Қазақстан
Республи касы Оңтүстік облысы
Сарыағаш
ауданы № 26Т. Өстеміров атындағы жалпы
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Көмекова Ұлбала
Ибаділләқызы
Дүниетану сабағында оқушылардың
шығармашылық
қабілеттерін
арттырудың тиімді тәсілдері
«Өмірдегі көп
мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті,мейірімділікті
қажет ететін мамандық бұл- ұстаздық.
Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі
мектеп оқушылары, мұғалім қалай
тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады.
Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр.
Ұлттық бәсекеге
қабілеттілігі бірінші кезекте
оның білім деңгейімен анықталады»,- деп елбасымыз
Н.Ә. Назарбаев айтқандай ,
бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен
мәлімет беріп қана қоймай , оны дүниежүзілік
білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға ,
яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге
бейімдеп, жан-жақты біліммен қаруланған жеке
тұлғаны қалыптастыру керек.
Қазіргі
инновациялық технологиялар –білім сапасын арттырудың кепілі. Оны
өз дәрежесінде пайдалану-оқушыны
шығармашылыққа төселдңруге ықпалы өте
зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз
сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі
–оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни,
тек білімді немесе оқу
бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке
тұлғаның танымдық қабілеттерін арттыруға ,
өзін-өзі өзектендіруге ,шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыруға , өз бетімен білім
алуға , ізденуге деген
ықыласы мен іскерлігін, оқу- танымдық ынтасын жетілдіруге ,
әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға
жетелейді.
Сабақтың тақырыбы: Құстардың туған
жерге оралуы. Ұрпақ
қамы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жыл құстары туралы түсінік беру және көрнекіліктерді пайдалана
отырып тереңдете меңгерту.
Дамытушылығы: Дүниетанымын
кеңейту және
шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік мәні: Табиғатты сүюге,
қоршаған ортаны түсінуге, құстарды қорғай білуге және
эстетикалық
тәрбие беру.
Көрнекілігі: Интерактивті
тақта, бүктемелер,кеспе
қағаздар. ребустар,
жетондар
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Баяндау, ой- ашар,
сұрақ-жауап.
Сабақтың байланысы: ана тілі, музыка.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушыларды түгендеу
Ә) Психологиялық дайындық.
Ой, балалар, балалар,
Жылы-жылы жел соқты.
Жылғалардан су ақты,
Жер қарайды жаз
кепті,
Қаңқыл-қаңқыл
қаз кепті.
Ауыл көшті
жайлауға,
Әне, апамдар
қой сауған.
2. Үй
тапсырмасын тексеру.
Малды көктемде күтіп-бағу. (баяндау)
Кеспе қағазға жауап
алу.
Сабақты « Тірек
сызбаны» пайдалана отырып үй
тапсырмасын қорытындылау
![]()
![]()
Көктемде
Мал төлдейді Жер көгереді
Құстар келеді
4.Жаңа сабақ.
Оралды
құстар
көктемде
Алтын
күн жылу сепкенде,
Ұйқыдан шошып ояндым,
Құлаққа даусы
жеткенде.
Ей
балалар, балалар!
Аман
болсын аналар!
Құстарда да
ана бар,
Құстарда да бала
бар-
Ой- ашар: Табиғат дегеніміз не?
Табиғат: Аң,құс,жер, су, ауа, көл,өзен,
өсімдік. Соның ішінде бүгін өтетін тақырыбымыз
құстарға байланысты болмақ. Яғни,
сабағымыздың тақырыбы «Құстардың
туған жерге оралуы. Ұрпақ қамы»
Тірек сызбамен
жұмыс.
![]()
Құстар
Үй Дала
құстары құстары
2. Оқулықпен жұмыс.
Құстардың туған жерге оралуы. Ұрпақ
қамы тақырыбын оқып, мазмұнын және интерактивті
тақтадан қасиеттері туралы түсінік беремін.
3.Құстардың
қасиеттері. Интерактивті тақтамен
жұмыс.
Аққу
сұлулықтың
белгісі
Қыран
батылдықтың белгісі
Қарлығаш
адалдықтың белгісі
Бұлбұл
әншілік белгісі
Көгершін
достықтың
белгісі
Тоқылдақ
қамқорлық
белгісі.
4 «Ребус» шешу. «Құс»
Құлпынай, ұшақ, тасбақа
,,,,,,,
,,, ,,
,,,,
1.
Ребустан шыққан сөзге сөйлем құрастыру. «Құс»
1.Адамның досы. Ол
қандай құс?
(Қарлығаш)
2.Құстардың
үйі қалай аталады? (Ұя)
3. «Қойды» сөзіне мағынасы
жуық сөзді тап. (салды)
Қарлығаш ұя салды.
|
Қ |
а |
р |
л |
ы |
ғ |
а |
ш |
|
Ұ |
я |
|
|||||
|
С |
а |
л |
д |
ы |
|
||
5.Шығармашылық
жұмыс.
«Құстарға
көмек»
оқушылар
тақырып туралы
жазған шығармаларын оқиды және қорғайды.

6.Сергіту сәті .
