Мемлекеттік тілді оқытуда инновациялық технологияны меңгертудің жолы.
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Ф.ғ.м.,
Балапанова.Қ.Ж.
Мектепте
оқытылатын барлық пәндердің маңызы зор,
оның ішінде қазақ тілінің орны аса ерекше. Орыс тілінде
оқытылатын мектептерде қазақ тілінен сабақ беруде
оқушының ойлауы мен тілін дамытуда. Дүниетанымын
қалыптастыруда алдымызда үлкен міндеттердің
тұрғанын ұмытпағанымыз жөн. Оның
ішінде әрбір грамматикалық тақырыптардың да
қосатын үлес салмағы бары анық. Сонда қазақ
тілі грамматикасы оқытылуының нақты тәрбиелік
мүмкіндіктері қандай? Грамматиканың қай деңгейі,
қай бірлігі оқушының ойлау мен тілі дамуында
үлкен орын ала алады? Жалпы, білім негізі бастауыштан басталатыны
барлығымызға мәлім. Қазақ тілін оқыту
барысында оқушылардың өзіндік дүниетанымдық
позицияларын қалыптастыруда тәрбие теориясымен тығыз
бірлікте қарастырылады. Шығыс халқының «Мың рет
естігеннен гөрі бір көрген артық» деген даналық
сөзі сабақта көрнекілік құралдарды тиімді
пайдалана білуге айтылған тәрізді. Тірек – сызба дегеніміз -
көрнекіліктің бір түрі. Көрнекілікті ХVІІ ғасырда
чехтың прогресшіл ұлы педагогы Ян Амос Коменский енгізді. Шетел
педагогтары Ж.Ж. Русса, И.Г. Песталоцци «көрнекілікті тек арифметика,
геометрия сабақтарында қолдану мүмкін» десе, Я.А. Коменский
мен оның идеясын қолданушы неміс пелагогы Ф.В.Дистерверг пен
орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский «көрнекілікті барлық
пәндерде қолдану мүмкін және қажет» деген. Білім
беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып
жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс –
тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз,
барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық
бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын
таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән
беруде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін
дамытуына жол ашуы қажет. Танымдылық белсенділік –
оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласының,
құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық
белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын
іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.
Қазіргі кезде 80- нен астам педагогикалық технология
қолданылып жүр. Оқытудың жаңа технологиясы
дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген
ұғымды түсінуіміз керек. Бүгінгі күні
мектептегі оқу пәндерінің мазмұны мен
мақсаты оқыту мен тәрбиелеудің жұмыс түрлерін
ұштастыра отырып, одан әрі жетілдіруді, өмірмен
байланыстыруды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді
әдіс – тәсілдер кеңінен қолдануды талап етеді. Сондай
әдістердің бірі оқушының байқау, көру
қабілетінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын көрнекілік
әдісі. Осы тұрғыдан келгенде, бұл мәселені
терең зерттеген Е.И. Пассов: «Коммуникативный метод обучения иностранному
говорению» еңбегінде сабақтың мына ерекшеліктерін
көрсетеді:
-
Уәждемелік: сөйлеу әрекеті ішкі қажеттіліктен туындау
керек. Бұл үшін оқу материалы, мазмұны жаңа,
танымдық жағынан қызық болуы шарт;
-
Мақсаттылық: оқушы сөйлеу әрекетін
орындағанда, не үшін оқитынын, жазатынын, тыңдайтынын,
айтатынын, сөйлейтінін білуі шарт;
-
Жекелік маңыздылығы: үйренуші оқу мақсатын саналы
түсініп, оның қажеттілігін сезінуі тиіс;
-
Қарым – қатынастық даралық сипаты: оқушы
өзінің индивид екенін, соған орай өзіндік
көзқарасын білдіріп отыруы шарт;
-
Ойлау белсенділігі: шығармашылық тұрғыдан ойлауды
қажет ететін белсенділік болуы шарт (фраза сөздерді, мәтінді
қайталау, баяндау емес);
-
Өзара әрекет: оқытушы мен оқушы арасындағы
ынтымақтастық, үйлесімді оқу әрекетінің
болуы;
-
Ситуативтік: сөйлеу жағдаяттарын (ситуацияларды) ескерту;
-
Ақпараттылық: оқушының жас, интеллектуалдық
мүмкіндіктеріне сәйкес қызықты оқу материалдарын
іріктеу;
-
Жаңалық деңгейі: мәтін мазмұны ғана емес,
оқыту процесінің барлық элементтеріне қатысты болуы;
-
Эвристикалық сипаты: шығармашылық тұрғыдан
сұрақ – жауапқа құрылуы;
-
Функционалдық сипаты: тілдесімде тілдік бірліктерді атқаратын
қызметі тұрғысынан іріктеу;
-
Проблемалық сипаты: оқу материалы проблемалық, яғни,
оқушының өз бетінше ойланып, орындап, шешуіне:
оның ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс.Білім теңіз,
оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген,
құпиясын аша алатындар ғана бойлай алмақ, мұндай
адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп, дайындайды.
Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы
жеткізеді, ал сабақ сапасын арттыру- барлық мұғалімдерді
толғандыратын маңызды мәселе.
Күн
сайын өтетін жаттанды кезеңдерден тұратын
дәстүрлі сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге
ынтасын төмендетері сөзсіз деп ойлаймын.
Қазіргі
қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге
байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы
әдістері мен формаларын білуі қажет.
Сабақ
барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру,
өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу,
жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалінің басты
талабы.
Интерактивті
тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы
оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді.
Интербелсенді
тақта оқыту процесінің барлық этаптарында
қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде,
қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын
бақылағанда, сонымен бірге оқушының өз бетімен
жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Оқушының
қызығушылығы мен іскерлігін, белсенділігін
мұғалім бір ғана сабақ арқылы жүзеге асыра
алады. Міне ақпараттық технологияның басты тиімділігі оқушыны
өзіне баурап алуында.
Электрондық
оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау
жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен
еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі
таңда осы кезге дейін сақталып келген бірізділік , яғни
мұғалімнің түсіндіруі мен сөзі, оқулықпен ғана жұмыстану
барысы заман талабын қанағаттандыра алмайды.
Біз
, әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері кәсіптік
біліктілігін интернет жүйесі және электронды оқулықтар
арқылы дамыту жолдарында көрнекі құралдарды пайдалану
арқылы ғана сабақтың тиімділігін артырамыз.
Біріншіден, материалды
түсіндіруде мұғалім қатты қиналмайды.
Екіншіден,
оқушыға жаңа материалды меңгеруде жеңілдік
туғызады.
Үшіншіден,
оқушының есте сақтау, көру сезімдерін жетілдіреді.
Төртіншіден,
оқушының есте сақтау, көру сезімдерін жетілдіреді.
Мұны
әсіресе, қазақ тілі сабақтарында жүзеге асырып,
мұғалім өз сөзі мен көрнекілікті ұштастыра
білуі қазақ тілінің теориялық материалын
оқушылардың сапалы да білгір меңгеруінің, өмірлік
дағдыларды игерудің негізгі шарты екендігін компьютерлік
көрнекілік арқылы ұғындырады.
Қазіргі инновациялық
технологиялардың жиі қолданылатыны – ақпараттық технологиялар. Оларды пайдалану барысында
бұрыннан біз көбінесе компьютерді қолданып, сабақты
түрлендіріп, студенттердің пәнге деген
қызығушылықтарын дамытамыз. Осындай сабақтар
өткізгенде, оқыту процесін дараландырады және
студенттердің ойын дербестігі мен белсенділігін арттырады.
