оқытушы Қуанова С.Ә.
Атырау қаласы, М. Өтемісұлы
атындағы орта мектебі
Жоғарғы оқу орнындағы білім
беру жүйесі
Еліміз егемендік
алған соң қоғам өмірінің түрлі
салаларында, оның ішінде білім саласында бірінші кезекте адамға
қарай бетбұрыс жасалып, оның жан дүниесіне баса назар
аударылды және жеке тұлғаның қалыптасып дамуына
бағытталған жаңа жүйе айқындалды. Сөйтіп,
еңбек нарығы мен жоғары кәсіптік білім беру
жүйесі арасында өзара тиімді байланыс қалыптастыру,
әлемдік тәжірибені таратуға және нығайтуға
жағдай жасау үшін білім саласында көп сатылы университеттік
жүйе енгізілді. Осыған орай оқу үрдісі
құрылымдық өзгерістерге, яғни,
жаңалық енгізу, кәсіптік даярлықтың
деңгейін жетілдіру сияқты елеулі өзгерістерге ұшырады.
Оқу үрдісін қамтамасыз ету деңгейі осы заманғы
жаңа педагогикалық, әсіресе ақпараттық және
коммуникациялық технологияларды, білім алушының өз
белсенділігін, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын талап
етеді.
Нарық
экономикасының дамуы мамандардың біліктілігін, олардың
кәсіптік бейімділігі мен ынталылығын, сонымен қатар
жан-жақты білімнің қажеттілігін алға тартып отыр.
Жоғары мектепте мамандар даярлаудың сапасын арттыру мәселесі
пәндер бойынша оқытудың мазмұны мен оны ұйымдастыру
ісіне ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Оқу
үрдісінің жалпы мақсаттары мен заңдылықтарына
қатысты оқыту жұмыстарының мазмұнын,
ұйымдастыру түрлері мен әдістерін дидактикалық
қағидалар айқындайды. Болашақ мұғалімді
университетте даярлаудағы көп жақты бағыт-бағдар
жетекші дидактикалық қағидалар негізінде жүзеге
асырылуы мүмкін. Олар - іргелі, жүйелі, біртұтас және
кәсіптік-педагогикалық бағыт-бағдарлар. Бұл
дидактикалық қағидалар өзара байланысты, біріне-бірі
тәуелді, педагогикалық жүйенің ішкі және
сыртқы ортамен қарым-қатынастарының ерекшеліктерін
бейнелейді. Университеттік білім беру жүйесінде қолданылатын
қағидалар сипаты жағынан жалпыға бірдей болуы әрі
оқу үрдісінің кез келген деңгейі мен жағдаятында
пайдаланылуы қажет. Осы қағидаларды іске асыру педагогика
үрдісінің барлық құрамдас бөліктеріне
қойылатын талаптармен қатар пәннің және оны
оқытудың әдістемесіне, психология мен жоғары мектеп
педагогикасына, студенттің жеке басының ерекшеліктеріне
сүйенеді. Іргелі университеттік білім беру жүйесінде бұл қағидалар
мұғалім даярлауда басты рөл атқарғанымен,
олардың мағынасында ерекшеліктер де кездеседі.
Енді
осы жетекші дидактикалық қағидалардың сипаттамасына
тоқталайық. Университеттік білім беру жүйесінде әрбір
дидактикалық қағиданы маңыздылығына қарай
барлық оқу үрдісіне қолдануға болады. Әр
түрлі оқыту сатысында
іргелілік қағидасы мамандық бойынша даярлаудың білімдік
кәсіптік бағдарламасының негізгі міндеттерін қамтиды.
Ол, негізінен, алғанда университеттік білімнің
жан-жақтылық қағидасымен ұштасып жатады.
