Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы
Жеткіншектік –қиын және сыналатын кезең
Балалар
дамуындағы жас кезеңдерінің ерекшеліктерін ескеру мектеп
психологиялық
қызметінің алдында
тұрған күрделі проблемалардың бірі. Өйткені мектепте оқитын
шағында балалар өмірінде ерекше орын алатын жеткіншек жасында
ағзада қайта құру процестері жүреді. Психолог
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға дер
кезінде қажетті психологиялық көмек көрсетуі керек.
Мектеп психологтарының осы салада жүргізетін жұмыс
мазмұнын анықтау үшін жеткіншек жас кезеңінің
ерекшеліктерін және әр баланың өзінің алдында
тұрған қиындықтарды зерттеп, мән-мағынасына
толық түсініп алуы қажет.
Жеткіншектік
кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны психологияда
"өтпелі", "бетбұрыс", "қиын",
"сыналатын" кезең атауларында бейнеленген. Бұл атауларда
осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен
байланысты даму, процестерінің күрделілігі, маңыздылығы
және проблемалары
көрсетіледі. Бұл проблемалардың барлығы осы жас
кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер,
жыныстық жетілу процестерімен байланысты. Мектеп психологтары осы
қиындықтардың теориялық негіздеріне қанық
болғанымен әр баланың алдында тұрған
проблемаларды ескере отырып оларға дәл және тиімді
көмек көрсетуге, әр баланың проблемасының
ерекшеліктеріне толық түсінуге негіз болатын қазақ
тіліндегі оқулықтар мен әдістемелік құралдардың
тапшылықтары қосымша кедергі болып отыр. Сондықтан әр
психолог жұмысқа даярлықты өзінің шамасы
келгенінше толық қамтуға тырысуы керек.
Өсіп
келе жатқан бала өмірінде жеткіншектік кезең қиын
әрі өте маңызы сыналатын кезең. Бұл кезеңді
бұлай бағалау, біріншіден, бала ағзасында осы уақытта
болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты. Жеткіншек
жас кезеңнің ерекшеліктерін зерттеушілер Р.Байярд, Д.Байярд,
Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Реттер, П.М.Якобсон, И.С.Кон т.б. осы жас
кезеңінде балаларға ерекше көңіл бөлу керек
екендігін атап өткен. Өйткені осы жас шағында жүретін
өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін,
мүдделері мен қарым-қатынастарын, өмірге деген
көзқарасын түбірінен өзгертетін сипатта болады.
Мұның өзі біршама қысқа мерзімде өтеді де,
көбінесе күтпеген жерден даму процесі секірмелі қауырт сипат
алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер бір жағынан
жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі субъективтік
қиыншылықтар болуымен қабаттасады, ал үшінші
жағынан, баланың шешуін талап ететін қиыншылықтармен
ұштасады. Жеткіншек ересектердің ықпалына көне
қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен
наразылықтың әр түрлі формалары шығады
(қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік,
бүкпелік, тұйықтық).
Жеткіншектік
кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің 5-9
сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан
14—15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ
жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы 5 сыныпқа
көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы да мүмкін.
Балалық
шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой,
адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық
жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән
ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарды сапалық
жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің
сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен
қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара
іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің,
танымдық және оқу іс-әрекетінің,
мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа
арқау болатын моральдық-этикалық нормалар
мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде
ересектік элементтері пайда болады.
