Ахметова А.П.
Ақтау
қаласы, Қазақстан
МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНДЕГІ ЖЕРАСТЫ СУ
КӨЗДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жер асты сулары — Жер бетінің
төменгі қабаттарындағы тау жыныстарының арасында
қатты, сұйық және газ күйінде тараған
сулар. Бұл су өткізгіш тау жыныстарында кездесетін түйіршік
және кесек шөгінділер қуыстары, қатты жыныстардың
жарықшақтары, утас пен доломиттердің қарсты куыстары
бойынша жылжып отырады. Жер асты сулары қысымсыз грунт сулары мен
қысымды артезиан суларына бөлінеді, ал минералдығы бойынша —
ащы су, минералды су және тұщы су болып үшке бөлінеді. Соңғы екі судың
практикалық маңызы халық шаруашылығында аса зор.
Жер
асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық
күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі
болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері
негізінен алаптық геологиялық құрылысымен
анықталады. Жер қыртысында су өткізетін және су
өткізбейтін қабаттардың кезектесіп келіп отыруы әдетте,
су өткізбейтін қабаттың үстіне орналасқан су
өткізетін топырақ қабаттарында бос сұйық
сулардың жиналуына жағдай жасайды.
Жер
қыртысындағы барлық қуыстарында су толық
жиналатын топырақ-жер қабатын сулы қабат,ал оның
астына орналасқан су өткізбейтін қабат — сутірегіш деп
аталады.
Егер
сулы қабатты бұрғылау жолымен немесе құдық
қазу арқылы ашқан,ондағы судың
деңгейі өзгеріссіз қалса,онда жер асты суларын тегеурінсіз,
ал деңгейді-жер асты суларының деңгейі дейді.
Жер
қыртысындағы асты-үстін бірдей өткізбейтін
қабат алып жатқан сулы қабатты
ашқанда,скважинадағы судың деңгейі үстіңгі
су өткізбейтін қабаттан орнығуы мүмкін еді. Бұл
жағдайда сулы қабаттағы сулар гидростатикалық
тегеуріннің әсерінде болады, ал сулы қабат тегеурінді сулы
қабат деп аталады.
Орналасу
сипатына, режиміне, қалыптасу жағдайына, қозғалуына
және жер үсті суларымен өзара байланысының сипатына
қарай жер асты сулары тегеурінді және тегеурінсіз деп атайды.
Тегеурінсіз
жер асты суларына топырақ, топырақ-жер және қыртысындағы
сулар жатады.
Топырақ
суларының өзінен төмен орналасқан жер қыртысында
сулармен гидравликалық байланысы болмайды.
Топырақ-жер
сулары деп су өткізбейтін қабаты жер қыртысында
орналасқан, ал деңгейі тұрақты немесе
тұрақсыз түрде топырақ қабатында болатын жер асты
суларын айтамыз.
Ерте
заманнан бері тұрмыс қажеттігіне жер үсті суларымен
қоса, арнайы ұңғылар орнату
арқылы, жерасты сулары да пайдаланылады.
Біздің еліміздө де, шет елдерде де мыңдаған
қалалар мен елді мекендердің тұрғындары жер асты
сулары арқылы қамтамасыз етіледі. Дүние жүзінің
шөл және шөлейтті жерлері (Үндістан, Пәкістан,
АҚШ, Австралия, Қазақстан) жерасты суларын пайдалану
нәтижесінде, сусыз далалар құнарлы өлкеге айналып,
бау-бақша өскен, мал шаруашылығы дамыған
өңірге айналған. Сапасы және тазалығы
жағынан бұл сулардың теңдесі жоқ, жердің
өзі суды тазалап беретін сенімді табиғи сүзгі болып
табылады.
Қазақстан
жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол
жердің көпшілігі құрғақ шөлейт
жерлер. Дегенмен, оның бір ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика
аймағында түрлі мақсаттарға сай
ашылып, зарттелінген 633 жер асты су қоры бар,
олардың пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр.
Бүл Ертістің Обь-өзеніне құяр
сағасындағы су көлемімен пара-пар.
Осындай
табиғи байлықтың иесі болган еліміздің алдында, оны
үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр.
