П.ғ.к Өтебаев И.С., Бокаева Г.Б., Құттыбаева Г.
Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ОҚУШЫЛАРҒА ҮЙІРМЕ
САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ЖАСАТУ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІ
Казақстанның
әлемнің білім кеңістігімен ықпалдасуы «Қазақстан
Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы» [1] және «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жж. білім
беруді дамытудың Мемлекеттік бағарламасы» талаптарына сәйкес
отандық білім беруді модернизациялау мен орта 12 жылдық оқудың
ұлттық моделін орнықтыру - білімдік шоғыр нышанын
өзгерту және оның әдіснамасына пара-пар біліктілікке,
мектептің білім беру мазмұнын түбегейлі өзгертуге
және жаңартуға ұластыра шешуі тиіс.
Жас
жеткіншекті әсемдік пен сұлулыққа тәрбиелеуде
небір сындарлы тағылымдар аз
емес. Қазақ халқының салтанатты салиқалы
өмір кешіп, әсемдікті,
сұлулық пен әсемдікті жан рахатына пайдаланған.
Қазақ жанының сұлулыққа аса
құмарлығы ою-өрнекті, тоқымашылық
өнерді, үй мүлікртеріне
молынан қолданғаны хақ.
Уақыт
талабына сай оқушылар мектеп қабырғасында бірте-бірте
өздігінен сәндік қолөнері заңдылықтары мен
түсініктерін қалыптастыруға ұмтылады және
үйренуге бейімделеді. Бұл бір жағынан, оқушының
эстетикалық тәрбие туралы
түсінігінен қалыптастыру арқылы, қолөнер деген
көзқарасы, дүниетанымы, ой-өрісі кеңіп,
ұлттық мәдениетінің бірте-бірте қалыптасып, өз бойында дамуына
ықпал жасайды.
Сәндік-қолданбалы
өнерді үйретуде еңбек процестерімен таныстырып,
өнер құралдарымен
жұмыс істеуді үйрете отырып, білімі мен шеберлігін
қалыптастырады.
Халықтық
білім беруді жақсартудың маңызды қайнар
көздерінің бірі - тігін
мамандардың ынтасы мен шығармашылығының дамуы,
олардың кәсіпқойлығының өркендеуі болып
табылады. Оның ішінде технология сабақтарында қол өнер
бұйымдарын жасап үйретудің орны маңызды.
Шеберлі
мамандар дайындаудың аса маңызды теориялық және
практикалық проблемаларын Э.Рассохина, И.М. Литвинова,
Ө.Жәнібеков, А.Е.Әбілқасымова [2-3] және тағы басқаларының
еңбектерінде қарастырылады.
Технология
пәнінде қарастырылатын тігін бұйымдарын өңдеу
бойынша мазмұн, бағыттар
және тәсілдер, оларды техникалық үйірмелерді
және өндірістік бригадаларды басқаруға дайындау,
технологиялық практиканы өткізу сұрақтары, модельдеу
және конструкциялау мазмұны мен әдістемесі В.В.Ермилова,
Д.Ю.Труханова, Т.В.Козлова еңбектерінде қарастырылады.
Қазақтың
қолөнер бұйымдарын жасаудың ерекшеліктерін белгілі
ғалым, өнер зерттеушілері А.Сейдімбеков, С.Мұқанов,
М.Тәжімұратов, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов [4]
өз еңбектерінде қарастырды.
Бұл
жазбаларда ел арасында өте жиі кездесетін киіз басу, тоқымашылық, сырмақ сыру,
ою-өрнек жасау сияқты қолөнер түрлеріне байланысты жайларды баяндауға
көп көңіл бөлінген. Осы қолөнер
түрлерін біз тек мұражайлардан көріп оқулықтардан
оқып қана қоймай, оны бүгінгі мектеп
қабырғасындағы жас жеткіншектерге технология сабағында
іскерлік танытып, ұлттық мұраның ілгері дамуына
көптеген талпыныстар жасау керек. Осы зерттеулер технология
пәнін оқыту проблемаларын шешуде белгілі үлес
қосқан.
Оқушыларды қазақтың
өнер түрлерімен таныстыру, ой-өрісін кеңейту
жұмыстары сыныптан тыс уақыттарда жүргізіліп отырылуы тиімді.
Мұндай шаралар – ойын түрінде, мақал-мәтелдің
жалғасын табу, ою-өрнектің сөз жұмбағын
шешу арқылы өткізілген. Қазақ халқының
ұмытыла бастаған көне сөздерін
сұрақ-жауаптар арқылы қолдану оқушының
деңгейін көтеретінін насихаттайды.
Мемлекет
жалпы орта білім беру саласындағы
саясаты: бастауыш, негізгі және толық орта білім
берудің мемлекеттік стандарттарын талдап жасауды және оны
өмірге енгізуді, білім алушылардың деңгейін бақылау
ісін жетілдіруді, білім алудың әртүрлі нысандарын дамытуды,
ақпараттық жаңа технология мен ұстаздардың
шеберлігін арттыруға қажетті жабдықтар жасауды көздеуге
тиіс. Бұл мақсатқа жеке дара
қабілетінің сұранысына жауап бере аларлықтай
білім беру бағдарламаларының әр алуандығы, білім беру
ісі мен ғылымды кіріктіру, экономикалық реформа стратегиясы мен
қоғамдық практиканың қажетіне сәйкес
мамандардың біліктілігін көтеру және оларды қайта
даярлау ісін қамтамасыз ететіндей үздіксіз кәсіби білім
беруге жағдай туғызу арқылы қол жеткізу керек.