Қос
қарлығаш көктемде,
Сағым қуып
жеткенде.
Қандай сезім жетеледі
туған мекенге?
Тағып алып ақ
тұмар.
Жұлдыздай боп
ақтыңдар,
Ерте өшкен үмітімді
қайта жақтыңдар,жақтыңдар!
7. «Жұмбақтар шешу» ойыны оқушыларды
шапшаңдыққа, шығармашылыққа,
жүйелілікке тәрбиелейді.Әр топ өздеріне берілген
тапсырманы белгілі уақыт ішінде орындап шығуы тиіс.
І
топ-құстардың суретін салу
ІІ
топ-құстардың қасиеттері жөнінде айту
ІІІ топ-құстар
туралы ән айту
А) Тұмсығын балға етіп,
Тоқ-тоқ соғады. (Тоқылдақ
)
Ә) Қанаты бар
тышқан,
Жасырынып күндіз,
Қараңғыда
ұшқан.
(Жарқанат)
Б) Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін
салады. (Қарлығаш)
В) Самғайды,
Бірақ ізі
қалмайды. (Үкі)
8. «Ұйқасын тап» ойыны. Бұл ойын
оқушылардың логикалық ойын дамыта отырып, белсенділікке
баулиды.
1.Елге жақын
жүретұғын
бар торғай,
Ноқат болып көкте
және бос тұрмай
Шыр-шыр еткен әнші де құс ол сондай,
-Кім айтады,
Бұл қандай
құс?
-
... (Бозторғай )
2.Ұзақ тектес кішкентай, адал торғай,
Мұндай құсқа шүпірлеп дала толғай.
Құрт- құмырсқа, шіркейді қағар қоймай,
-Бұл қандай құс,
Кім айтады ?
-
...
(Қараторғай)
Күнде, күнде сайрайды,
Сайраудан бір
талмайды.
Бармақтай
тоймай.
Суыққа да төзімді әрі сондай.
-
Бұл қандай
құс,
-
Кім айтады?
-
... (Сарыторғай).
-
9.Бір сөзден құралған құстардың атын табу. Бұл ойын оқушылардың
танымдық әрекеттерімен бірге қызығушылығын да
арттырады.
Күнде, күнде сайрайды,
Сайраудан бір талмайды.
Бармақтай- ақ
бітімі
Үнді, арфа- таңдайлы,
-Қандай құс бұл?
- ... (Бұлбұл)
Тырна тектес,
Бірақ одан өзгеше,
Тұрқын
алсаң,
Тырнаңыздан кем неше.
Төсі сарғылт,
Өзге жерді жерсінбес,
Шабындықты, орман нуды
кезбесе.
-Мұны не деп атар ?
- ... (Тартар)
10 .Сабақты қорытындылау.
«Шыңға
шық» ойыны арқылы оқушылардың алған білімдерін
пысықтау .Әрбір сұраққа
дұрыс жауап берген оқушыға марапат сөздер айту
арқылы мадақтап отыру
1.Құстар қай жақтан оралып келеді? - Бәрекелді
2.Ол жаққа
қашан, неліктен кеткен
еді ? - Жарайсың
3.Құстардың қандай пайдасы бар ? - Өте жақсы
4.Құстар
қалай еңбек етеді? - Нағыз білімді
12.Бағалау.
13.Үйге тапсырма:Құстардың туған
жерге оралуы.Мазмұнын түсіну.
14.Сабақ аяқталды.
Баланы
шығармашылыққа тәрбиелуде тақпақ,
жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш жаттату,
сұраққа нақты жауап беруді талап ету, есту
қабілеті арқылы сөздік қорын байыту, т.б маңызы
зор. Дүниетану сабақтарында өлең шығаруға
баулу , ұйқасын тапқызу жұмыстары , эссе, кейіпкерлерге
хат жаздырту , әңгімені бөліктерге бөлу, оған ат
қою, ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру , әңгіме
–ертегілерді өздігінен аяқтау
жұмыстары шығармашылық қабілеттерін ұштай
түседі. Бұл әдістерді қолдану арқылы мынадай
нәтижелерге қол жеткізуге болады:
-
Оқушыларды ойландыруға
-
Өз ойларын ашық айтуға
-
Пікір таластыруға (дебат)
-
Дұрыс сөйлей білуге
-
Өз бетімен ізденіп,жұмыс істеуге
-
Шығармашылығын дамытуға.
Білімді ұрпақ – ел
болашағы .Оқушы күш пен қуатты да, шабыт пен дарынды да
ұстаздан алады. Сондықтан
бүгінгі таңда ақпараттық жаңашыл технологиялармен
қаруланған педагог өскелең ұрпақтың
толық қанды білім алуына ,
ізгілік қасиеттерді бойына сіңіруге , ұлтжанды,тәрбиелі
жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізері
сөзсіз.
Пайдаланған
әдебиеттер :
1. «Бала
тәрбиесі » журналы 2011 ж . Алматы қ
2. «Болашақ» газеті 2015 ж Шымкент қ
3. «Дүниетану»
оқулығы 1 - сынып «Атамұра » баспасы