ӘОЖ 37.016:57:574.008
Абдрасулова Қ.*,
Жусупова Г.*, Раманова Л.*, Нургалиева А.А.**
* - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті, «Биология» мамандығының магистранты
** - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті «Биология» мамандығының докторанты
Білім беру жүйесінде экологиялық
мәдениет қалыптастырудағы ғылыми
көзқарастардың даму тарихының мәселелері
Жоғары оқу
орнындағы білім педагогиканың маңызды
мәселелерінің бірі келеді, себебі білім берудің мақсаты
мен мазмұны қоғамның қазіргі жағдайы мен
бір кезеңнен екінші кезеңге өтуді бейнелейтіндігі
көпшілікпен мойындалған. Қазіргі таңда бұл
индустриалды қоғамнан пост индустралды қоғамға
көшу жүруде.
Педагогикалық
әдебиеттерде түрлі зерттеулер нәтижесінде білім беру
категориясын әртүрлі түсіндіреді.
Білім беру жүйе,
процесс, процестің нәтижесі ретінде қарастырылатынын атап
өту керек:
-
білім беру тұлғаның игілігі, адам
психологиясының субъективті
кеңістігінде болып, оның мінез-құлығын
бағыттаушы түсініктер мен ұғымдар жүйесі ретінде;
-
білім беру тұлғаны мәдениетке үйрету процесі
ретінде, білім берудің дамуы мен қалыптасуы
тұлғаның игілігі ретінде;
-
білім беру тұлғаның мәдени ортасын
құраушы арнаулы әлеуметтік институт ретінде [1].
Зерттеушілер Б.М.Бим-Бад,
А.В.Петровский білім беруді әлеуметтендіру контекстінде қарастырады. Олар үшін білім беру адамның немесе
қоғамның мүдделеріне сәйкес жүзеге
асырылатын мақсат қойылған, педагогикалық
тұрғыдан ұйымдастырылған және жоспарға
сәйкес әлеуметтену процесі және оның нәтижесі
[2].
Басқа
ғалымдар білім беруді тәжірибені жеткізу процесі деп түсінеді
(B.C. Леднев, С.Д. Смирнов және т.б.). Мәселен, С.Д. Смирнов білім
беруді «адамның
қоғамда өмір сүруіне қажетті әлеуметтік
тәжірибені, білім, біліктілік дәне дағдыны игеру процесі мен
оның нәтижесі» ретінде қарастырады.
Зерттеуші Н.Ф. Харламов білім беру дегеніміз
«тұлғаның ғылыми білім және практикалық
біліктілік пен дағдынының белгілі жүйесін игеруі және
сонымен байланысты жиынтығы оның әлеуметтік бейнесі мен жеке
өзгешелігін танытатын ақыл-ой-танымдық,
шығармашылық және адамгершілік-эстетикалық
мәдениетінің даму деңгейі» деп айқындайды.
Зерттеуші С.А. Смирнов
білім беру дегеніміз бір мезгілде мәдени мұраны игерудің қоғам анықтаған
деңгейін игеру процесі және нәтижесі және сонымен
байланысты жеке даму деңгейі деп көрсетеді.
Зертетуші А.А. Вербицкий
бұл түсінікті психологиялық тұрғыдан
қорытындыланған күйінде түсіндіреді. Ол білім беруді
адамның өзін мәдениет әлемінде сезініп, өзінде
әлемнің образын жасауы, табиғатқа, басқа
адамдарға, қоғамға және өз өзіне
қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруы деп
түсіндіреді. Зерттеуші білім беру адамның барлық тіршілік
әрекетінің координатасы
сияқты болып, сол процесте мәдени құндылықтарды
өзінің санасы, еркі, сезімі, танымдық мүмкіндігі
арқылы өткізіп, соның арқасында шығармашыл
тұлға болып қалыптасады деп көрсетеді.
