыршақтар немесе  саз балшықтан жасалған жылқы, түйелер болмаса, қазақтар балаларға арналған ойыншық деген жоқтың қасы. Бұл ойыншықтардың көріктілігі төмен ,  бірақ антропологиялық тұрғыдан бағалы. Қазақ балаларының ойыншықтарын еуропа балаларының ойыншықтарымен салыстыра отырып, Ә.Диваев «... Тогда вы рассматриваете коллекции европейских игрушек, то в вашем уме не возникает никокой  мысли, кроме разве мысли об их стоимости... Игрушки эти ничего вам не скажут о той сфере, для которой они предназначаются, они не ведут вас в мирок детских мыслей и желаний –понятно почему.  Эти игрушки выделываются фабричным  путем; в детскую среду они приносятся из в не ; и потому характеризуют скорее вкусы их производителей, чем вкусы и наклонности детей, для которых они  приобретаются путем покупки. Совсем не таковы игрушки у детей степняков»- деп түйеді. Қазақтың қара домалақ баласы ойыншықты өзі жасап алады. Оның саздан қйған түйелері мен жылқылары бір-біріне ұқсамайды. Әрқайсысы жеке дара. Өйткені ол қаршадай баланың өз  еңбегінің, қиялының жемісі деп пікірін жалғастырады. [2].Осы мақаласында  Ә.Диваев күні бүгінге дейін ойналатын «Соқыртеке» «Түйе,  түйе, түйелер», «Үйшік-үйшік», сондай-ақ басқа этнографиялық жазбаларда кездесе бермейтін «Орда» (ақсүйек) «Бөрік жасырмақ», «Тақия жасырмақ», «Домалақ ағаш», «Шелек» т.б. ойындарды сипаттап, ойнау шарттарын түсіндірген. Ә.Диваев ойынды екі топқа , екі кезеңге бөледі. Бірі- кәмелетке толмаған,балдырғандар ойнайтын ойын түрлері,екіншісі- есейген қыз- бозбала ойнайтын ойындар. Бұларды ол «балалар ойыны» және  «жас, бозбалалардың көңіл көтеруі» деп ажыратады.

         Ә.Диваев араға бір жыл салып, 1907 ж. «Туркистанские ведомости» (№54) «Қырғыз (қазақ) жастарының ежелгі заманғы ойындары» («Древние игры киргизской молодежи») атты мақаласын жариялайды. Ташкент уезі, Ақжар болысының көзі ашық қазағы Тоқболатов Көбей молданың қолжазбасынан алып,  автор «Қызойнақ», «Қызқашар» «Қызқуу», «Дамбал салды» сияқты ежелгі ойындарды суреттеген . [3]

         Ә.А.Диваев бірнші рет ғылыми прогрестік идеяда қазақ балаларын жас ерекшеліктеріне қарай: «1 жасқа дейін нәресте, 1-7 дейін сәби, 7-15 дейін бозбала, 15-30 дейін жігіт» деп төрт топқа  оның негізінде ұлт ойындарын да  төрт топқа бөлінді. [2]

         Бірнші топқа  бір жасқа дейінгі нәрестені тәрбиелеудегі «Бесек жырын», «саусақ санау» және «Тұсау кесу» жырларын жатқызады.

         Екінші топқа сәбидің дүниеге  көзқарасын қалыптастыратын әртүрлі ойыншықтар болған жоқ десек те болады, тек қана балалардың өздері жасаған қуыршақ пен ойыншықтар сыртқы әсемдігі жағынан балаларды онша қызықтыра қоймайды, сонда да антропологиялық көзбен қарайтын болсақ, осы ұсқынсыз ойыншықтар, балаларды еңбекке баулып, өздері жасағандықтан құнды болады. Келесі топтағы бозбалалардың ойыншықтарын екі топқа бөледі олар:

1.                 Табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар: «Бестас», « Лек жалау», «Сиқырлы таяқ», «Бақай пісті», «Жылмаң» т.б.

