Педагогика. Современные методы педагогики
Кошаева Бексулу Карсыбековна
Өзін-өзі тану
пәнінің
мұғалімі
№195 жалпы білім
беретін мектебі
Қазақстан
Республикасы, Алматы
қаласы
Рухани білім
беру үрдісіндегі «Өзін-өзі
тану» пәнінің
маңыздылығы
Қазақстан
Республикасының 2020-2050
жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына
сәйкес, білім беру мазмұнын жаңғырту, 12
жылдыққа көшу жағдайында «Өзін-өзі тану»
пәнінің маңыздылығы
ерекше. Қазіргі кезде өскелең
ұрпақты тәрбиелеуде
алға қойылып отырған негізгі мақсаттардың
бірі – қоғамда өзіндік орны бар, үлкенге
құрмет көрсетіп, кішіге
қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы
жан-жақты дамыған, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қоғам мақсатымен өз
мақсатын ұштастырып байланыстыра алатын, шығармашыл , қоршаған ортадағы жағдайға бейімделгіш,
өз бетімен шешім қабылдай алатын, іскер, ой-өрісі
дамыған интеллектуалды, зиялы,
мәдениетті , парасатты, елжанды ,
жеке азаматты тәрбиелеу қазіргі қоғамға қойылатын талап.
Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру да оқушының жас ерекшелік және жеке дара
мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушы тұлғасын дамыту;
оқу іс-әрекетінің негізгі компоненттерін игеру. Ендеше, жеке
тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыту
тұлғаның адамға жоғары құндылық
ретінде саналы қатынасын
көрсететін адамгершілік қасиеттерінің бірлігін білдіреді. Ол тұлғаның
сапалы қасиеті ретінде басқа адамдармен қарым-
қатынас процесінде
қалыптасады. Сол сияқты жеке рухани – адамгершілігі адамдар мен
достық, мейірімділік, басқаны түсіну, біреудің
қайғысы мен қуанышына ортақтасу, өзгенің
мінез - құлқы мен пікіріне төзімділік таныту кезінде
аңғарылады және жетіле түседі.
Қазақ әдебиеті пәнінің атасы,
әдебиет оқулығын жасаудағы алғашқы
тәжірибе деп бағаланатын
Ы.Алтынсарин ағартушы
хрестоматия мазмұнына қазақтың төл
әңгіме, аңыз,ертегілеріне кеңірек,орын берген
және олардың бәрінің адамгершілік қасиеттерді
дәріптеуін басты назарында ұстаған. Ы. Алтынсарин
жасөспірімдерге адмгершілік рухта тәрбие бере алатын
еңбектерді ғана аударғаны және осы аудармалары
арқылы оның еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік,
қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдастық және
т.б мәселелерге кең көңіл бөлгені
аңғарылады.
XXI ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі
тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр.
Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан,
рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой -
толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған,
өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі
қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден
өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады.
Өзін-өзі тану – адамның
шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын
ғылым, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін
өзінің жеке құндылықтар жүйесін жалпы
адамзаттық құндылықтар жүйесімен біртұтас қарауға
негізделеді. «Өзін-өзі тану» пәні білім берудің
басымдылықтары – рухани-адамгершілік білімді іске асыруға, ұлттық және жалпы
адамзаттық мәдениетті үйренуге ықпал етеді. Бала
әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаға сәйкес конструктивті шешуге үйренеді.
Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге
ізгілікті қарым-қатынас жасау, көмек беру,
қамқорлық жасауға баулиды. Жасампаздық
белсенділік, азаматтық және отансүйгіштікке тәрбиелейді. Қазіргі
кезеңнің ең басты қажеттілігі – адамдар
арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі
құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың
өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі.
Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісіне еніп
отырған «Өзін-өзі тану» пәнінің
әлеуметтік-рухани өмірде алатын орны
ерекше. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі
тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар
мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен
жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта
жүргізіледі. Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» пәнін
оқыту арқылы мектептегі басқа пәндердің
әлеуетін күшейтеміз. Әрбір оқушының
өзін-өзі тануы жалпы
адамзаттық
құндылықтарды қалыптастыруда ықпалы зор. Бұл
пәннің тағы бір ең басты ерекшелігі – адамзат
баласының ғасырлар бойы жинақтаған адами асыл
қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, ата салт
пен ұлттық ұлы
дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін
тамырына тағлым етіп дарыту.Халқымыздың сан ғасырлық
тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған
ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының
дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары
тұжырымдарымен қиюласа,
астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі
ғылым деңгейіне, оның төңірегіне
топтастырып,
жүйе-жүйесімен
талдауға алсақ, бұлардың өзіндік
сыр-сипаты айқындалады.
