Тунгатарова Айгүл Турысжановна кандидат педагогических наук ТарГУ

Шалдыбаева Гүлзейнеп Бахтияровна

Керімбай атындағы №12 мектеп – гимназиясы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

 

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ҮШІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІМЕН БІРЛЕСЕ ДАЙЫНДАҒАН ДЕҢГЕЙЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНГІЗУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Елбасымыз «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты  мақаласында: «Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды, » -деп атап көрсетті.   Білім беру саласын реформалау бүгінгі заманның талабы. Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесе дайындаған деңгейлік бағдарламалар тәжірибеге енгізілуде. Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде, қандай кедергілер кездесуде, нәтижелері қаншалықты? Қай өзгеріс болмасын бірден қабылданып кете бермейтіні табиғи заңдылық. Бұл өзгерістерді білім саласындағы технология ұғымымен тереңірек түсіндіруге болады. Технология - педагогика ғылымында  белгілі бір нәтижеге жету үшін тәжірибе жүзінде меңгерілген операциялар. Аталған технологияны қандай маманның қолданып отырғанына қарамастан, нәтижеге ұдайы  жетіп отыру. Деңгейлік бағдарламалардың шет елдердегі нәтижесі өте жоғары. Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылды. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс – әрекетін  жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Білім берудегі инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі.

                                     Педагогикалық технология бірліктері                                   

1.   Жалпы ұлттық деңгейдегі жалпы орта білім берудің басты мақсаты:

Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыреттi тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Мақсат белгілі бір критерийлерге бағытталады.

2.  Деңгейлік бағдарламалар тәжірибеге енгізілді. Білім беру орындарында өзгерістер жүзеге асырыла бастады.

3.  Білім беру нәтижелері:

Білім, білік, дағдылардың, қалыптасқан негізгі құзыреттіліктердің, әлеуметтік дағдылардың негізінде тұлғаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға дайындығынан көрінетін құзырет - білім берудің негізгі нәтижесі болып табылады. Білім беру стандартында реттелген  білім, білік, дағдылар, сондай-ақ негізгі құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелері, әлеуметтену нәтижелері жалпы білім беретін пәндер мен оқу-әдістемелік қолдау бойынша білім беру және оқу бағдарламаларының мазмұны арқылы қалыптасады.

Деңгейлік бағдарлама  іске асуы үшін ұдайы жүргізілетін жұмыстар:

1. Диагностика - оқу процесінің жағдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді  анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан (тексеру), бағалаудан, статистикалық деректердің жинақталуынан, олардың талдауынан, серпін мен беталысты айқындаудан және  одан әрі дамудың болжауынан тұрады. Осы орайда бүгінгі өткізіліп отырған конференцияның қосар үлесі мол.

2. Білім беру процесінің мониторингі - білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларын және нәтижелер өзгерісі серпіні мен жай-күйін жүйелі бақылау, талдау, бағалау және болжау.

Деңгейлік бағдарламалардың енгізілуі қазіргі таңда қандай деңгейге жеткенін айту қиын. Бұл бағдарламалар мынадай жағдайда күтілген нәтижеге жетпеуі мүмкін:

1. Нақты бақылау болмаған жағдайда.

2.Көзделмеген мақсаттарға жеткенде, аталған мақсат орындалмаған кезде.

3.Тәжірибесі аз, теориялық білімі төмен немесе дұрыс түсінбеген маман қолданған кезде.

Нәтиже болмаған жағдайда процесті қайта қарау қажет  немесе мақсаттың дұрыс қойылғанына көз жеткізу керек.

                               Педагогикалық технологиялар классификациясы

1.Стандартты технологиялар жүйесі.

2.Рефлексивті технология.

Стандартты технология – негізгі нәтижесі белгілі білімді қалыптастырады. Бүгінгі заманға лайықты білім алушылар үшін бар нәрсені қайталап айту, дәлелдеу жеткіліксіз. Заман сұранысы қоғам мен техниканың жылдам даму кезеңінде мазмұндық біліммен шектелу қауіпті. Әр заманның білімге сұранысы үнемі өзгеріп отырғаны тарихтан белгілі. Қазіргі заманда жазу - сызуды меңгеріп, берілген білім мазмұнын игерген оқушымен ешкімді таңғалдыра алмайсыз. Сондықтан заман ағысына ілесу үшін, ілесіп қана қоймай, дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін білім саласына түбегейлі өзгеріс қажет.

Рефлексивті технология    субьектінің  назарын өзіне, атап айтқанда, оларды  қайта ойлап, қорыту  мақсатында өз белсенділігінің  өніміне  аударуы.

Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі:

1. Сананың және ойлаудың өзіне жүгіне  алу қабілеті.

2. Жаңа білім алу мақсатында білімді талдау.

3. Сана мен жанның күйін өзіндік бақылау.

Әлемде экономикалық дағдарыстың, ақпараттық дағдарыстың  болып жатқаны белгілі. Ақпарат өте көп, қолжетімді. Сол ақпараттың ішінен дұрысын табу, қажеттісін анықтау бүгінгі ұрпақтың үлесінде.                        

       Жалпы білім беретін мектептерде жұмыс жүргізіп жатқан сертификатталған мұғалімдердің білім сапасы үнемі бақылауда, білім сапасы артып келеді. Мақсатқа жету жолдарының қалыптасқан арнайы жолы анықталған жоқ. Деңгейлік бағдарламалармен жұмыс жүргізіп отырған мұғалімдердің теориялық білім жайындағы көзқарастары әртүрлі. Бұл не деген сөз? Әр мұғалім бұл өзгерістерді өз білім деңгейінде қолданып отыр деген сөз. Сондықтан бұл өзгерістер әртүрлі нәтиже беруде.

Білім беру жүйесіндегі  қайта құрулардың негізгі субьектісі  - мұғалім. Қазіргі таңда мұғалімдер мазмұндық білімі жоғары, ақпараттық -коммуникациялық технологияларды меңгерген, педагогикалық білімі  жеткілікті болған жағдайда ғана көзделген нәтижеге жете алады. Бағдарламаның екінші (негізгі)  деңгейі бойынша оқып шыққан мұғалім ретінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталсам.

ü                 Бағдарламаның 7  модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау.

ü                 Сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу.

ü                 Мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін  қадағалау.

ü                 Әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау.

ü                 Бағдарламаның екінші деңгейі бойынша әріптестер тобының оқытудың табыстылығына талдау жасау.

ü                 Әріптестеріне коучинг және менторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу.

Барлық мектептерде сабақтарға 7 модуль еніп отыр. Жаңа әдіс - тәсілдер, АКТ, сын тұрғысынан ойлау, жас ерекшелігіне сай оқыту, көшбасшылық - сабақтарда үнемі және өз деңгейінде қолданылуда. Дарынды, талантты балаларды оқыту, оқыту үшін бағалау мен оқуды  бағалау - бұл екі модульдің сабақ барысына енгізілуде кедергілер кездесуде. Критериалды бағалау түрі де кеңінен қолданылуда.

      Екінші мәселе - әріптестер тобын оқыту жайы. Деңгейлік бағдарлама бойынша оқымаған мұғалімдер бұл өзгерістерді қолдану барысында салғырттық танытуда. Мұндай жағдай мұғалімдердің  қолданғысы келмегендіктен емес, толық түсінбей жатқандығынан. Сондықтан 2 апталық курс ретінде болса да, мұғалімдер өз білімдерін жетілдірсе, бағдарламаның тәжірибеге енуі біршама алға жылжитын болады.

«Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу»  - деген ғұлама Әл – Фараби  сындарлы оқытудың негізгі мақсатын анықтап берген. ХХІ ғасырдағы  білім берудің мақсаты -  білім алушының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

Мұғалім - мектептің жүрегі. М. Жұмабаевтың «Алты алаштың баласы бас қосса, ең қадірлі орын мұғалімдікі» деген сөз мұғалім  мамандығының ұлылығын танытқандай.

Елбасымыз «Ел болашағы – білімді ұрпақ,» - деп атап көрсетті. Заманауи әлемде елдің  дамыған, озық мемлекет  екенін азаматтарының білімділігімен өлшеуге болады. Тек қана  есте  сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана –  білім екенін сезінетін, мойындайтын кезеңде тұрмыз. «Білім – Ғылым – Инновациялар»  үштігі  билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз. 

Тәуелсіз ел болып, өз алдына дербес мемлекет алғанымызға биыл 25 жыл толып отыр. Жас мемлекетіміз әлем кеңістігінде өркениетті ел ретінде танылды.  Сондықтан бүгінгі таңда ел болашағы білімді, әлем және қазақ мәдениетінің жетістіктері мен құндылықтарын меңгерген, құзіретті жеке тұлға болуы қажет. Жаңа технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білім кеңістігіне енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

2. ҚР  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 

 

Сілтемелер:

1. . Н.Ә. Назарбаев «Ұлт жоспары- Қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы. Егемен Қазақстан.№2      [1,   5-бет]