Қазақстанда
жүзiм шаруашылығының қазiргi жай-күйi мен саланы дамытудың негiзгi
бағыттары
Сейтбаев Қ.Ж.
а-ш.ғ.к., доцент. Тараз инновациялық-гуманитарлық
университеті.
Мурсатова А.Ж. магистр.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Сағындықова А.И.
магистр. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті.
Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау ісiн
қалпына келтiрудiң және дамытудың 2010 жылға
дейiнгi кезеңге арналған бағдарламасы әзiрленген. Осы бағдарламада
Қазақстанның оңтүстiгiндегi табиғи–климаттық
жағдайлардың жүзiм шаруашылығы және шарап жасау
iсiн дамытуға мүмкiндiк беретiндiгi қарастырылған. 1970–1985 жылдарда Қазақстанда
көптеген, тиiмдiлiгi жоғары жүзiм шаруашылықтары
құрылған болатын.
1985–1990 жылдары сала үшiн зиянды болған алкогольге қарсы
саясат елеулi залал келтiрдi. Нарықтық қатынастарға
көшу кезеңiнде көптеген жүзiм шаруашылықтары
жағдайы нашарлады.
Сонымен бiрге, көптеген шаруашылықта әлi де болса
жүзiмдiктер сақталған. Бұрын отандық шарап жасау
iсi бұрын халықаралық деңгейде танылған әрi
табысы жоғары сала тұғын. Соңғы 5 жылда шарап
iшiмдiктерi балансын талдау Қазақстандағы шарап рыногының
әлемдiк рыноктардағы конъюнктура өзгерiстерiмен байланысты
баға себеп шарттарына тәуелдiлiгiнiң аздығын және
тұрақтылығын көрсетуде. Қазiргi уақытта,
iшкi рынокта импорттық шараптар басым түсуде. Отандық шарап
зауыттары, көбiнесе, импорттық шарап материалдарымен жұмыс
iстеп келедi.
Жүзiм шаруашылығы
және онымен сабақтас жүретiн өнiмдi қайта
өңдеуi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң мейлiнше
тиiмдi салаларының бiрi болып табылады. Қазақстанда 50-шi
жылдардың аяғында 60-
жылдардың басында республиканың оңтүстiгiнде және
оңтүстiк шығысында мамандандырылған жемiс-жүзiм
шаруашылықтары желiсiн ұйымдастырудан өнеркәсiптiк
жүзiм шаруашылығының дамуы басталды. Осы кезеңде
республикадағы жүзiмдiктiң алаңы бiрнеше есе
өсiп, 80-жылдардың ортасында 26 мың гектарға жеттi.
Жүзiмдiктердi табиғи аймақтар бойынша орналастыруда
жiберiлген елеулi кемшiлiктерге қарамастан, Қазақстанда
жүзiмнiң жалпы жиналымы климаттық жағдайлар бойынша
қолайлы жылдарда 150–200 мың тоннаға, ал шарап
өндiрiсi 15 млн аса декалитрге (далға) жеттi.
Саланың жастығына қарамастан, Қазақстан шарап
жасау iсiнде едәуiр табыстарға жеттi.
Бүкiлодақтық және халықаралық конкурстарда
Қазақстан шараптары алған ондаған медальдар
осының айғағы ("Рислинг", "Есiк",
"Шелек", "Целинное", "Ақбұлақ"
және бiрқатар басқалары).
Қазақстан жүзiмшiлерi 1980–1990 жылдары тек
күштi үсiк түсуiнен, екi рет 100 мың тоннадан кем
жүзiм жинады. Қалған жылдары жылына орташа 150 мың
тонна жүзiм жиналды, ал қолайлы 1980, 1981 және 1983 жылдары
оның өндiрiсi тиiсінше 172,3; 197,7 және 193,3 мың
тоннаға жеткен.
Мамандандырылған жемiс-жүзiм шаруашылықтарының
әрқайсысында бастапқы шарап материалдарының болуы
Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау
ісiнiң табысты дамуына ықпал еттi, олар кейiн қайталама шарап
жасау зауыттарына берiлдi. Бұл жылдары шарап өндiрiсi 12–15 млн.
далға жеттi. Өндiрiстiң осы көлемi саланың
жоғары тиiмдiлiгiн қамтамасыз еттi.
Аты шулы "алкогольсiз саясат" республиканың
жеміс-жүзім шаруашылықтары экономикасын едәуiр
бүлдiрдi. 1985 жылдан бастап соңғы уақытқа дейiн
республикада жүзiм мен шарап өндiрiсi үнемi төмендеп
келдi және ол қазiргi уақытта ең жақсы жылдары
өндiрiлген көлемнiң 10%-ан төмен болып отыр.
Нарықтық экономикаға көшудiң бастапқы
кезеңiндегi өнеркәсiп және ауылшаруашылық
тауарлары бағаларының сәйкессiздiгi және
салықтың жоғары деңгейi ауыл шаруашылығы
өндiрiсiнде ауыр зардаптарға әкелдi. Бұдан басқа,
жүзiм шаруашылығы дәстүрiмен еңбек жұмсалуы
жоғары ерекшеленетiндiктен, саланың түпкi өнiмi – шарап пен шарап
материалдарына қосымша акциз салығы енгiзiлген болатын.
