ӘОЖ 37.018.11-055.25
Г.М.
Әбжан
Абай атындағы
ҚазҰПУ-нің
«Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану»
кафедрасының оқытушысы, филология магистрі.
Еліміздің
дербес мемлекет ретінде дамуы қоғамның болашақ
ұрпақтарын ұлттық ерекшеліктерімен тәрбиелеуді
қажет етіп отыр. Бала тәрбиесiнде
баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған діни, рухани,
мәдени – әлеуметтiк ортаның құндылығын
қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың,
ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына
сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз
қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу міндеттері қойылуда.
Құран Кәрім аяттары, пайғамбарымыздың асыл
өсиет хадистері, үлкен ұрпақтың тәжiрибесi,
ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз
орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi
болып табылады. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен
төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын,
мінез-құлқын реттеудіңөлшемдерінмеңгереді.
Қазақстан
Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық
жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи
құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті
нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030»
бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада
көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң
жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына
өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға
қосу міндетін көрсетуі
бүгінгі әрбір қазақ баласын өзінің діні мен
діліне сай үйлесімді тәрбиелеуді көздейді. Оған
байланысты пайғамбарымыздың қабылдаған шешімі
дәлел:
Бірде
мәдиналық бір кісі бақшасында өсіп тұрған
құрмасына тас лақтырған баланы сүйреп отырып,
Пайғамбарымызға әкелді. Бала, жас та болса Ислам дінін
қабылдаған Рафиғ ибн Амр еді. Келген кісі қатты кейіген
сыңайда. Қабағы қатулы. Пайғамбарымыз болса, сол
сабырлы қалпын сақтады. «Балапаным, құрма ағашына
неге тас лақтырдың?»,- деп сұрады. Бала: «Қарным
қатты ашты. Құрма жегім келді»,- дегеннен артық
сөз айтпады. Мұхаммед (с.а.у.) балаға: «Жерге түскенін
жесең же, бірақ ендігәрі құрмаларға тас
лақтырма, жарай ма?», - деді. Содан соң баланың басынан
сипап, оған «Уа, Алла Тағалам! Бұл баланың қарнын
тойдыра гөр!», деп дұға жасады: Біріншіден, алдына ашумен
алып келген балаға, оның кінәлі екенін біле тұра неге
Пайғамбарымыз салған жерден ұрыспады? Өйткені,
балаға ұрысқаннан гөрі оған жақсы
көретініңді білдіру - аса маңызды. Баланы жазалауда
пайғамбар былай айтқан: (Бір баланың құрма
ұрлап жеуде болған оқиға) сондағы
пайғамбардың ескерткен жағдайы:
1.
Себебін сұрау;
2. Ашуланбау;
3. Қайталамауын ескерту;
4. Жердегін алып жеу, - яғни баланың ұрлап жеудегі себебін
сұрай отырып, оған ашуланбау және де енді мұндайды
қайта қайталамауын ескерту, талдағыны ұрламай жердегі
түскенін жеуін айтады. Пайғамбарымыздың хадистерінде:
«Сен күлімсіреп ұлыңа
қарасаң, саған «жақсылық» жазылады. Ал,
күлімсіреп қызыңа қарасаң, саған
«сый-сияпат» жазылады. Ендеше (тәрбие беруді) қыздан
бастаңдар. Негізінде Аллаһ олар үшін өте
жұмсақ». (Саъд ибн Абу Уаққастан Дилми риуаят еткен), -
деген болатын. Хадисте: «Балаларыңды
өздерің болмайтын уақыт үшін тәрбиелеңдер,
өйткені олар сендер болмайтын уақыт үшін жаратылған» —
деп көрсетілген.
Адамға әр жасқа сай
тәлім-тәрбие беруде ұлағаты мол тамаша ұстаз,
ақиық Пайғамбардан алар үлгіміз көп. Оның
бала тәрбиесіне қатысты көрегендігі жоғарыдағы
бір оқиғамен ғана шектеулі емес. Кезінде тұтастай бір
қоғамды жамандықтан тыйып, жақсылыққа
тәрбиелеген хазіреті
Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірі мұқият
зерттелуі тиіс. Ол – бала тәрбиесінде қиындық көріп
жүрген ата-аналар үшін таптырмас үлгі болып табылмақ.
