Филологические науки\Теоретические и методологические
проблемы исследования языка
к.ф.н.,
доцент Раева Г.М.
КазНПУ
имени Абая, Казахстан
Тілдік реформа
және латын әліпбиінің
тарихы
Кеңес
өкіметі тұсында социализмді құру жоспарында
«мәдени революцияны» жасау маңызды орын алды. Мәдени
жаңартуды жүргізуде кеңес өкіметі ескі дүниені
бірден жоғалтып жіберетіней материалдық мүмкіндіктері
болмағандықтан бірталай қиындықтарға да тірелді. РКП
(б) – ның оныншы съезі ұлттық саясат, соның ішінде,
мәдени революция жасау жолының негізгі міндеттерін айқындап
береді. Олар: сауатсыздықты жою,
халыққа білім берудің жаңа жүйесін жасау,
мәдени-ағарту мекемелерін құру, әдеби тілді
жетілдіру және жасау, жазудың жаңа түрін ендіру, жоғары
оқу орындарының жаңа жүйесін құру т.б.
Дегенмен, бұл міндеттерді жүзеге асыруда әрбір
халықтың тілі, діні, мәдени дәстүр ерекшеліктері,
тарихы есепке алынбады. Дәл осы жағдай үлкен қателіктерге
соқтырды.
Қазіргі
кезең 20 – 40 жылдар оқиғаларын қайталайды, егер 20 жылдары
араб графикасы латынға ауыстырылса, 30 жылдары оны кирилицаға
көшірді, ал қазір кирилицадан латын әліпбиіне өту
үдерісі қолға алынып жатыр.
Кеңес
Одағы тұсындағы жаңа мемлекеттерді
құру тілдік реформаның жүргізілуімен де сипатталды,
соның бір бөлігі «латындандыру» үдерісі болды. Кеңес Одағы
кезеңіндегі ұлттық жазуды қалыптастыру саясаты тек
қана ағартушылық бағытта ғана емес,
идеологиялық сипаттада да басым болғаны белгілі. Егер «жазуы
жоқ» халықтар үшін бұл бір мәнге ие болса,
нақтылы бір графиканы қолданып жүрген халықтар үшін
өзгеше мәнге ие болды.
1917 жыл және
содан кейінгі он жылдық тек қана Ресей тарихында ғана емес,
түркі халықтары тарихында да терең із қалдырды.1917 жыл
ақпан оқиғаларынан кейін
Ресей құрамындағы ислам әлемінің
өкілдері араб әліпбиін реформалау мүмкіндігі немесе латын
әліпбиіне көшу жөніндегі идеяларын ашық айта
бастады. 20 - жылдары бұл идея
жан-жақты талқыланып, үлкен пікір таластар тудырды. Араб
әліпбиінен латын әліпбиіне көшу идеясын Әзербайжан
үкіметі қолдап, 1922 жылы арнайы комиссия құрады. Сол кезеңдегі
Әзербайжан ВЦИКа төрағасы С. А. Агамали-оглы В.И.
Лениннің қабылдауында болады, пролетариат басшысы
ұсынылған іс жоспарды қарай отырып, оны «мәдени
революцияның бастауы» деп атайды. 1922 жылы Жаңа түркі
алфавиті комитеті құрылады, ал 1923 жылы Әзербайжан
Орталық комитеті шығарған декретте латын әліпбиі мемлекеттік
және міндетті болып жарияланады. Кеңес өкіметі «Жаңа
әліпби» ошақтарын мұсылмандар орныққан жерлерге
құра бастайды.
