ӘОЖ
631.5
ОҢТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘЛІМІ ЕГІНШІЛІГІНДЕ МАҚСАРЫ
ДАҚЫЛЫНЫҢ СОРТ СЫНАУ НӘТИЖЕЛЕРІ.
М.М.Жамалбеков, к.ғ.қ
«Красноводопад ауыл шаруашылығы
тәжірибе станциясы» ЖШС
e-mail: mura_555_89@mail.ru
Түйінді
сөздер:селекция; мақсары; фенологиялық
бақылау; структуралық талдау.
Мақсары (Carthamus tinctrus L.) –
бір жылдық шөптесін өсімдік. Күрделі гүлділер
тобына жатады. Жапырағы жалпақ, кейде тікенекті, кейде тікенексіз,
қою жасыл жылтыр, діңгегі ашық ақ түсті,
гүлі алғашқы кезде қызыл-сары, дәндері
қатая бастағанда қызыл, қошқыл-қызыл.
Дәні ақ, панцир қабаты бар. Дәндері
қауашақтар ішінде орналасқан. Ғылыми еңбектерде мақсары
өсімдігінің тікені жөнінде екі түрлі
көзқарас кездеседі. Біріншісі – тікеннің болуы бірінші белгі
болып есептеледі, ал басқалары – екінші.
Зеріттеудің мақсаты - мақсарыны зерттеу , будандастыру және өндірістік майлы мақсарының жаңа сорттарын іріктеу сынау болып табылыды.
Өсімдік тікенінің болуы
бірінші белгі деп П.М.Жуковский [6, 11 б.] есептейді, бірақ ол
мәдениленген кезде маңызын жояды. Дақылда тікеннің
болуы – екінші белгі даму үдерісі кезінде пайда болған немесе
түрдің белгілі орта жағдайына бейімделуі барысында түзілген
деп Я.Г.Момот [14, 12 б.] ұйғарады.
Мақсары өсімдігінің гүл шоғыры
– көп гүлді тостағанша. Тостағаншада – гүл
баспалдағы және гүлдер орналасады, сыртында орамы болады.
Тілше гүлдері жыныссыз, олар – ірі айқын сары күлтеден
және төменгі жатыннан тұрады, ал түтікше гүлдері
– бес бөлікті күлтешелерден тұрады, түсі – сары немесе
қызғылт, оның құрамында бояғыш зат -
картамин болады деп Д.С.Васильев [43] пайымдайды.
Красноводопад тәжірибе станциясы жартылай
қамтамасыз етілген аймағында селекциялық зерттеулер
жүргізіледі. 2015-ші жылы Наурыз айында қыс созылып
қар-жаңбыр көптеп жауған себепті егін алқабы
ылғалды техникаға қолайсыздығы әсерінен біраз
уақытқа дейін қалып қойды. Селекциялық сорт сынау
өсімбағында сорттар мен нөмірлер 18-ші наурыз күні
егістік жерге егілді. Мақсары дәні жерге түскеннен кейін 7-10
күнаралығында өсіп шығады. Селекциялық сорт сынау
өсімбағында мақсары сорттарымен нөмірлері 4
қайтарым (4 повторность) егіліп, стандарт ретінде аудандастырылған
«Нұрлан» сорты қойылды. Фенологиялық бақылау кезінде
өсу қарқыны бойынша 25 сорт және номір бөлініп
алынды: №LC-84, LC-76, U-19,U-13, LC-77, LC-78, LC-79, LC-80, LC-81, LC-85,
03AO56, U-15-3-3, LC-8, 03AO1-9k және т. б. Наурыз айында 74,8 мм жауын-шашын
түсуіне байланысты мақсары дақылы өзіне суды
сіңіріп қарқынды бой ала бастады. Бұтақтану
бойынша 40 сорттармен үлгілер бөлінді: LC-10, LC-75, 80-12-28, 3пк,
LC-55, № 53, LC-79, K-001183-10, LC-6, 03AO45-6, 58-1k, AT-80, LC-19-13 және
8n-45-4. Ерте гүлдеу және морфологиялық ерекшелігі бойынша
келесідегідей нөмірлер сараланды: LC-13,U-17, U-6, L-20,L-19, U-5, L-22,
R-1-18, R-1-17, O-22, R-2-16, R-2-22, R-2-8, R-1-15, L-3, L-7, LC-29, LC-11
және LC-37. Мақсары сорттары мен нөмірлері 11-17-ші шілде
айында пісіп жетілді. Фенологиялық бақылау нәтижелері бойынша
өсімдік биіктігі жағынан 23 мақсары сорттары мен
нөмірлері ерекшеленді. Олар стандарт сортына қарағанда 8-10
см биік болды. Орташа өсімдік биіктігі 70 см болды. Структуралық
талдау кезінде мақсары сорттары мен нөмірлерінің ірілік
бойынша сараланып 1000 дән массасы 36-43г-ға дейін болды, ал
Өзбекстан, Қытай, Ауғаныстан елдерінен келтірілген
нөмірлер массасы 34-39г –ға дейін болды.
Биометриялық талдауға 150 бау егістен орып
алынды. Орып алынған баулардан биометриялық талдаулар жасалынып
«Нұрлан», «Ақмай», «Иирқас» сорттарының 1000 дән
салмағы 36-41г-ды құрады. Ең жоғары өнім
көрсеткішінен U-13 нөмірі 1000 дән салмағы 44г, ал
бойының ұзындығы 80см және бір өсімдіктегі
қорапша саны 16-30 дананы құрады. Өнімділігі
стандартқа алынған «Нұрлан» сортынан 26,0-31,0% -ға
жоғары болды.
Жалпы алғанда селекциялық сорт сынау
өсімбағындағы нөмірлердің LC-70, К-515446, АТ-107-70,3пк
өнімділік дәрежесі бойынша стандарттан 21,0-27,0% басым
түсті.
Түйін
Мақалада жартылай қамтамасыз етілген
Оңтүстік Қазақстан обылысы Красноводопад ауыл
шаруашылық тәжірибе станциясында 2015 жылы селекциялық сорт
сынау кезінде фенологиялық бақылау, биометриялық талдау
жұмыстарының нәтижесі көрсетілген.
Резюме
В статье рассматривается результаты селекционых
работ по масличному сафлору в условиях полуобеспеченной
богары Южно Казахстанской области на опытной станций Красноводопадской
СХОС за
2015 год. отобраные сорта и номера. Определены фенологический
наблюдения, биометрически анализы.
Summary
Article rainfed lands
dry-Krasnovodopadskoy agricultural experimental stations of South-Kazakhstan
region in the year 2015 the choice of works selected classes and numbers.
Supervisions, biometrceskij anlizy are specific phonological.