Өйткені, республиканың Солтүстік, Батыс және
Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі бар. Сөйте тұрса
да, зерттеліп, дайындалған
жерасты су қорларын халық шаруашылығының
қажетіне игеру өте төменгі деңгейде
болып келсе, кейінгі жылдарда тіпті
тоқтап қалып отыр. Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы
үшін зерітеліп пайданалған көптеген жерасты су көздері
10-15% жылдар бойы игерілмей келеді, кей жерлерде мұндай кешеуілдеу
уақыты су көзінің жалпы пайдалану мерзімінө
(25-30 жыл) таяп қалып отыр. Бұл деген жерасты суларының
қорын пайдаланбай жатып оны пайдалану құқын қайта
қарап, бекіту керек деген сөз.
Республикамызда
тау-кен өндірістері мен шикі зат өңдеу саласының
дамуына байланысты қоршаған табиғи ортаға
зиянды салмақ өсе түсуде, оның ішінде
жерасты суларының сапасына нақтылы қауіп
төне бастады. Ақтөбе — Алға, Павлодар —
Екібастұз, Қарағанды — Теміртау, Жамбыл -
Қаратау, Өскемен — Лениногор — Зыряновск сияқты үлкен
аймақтық — өндірістік кешендердің маңында
табиғатқа зиянды ошақтар орын тепті. Республикамызда
710-ға жуық қатерлі ошақтар барлығы
анықталса, олардың басым көпшілігі Қарағанды
және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. 70
елді мекендердің су мұқтаждығына пайдаланылатын 113
жерасты су көзінің, 41 су қабылдағышының
тазалылығына қауіп, төнгендігі байқалуда.
Қазіргі
уақытта зерттелген жерасты су кендерінің маңайында зиянды
қалдықтармен ластану қаупі болса да, тұтынушыға
жеткен судың сапасы мемлекеттік стандарттағы “Ауыз су” талаптарына
сәйкестігін жоғалтқан жоқ, бірақ, ластандыру
процесі жалғаса берсе бұл сулардың сапасы төмендеп,
шектелу нормативтерінен асып кетіп, осы себептен, пайдалану шебінен шығып
қалулары мүмкін.
Тұрғындарды
сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, су
көздерінің тазалығьш сақтау мақсатында суды
қорғауға бағытталған төмендегідей
техникалық және санитарлық шараларды іске асыру қажет:
· су пайдалану жүйелерінің
маңызын және сенімділігін арттыру;
· су тазартқыш станцияларында су
өңдеу технологиясын жақсарту;
· суды жер астынан көтеру, тасып
жеткізу жене пайдаланудан кейінгі ағызуды дамыту;
· су пайдаланудағы
нормативтік-зияндылық базасын дамыту, ауыз суды (тұщы су)
үнемдеуге ықпал жасау, қызықтыру;
· жеке, немесе ұжымдық мақсатта пайдаланатын су
қабылдағыштарының (водозабор) жұмысын жалпы және
ішкі бақылауды қамтамасыз ету;
· жер қойнауынан қатты пайдалы қазбалар,
мұнай мен газ өндіру барысында
жерасты ажыратылатын жерасты суларын пайдалану үшін, азаматтық
және өндірістік құрылыс салуда, суармалы жерлерді
құрғатудағы
ажыратылатын және жер қойнауын ластандыратын ошақтарды жою.
Сумен қамтамасыз ету проблемасы
біздің елде де үлкен проблема деңгейіне көтерілді.
Қазақстан – су қорына қатысты ТМД елдері арасында
ең соңғы орында. Республика тұрғындарының
үштен бір бөлігі ауызсуға зар болып отыр. Сапалы ауызсу
жетіспейді. Кей өңірлерде су тапшылығының салдарынан
ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру көлемі
қысқартылып, суармалы жерлер аңғары да тарыла
түскені жасырын емес.
Қазақстанға келетін су
қорының 55 пайыздан астамы шетелдерден бастау алатын
өзендерден келеді. Олар әуелі су көздерін өз
қажеттеріне жаратып, бізге тек «сарқындысын» жібереді.
Елдің минералды-шикізат кешенін дамытудың
2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы міндеттерінің
бірі – тұрғындарды жерасты көздерінен алынатын сапалы
ауызсумен қамтамасыз ету.