Жазуы
араб әліпбиіне негізделген мұсылмандарды ислам
әлемінен, дін ретіндегі исламнан қол үздіру
большевиктердің басты мақсаты болды. Халықты түркілік тамырынан ажырату мақсатында Ресей
қол астындағы халықтар әліпбиін латынға
көшіру жоспары қарқынды жүрді. Кезінде латындандыру
саясатын жақтаушы идеологотардың бірі –кеңес
дәуіріндегі белгілі лингвист, әлеуметтанушы, фонолог Николай
Яковлев бұл туралы: «борьба за латинизацию, развернувшись как
революционная борьба широких масс трудящихся Советского Востока за советскую
национальную культуру против средневекового обскурантизма мусульманского и
иного духовенства, против местных феодалов и буржуазии, приняли характер яркой
классовой борьбы» деп жазады [1,27].
Кеңес
дәуірінде «әлемдік революция» идеясына тартылуды көздеген кеңес
көшбасшыларының латындану үрдісін талқылауы халықаралық мәнге ие
болды. Татар республикалық тарихшылары қоғамының
төрағасы Булат Султанбеков
атап өткендей: «бірқатар саясатты жақтаған интеллегнция
үшін латын әрпіне көшу мұсылман халқын
әлемдік революция идеясына тартылуына әсер етті» [2]. Латын әліпбиі
болашақта барлық әлемді біріктіретін Батыс пен Шығысты
өзара тығыз байланыстыратын әлемдік әліпби болуы
қажет еді. 1924 жылы
Мәскеуде Шығыстану
ғылыми қоғамының жанында Түркі
халықтарына арналған латын
жазуының ассоциясиясы құрылып, жалпы түркілік съезді
өткізуге дайындық жүргізеді. 1926 жылы ақпан айында
Бакудегі алғашқы түркологиялық съезд өтеді.
Бұл съездге СССР құрамындағы көптеген түркі
халықтарының өкілдері қазақтар, татарлар,
өзбектер, чуваштар, Солтүстік Кавказ, Сібір түркі
халықтары, якуттер, сондай-ақ, СССР Ғылым академиясы, Украина
ғылыми академиясының, Түркия, Германия, Австрия, Венгрия,
Иран елдерінің ғалымдары қатысады.Съезде кеңес
одағы құрамындағы түркі халықтарыны жазуын
латын әліпбиіне көшіру
мүмкіндігі туралы мәселесі
талқыланды.
Латындану үдерісіне бірден
қарсы шыққан татар делегаты Галимджан Шараф болды. Ол Әзербайжанның
латынға көшу тәжірибесі сенімді еместігін, оны түркі
халықтарына таратудың қажеттілігі жоқтығын айтып, съезде араб әліпбиін
реформалаудың мүмкіндіктерін
ашып көрсетті, өйткені осы кезеңдерде Татарстан
және Қазақстанда қазақ және татар
тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне бейімделген араб графиксын реформалаудың
жағымды тәжірибелері болды. Дегенмен, съезд реформаланған араб тілінің латын
тілімен тең дәрежеде қолданысы туралы ұсынысын
қабылдамады. Тілдік
тұрғыдан алғанда араб графикасы жазу дағдыларын тез
меңгеруге кедергі келтірді, сонымен қатар, түркі
тілдерінің фонетикалық ерекшеліктерін көрсете алмады.
Саясатты басшылық еткен жаңа үкімет
мұсылмандықтың идеологиялық әсерін жою
мақсатында реформаны жалғастырады. Съезден кейін латындану
үдерісін жақтаушылар өз қызметтерін белсендіре
түсті. Осы жылы Өзбек ССР-і Орталық атқару
комитетінің IV сессиясында араб әліпбиінен
бас тартып, жаңа латын әліпбиіне көшу туралы шешім
қабылданды. 1926 жылы Республика үкіметі латын әліпбиін
жасады және бекітті. Түркияда да
тілдік реформа жасалды. Түркияда кемал режимі жаңа үкіметке
қауіп төндірді, және сауатсыздық жаппай бел алды.
Сонымен қатар, осман-түрік тілінде араб, парсы тілінен енген кірме
сөздердің көптігі ауызекі сөйлеу тілін қолданатын
қарапайым халық үшін бірқатар қиындықтар
тудырды. Осы бағытта жұмыстар жүргізіліп түрік тілінің
«түркілену» үдерісі
жолға қойылды.