Кейбір
зерттеушілер білім беру ұғымын
оқыту ұғымымен синоним ретінде қарастырады. Мәселен,
И.Я.Лернер өз зерттеулерінде бұл категорияларды шектемейді,
оқытуды педагогикалық мағынасында әлеуметтік тәжірибені жеткізу мен игеру деп түсінеді.
Кейбір зерттеушілер
оқыту терминін білім беру терминінен мағынасы басқа екенін
көрсетіп, оқыту екі жақты процесс екендігін, оның
әрбір қатысушысының белсенділігін сипаттайтын сабақ
беру мен үйренуден тұратындығын атап көрсетеді. В.Оконь
оқыту дегеніміз «білімдегі, тапсырмадағы,
мінез-құлықтағы және жеке
тұлғаның өзіндегі өзгерістерді білімнің,
біліктілік пен дағды игерудің және өзінің
практикалық әрекетінің арқасында жүзеге асыру мен
бекітуге негізделген мұғалімнің оқушымен
жоспарланған және жүйелі жұмысы» деп түсіндіреді
[3].
Ғылыми
жұмыстарға жасалған талдауларға негіздеме жасай
отырып, біз білім беруді
тұлғаның мәдениетке тарту процесі деп түсінеміз.
Прогрессивті педагогикалық ойлар өсіп келе жатқан
ұрпаққа біл мен тәрбие берудегі табиғаттың
рөлін мен орнын жоғары бағалап, адамның барлық
рухани дүниесі табиғатпен ажырамастай байланысты екендігін
мойындаған.
Терең әрі
ғаламдық экологиялық қауіп психологиялық-педагогикалық
ғылымдардың алаудаушылығын туғызып отыр. Бүгінгі
таңда елімізде тәрбиелеу жүйесінде жеке бағыт болып
табылатын экологиялық білім беру
бойынша ғылыми- педагогикалық және практикалық
қызмет саласы қалыптасты. Ол қазіргі таңда жоғары
педагогикалық білімнің адырамас бөлігіне айналды, себебі
бүгінде «жоғары экологиялық мәдениетке ие жас
ұрпақты қалыптастыруда жалпы білім беретін мектептердің
рөлі артуда». Соған сәйкес басты жауапкершілік
мұғалімге жүктеледі. Алға қойылған ең
бірінші міндет мұғалімнің санасын қайта
құру, себебі қоршаған ортаға өзінің
көзқарасын өзгертпей, мұғалім
оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыра алмайды
[4].
Жоғары оқу
орны студенттерінің экологиялық білімінің мәнін
талдауға кіріспес бұрын, жоғары мектепте ол үш
бағытта жүргізілетіндігін
айта кету керек:
-
экологиялық проблемаларды болашақ кәсіби қызмет
аясында шешуге бағытталған студенттерді дайындаудың
кәсіби бағыты. Біздің жағдайымызда бұл
кәсіби-педагогикалық қызмет;
-
студенттердің табиғит қорғау әрекетіне
экологиялық дайындығын алып
жатқан мамандығы аясында шешуге байланысты бағыт;
-
мамандық пен кәсіпке қатыссыз, қоршаған
ортамен өзара байланыстың прагматикалық емес
мақсаттары мен міндеттерін сезінуге әсер теуші дүниеге
көзқарастық бағыт
[5].
Зерттелініп отырған
ұғымды талдауға қайта орала отырып оған
қатысты ғалымдардың пікірі әртүрлі екендігін айта
кету керек, жалпы экологиялық
білім берудің мәніне қатысты екі көзқарас
бар.
Бірінші
көзқарас экологиялық білім беру дегеніміз
табиғатқа жауапкершілікті көзқарасты қалыптастыру
процесі мен оның нәтижесі немесе басқа интерпретацияда
педагогикалық және арнаулы пәндер аясындағы
тұлғаның экологиялдық мәдениеті деген пікірді
қолдайды.
А.Н. Захлебный
экологиялық білім беру-
«жастардың қоршаған ортаға жауапты
қарым-қатынасын қалыптастыруды жүзеге асыратын
ұғымдар, білімдер, құндылықты бағыттар,
көзқарастар, пікірлер жүйесін қалыптастыру.