Жерүсті сулары, өкінішке қарай, біркелкі
орналаспаған және көп жағдайда ластанған,
осыған байланысты жерасты сулары елді сумен қамтамасыз етудің
шешуші ресурсына жатады.
Жалпы, Батыс Қазақстан бойынша мемлекеттік
баланста шаруашылық-ауызсумен және
өндірістік-техникалық сумен қамтамасыз ету үшін 200-ден
аса жерасты кен орындары есепте тұр, олардың тең жартысы
қолданыста, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында барланған
қордың –25%, Ақтөбе облысында – 49%, Атырау облысында
– 43%, Маңғыстау облысында-83% пайдаланылады.
Көп жағдайда елді мекеннен алшақ
орналасуына байланысты кен орындары қажетсіз болып қалған.
Бұдан басқа, жерасты сулары кен орындарының басым
бөлігі өткен ғасырда, 50 жылдан астам бұрын
барланған. Сондықтан қазіргі кезде облыс және аудан
орталықтарын сумен қамтамасыз ететін қолданыстағы
жерасты сулары кен орындарының кейбірі бойынша қорды қайта
бағалау және су сапасын нақтылау жұмыстарын
жүргізу қажет, бұл тұрғындардың тіршілік
қарекетін жақсартуда өте маңызды. Аталмыш кен
орындарына Ақтөбе қаласы үшін – Елек, Тамды,
Құндақтықыр; Ақтөбе облысының
Шалқар, Темір, Қандыағаш, Ембі қалалары үшін –
Үлкен Борсық, Темір, Қандыағаш, Ембі; Батыс
Қазақстан облысы үшін – Искра және Орда;
Маңғыстау облысы үшін – Кетік; Атырау облысы үшін Миялы
және Тайсойған жатады.
2004-2011 жылдарда іздестіру-барлау
жұмыстары Батыс Қазақстанның 180 елді мекенінде
жүргізілген. Нәтижесінде сумен қамтамасыз ету мәселесі
Ақтөбе облысының 50 елді мекені үшін, Атырау
облысының 32 елді мекені үшін, Батыс Қазақстан
облысының 77 елді мекені үшін және Маңғыстау
облысының 20 елді мекені үшін табысты шешілген. Жүргізілген
жұмыстар нәтижесінде, Маңғыстау облысының Бостан,
Құланды және Бекі ауылдарында ауызсу үшін сапалы
жерасты сулары табылмапты. Маңғыстау облыстары сенімді су
көздері жетіспейтін, су балансы шектелген аймақтарға жатады.
Сондықтан көп жағдайда барланып бекітілген жерасты сулары
қорларын тұщыту қондырғыларын пайдаланып қолдану
ұсынылады. Биыл Батыс өңірдің — 75, оның ішінде
Ақтөбе облысының 24, Атырау мен Маңғыстау
облыстарының 12, Батыс Қазақстан облысының 27 елді
мекені үшін жерасты суларын іздестіру, сонымен қатар
Ақтөбе облысының Елек, Тамды, Құндақтықыр,
Алға, Үлкен Борсық, Темір, Қандыағаш, Ембі;
Батыс Қазақстан облысында Искра және Орда;
Маңғыстау облысындағы Кетікте жерасты суларының
пайдаланылатын қорын қайта бағалау жұмыстары
аяқталады.
Табиғи-климаттық
жағдайы бойынша облыстың барлық аймағы аса су тапшы
зонаға жатады. Қоршаған ортаның компоненттеріне
жағымсыз әсер ететін климаттық жағдайлардың
ерекшеліктері: жоғары күн радиациясы, шаң борандары,
жылдық және тәуліктік температуралардың
тұрақсыздығы, шықтардың аз мөлшерлігі болып
табылады.
Аймақтың антропогендік
ықпалға тұрақсыз шөл, жартылай шөл
ландшафттары, климаттық жағдайлары өсімдіктердің
шығуына қолайлы жағдай емес.
Облыстағы өнеркәсіптік
өндірістің қалыптасуы және дамуы көмірсутек
шикізатының қорына байланысты негізделеді.