Мамандық бойынша ғылыми біліммен қатар сабақтас
ғылымдарды қатыстыру арқылы бұл қағида
терең теориялық білімнің және сын
тұрғысынан ойлау мен кәсіптік
бағыт-бағдардың қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Мұндағы ең маңызды жағдай: университеттік білім
мен еңбек нарығы арасындағы қатынастарды нығайту
және жаңарту, қоғамдық қажеттіліктерді
талдау мен болжай білу. Жеке тұлғаның
шығармашылық табысына, өзіндік ой өрісі мен
ойдағыдай еңбектенуіне байланысты оның біліктілігі мен
қабілеті дами түсетіні, оқытудың жан-жақты болуы
әрі баршаға бірдей мүмкіндіктер жасалуы қажетті
дағдыларды меңгеруіне көмектесері сөзсіз. Болашақ
мұғалімді кәсіптік даярлауда түрлі
әдістердің өзара ұштасуы, демек жаратылыстану мен
гуманитарлық ғылымдар ұғымдары мен категорияларының
бірлесуі байқалады және ғылыми білімнің
ықпалдасуы елеулі орын алады. Бұл осы ғылымдар арасында
тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың үзіліп
қалған жерін ұштастыруға жағдай жасап,
қазіргі педагогика ғылымының даму ұстанымдарының
негізгі бағыттарын айқындайды. Сондықтан қоршаған
ортаның құбылыстарын танып білуге болашақ
ұстаздарды жүйелі, синергетикалық көзқарас
тұрғысынан қарауға, демек біртұтас
көзқарасқа үйрету керек. Білімнің
ықпалдастығы, пәнаралық байланыстарды анықтау
орта мектепте ғылым негіздерін терең және жан-жақты
меңгерудің дидактикалық шарты бола отырып, ғылыми
дүниетаным мен материалдық әлемнің бірлігін
қалыптастырады және оның тәрбиелік мәні мен
қажеттілігі күмән туғызбайды.
Болашақ
мұғалімнің өмірге икемділігін арттыру үшін
оның ерекше бейімділігін мамандық бойынша қалыптастырумен
бірге жалпы кәсіптік шеберлігін ескеріп, нарық экономикасының
талаптарына сай біліктілігін көтеру қажет. Мұғалім
даярлау сапасын арттыру оның біртұтас педагогикалық үрдістің қасиеттері туралы
білімін кәсіптік мәселелерді шешуге пайдалана білуге байланысты.
Әдістемелік зерттеулер мен оқытушының кәсіптік
біліктілігіне қойылатын талаптар бойынша оқытылатын
пәннің мағыналық негізі оның жалпы білім мен
құндылықтар жүйесіндегі орны, мектеп курстарының
бағдарламаларын жасауға және орындауға жеткілікті
білімі мен түсінігі арқылы анықталады. Сонымен қатар
болашақ ұстаз оқушылардың даярлық деңгейін,
олардың талап-тілегін, жеке тұлғаның ерекшеліктерін,
кәсіптік іс-әрекетінің әлеуметтік
маңыздылығын жете түсінуі маңызды.
Осы
айтылғандарға орай университетте болашақ мұғалім
даярлау үрдісі мынадай жетекші дидактикалық ұстанымдар
негізінде жүзеге асуы мүмкін. Олар: іргелілік, жүйелілік,
оқытудың тұтастығы және кәсіптік
бағыт-бағдар. Бұл дидактикалық ұстанымдар
өзара тәуелді, өзара шарттасқан әрі
педагогикалық жүйенің ішкі байланысының ерекшеліктерін
де, сондай-ақ оның сыртқы ортамен қатынастарын да
бейнелейді. Университеттік білім беру ісінде осынау аталған ұстанымдар
жалпыға ортақ сипатта болады және және де
жарлықтарға, нұсқауларға, ұсыныстарға
немесе қызмет талаптарына қарағанда оқыту барысында кез
келген деңгейде және жағдайда кәдеге жарап отырады.
Сондықтан да іргелі университеттік білім беру жүйесінде
мұғалім даярлаудың негізгі қағидалары болып
табылатын бұл ұстанымдардың өзіндік ерекше
мазмұны да бар. Бұлардың әрқайсысы университеттік
білім беру жүйесінде іргелі мән-мағынаға ие болады.