Арнайы техниканың көп саны қажет екенiн ескерсек,
мұндай экономикалық жағдайларда шаруашылықтардың
көпшiлiгiнiң жүзiм шаруашылығын жүргiзуге шамасы
келмедi. Жүзiмдiктер тиiстi күтiмсiз қалып, бұл
олардың өнiмдiлiгiн күрт төмендеттi.
1998 және 1999 жылдарда iс жүзiнде жүзiмнiң бар
өнiмiнiң ысырап болуына әкелген, нарықтық
экономикаға көшу жылдарында Қазақстанның
оңтүстiгi мен оңтүстiк шығысының
бүкiл аумағында, іс жүзiнде жүзiм және жемiс
көшеттерiнiң бiрнеше рет кеш түскен залалды көктемгi
үсiкке ұшырауымен жағдай тереңдей түстi.
Осының салдарынан Қазақстан рыногы іс жүзiнде
көбiне, сапасы төмен импорттық шарап материалдарымен
толығып келедi. Отандық шарап маркасымен импорттық шарап
материалдары дайындалатын жағдайлар аз емес.
Қазiргi уақытта да жүзiм көшеттерi
алаңының қысқару үдерісі сақталып отыр.
Жүзiм және тиiсiнше шарап материалдары өндiрiсi
аймақтарға және өсу жағдайларына қарай
соңғы он жылдықтың әр жылында 5–10 есе
құлдыраған. Бастапқы шарап жасау зауыттары
шикiзаттың жоқтығынан қуатының тек 10–15%-на жүктемесi бар, олардың
құрал-жабдығы моральдық және түрi
жағынан ескiрген.
Жүзiмдi баптау және
қайта өңдеу – жұмысшылар мен мамандардың арнайы
бiлiмiн, тәжiрибесiн және кәсiби дағдысын қажет
ететiн күрделi, еңбек көп жұмсалатын
технологиялық үдеріс.
Осының нәтижесiнде бiрнеше ондаған жылдар бойы тауарлы
жүзiм шаруашылығы үнемi шығынды болып қалып отыр.
Жабық суармалы жүзiм шаруашылығында бастапқы
рентабелдiлiк гектарына кемi 45–50 центнер өнiммен қамтамасыз етiлсе,
көшеттердiң орташа жылдық өнiмдiлiгi гектарына 30
центнерден аспауда.
Алматы облысының
климаттық жағдайлары Жамбыл облысы жағдайына
ұқсас. Алайда, мұнда шикiзатпен қамтамасыз етiлуi
қажет, бастапқы шарап жасау iсi зауыттарының кең
тараған желiсi бар. Сонымен қатар, бұл аймақтың
жүзiм өндiрiсiнде бай дәстүрi, жақсы ғылыми
қамтамасыз етiлуi, еңбек ресурстары және тәжiрибелi
кадрлары бар.
1985 жылға дейiн Қазақ жемiс-жейдек және
жүзiм шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының
(ҚазЖЖҒЗИ) қарауындағы екi мамандандырылған
тұқымдық шаруашылық (қазiр – "Мерке"
РМҚК және "Сарыағаш" РМҚК) қоса
алғанда жылына 3 млн. дейiн жүзiм көшетiн өндiрген.
Қазiргi уақытта саладағы дағдарыстан және
тиiсiнше, сұраныстың болмауынан, олар іс жүзiнде
отырғызу материалдары өндiрiсiн тоқтатқан.
Саланы жедел қалпына келтiруге және дамытуға кедергi
болып отырған негiзгi проблемаларға:
–салаға инвестициялардың болмауын, жүзiм шарап жасау ісi
саласының техникалық және технологиялық
жай-күйiнiң төмен деңгейiн, құрал–жабдықтың моральдық және
түрi жағынан тозуын;
– жүзiм көшеттерi алаңының қысқаруын,
жүзiмнiң жоғары сапалы және жоғары өнiмдi
сұрыптарының отырғызу материалдары өндiрiсiнiң
күрт қысқаруын жатқызуға болады.
Қазақстанда жүзiм
шаруашылығы мен шарап жасау iсi саласын қалпына келтiрiлуi
және одан әрі дамуы мүмкін. Солардың бiрi тауарлы
жүзiмдiктердi қазiргi уақытта тек қажеттi
өндiрiстiк және кадрлық әлеуетi бар, табиғи
жағдайлары жүзiм баптаудың талаптарына мейлiнше толық
сай келетiн аудандарда орналастыру болып табылады.
Соңғы үш жылда
жүзiм шарабы және шарап материалдары iшкi рыногының
сыйымдылығы орташа 76,5 мың литр болған. Жүзiмдi
тұтынудың ұтымды нормаларын (21,6 кг) ескере отырып,
республикада жүзiмдi тұтынудың жалпы көлемi 324
мың тонна құрайды.
