Түр-түс мағынасының әр түрлі аспектіде қаралу сипаты

Абай атындағы Қазақ Ұлттық

Педагогикалық Университеті

және PhD докторантура институты,

Аударма ісі 2 курс магистранты

 Ақбердіқызы Улпан

 

Табиғаттағы неше алуан түр-түстер мен олардың реңктерін адам баласы екі түрлі жолмен танып, біле алады екен. Олардың бірі – ғылыми жол да, екіншісі – халықтық дәстүр, тәжірибе. Түр-түс әлемін ғылыми жолмен тану осы құбылысты зерттеуге қатысты ғылым салаларының (колориметрия, физика, физиология, психология т.б.) дамуына байланысты болса, дәстүрлік тану белгілі бір қауымның ұзақ дәуір бойындағы өмір тәжірибесіне сүйенеді. Түр-түс табиғатын әрбір халық, әрбір этностық топ өзінше танып, өзінше анықтап, өз тілінде ат қояды. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы – әрине кейінгі дәуірлердің жемісі. Сондықтан да біздің бабаларымыз колориметрия, физика, химия, оптика, физиология ғылымдарынан еш хабары болмаған сонау көне заманның өзінде-ақ көптеген түр-түсті анықтай білген, олардың әрқайсысын түстеп танып, ат қойып қолданып келген. Біршама түр-түс атауларын тас мүсіндерге сыналап жазған V-VIII ғасырлардағы орхон-енисей ескерткіштерінен, көне ұйғыр, манихей, брахма, араб жазуларымен жазылған бай тарихи-әдеби мұраларымыздан көптеп кездестіреміз.     

Физика саласындағы ғалымдар түр-түстің  энергетикалық табиғаты қызықтырады, физиологтар болса, адам көзінің түр-түсті қабылдау үдерісін зерттейді, психологтар түр-түс адамның психологиясына қалай әсер етеді, қандай эмоция туғызады деген мәселелерді қарастырады, гуманитарлық салаларда (көркем әдебиет пен көркем өнерде) түр-түстің эстетикалық қызметіне көңіл бөлінеді.

        Ал, лингвистикада, оның ішінде, әсіресе, когнитивтік лингвистика саласында түр-түс атауларын сол тілді иеленушілердің әлем бейнесі тұрғысында жинақтаған өмірлік тәжірибесін, рухани болмысындағы ерекшеліктерді танытатын тілдік дереккөздер ретінде қарастыру қарқынды жүре бастады. Лингвистикада түр-түс атаулары американдық ғалымдар Л. Уорф, Э. Сепир еңбектерінде тікелей зерттеу нысанына айнала отырып, көптеген жекелеген тіл білімдерінде түр-түс атауларының концептуалдық, символикалық т.б. сипаттары туралы зерттеулердің туындауына түрткі болды. Мысалы, қазақ тіл білімінде түр-түс атауларын осы тұрғыдан зерттеу нысанына айналдырған еңбектер қатарында Н.Н. Аитованың,  Ш.Қ.Жарқынбекованың зерттеулерін  атауға болады.

Академик Ә.Т.Қайдар қазақ тіліндегі жалпы түр-түс ұғымына қатысты атаулардың саны мыңнан асатынын айтады. Олардың ішінде сөз тұлғасымен (түбір, туынды түбір, біріккен сөз түрінде) берілетін түр-түс атаулары (ақ, боз, сұр, қара, ала, ал, қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр, кер, құба, құла, торы, күрең, жирен, күлгін, шабдыр, барқын, баран, қызғылт, көгілдір, көкше, сарғылт, сарғыш, ақша, зеңгір, бурыл,сұрғылт, көкшіл, сұрқай, қоңырқай, т.б.) – бәрі болып қырыққа жуықтайтын көрінеді. Бұлардың сыртында түр-түстік мағына білдіретін сөздер мен сөз тіркестері (шымқай, қырмызы, шұбар, қожалақ, шаңқан, шикіл, қошқыл, секпіл, тарғыл, қылаң, жолақ, сағал, таңдақ, (таңдақтай), далаптай, анардай, аршыған жұмыртқадай, т.б.) тағы бар.

        А.Алдашеваның айтуынша көк сөзі – заттың түрін – түсін білдіруі жағынан ұлттық ойлау стереотипіне тән белгілері бар лексема. Түркі тілдерінің бірқатарында, оның ішінде қазақ тілінде де айнала қоршаған ортадағы сан алуан объектінің түсі, бояуы көк сөзі арқылы беріледі: көк аспан (blue sky), көк мұнар, көкжиек, Көкшетау, көгал, көк тұман, көк шөп (green grass), көк шай (green tea(тікелей аудармасы жасыл шай)), көкөніс (vegatables), көк алма (green apple), көкбазар, жер көгерді, көк шықты. Бұл айтылғандардан «көк» сөзінің өз семантикасын нақтылайтын түр-түс те, табиғаттың, шөптің ағаштың, жапырақтың түсі де (жасыл түс) бір ғана көк сөзінің семантикалық ауқымына енетіні байқалады. Бірақ бұл жасыл сөзі қазақ әдеби тілінің қолданымында жоқ деген түсінікті тудырмайды. Жасыл көк сөзімен тіркесіп, күрделі сын есім жасай отырып, бояудың қанықтығын көрсетеді.