А.Е.Личконың
айтуы бойынша жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды
факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік
белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді, үлкендерден
және жолдастарымен, ақырында өзіне
қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің
жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін,
мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау)
бағытталады. Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз
уақытқа созылады және көптеген жағдайларға
байланысты болады. Осы себепке байланысты "өтпелі кезеңнің"
жүруі әр балада әркелкі болуы мүмкін. Мұның
өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен
«ересектіктің» қатар болуымен ал, екінші жағынан, сол бір
ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің
түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың
болуымен анықталады. А.А.Бодалев қазіргі мектеп окушыларының
өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің
болуымен байланысты деп түсіндіреді. Олар:
1)
ересектіктің дамуын тежейтін
жайлар: балалардың көбінде басқалардай
тұрақты және байыпты міндеттер болмай тек оқумен
ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды
тұрмыстағы еңбектен, қынжылыстардан,
қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа
алуға тырысуы;
2)
ересектендіретін жайлар мазмұны сан алуан мәліметтердің
орасан зор тасқыны; көптеген ата-аналардың бос
уақытының аздығы және осының салдары ретінде
балалардың дербестікке ерте жетуі; жолдастарымен
қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуымен
жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының
бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі
жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары
дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі
айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, 7 сыныпта бет-пішіні
мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар,
сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына
ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім
алып жүрген «интеллектуалдар» да бар, бірақ, сонымен қатар,
оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін
жеткіншектер де бар; болашаққа деген жоспары айқын емес,
мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы
түрде даярлана бастағандар да бар; кейбір қыз
балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар
ғана, басқалары бұған онша мән бермейді; кейбір
балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемшілер болса,
енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы
қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.
Л.Колбергтің
пікірі бойынша жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы
бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың
көптеген варианттары болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір «интеллектуал»
үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады,
қоршағандардың барлығы оны әлі «нәресте»
десе енді бір нағыз «интеллектуал» үйде электроника туралы
мақалаларды оқып, радиотехникамен, компьютермен әуестенсе, ал
екіншісі сабақта түк бітірместен, модадан қалып
қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің
мәнін шаштараз туралы мәселеге айналдырып отыратын ересек
жасөспірімдер. Үшіншілерін «интеллектуалды» ересектіктің
сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол
шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге
тәрбиелейді. Қыз балаларға келгенде, осы қыздардың
пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын
ұйпалап кетеді. Осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр
қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі
өмірлік игіліктер қалыптасады: біреуі үшін
маңыздының енді біреуіне құны жоқ болып
шығады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы
адамның жеке басының моральдық дамуы және барлық
құндылықтардың жалпы бағыты белгіленетіндігі.
Балалық
шақтан ересектікке өту кезеңі дене, ақыл –ой,
адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарынан
негізгі өзара тән ерекшеліктері болып табылады, барлық
бағыттарда жаңа құрылымдар қалыптасып
организмнің, сана-сезімнің үлкендермен, жолдастарымен
қарым-қатынастары олармен әлеументтік іс-әрекеті,әдістері
мүдделердің танымдық және оқу
іс-әрекетінің мінез-құлқына іс-әрекеттері
қарым қатынасқа арқау болатын моральдық,
этикалық нормалар мазмұнының нәтижесесінде ересектік
элементтер пайда болады.
Жеткіншектің
организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы
осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктер мен дамуының сыналу
құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы
әр түрлі теорияларға негіз болды. Мұндай
ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы
ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін
салушылар С.Холл мен З.Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы мен
өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық
шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал
құбылыс деп санады.
Жеткіншектер
қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол
тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде
өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Білім жеткіншек үшін
еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай, кейбір
жеткіншекдердің оқу пәндеріне деген ықыласының
төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды.
Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен
қызыға айналысу негізінен жеткіншекдерге тән.
Жеткіншек
өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы
жолдастарының арасынан табады. Жеткіншектін досы – ол тек бірге
ойнайтын, жанжалдасып қалатын,
татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес. Ол –
жеткіншектің екінші өзі, ол оның ойын білетін
қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері
және жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жеткіншек шактың орта
тұсында қыз балалардың бойында ер балалар арасынан, ер
балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген
қажеттілік оянады. Осылайша, ақылға салынған
мақсатты қарым-қатынастағы достық
қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың
алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.
Жеткіншектермен
жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс-әрекет
түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы
алдында өзін-өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді;
құндылықтарын қалыптастыру;
мінез-құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын
ұлғайтады.
