Халықов Қ.А.

Чапаев атындағы орта мектеп, Жамбыл облысы, Қазақстан

 

 ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТРОРИЯСЫНДАҒЫ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯСЫ

 

Елімізде ботаникалық бақтардың құрылуы бұрынғы КСРО-ның тұсында басталды. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде Қазақстанда бірде бір ботаникалық бақ жоқ еді. КСРО тұсында республикада алты ботаникалық бақ құрылды [1].

Ботаникалық бақтарды орналастырғанда географиялық заңдылықты басшылыққа алынды: Шығыс Қазақстанда – Алтай, Орталық Қазақстанда – Қарағанды мен Жезқазғанда, Батыс Қазақстанда Ақтауда, Жетісуда Іле, Сол- түстік Тянь-Шань тауында (Іле Алатауы) – Алматы ботаникалық бақтары орналасақан [2].

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе территориялар географиялық, экологиялық ғылыми және мәдени тұрғыдан алғандағы ерекше құнды объектiлерi бола отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.  Заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiнiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.      Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды өңiрлерге бөлу және оларды қорғау ерекшелiгі мемлекеттiк ботаникалық бақтарға тұрақты пайдалану үшiн белгiленген тәртiппен жер учаскелерi берiледi.

 Мемлекеттiк ботаникалық бақтар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) экспозициялық - өсiмдiктердi егуге және оларды келушiлерге көрсетуге арналған;

2) ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған;

3) қорықтық - табиғи өсiмдiктердiң бiрегей, типтiк және сирек кездесетiн топтарын сақтауға арналған;

4) туристік - қызмет көрсетуге арналған;

5) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық өңiрлерге бөлiнедi.

Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда олардың мiндеттерiн орындаумен байланысты емес және оларда өсiрiлетiн өсiмдiктердiң жойылуына әкелiп соғуы мүмкiн кез келген iс-әрекетке тыйым салынады.

Жалпы дүние жүзілік іс тәжрибеге сүйенсек ботаникалық бақтар географиялық заңдылықтарға сай орналастырылады. Қазақстан Республикасында да бақтар топырақ пен климаттың зональды жағдайын ескеріп ұйымдастырған болатын. Сондықтан еліміздегі географиялық маңызы зор болып отырған бақтар табиғат зоналары бойынша топтастырып қарастырамыз.

Құрғақ дала табиғат зонасы;

Шөлейт табиғат зонысы;

Шөл табиғат зонасы;

Таулы облыстар.

Осы жоғарыдағы республика жеріндегі табиғат зоналары бойынша орналасқан ботаникалық бақтар келесі ретпен топтастырылады:

- Құрғақ дала зонасында Қарағанды ботаникалық бағы.

- Шөлейт табиғат зонасында  -  Жезқазған  ботаникалық бағы.

- Шөл табиғи зонасының бақтары – Ақтау және Іле ботаникалық бақтары.

- Таулы облыстардағы ботаникалық бақтарға – Орталық немесе Алматы және Алтай ботаникалық бағын жатқызамыз. Республика жеріндегі ботаникалық бақтардың ботанико-географиялық сипатын осы ретпен береміз.

Қазақстанның құрғақ дала зонасы репсубликаның территориясының 11 пайызын алып жатыр. Батыста Торғай-Төрткүл өлкесінен  бастап шығыста Ертіс өзені аңғарына дейінгі аралықта созылып жатыр. Бұл табиғи зона Қазақстанның экономикасы қауырт дамыған аймағы болып табылады. Индустриальды Қарағанды –Теміртау, аграрлы ауыл шаруашылықты Ақмола, Қостанай облыстары орналасқан. Республиканың саяси - әкімшілік орталығының Астана қаласына көшірілуіне байланысты табиғат зонасында табиғатын игеру мен қорғау мәселесіне үлкен беріліп келеді. Қуатты Қарағанды – Теміртау өнеркәсіпті торабы бар Орталық Қазақстан  экономикалық ауданының урбандалу дәрежесі өте жоғары. Орталық Қазақстанның табиғаты өте қатал, жерінде табиғи өскен ормандардың қоры өте аз. Сондықтан тау – кен өнеркәсібі дамыған қалаларда, қала типті мекендерді көгалдандыру мәселесі минеральды шикізатты игерумен қатар көтерілген болатын. Табиғи өсімдіктердің ассортиментін арттыру мақсатында, акклиматизация мен итродукцияны жүргізу мақсатында Қарағанды ботаникалық бағы құрылған болаты.