Тұлғаның мәдениеттің ең жоғары
деңгейіне жетуімен, оның қоғамдық
қарым-қатынастарымен үздіксіз байланысты» деп
көрсетеді.
А.А. Вербицкий, Е.С.
Сластенина жоғары мектептегі экологиялық білім беруді
студенттердің экологиялық мәдениетін кеңейту мен
тереңдету, оны оқушыларға жеткізудің
педагогикалық әрекетін меңгеру ретінде қарастырады [6].
Екінші көзқарас экологиялық білім
беру-бұл тұлғаның дүниеге көзқарасын
қалыптастыру процесі мен нәтижесі деп көрсетеді.
Философия саласын зерттеуші Н.Н. Киселев экологиялық білім
беру сана мен дүниеге көзқарас қалыптастыру процесі мен
нәтижесі деп көрсетеді.
Бұл мәселелерді психологиялық
тұрғыдан С.Д. Дерябо мен В.Н. Ясвин
қарастырады, олар экологиялық білім беру дегеніміз қазіргі
үстемдік етуші антропоцентрлік экологиялық санаға
қарама-қарсы экоцентрлік типтегі сананы қалыптастыру процесі
деген пікірге бекінеді.
Педагог-зерттеуші Н.С.
Назарова педагогикалық білім беретін жоғары оқу орны
студенттерінің экологиялық білімі кешенді тұрғыдан
шешуді талап етеді деп жазады. Бұл адам мен қоғамның
өзара қарым-қатынасы саласындағы ғылыми білімдер
жүйесін қалыптастыруды, тұлғаның дүниеге
гуманистік көзқарасын, ерік-жігерін дамытуды қамтитын
көпаспектілі процесс. Нәтижесінде табиғатты
қорғау, оны тиімді пайдалану саласындағы өмірлік
көзқарастарын айқындайтын наным қалыптасады осы
тұрғыда зерттеушілер Н.Н. Моисеева мен Д.Н. Кавтарадзе пікірлері тоғысады [7].
Экологиялық
мәдениетті қарастырғанда ең алдымен «мәдениет»
ұғымының мағынасын анықтап алған жөн. Ол латынның «culture» деген
сөзінен шыққан, мағынасы жер өңдеу,
тәрбиелеу, білім беру, даму, сыйлау дегенге саяды.
Мағынасының осындай
көптүрлі болуы бұл ұғымға берілген
анықтамалардың да көп болуына себеп болады. Американдық ғалымдардың
есептеуінше ағылшын тілді әдебиетте мұндай
анықтамалардың 250-ге жуығы кездеседі екен.
Тұлғаның
экологиялық мәдениеті дегеніміз белгілі бір білім мен сенім
жүйесі, табиғатқа қамқорлық
қарым-қатынасы талаптарына сәйкес адамның
практикалық іс-әрекетке дайын болуы. Экологиялық
мәдениетті меңгеру адамның табиғат пен
қоғамның дамуының жалпы заңдылықтарын
сезінуін, адам мен табиғат қарым-қатынасындағы
толық үйлесімділік қажеттілігіне сенуді білдіреді.
Экологиялық мәдениеттің жоғары деңгейі
тұлғаның әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық
сезімімен байланысты.
Халықаралық
терминологияға сәйкес, «экологиялық мәдениет»
ұғымына өмірді
ұйымдастыру типтері мен нормаларында, адамдардың
іс-әрекеттерінде және олар жасаған материалдық
және рухани құндылықтарда көрінетін,
ұрпақтан ұрпаққа білім беру жүйесі
арқылы берілетін өмір стилі, мәнері кіреді. Мәдениеттің
адамның ақыл-ой еңбегінің, оның мәнері мен
қызығушылықтарының дамуы мен жетілдірілуімен байланысы,
сонымен қатар оның іс-әрекетінің экологиялық таза
пәндік нәтижелері маңызды болып табылады [8].