Ананың мейірі мен
рахымдылығы туралы да өнеге боларлық оқиғалар көп.
Мәселен: “Айша анамызға (р.а.) бір әйел келді. Айша анамыз
(р.а.) оған үш құрма берген еді, ол
құрманың екеуін екі баласына беріп, біреуін өзіне алып
қалды. Екі баласы құрмаларын жеп болғаннан кейін
анасына қараған еді, ол қолындағы құрмасын
да екіге бөліп берді. Нәби (с.ғ.с.) үйіне келгенде Айша
анамыз (р.а.) болған оқиғаны айтты. Сонда Нәби
(с.ғ.с.): “Мұның несіне таңданасың? Ол
әйел екі баласына рахымдылық еткеннен кейін Аллаһ
Тағала оның өзін де рахметіне бөледі”, – деді.”
«Көп Мұсылман
балалар әкесінің кесірінен Уәйл атты жаһаннамға
түседі. Өйткені бұлардың әкелері тек ақша
табу және көңіл көтеру құмарлығына
түсіп, тек дүние істерін қуалап, балаларына
мұсылмандықты және Құран кәрімді
үйретпеді. Мен мұндай әкелерден ұзақпын. Олар да
менен ұзақ. Балаларына дінін үйретпегендер
жаһаннамға түседі » (С. Әбәдийа). Өзінің
істеуі харам болған нәрсені баласына жасатқан адам,
күнә істеген болады. Балаларына арақ ішкізген,
құмар ойнатқан, ұятсыз басылымдарды оқуына себеп
болған, өтірік, ұрлық секілді жаман мінездерге
баулытқан, қыблаға қарсы аяқ созып отыруына себеп
болған адам күнә жасаған болады. Дініміздің
негізі – иманды, парыздарды
үйрету. Аллаһу та’ала пайғамбарларды сол үшін
жіберген. А’ала мұсылмандарға әмри маруф жасауды
әмір еткен. Яғни Менің әмірлерімді
үйретіңдер деген. Және нахйи мункар жасауды да
бұйырып, тыйым салған нәрселерінің (харамдардың)
жасалуына разылық етпеуімізді қалаған. Құран
кәрімде “Тахрим” сүресінің 6-аятында: «Ей мүміндер! Өздеріңді және
үй-іштеріңді (жанұяларыңды) тозақ отынан
қорғаңдар!» деп бұйырылған (1).
Құран
кәрімде өзімізді және жанұямызды адамдар мен тастардан
құралған тозақ отынан сақтауымыз әмір
етілген. Елу-жүз жылдық қысқа ғана
өмірімізде бала-шағамызды дүниелік пәлекеттерден
қорғау үшін қалай тырмысып жатқан болсақ,
мәңгілік пәлекетке душар етпеу үшін де ахиретін
дәл солай қорғауымыз керек. Әкенің баласын
тозақ отынан сақтауы – дүниелік оттан сақтаудан да маңызды.
Тозақ отынан қорғау – иман, фарз, харамдарды ажыратуға
үйрету арқылы, ғибадат жасауға дағдыландыру
және жаман достардан, зиянды баспалардан қорғау арқылы
жүзеге асады.
Бүкіл жамандықтардың басы – жаман дос. Жаман дос –
баланың дөрекі, өтірікші, ұрлықшы және
әдепсіз болуына себепші болады. Мұндай жаман мінездерге
ұрынғандар ұзақ жылдар бойы бұл жаман мінезінен
арыла алмайды.
Баладан жақсы қасиеттер, жақсы әрекеттер
көрген кезде, оны мақтау керек, марапаттау керек. Кейде
адамдардың арасында мақтау керек. “Менің ұлым сөйтті” деген секілді
сөздермен жақсылыққа ынталандыру керек. Өрескел
іс-әрекеттер істесе немесе бір жаман сөз сөйлесе, бірнеше рет
көрмегендей сыңай таныту керек. “Олай істеме!” демеу керек,
жазғырмау керек. Жиі жиі жазғырылатын бала батылданып жасырын істеп
жүргендерін де ашық істей бастайды. Істеген жаман істерінің
зиянын өзіне жұмсақ тілмен түсіндіру керек, ескерту
керек! Істелген іс дінге қайшы болса, ол істің зиянын,
жамандығын және нәтижесін түсіндіріп, ондай жаман іске
тосқауыл болу керек. Әке - өзінің әке екендігін,
үстемдігін білдіруі керек. Анасы баласының әкесін
мақтауы керек!