Ғылымның тез қарқынмен дамуы
және жаңа технологиялардың енуіне сәйкес кәсіптік
мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, өмірде 2-3
мамандықты меңгеру қажеттігі туындады.
Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» заңында білім жүйесінің нарық жағдайында
қызмет етуінің нақты механизмін анықтауға
ұсыныс жасалған. Оқушыларды кәсіпкерлік қызметке
баулудың жолының бірі -
экономикалық білім беру.
Қоғам нарықтық
қатынастарға көшіп, адамның қалыпты
жағдайдағы іс- әрекетін ұзақ жылдар бойы реттеп
келген бұрынғы әмірлік мұраттары мен
құндылықтар өңін өзгерткен шақта
өмір адамдарды мейлінше түрде саналы таңдау жолына салып
жаңаша бейімдеу проблемасын алға тартады. Анығырақ
айтсақ жастарды дербес өмірге қадам басуындағы ең
өзекті нәрсе- оларды саналы өмірге өзіндік таңдау
жолына әзірлеу болмақ. Ал мұның сара жолы
кәсіптік бағдар беру екендігіне ешкімнің де дауы болмас. Тым
бояу болса да ғылыми – техникалық прогрестің даму жолына
түскен қоғамымыз әр адам қайталанбас
өзіндік саласына қабілеті мен мүмкіндігіне сай келетін
кәсіпті меңгергендігі барған сайын мүдделі бола
түсуде.
Жоғарыда
аталған мәселелерге орай оқушыларды ұлттық
қолөнерімен таныстырып, оның жасалу жолдарымен таныстырып,
жалпы, ұлттық құндылық ретінде сақтап
қалу орта мектептің өзекті қызметтерінің бірі
болып табылады. Соның ішінде технология сабақтарының орны
ерекше деп айтуға болады. Өйткені оқушылар бұл
сабақта тікелей осы жұмыспен айналысады, терең оқып, зерттеуге
мүмкіншіліктері бар. Сондықтан,
оқушыларға қолөнерді оқыту барысында
танымдық қабілеттерін арттыру мәселесі бүгінгі
мектептің көкейкесті мәселесі екендігіне дәлел болады.
Технология пәні сабақтардың
өз жиынтығында, әрбір бағдарламалық
тақырыпта бірқатар дидактикалық міндеттерді орындайтынын
көрсетті: алдағы жұмысқа қызығушылық
пен дайындықты ояту, оқушыларды тың білім және
шеберлікпен байыту, қайталау және жаттығу жолымен алған
білім мен шеберлікті тиянақтау, оқу жұмысының сапасын
есепке алу мен бағалау және оқушылардың үйдегі
өз бетінше білім алу, сондай-ақ шығармашылық
еңбек қызметін ұйымдастыру.
Барлық оқу элементтері технология
сабағының құрамында өзара байланысты болады
әрі материалдық мазмұнына, оқушылардың жасына,
күндік сабақ кестесіне және басқа факторларға
байланысты әр түрлі үйлесімде көрініс табады. Жаңа
материал сияқты негізгі, бағыттушы, ал қалған буындары
көмекші, жалғаспалы рөл атқарады.
Сабақтар мазмұнының сан
қырлылығы сабақтарды жүйелеп құру
түрлеріне сәйкес келуі тиіс.
Технология пәнінің негізгі міндеті
оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға, оларды
жан-жақты дамытуға және сарамандық қызметке
даярлауға бағытталған тың біліммен және шеберлікпен байыту. Жаңа
материал тиісінше оның мазмұнына, сабақтағы
дидактикалық және психолгиялық тұрғыдағы
орнына сәйкес келіп, анағұрлым пайдалы да болуы тиіс.
Сондықтан да бұл жұмысты ұзаққа
созылған сұрақ беруге сабақтың екінші жартысына
сырғытпай, мүмкіндігінше сағаттың басына таман
жылжытқан жөн. Технология сабағындағы жаңа
материалды оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне
сүйене отырып,
неғұрлым ықпалды әдістермен жүргізген жөн.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты
мынадай туған ойдағы ұсынысымыз бар:
- ұлттық
қолөнерді еңбек сабақтары және үйірме
жұмыстары барысында дамыту негізінде оқушыларға жүйелі
білім беріп, сарамандық жұмыстарды сапалы, маңызды
өткізуге көңіл бөлу;
- мектеп оқушылары
арасында «Ұлттық қолөнер туындылары» көрмесін жыл
сайын өткізуді жоспарлау;
- оқушылар
үшін «қолөнерге» байланысты
методикалық-дидактикалық құралдар шығару.
Ұлттық
нақыштағы киім үлгілерін жасау тағы басқа
өнер түрлері туралы оқушылардың
таным-түсініктерін дамыту мақсатында тест материалдары
дайындалса. Шеберлік білімі жаңа материалмен жұмыс
істеудің маңызды ретінде саналады. Шеберлікке үйретіп,
оқытудың тиянақтау сабақтарының барысында да
жалғасады. Оның үстіне шеберлік пен оның элементтері
дағдыға айналады.
Қорыта айтқанда оқушылар
қазақ халқының ұлттық нақыштағы
өңделген бұйымды көркемдеп өңдеу технологиясы мен оларды ою-өрнектермен қалай
әшекейлегенін біліп, ұлттық дәстүр мен
әдет-ғұрыпты түсініп, өз ұлт
қолөнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып мәдениетін
құрметтеуге үйренеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасы Алматы: 2005
2 Жәнібеков Ө. Эхо Алматы: Өнер, 1986
3 Әбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық
ізденімпаздығын қалыптастыру. – Алматы: Білім, 1994. – 192 бет.
4 Қасиманов С. Қазақ халқының
қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 240 бет.