Компьтердің
әдістемелік және дидактикалық мүмкіншіліктерін пайдаланып, ақпараттық
технологияларды қолдану студенттердің танымдық және
өзіндік белсенділігін арттыратын ойын элементтері арқылы
үйрету оқыту процесін тұрақтандыруға
мүмкіншілік береді. Компьютер арқылы мәтінді теру, берілген
қателерді түзету, мәтін бойынша тапсырмалар орындау
және тағы басқа сабақ түрлерін өткізуге
болады. Кейде студентпен де жеке
жұмыс жасай аламыз. Оқу барысында студенттердің
ақпараттық технологияларды пайдалануы, өзін-өзі
бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік сараптау,
жоспарлау мүмкіндіктеріне негізделген оқытылу мүмкіндігін
береді.
Студенттің
дамуын үйлесімді нәтижеге жеткізу үшін оқу жүйесі ғылыми-педагогикалық негізінде жасалуы қажет. Сабақ кезінде модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып,
студенттердің жеке дамуына көңіл бөлуге болады.
Модульдік оқыту технологиясы жаңа технологиясының әр
пән бойынша ерекше қолдануда. Оқу модулі 3
құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, негізгі
бөлімінен және қорыту. Әр модульге оқытушы
өз уақытын бөліп, қойылған ақсаттарына
жетуге тырысады. Оқытушы сабақты ұйымдастыру түрлерін ойластырады. Оқу
материалдарын тақырыптың мазмұнына сәйкес
деңгейлік тапсыру болуы қажет. Әр деңгейді орындап,
ең соңғыда студент баға алады. Мысал ретінде келесі
модуль түрін ұсынамын.
Инновациялық
технологияларға мультимедиялық сабақтар да жатады. Ағылшын
тілінде multimedia, латын тілінде multum – көп және media, medium –жинақ дегенді білдіреді , яғни
құрамына бірнеше мәтін, сурет, бейне, көрініс, анимация
кіреді. Мультимедиялық сабақтарда қойылатын мақсаттар:
студенттердің компьютерлік технологиясын қолдану арқылы
оқыту, үйрену, танымдық әрекетін жүзеге асыру
және өз бетінше жұмыс істеу дағдысы мен
шығармашылыққа қабілеттерін дамыту. Сабақта
келесі қажетті шарттар орындалуы керек:
-
-
студенттің жеке тұлғасын дайындау;
-
-
ойлау қабілетін жетілдіру;
-
-
эстетикалық тәрбие;
-
-
нақты бір шешім қабылдауға қалыптастыру;
-
-
пәнаралық байланыстарды тереңдету.
Мультимедиялық
сабақ өткізу кезінде
студенттер ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана
емес, сонымен бірге оны өңдеп, жеткізу әрекеттерін орындайды.
Бұл кезде оқытушының мақсаты студенттерде қажетті
ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол
оқу пәнінің тақырыбын қоршаған ортада болып
жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайларды
және проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, студенттерге жобаны
дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны
қорғау кезеңі студенттердің топ алдында сөйлеу
мәдениетін, ойын жүйелеу білу мен өзіндік
көз-қарастың
және ой-пікірлерін қорғай білу дағдыларын
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды
қорғау топтың алдында орындалады және олардың
өзара қарым-қатынасын талап етеді. Сонымен, мультимедиялық жобаны құру - студенттерге қажетті
теориялық білім мен танымдық
қызығушылықты қалыптастыруға
мүмкіндік беретін тиімді әдіс болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Н.Амирѓалина.
«Білім берудің инновациялық технологияларының бірі- тірек
конспектілері». // Білім. Алматы, № 4, 2009ж., (17-19б.).
2.
Г. Амандыкова. «Шет тілін
оқыту әдістемесі». Алматы,
2007ж., (103-105 б.).
3.
Ж.Садуова «Инновациялық технологияларды
білім беруде қолдану».// Білім. Алматы, № 5, 2006ж., (22-24).
4.
Г. Такишева. « Модулдік оқыту
технологиясын пайдаланудың тиімділігі», // Білім. Алматы, № 4, 2009ж