Бала
жалықпауы үшін күнде бір мезгіл ойнауына рұқсат
беру керек. Жалығудан және ренжуден жаман мінездер пайда болады
және адамның көңілі жүдейді. Баланың
ешкімнен ақша сұрауына рұқсат бермеу керек. Көп
сөйлемеуді, үлкендерге құрмет көрсетуді
үйрету керек. Жақсы адамдардың жақсылықтарын
айтып солардай болуға тырысуы керектігін және жаман
адамдардың жамандықтарын айтып, ондай болмау керектігін
үйрету керек.
Баланың
әр қалаған нәрсесін алып беру және сәнді,
салтанатты өмір сүруін қамтамасыз ету дұрыс емес.
Өйткені бала өскенде де әр қалағанына қол
жеткізе алатынын ойлап, оған ұмтыла беретін болады, ал бұл
жүзеге аспай қалған кезде өмірге ренжіп, қиялдары
қирап ешкімді тыңдамайтын құлақсыз
қырсыққа айналады. Өзіміз халал тамақ
жегеніміздей балаларымызға да халал тамақ беруіміз керек. Хараммен
қоректенген баланың денесі нәжіспен иленген қамырдай
болады. Мұндай балалар жамандыққа, опасыздыққа
үйір болады.
Балаға
ысырап етпеуді, қанағатшыл болуды үйрету керек. Кейде
құр нанмен де күнелтуді әдеттендіру керек. Жаман
жерлерге баруына жол бермеу керек. Бала жаман адамдардың қасында
жүрсе, әдепсіздікпен ұятсыздықты, өтірік айтуды
үйренеді.
Әке
үнемі қатал болмауы керек, көп еркелете де
бермеуі керек. Сөйлегенде айбаттылығын сақтауы керек.
Балаға әкесінің байлығымен, лауазымымен
мақтанбауын ескерту керек. Қарапайым және сыпайы болуды
үйрету керек. Өзгеден бір нәрсе алудың
масқаралық екенін, берген қолдың алған
қолдан үстем болатындығын түсіндіру керек!
Сараңдықтың жаман мінез екендігін үйрету керек!
Басқа
адамдардың қасында әдептілік сақтауды, аяғын
айқастырып отырмауды, дөрекі болған іс-әрекеттерден
аулақ болу керектігін айту керек. Баланы көп сөйлеуден
қайтару керек. Көп сөздің ұятсыздыққа
жол ашатынын, мылжыңдықтың жаман қасиет екендігін айту
керек. Бала ертелі кеш сөйлеуді бәрібір үйренеді.
Мақсат – оған қажет кезінде үндемеуді және
үлкендердің сөзіне құлақ асуды
үйрету.
Дұрыс
болса да көп ант ете беруіне рұқсат етпеу керек. Барға
да, жоққа да ант ете беру жаман әдет. Үлкендерге
құрмет көрсетудің, оларға орын берудің
және барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста
болудың маңыздылығын түсіндіру керек.
Өзгенің мал-мүлкін тартып алуды, өтірік айтуды, харам
нәрсе жеуді көз алдына жаман, жиіркенішті қылып
түсіндіру керек. Осындай тәрбиемен өсіріп, балиғат
жасына толғанда бұл әдептердің ерекшеліктерін,
маңыздылықтарын үйрету керек.
Әрбір
істі әдет ретінде емес, игі ниетпен, ояу көңілмен,
ықыласпен жасау керектігін түсіндіру керек. Мәселен
ішіп-жеуден мақсат – құлдың Раббысына ғибадат ету
үшін, адамдарға, отанына, еліне пайдалы қызметтер
атқаруы үшін, адамдардың бақыты үшін
еңбектену екендігін түсіндіру керек. Дүниеден мақсат –
ахирет үшін азық жинау екендігі, дүниенің ешкімге
қалмайтынын, өлімнің кенеттен, күтпеген жерден келетіні
айтылу керек. «Дүниеде ахиреттік азығын жинап, жаннатқа
және Аллаһу та’алаға қауышқан адам не деген
бақытты адам» деу керек. Кішкентайынан осылай тәрбие көрген
баланың мінез-құлқы тастың үстіне
қашалған жазудай болып сақталады және
оңайлықпен өшпейді.