«Өзін-өзі
тану» бойынша жүргізілетін жаттығулар түрлеріне «Өзіңді бағалау», «Мен басқалардың көзімен», «Жаңа түрге ену», «Футболкадағы қолтаңба»,
«Өзіңді тексер» тесті т.б. жатады. Сонымен қатар, әрбір оқушының өзіне сенімділігін
тудыру, оны қалыптастыру –
«Өзін-өзі тану» пәнінен
дәріс беретін мұғалімнің басты
міндеті. Ол үшін оқушыларға мынадай ақыл-кеңестерді ұғындырып, үнемі қайталауды, іштей
ойлап жүруді
әдеттендіру қажет.
Мысалы, «Өзің туралы
жағ ымды ойлауға үйрену»,
«Өзің туралы
жағымсыз ойлардан
құтылу», «Өзіңді сүй», Өзіңді
неғұрлым азырақ сынауға тырыс», «Өзіңнің жеткен
биігіңді өзің теріске шығарма», «Өз бойыңнан жақсы
қасиеттерді і зде» және
т.б.
Әр оқушының бойында
өз-өзіне деген
сенімділікті ұялатумен қатар, оны
айналасындағы
қоршаған ортамен қарым-қатынас
жасауға да үйрету өте қажет.
Бұл мақсатта
қолданылатын қарым-қатынасты дамытуға
арналған жаттығулар мен
іскерлік ойындар т үріне «Бет-әлпетті
есте сақтау», «Ол қалай
күледі», «Көңіл-күйге ортақтасу»,
«Қоштау», «Күлкі», «Саған аманшылық тілеймін», «Нажағай қаупі
жоқ» секілді ойындар мен
«Тыңдай білу іскерлігі», «Мен сізді тыңдап отырмын», т.б.
жаттығуларды орындату арқылы оқушыларды өзара
сыйластыққа, қарым-қатынас мәдениетіне
тәрбиелейміз.
Оқушылар, сонымен бірге,
сабақта шығармашылық жұмыстарды жиі орындайды.
Өз бетінше ізденеді, берілген тапсырмаларға
өмірден мысалдар келтіре отырып, алған білімдерін іс
жүзінде қолдана білуге,
ой түюге үйренеді. Бұл жұмыстардың олардың жеке «менін»
ашуға, өзіндік бет-бейне, жеке тұлға ретінде
қалыптасуына үлкен маңызы бар, жалғасын
тауып, өзара
ықпалдастық
бағытта жүргізілуі
тиіс.
«Өзін-өзі тану»
рухани-адамгершілік білім берудің міндеттері:
-оқушылардың
өзін-өзі тануда және өзін–өзі іске асыруда
шығармашылық қажеттілігін
дамыту;
- жалпыадамзаттық
құндылықтардың
негізін түсінуде
әлемдік үйлесімділік көрінісін қалыптастыруға
әсер ету;
- білім беруде және өмірдегі жағдаяттарда
адамгершілік
мінез-құлық тәжірбиесін қалыптастыру;
- әрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін
түсінуіне ықпал ету;
- жеке тұлғаның
жан-жақты қалыптасуын
дамыту арқылы ықпал
ету:
- өзінің өмірлік позициясын
анықтау;
- әр түрлі мәселелерді
адамгершілік
нормаларға сәйкес
конструктивті шешу;
- өзіне, адамдарға
және қоршаған
әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
- адамдарға қолдан келгенше
көмек беру, туыстарына және
жақындарына қамқорлық көрсету;
- өзімен - өзі
үндестікте өмір
суру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
- жасампаздық белсенділік,
азаматтық және отан
сүйгіштікке
тәрбиелеу;
- адамгершілік
тұрғысынан
таңдауға
даярлығын таныту және
өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;
- қоғамға қызмет
ету дағдыларын іс
жүзінде дамыту.
Жеке
тұлғаның
рухани-адамгершілік
қасиеттерін
қалыптастыру үшін өзін-өзі тануы, өзін-өзі анықтауы, өзін танытуы, өзін-өзі бағалауы қажет.
«Өзін-өзі
тану» пәнінің авторы Сара Алпысқызы атап өткендей,
«Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы,
өзінің
күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды. Әлемде махаббат
пен мейірімділік аурасын жасай
отырып, қарапайымдылық
пен махаббат жүректен
-жүрекке жетуі тиіс»,
яғни, әрбір баланың, ата-ананың жүрегін жылылық нұрына ұялатуда
әрқайсымыздың
орнымыз ерекше.