Іргелілік
ұстанымы университетте оқытудың түрлі сатыларында
кәсіптік білім беру бағдарламасы мазмұнының
құрылымынан көрінеді. Іргелі университеттік білім беру
ісіндегі басты нәрсе - терең теориялық білімді, сын
тұрғысынан ойлауды және кәсіптік
бағыт-бағдарды қалыптастыру. Бұл орайда басты
жәйттер - университеттік білім мен еңбек әлемі
арасындағы байланыстарды нығайту және жаңғыртып
отыру, қоғамдық қажеттіліктерді талдау мен болжам
жасау. Бұл арада әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
маңызды рөл атқарады. Болашақ мұғалімді
кәсіптік жағынан даярлауда әдістердің астасып жатуы
байқалады, демек жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар
ұғымдары мен категориялары қапталдасып, ғылыми білім
тұтаса түседі деген сөз. Білімді тұтастыру,
пәнаралық байланыстар орнату дидактикалық шарт әрі орта
мектепте ғылым негіздерін терең де жан-жақты меңгеру
құралы болып табылады және ғылыми
дүниетанымның, материалдық әлем бірлігінің
қалыптасуына жәрдемдеседі, мұның орасан зор
тәрбиелік мәні бар.
Пәнді
оқытудың ғылыми деңгейін арттыру жолдарының бірі
- оқу материалын ғылымның басты өзекті
идеяларының айналасына біріктіре білу. Ғылымның
дидактикалық ұстанымының бұл қыры оқушылардың
ғылыми дүниетанымының қалыптасуымен байланысты.
Мұндағы басты айқындаушы нәрсе: негізгі ғылыми
ұғымдар мен түсініктерді тұжырымдау және ой
елегінен өткізу нәтижесінде пайда болатын табиғаттың
жалпы қасиеттері мен заңдылықтары туралы
түсініктердің тұтас бір жүйесі ретіндегі
әлемнің ғылыми бейнесі болады. Сондықтан да пәнді
оқытудағы аса маңызды білім мен тәрбие беру міндеттерін
шешуде үлкен дүниетанымдық мәні бар әлемнің
ғылыми бейнесінің орасан зор гуманистік әлеуеті бар.
Өйткені жалпы адамзат тарихының өн бойында
қоршаған әлемнің құрылымы туралы
түсініктің орны ерекше болып келгені мәлім. Ендеше, ежелгі
тәжірибеден бастап адамның ғылыми дүниетанымының
нығаюының орасан зор рөлі болғанын атап өткен
жөн. Бұл жол студенттерге қоршаған ортада болып
жатқан құбылыстардың өзара күрделі
байланыстарын ашып береді, оқуды сапалы әрі мақсатты
түрде жүргізуіне көмектеседі. Сонымен, ғылыми
ұстаным студенттерді қызметтің мынадай түрлері бойынша:
білімді іріктеу мен қолданудың жаңа нысандарын іздеу,
жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық ғылымның
құрамдас бөліктері арасындағы тарихи
қалыптасқан ыдырауды жеңу үшін алғышарттар жасау,
тиісті пән шеңберінде білімді жүйелеу бойынша кәсіптік
әзірлеуде басымдыққа ие болады.
Мамандарды,
оның ішінде мұғалімдерді университетте даярлаудың осы
заманғы жүйесін жасау, сайып келгенде, адамға қызмет
етеді және сол алған білімнің болашақтағы
кәсіптік қызмет үшін аса зор маңыздылығын
көрсетеді.
Мамандандырылған
мектептер, лицейлер мен гимназиялар үшін қажет біліктілігі
жоғары педагогтердің біліммен қоса кәсіптік
даярлықты қатар меңгеріп шыққаны абзал және
ол осы заманғы білікті мамандарға қойылатын басты талап.
Әрине, маманға қойылатын жалпы талаппен бірге оның жеке
басының ерекшеліктеріне: мәдениеттілігіне,
азаматтық-құқықтық, адамгершілік
қасиеттеріне, ерік-жігеріне және мінез-құлқына
үлкен мән берілетіндігі күмәнсіз. Міне, осынау
қасиеттердің бәрі болашақ маманның бойынан
табылып жатса ғана біз оны нағыз университеттік білім алған
адам деп айта аламыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеобразовательной школе.-Масква:
Просвещение, 1985.
2.
Педогогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и
педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество,
1998.
3. М.Жұмабаев. Педагогика. -
Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.
4. Г.Қ.Нұрғалиева.
Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, -
Алматы, 1996.
5. Оконь В. Введение в общую дидактику. -
Москва: Высшая наука, 1990.