2.                 Жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар: «Соқыр Теке», «Түйе-түйе», «Ақ байпақ»,  «Көк сиыр» т.б.

Қазақ халқының негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, халық жануарлар бейнесін өлең айтса , сарыны етіп, ертегі айтса , бас кейіпкер етіп  халық өмірінде сарқылмас жануарлар дүниесін қолданбаған не елестетпеген не  мәдениеті , не әдебиеті, не бала тәрбиесі, не әр алуан этнографиялық ерекшеліктері болмаған. Алайда, бұл ойындар- жасөспірімдер үшін сан алуан, сан сырлы, жұмбағы көп, ерекшелігі  мол  дүние. Сондықтан халық қазынасының бір саласы халық ойындарында жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындарды көп сақтаған. Осындай ойындар арқылы  халық данасы жасөспірімдерге өмір сүрудің негізгі көзі осы малда екендігін, оның әкеден балаға қалатын мұрасы екендігін байқатады.

                   Үшінші топқа материалдық денелерді қолданып ойнайтын балалық шақтағы ойындарды жатқызады. Оларға: «Шалма», «Бөрік жасырмақ» , «Түйілген шыт», «Тақия теппек», т.б. ойындар жатқызады.

                   Төртінші топқа «Жігіт» деп аталатын ойындар мен ұлттық спорт түрлерін жатқызады. Бұл ойындар белгілі бір ортада жастардың мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына бағыт сілтейді, жігіттердің қоғамдық  құрлысқа араласуына әсер етеді. Ә.А.Диваев осы топқа жататын жігіттер ойнының өзін үшке бөледі. Бірінші –күнделікті тұрмыстағы қоғамның әлеуметтік даму ерекшеліктерін көрсететін ойындар. Ондай ойындардың бірі – «Хан жақсы ма?» ойыны. Бұл оын Қазақстан жерінде ХҮ ғасырдың бірінші жартысында қалыптаса  бастаған хандықтардың саяси құрлысын, дәлірек айтқанда үстем тап өкілі ханның халық бұқарасына деген көзқарастарын көрсетеді. Енді екінші топқа қозғалмалы ойындарды  жатқызады: «Ақсүйек», «Ақшамшық», «Алтыбақан», «Арқан тартыс», «Белбеу тастау» , «Шертпек» , «Көрші» , «Мырыш-мырыш» т.б.

                   Қазақ халқының шаруашылығының негізіне байланысты дамыған ойындардың бірі – «Қасқұлақ» «немесе «Қасқыр құлақ». Бұл ойын қыздар мен жігіттердің келісуі бойынша  түнде, яғни қой күзеткенде  ойналады. Келесі үшінші топқа жататын – спорттық ойындар: «Аударыспақ», «Бәйге», «Аң аулау», «Жамбы ату», «Жаяу жарыс» , «Көкпар», «Қазақша күрес», «Күмісалу», «Қызқуу», «Сайыс», «Таяқ жүгірту», «Түйежарысы» т.б.

     «Бесік жырынан» бастап, барлық ұлт ойындары ұрпақтың қай –қайысысына болмасын, белгілі бір бағыт беріп , өмірге аттатады.Халық жырлары- ата-ананың балаға деген  бірінші сенімін , тілек-талабын білдіреді. Баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп  айтылады да, өмірге рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал басқа ойындар балаларды, жастарды дене шынықтыруға, тапқырлыққа, ептілікке  төселдіреді, ақыл-ойын , аңғарымпаздығын арттырады. Сөйтіп, өмір күресіне, еңбекке баулиды. Осының бәрі баланың жан жүйесіне әсер ететін әрі эстетикалық тәрбие береді. Сондай-ақ қазақтың ұлт ойындары жайында мағлұматтар кезіндегі күнделікті шығатын газеттер мен журналдардың беттерінде көптен берілген. ХІХ ғасырдың 2-жартысында шығып тұрған «Воскресный досуг» журналының /1864/ 72-73-ші сандарында «Қырғыздар» атты ұзақ мақала басылған.  Бұл мақала негізінен қазақ халқының өмірін, тұрмысын, әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын баяндаған. Көшпелі халықтың осындай ойын-сауық, көші-қоңын