Өнiмнiң 70%-ы шарап
және шарап материалдары өндiрiсiне жiберiлетiнiн негiзге
алсақ, саланың шикiзатпен қамтамасыз ету үшiн
жүзiмге қажеттiлiгi 226,8 мың тонна құрайды.
Гектарынан 9 тонна орташа өнiмдiлік жағдайында жүзiмнiң
мұндай санының өндiрiсi үшiн жүзiмдiктердi 25,2
мың гектар алаңда орналастыру қажет болады.
Осы мақсатта: –жүзiмдiк
алқаптарын қалпына келтiру және жаңаларын
отырғызу;
–жүзiмнiң таза сұрыптарын өсiру үшiн
тәлімбақтарды дамыту;
–жүзiм өсiретiн
шаруашылықтардың және таза шарап өндiретiн
кәсiпорындардың технологиялық және техникалық
артта қалуын жою керек.
Қазақстанның оңтүстiк аймақтарында
тауарлы жүзiмдiктердi кешендi қалпына келтiруге және
дамытуға, шарап материалдары және отандық маркалы шараптар
өндiрiсiн ұлғайтуға, саланың технологиялық
және техникалық артта қалуын жоюға, iшкi және
сыртқы рыноктарда отандық шараптардың бәсекелестiк
қабiлетiн қамтамасыз етуге толық жағдайлар бар.
Жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау ісi дамуының
әлемдiк тәжiрибесi мен үдерістері саланың
қалыптасуының және тұрақты жұмыс
iстеуінiң негiзгi жолы өндiрiстi тығыз жүргiзуде
жатқанын көрсетiп отыр, оның түпкi мақсаты
көшеттердiң жоғары өнiмдiлiгi және шарап жасау
iсi өнiмiнiң тамаша сапасы болып табылады.
Егер бұрынғы одақ
кезінде саланың рентабельдiлiгi жүзiмдiктердiң жылына
гектарынан 50–60 центнер орташа өнiмдiлiгiмен қамтамасыз етiлсе,
қазiргi жағдайларда шаруашылық субъектiлерiнiң
өнiмдерi мұндай өнiмдiлiкпен бәсекеге қабiлеттi
бола алмайды.
Бұл, әсiресе кей
кездегi суықтан өнiмнiң бiр бөлiгiнiң
құруына әкелiп отыратын, республиканың
оңтүстiк шығыс аймақтарына қатысты. Мұнда
басым түрде жүзiмнiң техникалық сұрыптарын баптау
iсiне ден қою қажет, бұл өнiмнiң бiр бөлiгi
суықтан зая болған жағдайда кәсiпорындардың
экономикасын өткен жылдардың өнiмдерi шараптарын өткiзу
есебiнен қолдауға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте
жүзiмдiктердiң 90%-ына дейiнi пiсiп-жетiлуi және пайдалану
бағыттары әртүрлi мерзiмдердiң техникалық
сұрыптары болғаны жөн.
Жамбыл облысында және Оңтүстiк Қазақстан
облысында тауарлы жүзiмдiктер алаңын қалпына келтiру
және дамыту үшiн жағдайлар жасау мейлiнше орынды
болмақ. Бұл ретте асханалық жүзiм, сондай-ақ
қатты және десерттi шараптар өндiрiсiн,
бұрынғыша, облыстың оңтүстiк аудандарында
шоғырландыру қажет.
Сонымен бiр мезгiлде,
Түлкiбас және Сайрам аудандарының тау бөктерiндегi
жерлерiнде жүзiмдiктердiң алаңын едәуiр кеңейту
қажет.
Оңтүстiк
Қазақстан облысының осы аймағындағы
климаттық жағдайлар тек жоғары сұрыпты асханалық
емес, тiптi, ақ қайраң шарап материалдарын да өндiруге
мүмкiндiк бередi.
Республиканың қалған аймақтарында қыс
уақытының қатаңдығынан және бүршiк
жару кезеңiндегi жеткiлiксiз жылумен қамтамасыз етiлуiнен тауарлы
жүзiм шаруашылығын дамыту үшiн жағдайлар жоқ.
Қазақстан
Республикасында жүзім шаруашылығын дамыту шаралары үшін:
– тауарлы жүзiмдiктердi тек табиғи жағдайлары
жүзiм баптау талаптарына мейлiнше сай келетiн аудандарда орналастыру,
жүзiмдiктердi аймақтар iшiнде табиғи аймақтар бойынша
саралап дамыту;
–тұқымдардың жаңа бағалы
сұрыптарының таза сұрыпты отырғызу материалын
өсiру жөнiндегi жүзiм тәлімбағын қалпына
келтiру;
–таза сұрыпты жүзiм және бастапқы шарап жасау iсi
өндiрiсiне тiкелей инвестициялар тарту;
–жүзiм
баптауда қажеттi ауылшаруашылық техникасының тiзбесiн
айқындау және отандық машина құрылысы
кәсiпорындарында өндiрiсiн ұйымдастыру қажет.