Филологические науки/3.Теоретические и методологические

 проблемы исследования языка

Ахметова А.Б., Әубәкір С.С.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «жол» концептісі

Қазіргі таңда қаралып жүрген өзекті мәселелердің бірі – концепт мәселесі. «Концепт» ұғымы лингвистикада «адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері» (А. Вежбицкая), «концепт – біздің сол нысан туралы білетініміздің барлық жиынтығы» (В. Н. Телия) тәрізді анықтамалармен беріліп жүр.

«Концепт» терминінің теориялық негіздері Д. С. Лихачев, Н. Д. Арутюнова, Е. С. Кубрякова, А. Н. Мороховский, Н. К. Рябцева, В. А. Масловның еңбектерінде әр түрлі қырынан қаралады.

Қазіргі лингвистикада концепт үш түрлі бағытта талданып, қарастырылады: лингвистикалық, когнитивтік, мәдениеттанымдық.

Концептіні лингвистикалық тұрғыда зерттеушілер бір тілді сөйлеушілерге ортақ концептуалдық ойлау жүйесі, «менталдылықтың негізгі бірлігі», «мәдениеттің кілт сөздері», «ұлттық колориті», «ойлау мен қарым – қатынас құралы ретінде» деп қарастырған.

Концептіні когнитивтік бағытта зерттеген өзге де ғалымдар Дж. Лакофф, М. Джонсон, А. Вежбицкая, Ю.С. Степанов концепт мазмұнына түсіндірілетін зат құрылыстың негізгі  ұғымдық белгілерін еңгізеді, яғни концептіні ұғыммен қатар қояды.

Концептіні лингвомәдениет танымдық аспектіде зерттеушілердің Н.Д. Арутюнова, В.В.Колесов, З.Д.Попова, И.А. Стернин, Ю.С. Степанов, В.Н. Теле, Л.О.Чернейко т.б. пайымдауынша, концепт барынша кең ұғым. Оның мазмұнына ұғымдық белгілерден де басқа осы зат-құбылысқа қатысты барлық мәдени-аралық ақпараттар енеді.

Концепт сөз мағынасын емес сөздің сөздікте берілген мағынасы мен адамның өзіндік және халықтық тәжірибелері негізінде қалыптасқан мағыналардың тоғысуынан туған мағыналар нәтижес іболып табылады. Сөз, мағына, концептінің өзара қатынастылығын қарастыра отырып, біз адамды ол қатардан шығарып тастай алмаймыз. Бұл жерде басты нысан – адам, адамның тәжірибесі, танымы, тілдік қабілеті. Концептінің әлеуеті неғұрлым кең және бай болуы үшін адамның мәдени тәжірибесі де, кең, әрі бай болуы қажет. Д.С. Лихачов әрбір адамның өзіндік дара мәдени тәжірибесі, дағдысы мен білім қоры, оның концепт байлығын немесе жұтандығын айқындайтын болады деп көрсетеді.

Сонымен, қазіргі тіл білімінде концепт табиғатына байланысты бірнеше көзқарастар бар: 1) концепт – бұл құбылыстың лингвокогнитивті түсіндірмесі; 2) концепт – лингвомәдениеттанымдық құбылыс; 3) концепт – жан – жақты құбылыс, ол жоғарыда аталған аспектілердің қай – қайсысы арқылы да талданады.

Концепт терминін талдау барысында көптеген зерттеушілер оның мәнін жан-жақты ашатын ұғымдар ретінде «сөздің ішкі формасы», «прототип» терминдеріне де тоқталады. Мәселен, дүниенің жаратылуы туралы түсінік «мен», мен және олар, мен және қоғам, мен және ғалам арақатынасынан өрбиді.

Концепт терминінің Британ энциклопедиясында берілген анықтама:

A concept (substantive term: conception) is a cognitive unit of meaning—an abstract idea or a mental symbol sometimes defined as a «unit of knowledge», built from other units which act as a concept's characteristics. A concept is typically associated with a corresponding representation in a language or symbology; however, some concepts do not have a linguistic representation, which can make them more difficult to understand depending on a person's native language, such as a single meaning of a term.

Солардың бірі « Жол» концептісі.

«Жол» концептісін тілдік-танымдық тұрғыдан қарастыра отырып, «өмір» мазмұнын ашуға болады. «Жол» концептісінің беретін ұғымдары мен түсініктеріне қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде:

1)                Азат жол – жаңа жол

2)                Аяқ жол – жалғыз аяқ жол, жақын

3)                Бұлау жол – қиыр –шиыры мол жол

4)                Даңғыл жол – кең, тегіс жол

5)                Қасқа жол – үлкен жол

6)                Шойын жол – темір жол

7)                Сиыр жол – жалғыз аяқ жол

«Жол» лексемасына сөзжасамдық лексемалар қосылу арқылы жаңа мағыналы туынды сөздердің жасалуына ұйытқы болады. Сондай-ақ, «Жол» концептісінің лингвофилософиялық сипаты этностың өзіндік ерекшелігін танытатын мақал-мәтелдер, фразеологиялық тіркестерде жиі кездеседі. Мысалы:

1)                Тар жол тайғақ кешу – ауыртпалығы көп жол (фразеологизм).

2)                Жолы болар жігіттің

Желі оңынан туады (мақал).

Жол лексемасы ауыспалы мағынада жиі қолданады. Мысалы:

1)                Кәде, сый, ретінде

Орамал тоңға жарамаса да жолға  жарайды.