     айта келіп, «Воскресный досуг» журналы «Әрбір мереке-той-думанның жаны қыз-келіншектер, олар топ үстінде жігіттермен өлең жарысына түсе алады»- деп көрсеткен.

                   Басқа да көптеген газет, журнал беттерінде кезінде белгісіз авторлардың бастыруымен жарық көрген алуан түрлі ұлт ойындары мен аң аулауға арналған материалдар бар.

                   Орыс саяхатшыларының ішінде И.И.Рычков бірінші болып қазақ халқының өмірін, мәдениеті, әдет-ғұрпы, ойын-сауықтары жайында 1759 жылы «История Оренбургская по учреждению Оренбургской губерний» атты еңбегін жазады. Ұлт ойындары бұдан басқа да көптеген еңбектерінде де кеңінен қарастырылған».

                   ХУПғ.2-жартысында қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинағаен орыс ғалымдарының бірі Н.С.Паллас болды. Ол 1767 жылы  Батыс сібір мен Орал бойына жасаған орыс экспедициясын басқарып, осы сапарында жиналған материалдан 1773 жылы «Путешествие по разным провинциям Российской империй» атт еңбектерінің жинағын шығарды.  Осы еңбектің «Изывестия о киргизах» [3]19атты бөлімі түгелдей қазақ халқының этнографиясына арналған – халықтың ойын-сауықтарының қалай өтетіндігі демалыс уақыттарын қалай өткізетіндігі, аңшылығы, түгелдей қарастырылып, мысалдар келтірілген.

                   Қазақ халқының этнографиялық материалдарын жинауда еңбек еткен тек Россия үкіметінің Қазақстан жеріне арнайы жіберген экспедициялары ғана емес, сонымен қоса көрші отырған екі ел арасында кездесетін кейбір қақтығыстарда қазақтардың қолына түскен орыс тұтқындарының қосқан үлестері бар. Осындай тұтқындардың бірі орыс офицері Ф.С.Ефремов көшпелі халықтың өмірі жайында көптеген материалдар жинаған.

                   Россияға қайтқан бетінде осындай тұтқында жүріп жинаған материалдарынан [4]еңбек жазып, соның «Чем киргизская земля изобильна, каков воздух и жители» атты бір тарауы қазақ халқының аңшылығы мен ойын-сауықтарының қалай өтетінідігі, оған өзінің бас кейіпкер болып қатысқандығы жайлы баяндайды.  Орыс  тұтқындарының ішінде бұдан басқа да кезінде еңбектері жарық көрмей, қазіргі архив қазынасы болып жатқан С.Матвеев, Я.Гавердовский сияқты қазақ халқының өмірі жайындағы материалдарды жинауда өздерінің тиісті үлестерін қосқан зерттеуші ғалымдар да бар» .

                   Қазақ халқының нақтылы этнографиясы жөнінде еңбек жазғандардың бірі орыс армиясының капитаны И.Г.Андреев болды. Оның «Описанием средней орды киргиз-кайсаков, с касающимися до сего народа, так же прилегающих к Россиской границе по части Калыванской и Тобольской губерний, крепостной, дополнениями» атты еңбегі негізгі алты тараудан  тұрады. Осының бесінші – «Обряды» деп аталатын тарауының  өзі он алты бөлімнен тұрады. Оның үшінші бөлімінде шілдехана тойындағы өткізілетін ойындармен нәрестені тәрбиелеу мәселесі қаралған да, бесінші бөлімінде үйлену тойының ойын-сауықтары жайында жазылған. Г.В.Плеханов «Письмо без адреса» атты  еңбегінде «ойын – еңбек бастамасы болғандықтан баланың уақытымен ғана санасады»- дей келіп, материалистік тұрғыда қоғамның  дамуында еңбек бұрын тұрғанымен, адам өмірінде ойын бұрын тұратындығын дәлелдеді. Мұндай пікірді қостаушы кезіндегі орыс ғалымы дәрігер-педагог Покровский А.А. – «Ойын күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.

