Қойбағарова Патима Ибадуллақызы                                       

                           Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы

                                  №26 Т.Өстеміров атындағы жалпы орта мектеп

                               Бастауыш сыныптар оқытушысы                         

                                                                          

 

Бастауыш сынып оқушыларын топтық жүйеде оқыту әдісінің тиімділігі

        

       Бастауыш сынып – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нә тижеге жетуі үшін бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі қазіргі заман  талаптарына сай құрылуы шарт. Мектептегі кез-келген жаңарулар бастауыш сыныптан бастау алады. Сондықтан бастауыш сынып мұғаліміне қойылатын талап пен жауапкершілік те салмақты. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деп халық даналығы айтқандай, білім мен ғылым – нұрлы болашаққа апаратын даңғыл жол. Нақ осы даңғыл жолды жасайтын да, бағыттайтын да мектеп, оның ішінде мұғалімдер қауымы.

    Бастауыш мұғалімі  әр сабақ сайын оқушыларға берілетін тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет. Әр сабақта қолданылатын бір текті тапсырмалар көңілсіздік тудырады. Мұғалім қызықты материалдар таңдай білуі шарт. Олар көшіріп жазу немесе оқып шығу секілді жеңіл-желпі түрде емес, ізденісті, тапқырлықты  қажет ететіндей болуы тиіс. Ол балаларға ұнайды. Өздігінен іс-әрекет етуге деген ынта-ықыластарын арттырады.

    Топтық жүйедегі оқыту әдістемесін пайдаланып жыл бойы жұмыстар жүргіздім. Әрине алғашқы қыркүйек, қазан айларындағы жұмыстарым ұйымдастыру түрінде өткізілді. Сынып оқушыларын «А»,«Ә»,«Б» топтарына бөліп, олардың ішінде жақсы және өте жақсы оқитын оқушыны консультант үйретуші ретінде белгілеп, оқушыларды деңгейлеріне қарай араластыра бөлдім.Көптеген жұмыстарды үйретулер арқылы үш топтың жетекшілеріне топ мүшелерінің, білім деңгейін  «бағалау журналын» арнатып,бағалау белгілерін дайындату арқылы және топ мүшелерінің сабақтарға қатысты даярланған жұмыстарын жинақтайтын топтың файл папкасын арнату шараларын жүргіздім.

         Бұл әдістемемен жұмыс жүргізу кезінде деңгейлеп бөліп,әр топтың мүшелерін нөмірлеп кеуделік белгі пайдаландым.Мысалы: «А» тобының 1 үшесі,     «Ә» тобының 2 мүшесі т.б.с.с.. Яғни бұл әр топтағы №1, №2, №3, №4 мүшелерінің деңгейлері бір-бірімен қарайлас екендігінің белгісі.Топтық жүйеде оқыту әдісінің тиімділігі мол екендігін төмендегі жағдайлар арқылы атап өткім келеді.

         Оқушылардың бір-біріне деген жолдастық қарым-қатынасы арта түсіп, бір-біріне бар ынта жігерімен көмектесіп,үйретуге,топтық жарыстар кезінде жетекшінің ұйымдастыру қабілетінің арта түсетіндігі,оқушы бағалауының әділ болатындығы   және бір үстінде бірнеше оқушыны бағалау мүмкіндігі туатындығы, топтап оқыту әдістемесін пайдалану қолайлы екендігінің бірден-бір дәлелі.

         Бұл жүйедегі оқыту әдісінің оқушының білім сапасының молая түсіп, олардың пәнге деген қызығыушылығының артатындығы, үнемі ізденіс үстінде жан-жақты даярланып жүретіндігі үшін де өте пайдалы екендігін айта отырып,алдағы уақытта З.Қуандыққызының блоктық жүйедегі және деңгейлік жүйелердегі оқыту әдістемелерін пайдалану арқылы үйлестіруді жалғастырып көрмекшімін.Биылғы оқу жылында (2015-2016 оқу жылында) 2-сыныптың оқулығы бойынша топтық жүйедегі оқыту әдістемесі арқылы өткізген сабақтарымның бірнешеуін көпшілік оқырман қауымға  ұсынбақшымын. Жас мұғалімдер үшін бұл журналдың әдістемелік берер көмегі мол екендігі өзім секілді «мұғалімдік» жолды таңдап, бала тәрбиесін қалаған жас ұстаздарға ерекше атап айтқым келеді.

