Агротуризм
қызметін реттеу ұйымы
Дүниежүзілік
туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан
мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер
қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы
тек осы сала бойынша табыс көзінің үлесіне тиесілі.
Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша
әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан
кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді.
Қазіргі таңда Ақмола облысында агротуризм аясының
дамуының бірнеше мәселелері бар:
1. Туризм
индустриясының арнайы секторы ретінде болатын агротуризм аясынына
қолданылатын, оның
қызметін басқару мен реттеу бойынша арнайы заңдылықтар
стандарттары жоқ.
2. Агротуризм
аясы бойынша анық мемлекеттік саясат жоқ, демек бұл
қызмет бойынша нормативті-құқықтық
қамтамасыз ету жүйесі де жоқ. Экотуризмнің
тұрақты дамуы үшін жергілікті ұйымдар, мемлекеттік
органдар, үкіметтік емес ұйымдар, ұлттық парктер
жұмысшыларының арасында тиімді өзара
қарым-қатынас қажет.
3. Туризмнің
ескірген инфрақұрылымы. Туризмнің
инфрақұрылымдары деген түсінік астында қонақ
үйлер және өзге де орналастыру
құралдарының, көлік құралдарының,
қоғамдық тамақтандыру объектілерінің,
танымдық, іскерлік, сауықтыру, спорттық және өзге
де мақсаттағы, туризм саласына тікелей және жанама
түрде әсер ететін ұйымдардың жиынтығы.
Жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі, ескірген
транспорт түрлері, темір жолдар, әуежайлар, көрсетілетін
қызметтердің бағасы мен сапасының сәйкессіздігі.
4. Маркетингтік
қызметінің қанағатсыздығы. Бүгінгі таңда,
Ақмола облысы мемлекет тұрғындарына, басқа елдер
үшін үшін Қазақстан сияқты, жұмбақ
болып табылады. Облыстың таңғажайып, қызықты
жерлері мен барлық көрікті аймақтарын туристер білмейді. 2014
жылы Ақмола облысының туристік имиджін қалыптастыру
және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді
5. Аграрлық туризмнің барлық
қатысушыларының ұйымдылығы жоқ. Яғни,
қазіргі уақытта аграрлық туризмнің барлық
субъектілері қызметтерін өздері жүзеге асыруда. ЭАРО
атқаратын жұмысы жеткілікті нәтижелі емес. Пайда болып
тұратын мәселелерді шешуге арналған бірлескен кооперациясы
қажет .
8. Ауыл тұрғындары
арасында білімнің төмендігі.
Агротуризмде бұл мәселеле бастылардың бірі болып
табылады. Білімнің жетіспеушілігі туризмнің бұл түрінің
дамуын тежейді. Ақмола облысыны
тұрғындарының басым бөлігі агротуризм туралы
мүлдем бірді-бір ақпаратқа ие емес.
9. Азаматтардың,
кәсіпорындар басшыларының және үкіметтің
табиғи ресурстарға деген нашар қарым-қатынасы.
Ақмола облысында, мемлекеттің өзінде де,
қалдықтарды басқарудың мониторингі, оларды
сақтауды, қайта өңдеуді, өнеркәсіптік
және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге
жаратудың жүйесі жоқ. Қазақстан
территориясында 20 млрд тоннаға жуық өнеркәсіптік
және тұрмыстық қалдықтар жиналған. Сонымен
қоса олардың өсу динамикасы байқалады.
Қазақстанда
экологиялық туризмді, ауылды жерлердегі туризмді дамыту мен жылжыту
қызметімен айналысатын ұйым Экотуризмнің
Ақпараттық Ресурстық Орталығы – Қазақстан
Республикасында экологиялық туризмнің дамуын қолдайтын
бірыңғай орган. Алматы қаласында Еуразия қорының
көмегімен 2005 жылы Қазақ Туристік Ассоциация негізінде
құрылған. ЭАРО жобасы отандық және
халықаралық туризм нарығында экотуризм жайлы ақпарат
ұсыну, туризм негізінде құрылған жергілікті
қоғамдарды қолдау, және экотуризмді дамыту негізінде
тұрақты пайда табуға көмек көрсетеді.
ЭАРО-ның негізгі табыс көзі болып – брондау қызметінен
түсетін комиссиялық төлемдер, сувенирларды жүзеге
асырудан түскен қаражат құралдары.
ЭАРО
өткізетін экологиялық азық-түліктерді өткізу мен
жарнамалау, Қазақстанның экологиялық туризмінің
дамуында ауқымды рөл атқарады. ЭАРО
Қазақстанның аймаұтарында экотуризмді дамыту жолдары:
-
Ауыл тұрғындары кейбір мәселелрді шешуге қатысады.
Әрбір ауыл аймағында өзінің координаторы бар, ол
арқылы ЭАРО стратегиялық дамыту жөніндегі мәселелрді
қарастыру бойынша кездесулерді өткізеді.
-
ЭАРО жергілікті аудан мәдениеті, салт-дәстүрлеріне зор
мән білдіреді. Қонақ үйлерді жабдықтауда
жергілікті және шетел тәжірибелерді мақсатты қолданады.
Тамақтану бойынша туристер жергілікті азық-түліктен
және ұлттық асхана дайындау әзірлері ұсынылады.
-
ЭАРО экологияға да көп көңіл бөледі.
Қонақ үйлер қоршаған ортаны қорғау
заңы негізінде қызмет етеді. Сонымен қоса, олар
түсімнің бір бөлігін табиғатты қорғау
ұйымына бөледі.
-
ЭАРО ауыл тұрғындарының материалдық
әл-ауқатын жақсартуға ықпалын тигізеді.
Тамақтану мен мекендеуден
түскен түсімнің көп бөлігі
қонаұ-үй қожайындарының иелігінде қалады.
ЭАРО туристік
нарықтық экотуризм атты сегментінің өсіп келе
жатқан сұранысын
қанағаттандырады. Қазіргі уақытта
қонақтар денсаулық үшін пайдалы дем алу, жергілікті
салт-дәстүрлері танысу, табиғаттан ләззат алу негізінде
мекендеу орындары әлемде кеңінен таралған. Туристерге
ұсы-нылатын тағамдар экологиялық таза, сапа стандарттарына
жауап беруі тиіс. Ұлттық парктер мен қорықтарда
туристер флора және фаунамен танысуға бірегей.