Сапалы білім беру арқылы
экономиканы
дамытуға жол ашу
Саттар
Г. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің 3 курс студенті
Ғылыми жетекші:Утегенова К.А.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің аға
оқытушысы, э.ғ.к.
2014 жылдың 29
мамырында Қазақстан Республикасының астанасы Астана
қаласында үш ел-Қазақстан, Ресей, Беларусь
басшыларының кездесуінде Еуразия Экономикалық Одағының
құрылуына қол қоюы - үш мемлекет халқы
үшін де тарихи сәт болды. Бұл одақтың негізгі
мақсаты теңқұқылы экономикалық серіктестік
пен экономикалық дамуға жол ашу болып табылады.
Осы одақты
құру туралы шешімнен оны жүзеге асыруға дейінгі 20
жылдық жол және оның ел дамуына жаңа леп
әкелетіндігі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
2014 жылдың 28 сәуіріндегі М.В.Ломоносов атындағы
Мәскеу Мемлекеттік Университетінде өткізген дәрісінде айтылып
өткен болатын және бұл кездейсоқ емес, себебі Елбасы
өз дәрісін қоғам қайраткерлері,белгілі
саясаткерлер және студенттер арасында өткізген болатын.
Еуроодақтың сапалы жаңа деңгейде шешілуі тиіс
мәселелері дәріс тақырыбын қамтыған болатын. 20
жыл бойы атқалып жатқан істерді атап өте
отырып,Қазақстанның серіктес елдерімен 2009 ж бергі тауар
айналымы 88%өскенін айтты. Ресей мен Беларусь мемлекеттеріндегі экспорт
63%ға өсіп,өңделген тауар саны 2 есеге
ұлғайғандығы және құны 2,2 АҚШ
триллионы тұратын 170 миллионнан аса тұрғынға
ортақ кәсіподақтардың ашылып жатқандығы
айтылып өтілді.
Бұл одақ
экономиканың барлық салаларында бәсекеге қабілеттілкке
мүмкіндік беріп, кәсіпкерлерге ортақ нарық
құруға жол ашады. Осы салалардың барлығы дамуы
үшін бірінші кезекте білікті мамандар қажет. Сондықтан да
Елбасы өзінің сөзінде ешбір экономикалық даму сапалы
білімсіз мүмкін еместігін жеткізді.
Әлемдік
тәжірибиеде де басты назар сапалы білімге бөлінгендігін
ЖІӨ-нің 70-тен 90%-ға дейінгісі ғылыми техникалық
прогресс пен инновациялық экономикадан тұратындығынан
байқауға болады.Бірнеше дамыған мемлекеттердегі зерттеулер
бойынша ұллтық табыстың өсуінің шамамен 60%білім
деңгейінің өсуімен тікелей байланысты екендігі анықталып
отыр. А.Мэддисон зерттеулерінің нәтижиесі
бойынша елдің экономикалық өсу қарқыны мен
халықтың білімділігінің деңгейі тікелей байланысты
екендігі,яғни білімге кеткен шығынның 1%-ға өсуі
ЖІӨ-нің 0,35%-ға өсуіне әкеп
соқтырғанын көрсеткен.
Білімнің
экономикалық дамуға әсерін ЕО-қа мүше
елдердің зерттеулері макроэкономикалық өнімділіктің
артуына әкелетіндігі атап айтқанда, жалпы орта білімнің 1
жылға артуы жан басына шаққандағы еңбек
өнімділігін 6%-ға, жоғарғы білім берудегі жылдық
адами капиталдың1%-ға жан басына шаққандағы
ЖІӨ-нің 5,9%-ға өсуіне әкелетіндігі
дәлелдеген.
Осындай
сынды зерттеулер Әлеуметтік және Экономикалық даму
ұйымында да жүргізілген болатын, бұл арқылы олар
қоғамның білімділігінің 1 жылда артуы қысқа
мерзімде-5%-ға ұзақ мерзімде 2,5%-ға экономиканың
дамуына әкелгендігін байқатты.
Қазақстандағы
жоғары білім беру Ресей және ТМД елдері сияқты
соңғы 20 жыл ішінде өзіндік дамығанын
көрсетті:мамандарды үш сатылы дайындауға көшу,кредиттік
технологияны енгізу,әлем мемлекеттері дәлелдеген
әртүрлі әдістерді енгізу және т.б.Бірақ шетел
мамандарының айтуынша Қазақстанның білім беру
жүйесі әлі де дамуды талап етеді.Осылайша Әлем Банкінің
бағалауынша Қазақстанда Жаhандық инновация
көрсеткіші 2012 ж 3%-ға, ал 2013ж 2%-ға төмендеген. Осы
көрсеткіштермен Қазақстан 91 орынды иеленіп,білім
экономикасының көрсеткіші 78% ал білім индексі 43%
құрады.
Мамандарды
даярлау сапасы ұстаздардың
кәсіби біліктілігіне, білім беру орталықтарының
қамтылуына, білім алу жағдайларының дұрыс жасалынуына,
білім алушыларды ынталандыруға, білім сапасын басқару және
бақылау жүйесіне байланысты болып келеді.
Қазақстан
өзі мүше болып отырған одақтан және дамыған
елдерден білім жүйесі жағынан үлгі алса, тек қана
экономикалық емес, барлық сала жағынан дамушы мемлекеттің
де дамыған алдыңғы қатарлы мемлекетке айналары
сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Білім беру саласы // Казахстанская правда
2.
Щетинин В. Адами капитал. Әлемдік экономика
және халықаралық қатынастар