Имам Мүслім риуаят еткен мынадай сөз бар:
«Әкенің баласы үшін жақсы тәрбие беруден
артық сыйы жоқ». Әкенің баласына қатысты міндеті мен
мейірімділігіде сөз етіледі: ”Сахабалар: “Баланың ізгі
болуы – Аллаһ Тағаладан, ал әдептілік – әкеден“, –
деп айтатын.” Ендеше барлық
жақсылықтың бастауы — имандылық. Ол барлық
тәрбиенің жиынтығы. Тәрбиенің негізі отбасында,
әке мен ананың үлгілі өнегесінде қалыптасады. Атада
ұлдың үш үлкен хақы айтылады: 1. Жақсы ат
қою. 2. Тәрбие беру. 3. Балағатқа жеткенде
үйлендіру, я болмаса ұзату. Жақсы ат қойып сол
атқа лайық тәрбиелеу керек.
Ата – ана мен баланың
арасындағы қарым –
қатынаста пайғамбардың мына бір хадисімен жеткізген
дұрыс болар: Харис ибн Нұғман пайғамбардың: «Балаларыңмен
жақсы мәміледе болыңдар және оларға
көркем тәрбие беріңдер», – деген сөзінің де
үлкен мәні бар. Бұдан ұғатынымыз
пайғамбардың балаларға деген сүйіспеншілігін айта
отырып, олармен жақсы қарым – қатынаста болуларын ескерткен.
Имандылық тәрбиесінде адами құндылықтарды
бағалауға үйретуде
жақсы қарым – қатынас жасауға үйрету міндет
болып табылады.
Шариғатта
еркек шаңырақтың керегесін қайыстырмай отбасына жауапты
болса, ал әйел заты берекесін сақтаушысы болып табылады. Сондай –
ақ, Жабир ибн Сумайраһ пайғамбардың: «Ешбір
әке ұрпақтарына көркем тәрбиеден артық
сыйлық бере алмайды»; «Адамның баласына берген
тәрбиесі бір сапа (өлшем) садақасынан да абзал», – деген
айтып кеткен. Яғни, баланың тәбиесінде әкенің
орны ерекше. Ата – ананың бала алдындағы міндеттерінің айтар
болсақ, мына пайғамбардың мына бір хадисінде келтірген
орынды: «Әке-шешесінің баласының алдындағы
(міндетті) хақысы. Жақсы ат қоюы, оны жазуға
үйрету және егер балиғат жасына жетсе үйлендіру»,
– деген. Хазіреті пайғамбар: «Балаларына қамқорлық
көрсетіп, жақсылап тәрбиелеңдер!» деп
бұйырған. Сондықтан Ата – ананың басты міндетіде осы
өйткені, балаға жақсы тәрбие беру қажет. Әке тәрбиесі
жөнінде келтірілген мысалды қарастырсақ:
«Екінші
халифа хазіреті Омар радиаллаху анһ ел басқарып тұрған
кезде бір кісі келіп баласының қылықтарын айтып шағым
жасайды. Сөзін тыңдамай, қит етсе өзіне қарсы
келетінін айтты. Сонда халифа баланы шақыртып алып себебін сұрайды.
Сонда бала: «Уа, мұсылмандардың әміршісі, әкенің
бала алдында ешқандай міндеті жоқ па?» - деп сұрайды. Халифа
«әрине бар» деп мынадай міндеттерді тізбектеп береді: «Әке ең
алдымен болашақ ұрпағына ары таза,
мінез-құлқы жақсы ана таңдауы керек. Сосын
баласына жақсы ат қоюы керек. Одан әрі оған
Құран Кәрімді үйретуі қажет», - дейді. Мұны
естіген бала: «Ендеше әкем бұлардың ешбірін де
орындаған емес. Маған ана есебінде таңдаған әйелі
отқа табынушы, қойған
аты «тасбақа» деген мағынаны білдіреді, ал Құраннан бір
әріп те үйреткен емес», - деп тіл қатады. Сонда хазіреті Омар
баланың әкесіне қарап: «Негізінде сенің
үстіңнен балаң шағым жасауы қажет екен,
баланың алдындағы парызыңды орындамасаң, бала да
әкенің алдындағы өз міндетін орындамасы анық», -
деп кінәнің әкеде екенін түсіндірген болатын. Бала
отбасында тәрбие көрмесе, намаз оқымаса, Алланы танып,
пайғамбарын білмесе, онда ол өз бетінше өседі. Олай болса,
күнделікті ұл-қызымызға: «Ұлым, қызым, сен
мұсылмансың, сен жаратушы иеңді тануың керек,
пайғамбарымыздың сүннетін білуің керек, әдепті
болуың керек, иманды, ибалы болуың керек», - деген сияқты ұлағатты
ақыл-кеңестерді көп насихаттағанымыз абзал.