Жеткіншектік
кезеңнің маңыздылығы адамның моральдық
және әлеуметтік негіздерді қолдану және
қалыптастыру болып табылады.
Жеткіншектік –қиын және
сыналатын кезең деп саналады. Осы уақыттың сапалық
өзгерістеріне байланысты бұл өзгерістер бұрынғы
ерекшеліктері мүдделі
қарым-қатынас түбірінен өзгеретін сипатта болады.
Мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы
мүмкін көбінесе күтпеген жерден болады. Осы кезеңіндегі
өзгерістер бір жағынан жеткіншектің өзінде әр
түрлі елеулі субъектілердің болуымен қалыптасады, ал екінші
жағынан тәрбиелеудегі қиыншылықтармен байланысты.
Жеткіншек үлкендердің ықпалына көнбейді, тіл алмау,
қарсылық пен наразылықтардың әртүрлі
формалары кездеседі : тентектік, дөрекілік,тұйықтық.
Мысалы: «Маған өмір сүру
қиын,-деп он бес жастағы қыз бала айтады.-Ата -анам
құрбыларыммен бірге жүргенге рұқсат етпейді»,- Ал
енді тағы бір қыз «Мен киноға,не би кешіне бармаймын»,
өйткені менің ата-анам ешқайда босатпайды. Мен темір торда
өмір сүріп жатқандаймын,-дейді».Сондықтан да осындай
жағдайда үлкендер тарапынан өзара
қарым-қатынасқа түсу басты роль атқарады.
Баланың
қиындықтарының көбісі оның жекелей
ерекшелігінің қалыптасуынан туындайды.
Өзгенің
өзіне деген сенімінің болмауы;
Не
нәрсені жүрегіне жақын қабылдау;
Құрбыларымен
тіл табыса алмау.
Осындай тіл
табыса алмау негізінде жеткіншек отбасыдан, мектептен тыс
қарым-қатынас формаларын іздейді. Өкінішке орай қазіргі
жағдайда жеткіншектер мен жасөспірімдердің
мінез-құлқы кері әсер етуші факторлардың
әсерінен алуан түрлі өзгеріп жатады. Оларға әсер
ететін факторлар:
§
Отбасындағы келіспеушілік;
§
Шамадан тыс еркелету;
§
Ата-аналар тарапынан бақылаудың болмауы;
§
Отбасындаға баланың орны;
§
Талап қоюдың жиілігі мен дәйектілігінің болмауы;
§
Қоршаған ортаның теріс ықпалы;
§
Әлеуметтік-психологиялық қараусыздық.
Жеткіншектер
тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына
байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл
олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал
етеді. Жеткіншектердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және
бұл ерекшеліктердің баланың жетілуінде көрініс табуын,
жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен
жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс
ұйымдастырылған тәрбие арқылы және
отбасындағы жағдайы арқылы жеткіншектің жеке
тұлғасын қалыптастыруға педагогикалық
басшылықтың шамасы жетеді.
Демек, осы
жастағы оқушылармен жүргізілетін жұмыстың
маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және
мектептен тыс кездегі балалардың әрқайсысымен жеке
жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай
отырып, педагогикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа
негізделген қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады.
Жеткіншектер өмірінде әсіресе, 9 сыныпта, яғни, толық
орта білім алу жолына тандау жасайтын кезде, олардың бойында
әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің
ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда
болады.
Баланың
тәртібінен қарсы іс-қимыл жасауынан өзіне назар аударту
үшін, кек қайтару үшін, билік, сәтсіздіктен
байқауға болады. Демек, бала ата-анасымен
қарым-қатынасқа зәру, ата-анасына жақын
болғысы келеді,яғни жан азабынан қорғанады.
Баланы
үнемі сынап отырса, ол жек көріп өседі, егер кінәлап
отырса, ол өзін кінәлі сезініп өседі, мысқылдап отырса,
тұйықталады. Еш уақытта баланы басқа баламен
салыстырмаңыз!
