. Педагогика.
Современные методы педагогики
Ногайбаева
Гульнар Куатбаевна
бастауыш
сынып мұғалімі
№195 жалпы білім
беретін мектебі
Қазақстан
Республикасы, Алматы
қаласы
Бастауыш
сынып оқушыларын рухани- адамгершілік мәдениетке тәрбиелеу
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап
келеміз» деген Елбасы Н.Назарбаевтың сөзі жайдан-жай айтыла
салған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп,
өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпақ бейнесімен өлшенеді. Өркениет біткеннің
өзегі – білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы
жоқ. Білімді ұрпақ қана қоғамның
болашақ иесі бола алады. Оқушының жан-жақты
дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Бастауыш
бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар
негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту,
қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу
үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн
қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның
педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы
бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың
қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын
кезеңi.
Қазіргі таңда мемлекетіміз жас
ұрпаққа
жан-жақты тәрбие берудің аса маңызды проблемалары қатарына адамгершілік нормаларын дәйекті сақтауға негізделген саналы тәртіпті қалыптастыру міндетін қойып
отыр.
Тәрбиенің негізгі міндеті –
қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың
борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік
стимулдарына айналдыру.
Әсіресе, көп
көңіл бөлетін мәселе – адамгершілік тәрбиені
күшейту.
Қазақстан
Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік
ұғымына былай деп анықтама берілген.
«Адамгершілік» - адам бойындағы
гуманистік құндылық, әдеп ұғымы, «Кісілік»,
«Ізгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес.
Халықтық дүниетанымда
мінез-құлықтың әртүрлі жағымды
жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық
пен іс-әрекеттерде көзге түсетін мынадай адамгершілік
белгілерін атап өтуге болды:
- адамды қастерлеу;
кішіпейілділік; әділдік; қанағатшылық;
-
сыйлау; сену; ар-ұятты сақтау; имандылық пен
рахымдылық; ізеттілік т.б.
Қазіргі таңда еліміз
әлеуметтік-мәдени жағынан болсын, рухани
құндылықтар тарапынан болсын үлкен
жаңалықтарға бет бұрып отыр. Қоғамның
негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал
мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм
мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн
қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап адамгершiлiк мәдениетi
жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу. Жас
ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен
қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн
сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен
ұштастыра жүргiзуі қажет. Осы тақырып
төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар
пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Адамгершiлiк мәдениетiн
қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық
педагогика элементтерi де жатады.
Қазiргi таңдағы
қазақ педагогикасының мiндетi – адам бойындағы
жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету,
ұлтжанды, отансүйгiш, әдептi, ар-намысы биiк оқушылар тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларының
оқу әрекетi басым. Жас бала - жас шыбық тәрiздi
қалай исең солай майысады. Сондықтан да бiлiм негiзi бастауыш
мектепте қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап,
балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы,
тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.
Қай заманда болмасын,
сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір
жолы адамның рухани байлығын арттыру болмақ. Қазіргі
уақытта қала жастары ғана емес, берекелі ауыл мен ақ
көңіл, жайдары, ойлары таза, рухани құндылығы мен
адамгершілігі жоғары, тәрбиелі ауыл адамдары да өзгерген.
Мысалы, адам айтса нанғысыз аурулардың көбеюі, адамгершілік
қасиеттеріміздің жүдеу тартуы, кісі өлтіру, үй
тонау, маскүнемдік пен нашақорлық, жезөкшелік
сияқты жат қылықтармен қатар мейірімсіз, қатігез
жастар ауылдан да орын алады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген
сөз бар қазақта. Ендеше, жас ұрпақтың
осындай күйге түспеуіне, олардың рухани бай, адамгершілігі
мықты, бір-бірімен достық қарым-қатынаста өмір
сүруіне жағдай жасау кезек күттірмейтін мәселе екені
анық. Мұнда, әсіресе, оқушылар тәрбиесіне
мектептегі дұрыс ұйымдастырылған тәрбие
іс-шараларының ықпалы зор болары сөзсіз.
Адамгершілік тәрбие
мәселелері көптеген педагог ғалымдардың (Я.А.Коменский,
И.Г.Гербарт, А.Н.Кочетов, А.С.Макаренко т.б.) еңбектерінде кеңінен
қарастырылған.
И.Г.Пестолоции еңбек
адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін өзара
және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста
болуын қалыптастырады деп санады.
Кеңес педагогы А.С.Макаренко болса,
адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы қалыптастыруға
аса көңіл бөлген ғалым, педагог.
Абай, Шәкәрім өз
еңбектерінде тұлға бойында, рақымшылық,
қанағат, төзімділік, жауапкершілік секілді
қасиеттердің қалыптасуына көп көңіл
бөлген. Бұл тұлғаның адамгершілігінің
белгісі ретінде қарастырған. Сол секілді қазақ ағартушылары
Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов балаға адамгершілік
тәрбие беруді оқу-тәрбие ісінде пайдалануға
айрықша көңіл бөлу қажеттілігін барынша
дәлелдеуге талпынды.
Бала дамуының алғашқы
кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғымдарды саралап, санасына
сiңiре бастайды. Моральдiк-этикалық дәстүр
мәдениетiнiң толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi
педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра отырып
өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке
тәрбиелеудiң негiзгi құралы, формасы,
әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi
бастауы бола алады.
Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк
дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген
күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ
уақыт қызмет ететiн мораль элементiнiң тұрғысында
қарастырады.
Бұған А.Д.Макаренконың “Адамгершiлiк немесе
моральдық саласында қызмет ететiн және моральдық
қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер” дей келе, ұлттық
адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп
төркiнi моральды-этикалық дәстүрдiң сара жолына
әкеп тiрейдi. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз
байланысты тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол
өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық
сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық
сипатына және тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне
көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi-
халықтық педа-гогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны
қазақ жерiнде жалғас-тырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай
адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы
қасиет:
Ø Бiрiншi: Имандылық.
Ø Екiншiсi: Жоғарғы
әдiлдiк.
Ø Үшiншiсi: Адалдық,
ақкөңiлдiлiк.
Ø Төртiншiсi:
Сыпайылық, момындық.
Ø Бесiншiсi: Адал ниетпен
өсиет беру.
Ø Алтыншысы: Жомарттық,
қайырымдылық.
Ø Жетiншiсi: Дұрыс
заңдылық.
Ә.Фараби: “Доскерлiк –
адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл
өзi адамның басқа адамдармен тиiстi шамада
қарым-қатынас жасауынан туады, осының арқасында ол
өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен
әңгiмесiнен жақсы ләззат алады. Бұл жөнiнде
артық кету – жарамсақтық-қа соғады, ал
достыққа кемтар болу – тәккаппарлыққа итередi. Ал
ендi осы ретте ол басқаны ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл
дүрдараздыққа апарып соғады”.
М.Әуезовтың педагогика,
методика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi белгiлi.
“Ғылым” атты еңбегiнде: “Адам баласының жаман
құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған
үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу
жас уақытта болады. Көпшiлiктi адамгершiлiкке тәрбиелеу
үшiн жас буынды тәрбиелеу қажет … Адамшылықты таза
жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек
және оқу әр тараптан мағлұмат берiп,
ақиқатқа баланың көзiн жеткiзiп,
көңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек”.
Қорыта айтқанда, рухани -
адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай
жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның
қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен
келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын
қалыптастыруды болжайды. Рухани - адамгершілік
құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру
жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор,
маңызды бағыт. Оқушыларды
рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу –
бүгінгі қажетті, кезек
күттірмес мәселе.