Ойын үстінде баланың ертеңгі өміріне деген қабілеті байқаладыә-, дей келіп, «Физическое воспитание детей у разных народов примущественно России» атты еңбегінде Азия халықтарының оның ішінде қазақ халқының ұлттық ойындарының, дене тәрбиесінің халық тәрбиесіндегі алатын орнын жан-жақты дәлелдеп зерттей келіп, өзінің бағасын берген. Көптеген ойындардың шығу кезеңдерін, дамып қалыптасқан дцәуірлерін де анықтаған /22/. Халық мұғалімі Байтоғайұлы Малқайдың  айтуынша, «адамның басынан өтетін өмірінің әр уақытындағы жазғы, күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты тіршіліктің түрлері бар. Сол сияқты балалардың да өзіне тән меншікті бала кезінде істелетін істері бар. Ол ісі – жаз уақытындағы ойыны» /23/.

         Елбасының «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» деп аталатын еңбегінде: «Әрбір адам бала кезінен: «Қазақстан-Менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істегені жөн» деген сөзін ескерсек тәрбиенің ел  болашағындағы маңыздылығына күмән келтіре алмаймыз. Себебі дүниеге келген әрбір перзенттің өмірі, келешегі тәрбие ісіне байланысты одан тысқары болуы мүмкін емес. Ал «баланы жастан» деген халқымыз сәби кезең тәрбиесінің басты құралы ойын түрлеріне, ұлтымызды айқындар басты белгілердің бірі- ұлттық ойын түрлерін жандандырып, әрі қарай дамыту қоғамдық мәні бар мәселе болмақ. Ұлттық балалар ойындарын жаңғыртуда Ә.АДиваев зерттеулерінің алатын орны ерекше. Ә.Диваев өз зерттеулерінде қазақ балалары ойнайтын ойындарды, олардың жіктелуін зерттей отырып, олардың халық тілінде қалай аталатынын көрсеткен.Лингвистикалық тұрғыда бұл өте бағалы бастама. Себебі халықтық ойындардың мән-мағынасын олардың атауларымен байланыстырып, бірге алып қарағанда ғана толық түсінуге болады. Этностық   рухани мәдениеттің бір саласы ретінде әр заманда туып қалыптасқан ойындарды барлық сипаты мен тек тіл таныта алады.  Тіл өзінің ішкі мүмкіндігінің молдығына байланысты этнос өміріндегі құндылықтарды өз бойына сақтап ұрпақтан –ұрпаққа жеткізіп  отыратын сөйтіп, этностың бүкіл болымысын танытатын құрал.

         Екіншіден, халықтық ойын  атаулары олар білдіретін ойын түрлері мен бірге пайда болғанын ескеру қажет.  Халықтық ойындардың қай түрі болмасын оларды білдіретін атаулардан бөліп қарауға болмайтындығының  мәні осында.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.     Егеубаев А. Кісілік кітабы (Ғылыми эссе) . Алматы: 1998, 318б.

2.     Диваев А. Игры Киргизких детей //Туркистанские ведомости. 1906, №24.

3.     Диваев А.А. Древние игры Киргизской молодежи// Туркистанский ведомости. 1907№54

4.     Қыдыралин У. Қазан төңкерісіне дейінгі Маңғыстау қазақтары. Филол. ғыл. докт. дисс. – Алматы, 1996.