Егер бала
байсалды, сабырлы болып өссін десеңіз, оған үнемі
көңіл бөліңіз, жақсы қылығы
үшін мақтап, қиын жағдайда көмек көрсетіп,
әр табысын көрсетіп, мақтап отырыңыз.
Тәрбиедегі
ауытқушылық отбасында көрініс береді және оның
себептері отбасы құрылымында болады, сондай-ақ
ата-ананың балаға қарым-қатынасынан туындайды.
Отбасы
жағдайындағы кейбір мәселелер бала
мінез-құлқының бұзылуына, олардың тууына
себепші болатындығын көрсетеді. Егер ата-аналар өз жеке
проблемаларын дер кезінде шешіп отырса, бала психологиясының
бұзылуына жол бермейді.
Қиын
балалардың көпшілігі мейірім,жылылықты жиі сезінбейді.
Сондықтан осындай жеткіншектермен жұмыс жүргізетін
мұғалімдер мынадай сөздерді жиі қолданулары керек:
§
Қолдау ( « Өте жақсы», «Осы қалпыңнан
тайынба!»).
§
Мадақтау («Сен бүгін жақсы жұмыс жасадың!»).
§
Қарым-қатынас барысында мейірімділік көрсету,
көңіл бөлу.(«Мына оқулықтарды балаларға
беріп жіберші»).
§
Сенім көрсету(«Мен кілтті саған сеніп тапсырдым»).
Жанұя,
мектеп, көше – бұл әр баланың қарым-қатынас
сферасының ең басты негіздері, бұл сфералардың кейбір
модификациясына қарамастан, баланың қатынасу ортасы
және өмірлік тәжірибесі аз, қажеттілігі кішігірім,
еркіндік оянуы мағынасыз, соған байланысты оның ішкі
әлемі тіршіліктің салмақты қамымен, әлеуметтік
жаупкершілікпен былғанбаған, қоршаған орта жабық
немесе басқа кейіпте фантазия секілді қалыптасқан.
Баланың ақылына барлығы қызық болып
көрінеді. Өйткені өмірден алынған әсерлер
түрлі болып келеді. Бұрынғы кездегідей қазір де балалар
мейірімге, жанашырлыққа бейім: өр көкіректік,
қызғаныш, ең күшті тұлға болуға
ұмтылу секілді қасиеттер бар. Олар келеңсіз жағдайларды
тез ұмытса, табыстарын ұзақ уақыт есте
сақтайды.Олар пәктігімен, өзінділігімен, тез
өкпелегіштігімен ерекшеленеді. Бірақ бала есейген сайын өз
сезімдерін көрсетуге ұялады.
Қорыта
айтқанда, жеткіншектердің тәрбиелеу және оқыту
мәселелері ең алдымен отбасы
жағдайына байланысты. Отбасы жағдайындағы кейбір
мәселелер бала мінез-құлқының бұзылуына,
олардың тууына себепші болатындығын көреміз. Сондықтан, осындай жағдайлар барысында ата-аналар, тәрбиешілер,
мұғалімдерболып жеткіншектерді тәрбиелеуде
туындайтын мәселелерді дер
кезінде шешіп отырсақ, бала
психологиясының бұзылуына жол берілмес еді.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1.
А. Айтбаева. Әлеуметтік педагогика негіздері. Алматы, 2011.
2.
Петровский А.В.
Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы. – Алматы, 1981.- 2- 87 б.
3.
Зайцева И.А., Кукушин В.С., Ларин Г.Г., Румега Н.А., Шатохина В.И.
Коррекционная педагогика/ Под.ред. В.С.Кукушина. Изд-е 2с, перераб. И доп. – М:
ИКЦ «МарТ»: Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ», 2004.-84-135б;
4.
Возрастная и
педагогическая психология // Под.ред. А.В. Петровского. - М., 1986.
5.
//«Мектептегі психология – Психология в школе» №2 (26), 2010, 34-36 беттер,
- Пірназарова А.
6.
Березина А. Как
становятся трудными /,/ Восп. шк. 1981 № 3.