Айтжанова Б. А

Шалқар қаласының №2 мектеп-гимназиясы, Қазақстан

Бала  психологиясының   дамуына   отбасы   жағдайының   ықпалы

 

         Ата-ананың тілегі –баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен  еңбектегі табыстары .

      Баланы жастан бақпасаң,

      Жамандықтан қақпасаң.

      Қадірден жұрдай қасқа боп,

      Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей, баланың ыстық -суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл- ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз- ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші- ата-ана.     

      Бала- балқытылған алтын, қалыпқа қалай құйсаң солай қалыптасады, «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» деген салмақты да салиқалы ойларға жүгінсек, қалыпқа құюшы алдымен ата-ана, сосын мектеп қабырғасындағы ұстаздар. Кез-келген бала күнделікті ұяда, яғни отбасында ата-анадан не көріп, не естісе соны санасына қабылдайды.Ал, бақылаусыз, қадағалаусыз, ата-ана мейіріміне зәру, мұқтаж баланың не істеп, не қоятыны айтпаса да түсінікті.

      Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта адамның ең басты шаттығы

болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны екенін түсіндіру біздің

басты мақсатымыз.Қазақ ұғымында отбасы- өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек уйінің ішінде болады да, бүкіл жайдарылық жағылған отқа үйіріледі.  Отбасының амандығы, ошақ-тағы оттың маздап тұруы- үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы- ырыстың ұйытқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы  деп санайды.

Отты да ұлы құдірет, киесі мол қасиетті нысананың бірі деп білетін қазақ одан ылғи жақсылық серпінін күтеді, игіліктің тірегіне теңейді. Көкейіндегі бір істі орындауға ниет еткен кездерінде отқа құрмет көрсетеді, ырым қып май құйып, өзіне берген жылылығының қарызын өтеуге құлшынады. Бұл ұғым қазақ санасында ежелгі заманда- ақ қалыптасып, салтына айналған...

Отбасы – баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты. сондықтан әр ата-ана өз баласының тұлға ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық,

адамгершілік саулығының негіздерін қалайды. Баланың қоғамда өмір сүруге даярлығын реттейді және бақылайды. Әр ата-ана баланың эмоцияналды қол-дауды қамтамасыз ете алады. Баланың жақын және басқа адамдармен қарым –қатынас жасауды ,олармен берік қарым-қатынас орнатудағы жеке талаптарын қанағаттандыруға міндетті. Балаларды өзіне-өзі қызмет етуге және жақындары-на көмектесулерін қамтамасыз етуге міндетті. Баланың бейімі мен қызығушы-лығын дамытуға міндетті. Қазіргі заман күрделі қайшылықты оқиғаларға толы. Баланы қазіргі заман талабына сай тәрбиелей отырып, қоғамдағы зиянды әдеттерден сақтандыруға міндетті.

       Қазіргі таңдағы отбасының басты қызметтері :  тәрбиелік,сауықтыру, ру-хани-адамгершілік, танымдылық-білімділік, тұрмыстық қорғау болып табылса, басты міндеттері: баланы үйлесімді дамыту, денсаулығына қамқорлық жасау, оқуына көмек көрсету, имандылыққа, салауаттылыққа тәрбиелеу,мектеппен байланыс орнату,қызығушылығын, шығармашылығын дамыту болып табыла-ды.

       Ата-аналар міндеті мен құқығы заң жүзінде де күнделікті өмірде де

орындалатын, орындауға тиісті жағдай. бала кәмелеттік жасқа жетіп, өзінің

жеке басын алып жүруге,өзін материалдық жағынан қамтамасыз етуге қабілетті болғанға дейін ата-ана өз баласын тәрбиелеуге жауапты. Өкінішке орай, арамызда әлі де болса бала тәрбиесіне қалай болса солай қарайтын ата-аналар кездеседі. Сол немқұрайлылық әсерінен, яғни балалардың немен айналысаты-ны, қайда жүретіні, бос уақытында немен айналысатынын қадағаламау әсерінен әр түрлі тәртіп бұзушылықтар орын алады.

      Қазіргі таңда ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты жақсарту, диаг-ностика жасау үшін, әр отбасының әлеуметтік жағдайын зерттеу де мектеп

мұғалімдері мен психологтарына   жүктелген.

     Біріккен Ұлттар Ұйымының  жалпыға бірдей  адам  құқықтары деклара-циясында балалардың ерекше қамқорлықпен көмекке құқылы екендігі жарияланған .  

      Отбасына қоғамның негізгі ұясы ретінде және оның барлық мүшелерінің,

әсіресе, балалардың өсіп жетілуінің және игілігінің табиғи ортасы ретінде, қо-ғам шеңберінде өз міндеттерін мойнына толық ала алатындай қажетті қорғау

және жәрдем көрсетілуі тиіс екендігі айтылған.

     Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Болашақ – жастардікі, тәуелсіз

Қазақстанның тірегі бүгінгі мектеп партасында отырғандар»,-деп үнемі еске салып отыруы жас жеткіншектер арасындағы тәрбие жұмыстарын жоғары деңгейге көтеруге меңзейді. Үлтымыздың асыл қасиеттерін саналарына сіңірген ұлтжанды жастар ғана Елбасымыз айтқандай,еліміздің ертеңі, мектебіміздің, отбасымыздың тірегі бола алады.

       Ата-ана өздерінің жеке басының қырларымен баланың мінез-құлқын, өмір-лік көзқарасын қалыптастырады. Адамның жеке басының қасиеттері, әдетте бес жасқа дейін қалыптасады деген пікір бар. Бүл пікірдің растығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өйткені, адам баласы қажетті қасиеттерінің бәрін мектеп жасы-на дейін бойына сіңіруге тырысады. Сонымен қатар, бала әр нәрсеге құмар: айналасындағы барлық өзгерісті, табиғат тамашаларын сезінуге талпынып, өз құрбыларымен тығыз қарым-қатынаста болады.

Ата-ана отбасының  жылылығы мен ынтымағын, бірлігі мен тыныштығын сақтап, жанұя  мүшелерін  көтеріңкі көңіл-күйде  болуын  қамтамасыз етіп отыруы керек. Ата-ана отбасындағы  өздерінің  күнделікті  тындырған  жұмысы  туралы  бала-шағасының  алдында  сырласады.  Әкесінің  жетістіктеріне  балалары  бірге  қуанысады , бұл   олардың  мақтаныш  сезімін  туғызады. Бірте-бірте  ұл-қыздары  өз  жаңалықтарын  ортаға  салып  айта  бастайды  осылайша  жанұяның  бір-біріне  деген  сенімі, сүйіспеншілік, достық  қатынастары нығая  түседі.  Ата-ана баланың  материалдық  және рухани қажеттіліктерін  қанағаттандырып,  талап-тілегін, пікірімен  санасып отырса,   олардың   арасындағы қарым қатынас  сыйластыққа, сенімге  негізделеді  де   баланың  әке-шешесін  жақсы көру, сезімі  дами  түседі.  Ата-ана   баламен   пікірлесуде  бейпіл  ауыз, бейауыз  сөздерді  қолданбай  дөрекілікке жол бермей, жеке басын  қорламай, ақылды   сөздер  айтып,  өнеге  бола  білсе  тәрбиелеуде  табысқа  жетеді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Мектептегі  психология журналы №9 2012ж

2.     Ж.И.Намазбаева  Психология .-А 2005ж

3.     Педагогика және оқушы  психологиясы № 1 2011ж