Көк жасыл (ағаш, орман);

Жасыл көк (қанатты көбелек).

Өзге тілден ауысқан калька фразеологизмдердің құрамында кездеседі:

Жасыл шырақ; (Сыбайлас жемқорлықтың жолына жасыл шырақ жағылып қойылды

Жасыл шелек;

Жасыл көше.

1969 жылы американдық ғалымдар Б.Берлин мен П.Кейдің “Түр-түс атауларының негізгі терминдері: олардың жан-жақтылығы және эволюциясы» атты еңбектері жарыққа шықты, мұнда авторлар тілдегі түр-түс терминдерінің өлшемін анықтап, өңдеді. Түр-түс терминдерінің дамуы келесі ережеге байланысты:

[white, black] - [red] - [green, yellow] - [yellow, green] - [blue] - [brown] - [purple, pink, orange, grey].

Яғни, барлық тілде аққа және қараға қатысты терминдер бар, содан кейін қызылға терминдер пайда болған, содан соң сарыға немесе жасылға, содан соң көкке, қызыл-қоңырға және дәйекті түрде күлгін, қызғылт-сары және сұр түстердің кезеңі болып бөлінген.

Б.Берлин мен П.Кейдің айтуына сәйкес әрбір түр-түс атауларының негізгі терминдері бірнеше сипатқа ие болу қажет:

Біріншіден, көплексемалы болуы міндет, яғни оның мағынасынан бөліктеріндегі мағынасын алып тастауға болмайды;

Екіншіден, оның мағынасы өзге түр-түс терминіне қосылып кетпеуі міндет;

Үшіншіден, оның қолданылуы төменгі дәрежеде шектелмеуі тиіс;

Төртіншіден, термин психологиялық тұрғыдан ақпарат алушыға ашық болуы тиіс.

Ағылшын тіліндегі түстердің қай затқа қалай бірігіп айтылатынын қарайық:

 

Ағылшын тіліндегі түс атауы

Мысалдар

Қазақ тіліндегі баламалары

1

Red(қызыл)

Strawberry, Rose, Fire engine, Blood, Heart

 

Құлпынай, раушан, өрт сөндіру мәшинесі, қан, жүрек

2

Orange(сарғылт)

Pumpkin, Carrot, Basketball

Асқабақ, сәбіз, баскетбол

3

Yellow(сары)

Cheese, Sun, Butter, Lemon

 

Ірімшік, күн, май, лимон

4

Green(жасыл)

Grass, Lettuce, Frog, Leaf, Lizard

Шөп, салат-латук, құрбақа, жапырақ, кесіртке

5

Blue(көк)

Sky, Ocean, Blueberry, Whale

Аспан, мұхит, қаражидек, кит

6

Black(қара)

Bat, Night, Tire (tyre)

 

Жарғанат, түн, шина

7

White(ақ)

Paper, Sugar, Milk, Snow, Sheep

Қағаз, қант, сүт, қар, қой

8

Pink(ал қызыл)

Pig, Tongue, Cotton candy (Candy floss)

Шошқа, тіл,кәмпит мақтасы

9

Brown(қоңыр)

Wood, Cigar, Earth, Acorn, Horse

 

Діңгек,

10

Grey / Gray(сұр)

Rock, Dust, Mouse, Elephant

Рок, шаң, тышқан, піл

11

Purple(күлгін)

Bruise, Grapes

Көгерген жер, жүзім

 

        Сонымен түр-түс – алдымен адамды қоршаған ғаламның өзі, обьективті шындық, сонымен қатар адамның ішкі дүниесінің, дүниені қабылдауы мен түсінуінің фрагменті. Бүгінгі таңда тіларалық қатынастың ұлғаюына байланысты қазақ тіл білімінде тілдер деректерін салыстыра зерттеу барысында салыстырмалы типологиялық әдісті қолдану генетикалық алыс тілдерді бір-бірімен салыстыру аса маңызға ие болады. Адам сыртқы әсерлерді өзінше түйсініп, бағалайды, сондықтан да бәріне визуалды ақпарат ретінде берілуінде бірдей болатын түс субьективті танымда түрлі мазмұнды білдіреді. Бұл түр-түстерге қатысты таным. Адам санасының шындықты жоғары деңгейде жалпылап, дерексіздендіретіні тіл табиғатын күрделендіре түседі. Бұл мағына құбылудың шексіздігінің кепілі.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Әбдуәли Қайдар//Қазақтар ана тілі әлемінде(этнолингвистикалық сөздік) III том.Табиғат//Алматы «Сардар» баспа үйі 2013ж.

2.     Бурлак А. Фразеологические единицы с компонентами прилагательными, выражающими основные понятия цвета в современным английском языке. Автореферат дисс...КФН. М., 1965.С

3.     Күрделі аталымдардағы мифтік дүниетанымға қатысты түр-түстердің символдық қызметі. Шәкәрім әлемі: таным мен тағылым: // Ш. Құдайбердіұлылының 150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008. -372-379 б.

4.     Мүсірепов Ғ. Түстердің аясы //Қазақ әдебиеті газеті, 1966. - сәуір.

5.     Фрумкина Р.М. Цвет, смысл, сходство. – М.: Наука, 1984. – 174 с.