Кеңес уақытынан бері
аймақ өзгерді және қазіргі уақытта келесі
себептерге байланысты экологиялық жүйелердің дұрыс
жұмыс істеуін қамтамасыз етпейді:
·
химиялық өндірістегі
құрамында уран бар кендердің табу және
өңдеу кезінде, экологиялық қауіпсіздік мәселелері
уақытында және қанағаттандырарлықтай емес
шешілетіндігі;
·
экологиялық норманың және Каспий
теңізіне жататын аудандарда мұнай және газ жаңа кен
орындарын жасау кезінде ережелердің бұзылуы;
·
өткен ғасырдың 60 жылдардың
соңында жүргізілген ядролық сынақтардың жүргізілуіне
байланысты;
·
жер қорын ұтымды
пайдаланбағандықтан;
·
жел және су эрозиясынан жер және
өсімдіктер қорын жеткілікті емес қорғауынан.
Өткен жылдарда
қоршаған ортаны ластаудың шешілмеген мәселелерімен
бірге ластанудың жаңа түрлері де пайда болуда, эко жүйенің
нашарлауы жалғасуда, бір уақытты биотүрлерінің
жұтаңдауынан құрлық және
теңіздің биологиялық ресурстары қорының азаюы.
Сумен қамтудың табиғи
негізі жоқтығының салдарынан облыстың қазіргі
экологиялық жағдайына байланысты негізгі тұрғындары
оралмандар және жағдайы нашар, ауыл тұрғындарын,
Ақтау және Жаңаөзен қалаларының
поселкелерін және бау-бақша серіктестіктерін сапалы ауыз суымен
қамсыздандыру.
Қарақия ауданының
Сенек, Маңғыстау облысының Үштаған және
Тұшықұдық елді мекендері осы аймақтарды
ұтымды пайдаланбаудан, құмды массивтерді су алу
нәтижесінде жерасты суларының төмендеуінен пайда болған
жылжымалы құмдардың басуына байланысты өздеріне
экологиялық шиеленіс сынауда (мөлшерінен көп малды жаю,
талдарды кесу және т.б.). Жаңа Кен орындарын қолданатын
өнеркәсіптік кәсіпорындармен жерасты суларының
пайдалану қорын қайта бағалау жүргізілмейді; сонымен су
алу кезінде осы аудандағы жағымсыз экологиялық салдары есепке
алынбайды.
Көптеген жерлерде, әсіресе
геологиялық зерттеу және мұнай табу аудандарында өсімдіктердің
толық жойылуы байқалады.
Каспий акваториясына ескі мұнай
Кен орындарының жақын болуынан, теңіз аймағындағы
жаңа кен орындарын ашу себебінен мұнаймен және мұнай
өнімдерімен ластанудың алдын алу мәселесі өте
маңызды. Оларды қорғауға жұмсалған
қаражат өте көп. Қазіргі уақытта таяз су
зонасының түбінде мұнай өнімдерін сақтау ең
рұқсат концентрациядан (ЕРК) 15-20 рет асады. Каспийдің
солтүстік суының ерекше мәртебелі қорық
зонасының мұнай өнімдерімен ластану нормасын арттыру 10 ретке
дейін құрайды. Фенил қышқылдарының концентрациясы
100 рет нормадан асады. Суда хлор органикалық пестицидтер
тұрақты болып тұрады. Ихтиологиялық фаунаның
өңделмеген мұнаймен, ауыр металдармен және тағы
басқа заттармен ластануы. Теңіз жанындағы су басып кеткен
мұнай ұңғымалары, сонымен қатар оффшорлық
жұмыс кезіндегі мұнайдың төгілуінен болуы мүмкін
апаттар Каспий теңізінің эко жүйесіне жүктемені
ұлғайтады және әлемде аналогы жоқ сирек су
айдынының биологиялық түрлілігіне қауіп
төндіреді.
Әдебиет:
1.
Зекцер И. С. Подземные воды как компонент окружающей среды. М.: Научный
мир 2001.
2.
Лутай Г.Ф. Химический состав воды и здоровье населения Гигиена и
санитария. 1992. №1.
3.
Орадовская А. Е., Лапшин Н. Н. Санитарная охрана водозаборов подземных
вод. — М.: Недра, 1987.
4.
Плотников Н.И. Подземные воды - наше богатство. М., 1990.
5.
Экологическая гидрогеология: Учебное пособие. - СПб.: Изд-во
С.-Петербургского университета, 1996