Араб әліпбиін
реформалауға қарсы топтар бірнеше себептерді алға тартты,
яғни ол біріншіден, 28 әріптен
тұратын араб графикасы түркі тілінің құрылымына
мүлдем сәйкес келмейді, араб тілінде диакритикалық белгілер
өте көп, дыбыстарды белгілеу, сондай-ақ дыбыстарды бір-
бірінен ажырату қиындығы, осының барлығы сауатсыз
халықтың араб әліпбиін қабылдауына кедергі келтіреді.
Араб графикасынан
бас тарту идеологиялық сипаты басым болғаны белгілі. Бұл бір
жағынан, Батысқа жақындаудың бірден бір жолы болса, екіншіден, түркі
халықтарын мұсылман дінінен алыстатудың жолы болды. Араб
тілінде сақталған түркі халықтарының мәдени, рухани қазынасынан қол үзу
қаупін кеңес басшылары есепке алмады. Латын әліпбиін
күштеп ендіру Кеңес одағы құрамындағы
барлық мұсылмандардың наразылығын тудырды. Дегенмен,
Одақтың диктатуралық саясаты халықты латын
әліпбиіне көшуге мәжбүрледі. Араб тілінде
жазылған кітаптар үкіметке қарсы саясат ретінде
бағаланып, жойылды. 30-жылдары Өзбекстанда «Коммунистік
партияның манифестісін» араб жазуымен аударған партия
қызметкері репрессиға ұшырайды, өлім жазасына
тартылады. Осындай қатал талаптар қойған мемлекеттік саясат
латындану үдерісін күшпен ендіріп, араб тілінің
мүмкіндігін шектейді.
Графикалық
және фонетикалық тұрғыдан жеке ұлттық
әліпбидің біріккен нұсқасы біраз жылдар өткеннен
кейін 34 әріптен тұратын жаңа түркі әліпбиі
ретінде жасалады. Сол кезеңдегі
жасалған латын әліпбиі латын және орыс
әріптерінің түрлі
модификациясын берді, қос нүкте, сызықша т.б. белгілер
негізінде ерекшеленді. Тілдік
тұрғыдан мұндай әліпбиді құру Н.Ф. Яковлев ұстанған
“бір графема – бір фонема” принципіне [1] және тілдің
фонологиялық жүйесіндегі графемалардың барлық санын
қамтуға негізделді.
1928
жылы араб әліпбиінен латын әліпбиіне ресми түрде көшті.
Сол кезеңді нарком ағарту ісінің басшысы Анатолий Луначарский:
«Бұл таза мұсылмандық және түріктік көне
мәдениетке деген адалдық деген саясатты ұстанған,
латындану үдерісін көне мәдениетке деген қысымдық
көрсету деп түсінген пантюркистердің мүмкіндіктерін
жоққа шығарды» деп көрсетеді [4]. Жалпыодақтық комитет жаңа
әліпбиді жасауда филология және тіл білімі мәселелерімен
ғана емес, сонымен қатар идеологиямен де айналысты.