2)                Жолға шығар алдыңдағы ырым «жол ашар»

3)                Бұрыс іс-әрекет немесе, керісінше, мақсатты айқын, дұрыс әрекет Мысалы: Теріс жол, сара жол

«Жол» сөзі ағылшын тіліне «Way»  деп аударылады. Бұл сөздің де қазақ тілінде сияқты, қолданыс аясы кең. Яғни бұл сөз тура және кері мағынада да  қолдана береді:

«Way» сөзінің қолдану аясы:

1)                Тура жол деген мағынасында мысалы: the way was roudh – жол жаман болды.

2)                Бағыт (направление) Мысалы:  he went this way – ол мына жаққа кетті

3)                Ара – қатынас (расстояние). Мысалы: His birthday is still a lond way – off-оның туған күніне дейін алыс.

4)                Қозғалыс

Мысалы: to make way -  алға жылжу

5)                Тәртіп, өзін-өзі ұстау (поведение)

Мысалы: to speak in a careless wayқалай болса, солай сөйлеу (говорить небрежно)

6)                Ырым, әдет.  To stand in the ancient waysескі әдетті ұстану

7)                Жұмыс немесе  әрекет кеңдігі. to live in a small way – қарапайым өмір сүру, немесе тұру

8)                Ағылшын тілінде «жол», яғни «Way» концептінің фразеологияда, идиома және мақал-мәтелдерде кең қолданады.

1)  Where there’s a will, theres a way – қайда қалау болса, сонда жол тартады. (proverb)

2) Every which way - кімде- кім қайда.  (Idiom).

Жоғарыда көрсетілгендей, «жол» концептісі қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де жиі  қолданыла. Салыстырған тілдерде «Жол» сөзі тура мағынада да, кері мағынада қолдану шеңбері кең екенін көріп отырмыз. Бұл жердегі біз тілдердің өзара ұқсастығын байқай аламыз.

Қазақ тілінде «жол» концептісі ақын-жазушылар поэзиясында тілдік бейне жасауға қатысады. Мысалы: Ұлы Хакім Абайдың шығармаларынан көре аламыз. Абайдың «Алланың өзі де, рас,  сөзі де рас» өлеңінен үзінді:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы  де әділетті...

Бұл шумақтан біз «Жол» концептісінің өзінің тура мағынасынан ауытқып, жүретін жол емес, алланың жолы, яғни  сара жол, дұрыс жол деген мағынада қолданылып тұр.

Мағжан Жұмабаев «Жан сөзі»

Ессіз жүрек аспанға қол сермеді,

Ессіз жүрек ақылға жол бермеді

Жастық –у ғой, айнымай у ішіппін

Бұл күндерде кеудені ой кернеді...

Мағжанның өлең жолдарынан «жол» сөзін «кезек», деген мағынада қолданып отыр. Яғни жол сөзі өзінің бастапқы  мағынасынан  айырылып тұр.

Мұхтар Шаханов еңбектерінде «жол» сөзінің қолданысы:

Көтергенше балаң ойдың желкенін

Қинаса да қиқар соқпақ, қиыс жол,

Өзің туған қасиетті өлкенің

Ауасымен дем алуға  тиісті ол!

Ақын бұл жерде «жол» лексемасын «өмір жолы», «өмірдегі қиындық», «кедергілер» деген мағынада қолданып отыр.

«Жол» концептісіне байланысты ағылшын тілінде шығармашылық тұрғыда қарастырғанда ойымызға бірден Франк Синатраның әйгілі әні «My way», қазақша баламасы «Менің жолым» есімізге түседі.



My Way (оригинал Frank Sinatra)

And now, the end is near,

And so I face the final curtain.

My friend, I'll say it clear,

I’ll state my case

of which I am certain.

 

I've lived the life that's full,

I travelled each and every highway,

And more, much more than this,

I did it... my way...

 

Менің жолым» (аударма)

Жол соңына келіп тұрм,

Қоштасу шағы жетіпті,

Баршаңызға достарым,

Еш күмәнсіз

Ақтарылып бар шындықты  айтайын.

Өмірдің басыныан өткіздім

Бар ләззатын татып көрдім,

Бірақ бәрінен маңыздысы,

Мен өз жолымда... болдым...


Қазақ және ағылшын тілдерінде жол лексемаларын білдіретін фразеологиялар, мақал-мәтелдер тұрақты сөз тіркестер қатарында айырмашылық айтарлықтай үлкен емес және олар мағыналық жағынан жақын. Бұл мақаланы жазу барысында 21 қазақша, 17 ағылшынша сөздіктерді қарастырдық. Онда жол концептісі кездесетін сөз тіркестер және фразеологиялық бірліктер саны қазақ тілінде - 75, ал ағылшын тілінде – 48 бірліктер көрініс тапты.

Қорыта келгенде айтарымыз келтірілген мысалдардан біз жол концептісінің қазақ және ағылшын тілдерінде кенінен қолданылатының көреміз және бұл концептінің мағынасы мәтінге байланысты екі тілде де өзгеріп отырады.  

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы: Ғылым – 1977ж.

2.     Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1974-1986. 10 томдық.

3.     Нұрдаулетова Б.Ш. «Когнитивтік лингвистика». - Алматы, 2011.

4.     Гумбольд В.Избранные труды по языкознанию. - Москва: Прогресс, 2011-784. 

5.     Сонеты Уильяма Шекспира сборник «Страстный пилигрим» 1599 год.

6.     Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің қолданылуы. – Алматы:Мектеп, 1966 – 205б.

7.     The New Oxford Thesaurus of English. Oxford University Press, 2007 – 1087p.

8.     Кеңесбаев Ү. Ағылшынша – қазақша фразеологиялық сөздік. English – Kazakh dictionary of idioms. Парасат баспа үйі. Астана 2010 – 772б.

9.     Литвинов П.П. 35000 английских фразеологизмов и устоичивых словосочетаний. – М: Астрель: АСТ, 2007. – 285с.