Осылайша,
экологиялық мәдениет қоғамдық сана мен
адамның мінез- құлығында үздіксіз
экологиялық білім беру арқылы сабақтаса қалыптасытын
әлеуметтік қарым-қатынастар, моральдық
құндылықтар, қоғам мен табиғаттың
өзара әрекеттерінің ережелері мен тәсілдері
жүйесін қамтитын және салауатты өмір салтына, қоғамның
рухани өсуіне, тұрақты әлеуметтік-экономикалық
дамуға, мемлекет пен әрбір адамның экологиялық
қауіпсіздігіне әсер етуші жалпы адамзаттық
мәдениеттің ажырамас бөлігі. Экологиялық мәдениет
әрбір адамның практикалық іс-әрекетте
өзінің білімі мен біліктілігін саналы қолдану қабілетінен
көрінеді, тұлғаның рухани-адамгершілік
қасиеттерін, табиғатпен қарым-қатынасында
ар-ожданға сәйкес іс жасау қабілетін қалыптастыруды
көздейді және барлық жастағы адамдарға,
әлеуметтік және кәсіби топтарда дәстүрлі
рухани-адамгершіліктік негізде үздіксіз экологиялық білім беру
нәтижесінде ғана нақты жүзеге асады.
Студенттердің экологиялық
мәдениетін қалыптастыру процесінде бұған дараландыру
тәсілі тұрғысынан қарау керек, бұл
экологиялық-педагогикалық бағыттағы деңгейлік
тапсырмалар даярлау мен табиғат қорғау әрекетіне
мотивациялық-құндылық
қарым-қатынастардың әртүрлі типтерін анықтаудан
және тиісті қабілеттері бар студенттерді тереңдетілген
экологиялық-қолданбалы даярлық шарттарын қамтамасыз
етуден көрінеді.
Болашақ
мұғалімнің экологиялық
мәдениетін қалыптастырудың маңызды факторларына
студенттердің жеке қажеттіліктері, қызығушылықтары,
бейімін есепке алу мен солардың
негізінде деңгейлік тапсырмалар құрастыруды
жатқызуға болады.
Қазіргі таңда
экологиялық білім берудің басты мақсаты адамның рухани
өмірі мен іс-әрекетін анықтаушы жалпы
мәдениетінің маңызды бөлігі ретінде экологиялық
мәдениетті дамыту болып табылады.
Резюме
В данной статье
приводятся данные по изучению истории развития и формирования экологической
культуры. Проведено описание понятия «экологическая культура». Наряду с этим
проведен обзор истории становления понятия «экологическая культура».
Пайдаланылған
әдебиеттер
1
Сихынбаева Ж.С. Студенттердің экологиялық білімін арттыруда
инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық
шарттары. пед. ғыл. канд.ғылыми дәреж. алу үшін дайынд.
дисс. автореф. Түркістан, 2009
2
Жанұзақов А.З Экологиялық мәдениетті
қалыптастырудағы білім беру процесінің алатын орны // Білім. 2004 №1, 39-40б
3
Удовыченко О.Д. Педагогические
условия формирования экологической культуры у студентов
географического факультета: Автореф. дис.
канд. пед. наук. - Ставрополь, 2005. -25с.
4
Зимняя
И.А. Педагогическая психология. Ростов на Дону: Феникс, 1997.-408С.
5
Шаповалова И.А.,
Трунаева В.В. Духовно-нравственные ориентации в идеологии
образования // Метаобразование как философская и педагогическая проблема. Сб.
науч. ст. / Гл. ред. Шаповалов В.А. -Ставрополь: Изд-во СГУ, 2001. - С.147-154.
6
Бодал
ев А. А. Личность и общение: Избранные психологические труды. - М.: Международная
педагогическая академия, 1995. - 328с.
7
Бим-Бад Б.М., Петровский
А.В. Образование в контексте социализации. // Педагогика. - 1996. - №1. -
с.3-8.
8
Искакова Л. Жетпісбаева
Г. Экологиялық білім баршаға //Дүние-2003. №10-30б