                                                                                                                                                                                                                                                                           

Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім және жалпы есім
 Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Бірлікке, ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, ребус, сөзжұмбақ.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көркем сөз оқу, топтастыру, тірек сызба, Венн диаграммасы.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы:
I. Қызығушылықты ояту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
  -
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жалы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.

ІІ. Психологиялық тренин

Күн жарығын алақанға саламын

        Жүрегіме басып ұстай қаламын
        Ізгі әрі нәзік, жарық, мейрімді.
        Болып кетер сонда дереу жан - жағым,

 ІІІ. Үй тапсырмасын қайталау
Үйге берілген жаттығуға талдау жүргізу.
«Ой қозғау»(сұрақтар арқылы )

ІҮ. Жаңа сабақ
       Ертеде Зат есім деген сөз табының Жалқы және Жалпы есім деген ұлы болыпты. Жалқы есім өзімшіл тек қана өз атын айта беріпті. Ал Жалпы есім көпшіл жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар да әкелерін сыйлапты. Ендеше, біз де осы сабақта бір – бірімізді сыйлап, тыңдап Жалқы және Жалпы есім туралы білетін боламыз.

Ойын «Қалаған затыңды таңда»
(Әр бала өзіне ұнаған түске сай заттарды алып, орындарына отырады.)

Ү. Оқулықпен жұмыс 333 - жаттығу
Мына суреттегі заттарға назар аударайық. Заттың атын жазайық.(суреттер көрсетіледі ) Алма(қыз), алма (жеміс) Раушан (қыз,) раушан (гүл)
Сөздердің бірі кіші әріптен, екіншісі үлкен әріптен басталып жазылу себебі неде деп ойлайсыңдар?

ҮІ. Ойын «кім зерек?» Тақтамен жұмыс
Терме диктанты

334 - жаттығу. Берілген жаңылтпаштың ішінен кісі аты мен жер аттарын теріп жаз.
Арман атай,
Аралағаны - Тарбағатай.
Арман атай атын
Тарбағатайда тағала алмай,
Айғайды салған атай.
Ережеге зер салайық!(ережені балаларға оқыту, түсіндіру, сөздерді талдау )

ҮІІ. Топтық жұмыс
1 - Топ.: Зат есімге сөздер ойла
2 - Топ: Сөздердің ішінен жалқы есімдерді тап
(Серік, ата, жайық, Әлия, ұстаз, Алатау, көл, оқушы, Ақтау, жұмысшы)

 

 

ҮІІІ. Сергіту сәті                
Шапалақтап қолыңды,
Жай - жай
Міне былай, міне былай,
Жай - жай
Шапалақтап қолыңды,
Тез - тез
Міне былай, міне былай,
Тез - тез - тез....

ІХ. Семантикалық картамен жұмыс ( топтық )
Сөздер ------ Зат есім ----- Етістік ------ Сын есім ------ Сан есім
келді
ана
бес
сұлу
алма
қырық
отыр
жүз
көл
оқыды
биік

Х. Тақтамен жұмыс. Көру диктанты
Жетісу - көркем өлке. Іле - осы өлкедегі үлкен өзен.
Ол Балқаш көліне құяды. Көл жағасында Балқаш қаласы орналасқан.
Тапсырма: Жалқы есімдерді табу.

ХІ. «Еркін жазу»
ХІІ. Қорытындылау.

. Сұрақ - жауап:
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
- Мысал келтіру..
«Екі жұлдыз бір тілек» (Әр бала өз тілегін алған әсерлерін қағаз бетіне түсіру, мұғалімге тілек жазу)
ХІІІ. Үйге тапсырма.
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
Бағалау. (Марапаттау, тәттілер үлестіру арқылы

    

         Қорыта келгенде, оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденім -паздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.«Мектеп» журналы 2015ж  №4

2.«Болашақ» газеттері, 2015 ж