1928
жылы мұсылмандық діни мектептердің жабылуымен қатар,
жаңа түркі татар латындалған әліпбиін оқыту Ресей
Федеративтік Республикасы территориясын мекендейтін халықтар үшін
мектептерде, ағарту орындарында, ликбездерде қамтамасыз етілді[5]. 1929 жылы 7 тамызда «О новом латинизированном алфавите народов арабской
письменности Союза ССР» атты Оралық комитеттің қаулысы латын әліпбиіне
ресми мәртебе береді. Бұл құжатта латын
әліпбиінің мәдени - экономикалық жаңа
маңызын ескере отырып, барлық мемлекеттік мекемелер мен
өндірістерде араб тілінің қолданысы жойылып, латын графикасын
қолдануға көшуі туралы міндеттеледі. Барлық
бұқаралық ақпараттық құралдар мен
мекемелерде жалпыодақтық жаңа әліпбиге өту
үдерісі осылай басталады. 1927 жылы қазан айында Дағыстан
обкомының тоғызыншы партия конференциясы: «Араб әліпбиі
ұлттық баспасөздің дамуына кедергі келтіретіндіктен,
ұлттық баспасөзді латын тіліне аудару үшін
дайындық жұмыстарын жүргізуді жедел қолға алу
керек» деген ұсыныс айтады. 1928 жылы мамыр айында Дағыстан обком
партиясының баяндамасында «латын әліпбиін ендіру
сауатсыздықты жою бойынша жұмысты күшейтуге бағытталуы
қажет, жаңа әліпбиді ендіру бойынша жұмыстарды
жалғастыру керек. Жаңа әліпби бойынша Комитет тарапынан
Дағыстанға берілген көмекті мойындау қажет» деген
шешімдер де қабылданады.
Сонымен
қатар, мұсылман діні «шырмауында» жүрген еңбекшілермен
де көптеген түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Өкімет басшылары латын әліпбиіннің
артықшылықтарын көрсетіп, араб тілінің қолданысын
мүлдем жоққа шығарады. Дағыстан халқы 1930 жылы толықтай латын
әліпбиіне көшеді. Араб жазуындағы мәдениеттің
маңыздылы, араб тілінде сауатты адамдардың көптігі, тарихи
мәдени дәстүрдің осы тілде сақталуы осының
барлығы араб әліпбиін реформалауға мүмкіндік
беретіндігін алға тартып, латын әліпбиін мойындағысы
келмеген Татар автономды
Республикасындағы саясаткерлер, мәдениет қызметкерлері
тарапынан болған наразылыққа өкімет көңіл
аудармады. «Жаңа әліпбиге» қарсы
шыққандардың барлығы қудаланды. 1929 жылдың
1 ақпанынан бастап Татар автономды республикасында татар тілінде
мемлекеттік, кооперативтік мекемелер мен қоғамдық
ұйымдарда іс жүргізу енгізіліп, 1930 жылдың 1қаңтарынан бастап барлық газет,
журналдар, баспасөз, оқу орындары жаңа әліпбиге
көшті.
1930 жылдан бастап Кеңес одағы
құрамындағы халықтармен қатар, шет елде де
жаңа әліпбиге өту үдерісі жүргізіледі. Осы жылы горск-еврей жазуы да латын
әліпбиіне өтеді.
Әлемдік
революцияға жақындау идеясын жүзеге асыру және түркі халқын тарихи
тамырынан ажырату, мұсылмандарды исламнан қол үздіру Батыс
пен Шығыс елдерінің тоғысында орналасқан Әзербайжан
елінен басталып, барлық түркі халқына таралады. Литературная
энциклопедия жазғандай: «Араб әліпбиін латындандыру 1925–1926
жылдар аралығында қарқынды жүрді. Бұл
үдеріс еңбекшілер арасында сауаттылықты кең тарату
мақсатында жазу үлгісін, ең алдымен, әліпбиді жасау
арқылы жазуды ұлттық саясаттың қаруы ретінде
қолданды, орта ғасырлық араб, монғол және т.б. графика
негізінде дамыған жазу үлгісі енді латын әліпбиіне
көшірілді [3]. Сонымен, латындану үдерісінің бірнеше
кезеңнен өткенін байқауға болады. Біріншіден, 1926 жылы
Әзербайжанда алғаш латын әліпбиіне өтіп, сол кезеңдегі Кеңес одағы
