Қазақстанның зейнетақы жүйесі: мәселелер және оларды шешу жолдары

 

Саттар Г. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің 3 курс студенті

Ғылыми жетекші:Утегенова К.А.   Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, э.ғ.к.

Мақалада Қазақстаннның зейнетақы жүйесі, 2014 жылдың 18 маусымында қабылданған 2030 жылға дейінгі зейнетақы жүйесін дамыту жолдары туралы жарлық  және зейнетақы-жинақтау жүйесін мінсіздендіру жөнінде ұсыныстар берілген.

Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейінгі модернизациялау жарлығына қол қойды,онда қазіргі зейнетақы жүйесінің жағдайы мен туындап отырған негізгі мәселелер және оларды шешудің тиімді жағдайлары қарастырылған.

Модернизацияның негізгі мақсаттары мыналар: зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығына қол жеткізу, зейнетақы көлемін табыс пен өмір сүру деңгейіне байланысты сәйкестендіру.

Модернизациялаудың бағыттары:

-бірыңғай зейнетақы жинақтау қорын құру(БЗЖҚ) және оның тиімділігін арттыру;

-зейнетақы жинақтау қорына жаңа салымшыларды тарту;зейнетақымен қамтудың минималды кепілдік жүйесін өзгерту;ерекше еңбек жағдайларымен қамтамасыз етілген азаматтарды ерікті жүйеден мамандандырылған міндетті жүйеге ауыстыру;зейнетақы жасын теңестіру.

Қазақстанның зейнетақы жүйесі келесі сатылардан өткен болатын:1991-1997 жылдар аралығында КСРО-ның құлауынан туындаған экономикалық дағдарыстың салдарынан ынтымақтастықты жинақтау жүйесінің көрсеткіштерінің төмендеуі.Зейнетақы жүйеснің жаңа-жинақтау жүйесі іске асырыла бастады.1997-1998 жж. «Зейнетақымен қамсыздандыру»туралы заң қабылданып, жинақтау зейнетақы жүйесі енгізілді.1998-2000 жж.жинақтау жүйесіндегі көрсеткіштердің қарқынды өсуі байқалды.Кіріс деңгейі соңғы 12 ай көлемінде есепке алынды.2001-2004 жж.кіріс деңгейі төмендей бастап,кейбір кезеңдерде инфляция деңгейінен де төмен құлдырауға жетті.2004 ж. Желтоқсанында кіріс деңгейін есептеу мерзімі 12 айдан 36 айға дейін ұзартылды.Бұл өткен сәтті кезеңдерді есепке алуға жол ашты.2005 ж.негізгі зейнетақы мөлшері 3000 теңге болып бекітілді.2006ж.қазанында 3 түрлі:12,36,60 ай көлеміндегі есептеу енгізіліп,соңғы тұрінің көрсеткіштері жария етілетін болды.

Әлемдік тәжірибиеде егде жастағыларды зейнетақымен қамтамасыз етудің негізгі 2 түрі белгілі: қайта бөлу және жинақтау. Әлемдік тәжірибие қайта бөлу және жинақтау жүйелерінің екі түрінің де өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар екендігін көрсетіп отыр. Қайта бөлу зейнетақы жүйесінің артықшылығы-зейнетақы көлемінің қаржы нарығы мен зейнетақы қорының қызметінен тәуелсіз екендігінде. Осы жүйе жоғары жалақы алмайтын азаматтарды қаржыландырумен қамтамасыз етеді. Зейнетақы жинақтау жүйесі өзін-өзі егде жасқа жеткенше зейнетақымен қамтамасыз етуді ойластырады. Жалпы алғанда, әлемдік тәжірибиелердің көрсетуі бойынша қайта бөлу және жинақтау жүйелерінің қосындысынан тұратын бірнеше сатылы зейнетақы жүйесі ең тиімді және қаржылық жағынан тұрақты болып келеді. Екі жүйенің қосылуы әр жүйедегі өзіндік кемшіліктерді жоюға жол ашады.Зейнетақы саласын айтралықтай өзгерту үшін негізгі екі мәселені қарастыру керек.

Біріншіден, қазіргі және болашақ 10 жыл ішінде зейнетке шығатын зейнеткерлердің зейнетпен қамтамасыз етілуін мінсіздендіру; жынысына және 20 немесе 25 жыл еңбек өтіліне байланысты мемлекеттегі номиналды орташа жалақы мөлшерінің 60% қамтамасыз ету. Шектік деңгейі ретінде елдегі орташа жалақы мөлшерін алу шетелдік тәжірибиелерден сәтті екендігін дәлелдеп отыр.

Бүгінгі зейнеткерлерді толығымен зейнетақының орташа деңгейімен қамтамасыз ету үшін үлкен көлемдегі қаражат керек екендігі белгілі. Зейнетақы мөлшерін көтеру үшін кәсіпкерлердің салымы мен біздің еліміз үшін дәстүрлі емес қаржыландыру көздерінен (орман, мұнай, газ шаруашылықтарының монополиялық нарыққа ауысуының салдарынан түскен пайданың бірнеше бөлігін және өте жақсы қамтылған халықтан арнайы әлеуметтік салық алу есебінен,сондай-ақ тиым салынған тауарлардан алынатын мақсатты акцизды салық есебінен және т.б.). Мұндай тәжірибие өзін Франция, Германия, Скандинавия сиқты елдерде өз тиімділігін дәлелдеген болатын.

Екіншіден, жақын 10 жылда зейнетке шықпайтын жұмысшыларды қамсыздандыру. Бұл жердегі негізгі мәселе-қазір жұмыс атқаратын қызметкерердің зейнетақы қорына бөлетін қаржы көлемі тым аз. 2014 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштерге сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындардың саны 2,5 млн адамды.яғни барлық экономикалық белсенді халықтың 28,4% құраған болатын. Егерде төмен жалақы алатын жұмысшылардың деңгейі төмендемесе егде жасқа жеткенде өзінің зейнетақысын толық жинақтап болмаған халық саны да төмендемейді. Болашақ зейнеткерлерге зейнетақымен қамтудың «көпсатылы»жаңа механизмы ойлап табылған болатын.

Бірінші саты, мемлекеттік қазынадан ақша бөлуді қарастырады. Екінші саты, өздерінің зейнетақы қорына жинақтаған қаржыдан және зиянды жағдайда жұмыс атқаратын жұмысшыларға берілетін қаржыдан. Үшінші саты, ерікті барлық жұмыспен қамтушылардың жұмыспен қамтылғандарға ай сайын 5% көлемінде салым салуы.

Ойлап табылған зейнетақы жүйесінің ұлгісі тиімді болып келеді: әлеуметтік қолдауға зәру азаматтардың деңгейі төмендейді, ЖІӨ-ге байланысты шығындар төмендейді. Осы арқылы мемлекет тек қана әлеуметтік зейнетақыларды қамтиды.

Зейнетақы жүйесін дамыту үшін алдымен өзін-өзі еңбекпен қамтитын азаматтарды зейнетақы қорына төлем жасауға міндеттендіру, салымдарды энергетика саласына бағыттандыру арқылы қаржы көздерін ашу, зейнетке шығу үшін жас мөлшеріне емес еңбек өтіліне байланысты болуын қамтамасыз ету.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.ҚР Ресми статистикалық сайты  //http://www.stat.gov.kz/

2.ҚР 2030 ж зейнетақы жүйесін модернизациялау http://pravo.zakon.kz/

3.ҚР зейнетақы жүйесі http://www.iak.kz/