Шөлейт табиғат зонасы Қазақстанның  дала және шөл табиғат зоналарының арасындағы өтпелі зона. Шығыста Зайсан ойпатынан бастап, Сарыарқаның оңтүстігін, Торғай өлкесінің солтүстігін қамтып Каспий  бойындағы ойпатты ала созылады. Шөлейт зонасының өсімдік жамылғысы аралас, комплекстілі сипат алады. Бірақ орманды алқаптары жоққа тән деседе болады, шоқ ормандар аласа таулардың етегінде немесе өзен аңғарларында селдір тоғай болып кездеседі. Сондықтан шөлейт зонасында пайда болған елді мекенді пункттерді және өндіріс орындары айналасын көгалдандыру мақсатында зона аумағында Жезқазған ботаникалық бағы құрылды.

Республика жерінің 47% территориясын шөл табиғат зонасы алып жатыр. Батыста Каспий бойы ойпатынан бастап шығыста Жоңғар Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тауларына дейінгі аралықтағы жазық жер бедерін қамтиды. Шөлдер аналық тау жыныстарының құрамына қарай құмды, сазды және тасты болып бөлінеді. Олардың арасында сортаңдар мен сорлар жиі ұшырасып отырады. Өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығы қатар дамыған аудандар. Жер қойнауында минеральды шикізаты мол болғандықтан тау – кен өндірісі дамыған. Атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл, фосфорит кендерінен өнім алатын индустрияльды аймақ. Рсепубликалық маңызы бар оңтүстіктегі астана – Алматы, Талдықорған, Тараз, Қызылорда және Шымкент қалаларында орналасқан. Осындай урбандалған территорияда жаппай көгалдандыру шараларын іске асыру мақсатында  – Маңғыстау және Іле ботаникалық бақтары құрылған еді [3].

Қазақстан аумағының он пайзы таулы өлкелерден тұрады. Солтүстік шығыстан оңтүстікке ойысқан сайын Алтай, Сауыр Тарбағатай, Жоңғар Алатауы біртіндеп Солтүстік Тянь –Шань тауларына ұласады. Осы табиғаты әсем ғажап таулы өлкенің өзінде ботаникалық бақтар құрылған. Оның біріншісі – Алматы орталық бағы және Өскемен қаласындағы Алтай бағы. Алматы бағы бұрынғы астанамыз Алматыны көркейтуге өз үлесін қосса, соңғысы тау-кенді, өнеркәсіпті Алтайды көгалдандыруда көп еңбек сіңірді.

Орталық ботаникалық бақ Алматының оңтүстік бөлігіндегі Солтүстік Тянь-Шань таулы облысының сілемі Іле Алатауының тау бөктерінде теңіз дең- гейінен 856-906 метр биіктікте, Кіші Алматы өзенінің кең байтақ аймағында орналасқан  [4].

Қазақстан Республикасы территориясындағы ботаникалық бақтардың географиясына жасалған жұмыстар олардың кездейсоқ емес, белгігілі бір ғылыми және практикалық сұраныстан құрылғандығын дәлелдейді. Ботаникалық бақтардағы жүргізіліп отырған зерттеу жұмыстарына деген сұраныс осы күні артып отыруының бірнеше себебі бар. Сондықтан республикадағы ботаникалық бақтар мемлекеттік деңгейдегі географиялық, экологиялық және әлеуметтік маңызы бар ерекше қорғалатын территориялардың бірі  болып қала бермек.

Әдебиет:

1.   Ресурсы ботанического сада: научные, образовательные и социально-экологические аспекты. Иркутск: Изд-во Иркутского государственного университета, 2005. — 243 с.

2.   Кузеванов В. Я. Ботанические сады как экологические ресурсы развития цивилизации // Труды Томского гос. ун-та. Серия биологическая. — Томск: 2010. 220с.

3.   Алма-Ата. Энциклопедия / Гл. ред. Козыбаев М. К. — Алма-Ата: Гл. ред. Казахской советской энциклопедии, 1983. — 608 с. 

4.   Әбілов Д. «Ауылшаруашылық өсімдік тұқым сапалығы». – Алматы: Қайнар, 1993.-92б.