құрамындағы халықтар тіліне тәжірибесі таратылды. Екіншіден, 1930 жылдан бастап латындану үдерісі
дамуында жаңа кезең басталып, ұлттық әдеби тілді
дамыту мәселесі, жаңа терминологияны жасау, жазуды бірізділікке
түсіру, түрлі техниканы игеру мәселелері күн
тәртібіне қойылса, латын
әліпбиіне көшіру нысаны ретінде басқа да (монғол,
қытай т.б.) жазу үлгілерін реформалау мәселері
талқыланады.Солтүстік, Кавказ, Орта Азия халықтары үшін
әліпби жасалып, 1931 жылға қарай әліпби түркі
халықтары үшін ғана емес басқа да көптеген халықтар үшін «Жаңа әліпби» болып ауысады. Кеңес одағының
алғашқы жылдарында латындану үдерісі орыс тіліне де
қатысты көтерілді. Жаңа орыс әліпбиінің бірнеше
нұсқалары жасалып, ұсынылғанмен оны іс жүзінде ол
жүзеге аспады. Жаппай латындандыру идеясы көп өмір
сүрген жоқ. Сондай- ақ, биліктегілер үшін космосаясатқа
бағытталған латындану үдерісі өзектілігін біртіндеп жоя
бастады, «латындану – европалық пролетариат» идеясы біртіндеп
бәсеңдей берді. Оның
негіздемесі 1926 жылғы И.Сталиннің «Социалистік қоғамды
біз батыстағы революциясыз өз қолымызбен құра
аламыз,бірақ халықаралық капитал тарапынан болатын
қауіпке біздің бір ғана еліміз кепіл бола алмайды, ол
үшін революцияның жеңуі батыстағы бірнеше елде болуы
қажет. Біздің елімізде социализмді құру мүмкіндігі
бір мәселе де, елімізді халықаралық капитал қаупінен
қамтамасыз ету мүмкіндігі – екінші мәселе» [6] деген ұйғарымы да әсер етті. Осы
ойлардан кейін Мәскеу «халықаралық капитал тарапынан
туындайтын қауіптен елді қамтамасыз ету» жұмысын іске асыра бастады.
Түркия Париж және Лондонмен достық келісімшартын жасасты, осы
жылы СССР Германия, Литва және Ауғаныстанмен бір- біріне қарсы шабуыл жасамау туралы
достық келісімшартына қол қойса, Латвия және Парсымен
кепілдік және нейтралитет жөніндегі (1927 ж.). шарты жасалды.
Сонымен,
30 жылдары И.В. Сталин және оны жақтаушылар әлемдік
революциядан бас тартты. Басшылардың ұстанымдарының
өзгеруімен байланысты «бірегей
кеңестік ұлтқа»
халықтарды жақындастыру жоспарын жүзеге асырмақ
болған ұлттық тілдік
саясат та өзгере бастады. 1932 – 1933 жылдары латындану үдерісі
бәсеңдеп, 1935 жылдан бастап СССР халықтары тілін
кирилицаға көшіру үдерісі басталып кетті.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Н. Яковлев. О развитии и очередных
проблемах латинизации алфавитов \\ «Революция и письменность», № 2, 1936, стр.
25–38.
2.
Элеонора Рылова. На разных языках. http://www.rg.ru/Anons/arc_2001/1023/1.shtm).
3.
Новый алфавит». Статья
из «Литературной энциклопедии». М., 1929–1939. Т.
1–11).
4.
А. Луначарский
«Латинизация русской письменности». В журнале «Культура и письменность Востока»
№ 6, 1930, стр. 20–26.
5.
Постановление Всероссийского Центрального
Исполнительного Комитета и Совета Народных Комиссаров Р.С.Ф.С.Р. «О введении
среди тюрко-татарских народностей, населяющих территорию Р.С.Ф.С.Р., не
входящих в состав автономных республик или автономных областей нового
тюрко-татарского латинизированного алфавита» (15 октября 1928 г.). http://law-news.ru/cp/c22/page_93.html
6.
И. Сталин. О возможности
построения социализма в нашей стране. Ответ тов. Покоеву (10 февраля 1926 г.)
http://supol.narod.ru/archive/books/Stalin/tom8.htm#8