Имандылық – бала тәрбиесінің ең басты қайнар
бұлағы. Сондықтан тәрбиені діннен бөлек алып
қарауға мүлдем болмайды. Тәрбие мәселесімен бірге
әдептілікке де маңыз бөлген дұрыс.
Ата-ана
баласының алдында жаман сөз
сөйлеуден сақ болғаны жөн. Ата-ана балаларының
көз алдарында, тіпті, үй ішінде болса да киім кигені дұрыс. Сондай-ақ, оларға жастайынан
бөлек бөлме әзірлеп, өздерінің жатын
бөлмелеріне рұқсатсыз кірмеуді үйретуі қажет.
Өйткені, Құран Кәрімде: «Әй, мүміндер!
Меншіктеріңдегі құл-күңдер, әлі ер жетпеген
балаларың, осы үш мезгілде (қастарыңа)
рұқсат сұрап кірсін. Таң намазының алдында,
түсте киімдеріңді шешкен уақытта және
құптан (түнгі) намазынан кейін. Сендер үшін осы
үш уақыт ұялатын мезгіл. Бұлардан кейін (басқа
уақытта) сендерге де, оларға да айып емес. Өйткені, сендер
бір-біріңе кіріп, шығуларыңа керексіңдер. Осылайша
Аллаһ сендерге аяттарын баян етеді. Аллаһ толық білуші,
хикмет иесі» («Нұр» сүресі, 58-аят). Сонымен қатар, ата-ана
бір мәселе жайында әңгімелесетін болса, балаларының
көзінше әңгімелеспегені абзал. Әсіресе, бала алдында
дөрекі сөйлеуден, біреуді балағаттаудан
сақтанғаны жөн. «Балапан ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі» демекші, ата-ана отбасында үлгілі,
әдепті болуы тиіс. Ата-ананың тағы бір міндеті
балаларының материалдық қажеттіліктерін өтеу.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Бір адамның қайыр
жолында жұмсаған ақшасының ең жақсысы –
отбасына жұмсаған ақшасы», – дейді. Сол үшін оларды
дұрыстап ішкізіп-жегізіп, өмірлерін баянды етуі керек (2).
Фетхуллаһ Гүленнің берілген анықтамасында :
«Тарихқа көз жүгіртсек, әрдайым бір ұрпақ
келесі бір ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне өздерін
жауапты санап, мұны борышым деп білген. Осы тұрғыдан
алғанда, алдыңғы ұрпақтың кейінгі
буынға жасаған ең үлкен сыйы – жақсы
тәрбие» (3), - деген сөзін ұрпақ
тәрбиесінде ескерсек абзал.
Қорыта келе, Пайғамбарымыз (с.а.у.)
айтқандай «көңіл жайдары» әрі ата-анаға берілген
сый болып табылатын балалардың аманат екендігін естен шығармау
керек. Сондықтан, балалардың материалдық
қажеттіліктерін қамтамасыз етумен қатар, рухани
қажеттіліктерінің де өтелуіне баса назар аударуымыз тиіс.
Ата-ана Аллаһтың өздеріне нәсіп еткен мұндай
нығметті зая етпестен, оларды Жаратушының разылығына
лайық дәрежеде тәрбиелеп өсірулері тиіс. Жаратушы иеміз
баршамызға жәннат бағының гүліндей
жайқалған көркем ұрпақ тәрбиелеуді
нәсіп еткей.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Құран Кәрім қазақша мағына
және түсінігі, Мәдина 1992.
2. Сейітбеков И. Ислам әдебі, Шымкент,
2006, 115-166 б.
3. Фетхуллаһ
Гүлен. Руханият көктемі. Алматы: «Көкжиек-Б баспасы», 2010. –
6 б.